АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

АЛКОГОЛИЗМ

Прочитайте:
  1. F1 Психические и поведенческие расстройства вследствие употребления психоактивных веществ (алкоголизм,наркомании)
  2. V. ТУБЕРКУЛЕЗ И АЛКОГОЛИЗМ
  3. Алкоголизм
  4. Алкоголизм
  5. Алкоголизм
  6. Алкоголизм - болезнь или распущенность?
  7. Алкоголизм как медико-социальная проблема
  8. Алкоголизм как послевоенная разруха?
  9. Алкоголизм как результат воздействия информационного вируса.

 

Алкоголизм - медициналық тілмен айтқанда созылмалы ауру, спирттік ішімдіктерді жиі және көп мөлшерде қолдану және оларға деген дертті әуестік нәтижесінде дамиды. Алкоголизмнің әлеуметтік анықтамасы –денсаулыққа, тұрмысқа, еңбекке және қоғам сәттілігіне зиянды әсер тигізумен жүретін спирттік ішімдіктерді шектен тыс пайдалану.

Алкоголизм үдемелі ағыммен және алкогольге патологиялық әуестік, абстенентті синдром, мастану көрінісінің және толеранттылықтың өзгеруі, өзіне тән тұлғалық өзгерістердің дамуы, токсикалық энцофалопатия тәрізді психикалық және соматикалық бұзылыстардың жиынтығымен сипатталады. Аурудың белгілі бip кезеңінен бастап психопатологиялық көріністер невриттермен және iшкі мүшелердің ауруларымен (жүрек-қантамыр жүйесі, асқазан-ішек жолының ауруларымен) қоса жүреді.

Алкогольді шектен тыс қолдануды суреттеу ежелгі заманнан бар және сақталып қалған ескерткіш жазбалардан көруге болады. Аристотельдің еңбектерінде маскүнемдік – дерт екендігі көрсетілген.

ХІХ ғ. ортасында К.М. Бриль-Крамер алғаш алкоголизм көріністерін жүйелі түрде суреттеген. Сол кезеңде алкоголизмнің әртүрлі формаларын бөліп, ажыратуға талпыныстар жасалған. Сонымен маскүнемдік, «ойномания», «салынып ішу» аурудың біріншілік белгісі деп қарастырылды. Салынып ішумен жүретін қандай-да бір психикалық ауру (шизофрения, эпилепсия және т.б.) фонында пайда болатын ерекше формасы - дипсомания – екіншілік маскүнемдік деп қарастырылды.

Сонымен өткен ғасырдың ортасынан-ақ созылмалы алкоголизм өзіне тән симптомдары бар жеке нозологиялық форма ретінде қарастырылды.

Кешірек алкоголизмнің анық және нақтылы түсінігi пайда болды. Сонымен бipгe көптеген авторлармен алкоголизм көріністерінің әртүрлі ерекшеліктері көрсетілді.

XIX және XX ғғ. арасында алкоголизм алкоголді шектен тыс пайдалану нәтижесінде дамитын психикалық және физикалық бұзылыстардың жиынтығы деп қарастырды. Психикалық бұзылыстарына тітіркенгіштік, тұлғаның этикалық және интеллектуальды деңгейінің төмендеуін, патологиялық қызғанышты, өз жаман әдетін тастауға қабілетсіздікпен көрінетін ерік әлсіздігін жатқызды.

С.С.Корсаков алкоголизмге түciнік бере отырып «алкоголизм» мен «маскүнемдік» түсініктерін ажыратқан. Алкоголизм клиникасын ол динамида қарастырды.

Шетелдік авторлар алкоголизм мәселесінің әлеуметтік-этикалық тарапына көп көңіл бөліп, алкоголизммен науқастарды ішкіліктің нәтижесінде өзіне, жанұясына және жалпы коғамға зиян келтіретін тұлғалар деп санады.

ДДҰ-ның алкоголизмге берген анықтамасына сүйенсек, алкоголизммен зардап шегетіндерге ішімдікке құмарлық нәтижесінде айқын психикалық бұзылыстарға ұшыраған немесе психикалық және соматикалық та бұзылыстар шақырылған, коллективпен қатынасы өзгерген, қоғамдық және материалдық қызығушылықтарына зиян келген тұлғалар сәйкес келеді. Бұл анықтаманың күрделі медициналық талдауы жоқ және алкоголизмге тән клиникалық суреттемені толық ашпайды.

