Г) алкоголизм 2-ші сатысы
Д) алкоголизм 3-ші сатысы
126. Тексерілудегі ер адам, 36 жаста, әскери қызметкер-ауғандық. Әдеттегідей, қызметіне жиналып, қаруын алды, бірақ, кенеттен «Душмандарды соқ!» деген айғаймен, көшеге жүгіріп шықты, оқ атқан дауыс шықты, нәтижесінде екі жай өткінші адам жараланды. Ұстаған кезде қозған жағдайда, бозарған, «душмандар» тарапына төндіріп, сөз жаудыруды жалғастырды. Шамамен бір сағат өткен соң, милиция бөлімінде оянып, өзінің ауыр қылмыс жасағанын есіне түсіре алмады. Қызметіне жиналғаны есінде, ал кейінгі оқиғалар толық есінен шыққан.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) сананың аментивті бұзылысы
Б) сананың онейроидты бұзылысы
В) сананың қарауытқан бұзылысы
Г) сананың делириозды бұзылысы
Д) кататониялық бұзылыс
127. Зерттелуші ер адам, 35 жаста, үйлену тойы күнінде, жеңіл алкогольді мастану жағдайында кенеттен жүріс-тұрысы өзгерді. Ызалы, үрейшіл күйге түсті, қорқыныш сезінді, қонақтардың бірін шайтан, робот деп атады. Жолдастарының сұрақтарына «ия, жоқ» деп жауап берді. Көздері біресе күдікшіл, бірде немқұрайлы, бірақ қимыл-әрекеттері сенімді болды. Кенет ас бөлмесіне шықты, жылдам қайтып келді, жолдасына жақын келіп, сен шайтансың деп, үш рет кеудесіне пышақ салды. Осы жағдайына байланысты байланып, милицияға жеткізілді. 2 сағаттан кейін өз-өзіне келді, қайда және не болғанын түсіне алмады.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) алкогольді делирий
Б) сананың қарауытқан күңгірттенуі
В) кататониялық қозу
Г) алкогольді мастану
Д) сананың онейроиды күңгірттенуі
128. Сынақталушы 40 жасар, кассир. Аса ірі көлемде ақша жұмсағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Тергеушімен әңгімелесу кезінде көздерін бақырайтады, орынсыз жымияды, өз есімін, жасын атай алмайды, жұмысымда отырмын дейді. Өзінің үлкен жопарлары жөнінде айтады, сол уақытта қарапайым арифметикалық операцияларды орындай алмайды, аяқ киімін қолдарына киеді.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) кататониялық ступор
Б) истериялық ступор
В) реактивті ступор
Г) пуэрилизм
Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 628 | Нарушение авторских прав
|