Шетелдік зерттеушілермен салыстырғанда біздің ғалымдар алкоголизмнің биологиялық сипатына көп көңіл бөлген. И.В.Стрельчук былай деп есептеді, бір уақытта мөлшерлеу сезімін, спиртті ішімдікті қабылдауды бақылаудың жоғалуымен алкогольге дертті әуестікті созылмалы алкоголизм деп атауды ұсынды, бұл кезде спиртті ішімдіктерді ұзақ қолдану нәтижесінде әртүрлі интенсивтіліктегі бастапқыда қайтымды (функциональді), бірақ біртіндеп қайтымсыз сипат алатын (органикалық) психикалық және соматикалық бұзылыстар пайда болады.

Көптеген авторлар «созылмалы алкоголизм» терминін қолдану дұрыс емес деп санайды, мұны БҰҰ 1955 ж. алькоголизм проблемасы бойынша Комитетінің сарапшылары да қолдады. Олардың пікірінше «алкоголизм» термині тек созылмалы жағдайды ғана суреттейді. Сондықтан «алкоголизм» терминін «созылмалы» сөзінсіз қолдану дұрыс деп санады.

Алкоголизм – еңбекте тиімділіктің жоғалуына, жанұялық қарым-қатынастың және қоғамдық өмірдің бұзылуына, физикалық және психикалық денсаулық бұзылыстарына алып келетін мөлшерде және жиілікте алкогольді шектен тыс қолдану нәтижесінде дамитын ауру. Алкоголизм тұрмыстық маскүнемдіктен анық көріністерімен және биологиялық негізделген белгілерімен ерекшеленеді. Алкоголизм әрқашан тұрмыстық маскүнемдіктен басталады. Тұрмыстық маскүнемдік, алкогольді әдеттегі шектен тыс қолдану - бұл әрқашан әлеуметтік-этикалық ережені бұзу болып табылады. Сондықтан маскүнемдік профилактикасы административті-құқықтық және тәрбиелік сипаттағы шаралардан тұруы керек. Маскүнемдікпен салыстырғанда алкоголизм ауру болып табылады, ол әрқашан медициналық сипаттағы белсенді іс-шараларды, емдік-реабилитациялық шаралар комплексін қажет етеді.

 

Алкоголизмнің таралу дәрежесі

 

Алкоголизм және маскүнемдік проблемасы маңыздысы әлеуметтік-медициналық проблемалардың бірі болып табылады. Бұл спиртті ішімдіктерді қолдану әдетінің тұрғындар арасында кең таралуы және aлкoгoльды шектен тыс пайдаланатын адамдар санының көбеюі нәтижесінде тұрғындар мен қоғам денсаулығына үлкен қауіп төндіруімен байланысты.

ДДҰ-ның, отандық және шетелдік авторлардың мәліметтері бойынша алкоголизмнің таралу көрсеткіші жоғары дамыған елдерде 1000 адамға шаққанда 10-нан 100-ге дейін науқас санына сәйкес келеді.

15 экономикасы дамыған елдер арасындағы таңдамалы зертеулер (Англия, Дания, Канада, АҚШ, ФРГ және т.б.) алкоголизмнің орташа жылдық таралу көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 1900-1929 ж.ж. 0,3-тен 1930-1940ж.ж 3,3-ке дейін және 1956-1975 ж.ж. 12,3-ке дейін өскенін көрсетті.

Әйелдер мен жастар арасында алкоголизмнің өсуі бақылануда, дамыған капиталистік мемлекеттерде соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда тұрғындардың алкоголизммен ауыру дәрежесі 2-21/2, реттен жоғары биіктеді, ал оның ересектер арасында таралуы 1-10% аралығына жетті.

Егер 1984 жылы алкоголизм диагнозымен алғаш диспансерлік тіркеуге 520 мың адам, 1986 жылы 532 мың адам алынған болса, қазіргі уақытта тіркеудегі алкоголизммен науқастардың саны миллондарға жетті. Ғалымдардың пікірінше біздің елімізде олардың саны 6-7 млн-ды құрайды. Ю.П.Лисицын мәліметі бойынша алкоголизмен науқастанған әр адамға 3-4 ішімдікті шектен тыс қолданатын адамнан келеді.

Біздің елімізде алкоголизммен науқастану тенденциясы жоғарылап келеді, соның ішінде әйелдер арасында да.

Алкоголизмнің клиникалық көріністері

 

Алкоголизмді 3 сатыға бөлу кең тараған: бастапқы, ортаңғы және соңғы. Әрбір сатысы өзіне тән белгілермен – симптомдармен және синдромдармен сипатталады.

Бастапқы (неврастениялық) сатысы. Алкоголизмнің бастапқы сатысының белгілері алкоголизмді тұрмыстық маскүнемдікпен ажыратады. Сондықтан алкоголизмді ерте анықтауда олардың маңызы зор.

Алкоголизмнің алғашқы сатысының ерте және маңызды белгілерінің бірі жабысқақ сипаттағы алкогольге патологиялық әуестік, қолданылатын алкогольдің мөлшерін бақылау қабілетінің төмендеуі белгісі, және артынан мүлде мөлшерін бақылауды жоғалту болып табылады.

Алкоголизмнің алғашқы симптомы қорғаныстық құсу рефлексінің жоғалуы - спиртік ішімдікті артық мөлшерде қабылдағанда құсу болмайды. Алкогольге толеранттылық өзгереді - оның жоғарылауы бақыланады, қолданылатын спиртті ішімдік мөлшері жоғарылай түседі.

Алкоголизмнің алғашқы сатысында-ақ палимпсесттер – алкогольді мастану жағдайында болған кейбір оқиғаларды есіне мүлдем түсіре алмаумен көрінетін ес бұзылысы симптомы орын алады.

Науқастардың кейбірінде алкогольді мастану сипаты өзгереді: олар ызалы, жабысқақ, ренжігіш, жиі күдікшіл бола түседі.

Алкоголизмнің бастапқы сатысының психопатологиялық бұзылыстарының симптомдары үдемелі және күшейген астениялық синдром фонында пайда болады және көрініс береді. Оның негізгі көріністері сылбырлық, әлсіздік, тез шаршағыштық, зейін бұзылуы, интеллектуальды үрдістің зорығуы және бас ауыруы болып табылады. Осылардың барлығы науқастың еңбек сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Оларда ұйқы бұзылысы ерте пайда болып, үдей түседі. Олар ұзақ уақыт ұйықтай алмайды, ұйқысы беткей, үзілісті, жиі түстер көреді, басым қорқынышты сипатта болып келеді. Ұйқыдан кейін сергектік сезімі жоқ. Тітіркенгіштік және себепсіз ашушаңдық, айналадағылармен конфликттер үнемі сипат алады.

Науқастар алкогольді жиі қолданады, тәуліктік мөлшері 1 литр күшті шарап немесе 400-500 мл арақ деңгейіне жетеді.

Алкоголизмнің бірінші сатысының ұзақтығы алкогольді қолданудың интенсивтілігіне байланысты орта есеппен бір жылдан алты жылға дейін. Алкоголизмнің алғашқы сатысында-ақ функциональды соматоневрологиялық бұзылыстар пайда болады: вегетотамырлық дистония, эзофагиттер, гастриттер, колиттер, бауыр қызметінің бұзылуы, гепатиттің алғашқы көріністері, панкреатиттер.

Ортаңғы сатысы (абстинентті). Алкоголизмнің бұл сатысы алкогольге патологиялық әуестіктің күшеюімен сипатталады, ол мәжбүрлік сипатын алады. Науқас ішуге деген пайда болған әуестікпен күреспейді, оған пассивті бағынады.

Алкоголизмнің бастапқы сатысына тән симптомдар жойылмайды, күшейеді немесе алкоголизмнің ортаңғы сатысының түзілуі кезінде өзгерістерге ұшырайды. Бұл сатыға абстинентті синдромның (бас жазу) дамуы ерекше тән. Бұл синдром ұзақ уақыттық, массивті алкогольді интоксикация аяқталған соң бірнеше сағат немесе тәуліктен кейін дамиды.

Абстинентті синдром психикалық, неврологиялық, соматикалық бұзылыстар түрінде көрінеді, бұл бұзылыстар алкогольдің жаңа дозасын қабылдаған соң жеңілдейді немесе жойылады.

Абстинентті синдром кезінде айқын психикалық бұзылыстар тізімі бақыланады. Көңіл-күйі төмендейді, мұңлы күйге түседі. Науқастар тітіркенгіш, кейде ашуланшақ, күдікшіл, мотивсіз қорқыныш, өзін-өзі кінәлау идеяларын сезінеді. Алкоголиктерде абстиненция жағдайында көру және есту галлюцинациялары пайда болуы мүмкін. Ұйқысы үрейшіл, үзілісті, оянғанда тынығу сезімі болмайды. Абстинентті синдром вазовегетативті және неврологиялық бұзылыстармен көрінед: тахикардия, гипертензия, аяқ-қолдың және бүкіл дене треморы, ауыз қуысының құрғауы, бас айналуы, тәбеттің жоғалуы, айқын әлсіздік.

Абстинентті синдромға айқын неврологиялық синдромдар тән, олардың ішінде жиі кездесетіні және көзге түсетіні аяқ қол, бас, тіл треморы болып табылады. Әсіресе қол саусақтарының треморы, Ромберг позасында тұра алмау айқын көрініс береді. Бет және қаңқа бұлшық еттерінің фибриллиярлары дірілдері бақылануы мүмкін. Екі жақты сiңipлiк рефлекстердің тепе-тең жоғарылауы бақыланады; вегетативті регуляция бұзылысы бет және алақан гипергидрозымен, тері мәрмәрлығымен, бет гиперемиясымен, әсіресе мұрынның, склералар иктериялығы және олардың тамырларының кеңеюімен көрінеді.

Жүрек-қантамыр жүйeci жағынан артериялық қан қысымының көтерілуге бейімділікпен тербелістері, кардиалгиялық синдром байқалады. Абстинентті синдром жүрек айнуымен, лоқсулармен, эпигастрий аймағындағы ауру сезімдерімен, диареямен көрініс береді.

Алкогольдық абстенцияның aуыp түрінде балтыр бұлшық eттерiнiң құрысулық ұстамасы, сирек тырысулық ұстамалар (күрделі немесе абортивті) бақылануы мүмкін.

Ортаңғы сатысында алкогольге толеранттылық жоғарылап, өзінің шырқау шегіне шетеді және жылдар бойы өзгермеуі мүмкін. Iшімдіктi қабылдаудың тәуліктік дозасы 1,5-2 л арақ мөлшеріне жетеді. Алкогольді мастанудың клиникасы ары қарай өзгеріске ұшырайды. Мастану жағдайындағы көңіл-күй айналадағыларға агрессия танытумен басым тітіркенген-ызалы сипат алады. Қабылданған алкоголь мөлшерін бақылау қабілетін жоғалту спиртті ішімдіктің аз ғана мөлшерін қабылдаған соң пайда болады.

Алкогольге күшті әуестіктің мөлшерлік бақылауды жоғалту және абстинентті синдроммен біpгe жүpyi маскүнемдік формасының өзгepгендігін білдіреді. Бұл сатыда науқастар жиі алкогольді күн сайын айқын мастану шақыратын дозаларда қолданады, немесе бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін мерзіммен арасына бірнеше апта салып, салынып ішеді.

Алкоголизмнің ортаңғы сатысында ауру ағымының ерекше көpiнiсi жалған салынып ішу (псевдозапой) болып табылады (бірнеше күннен 2-3 аптаға дейін созылады) – науқас әлеуметтік мотивтерге байланысты (жанұялық, қызметтік, ақшаға қатысты және т.б.) ішуін тоқтатады. Салынып ішу аралықтарында науқастар ішімдікті пайдаланбайды.

Әрбір мастану жағдайы оның соңғы этапының амнезиялануымен аяқталады.

Осы аталған бұзылыстар тұлға өзгерісі, деградациясы фонында жүреді. Алғашқы сатыдағы науқас мінез-құлқындағы өзгерістер дөрекілене түседі, эгоизм ұлғаяды. Ішімдікке қаражат табу жолында жанұя, қызметтік, қоғамдық жағдайларды елемейді. Мнестико-интеллектуальды бұзылыстар ұлғайып, цинизм, орынсыз (алкогольді) әзіл пайда болады. Зейін, ес бұзылысы тереңдей түседі. Ойлау біртекті, нақты, алкогольді тематикаға келіп тірелетін беткей ассоцациялармен жүреді.

Ерік үрдісі терең бұзылысқа ұшырайды: маскүнемдікті тоқтатамын деген ант берулері, уәдесі бірден ұмытылады. Айналасындағылардың алдында кінәлілік сезімі болмайды. Бұрынғы қызығушылытары жоғалады, басты қажеттілігі спиртті ішімдік болып табылады.

Алкогоглизмнің бұл сатысында жиі жедел алкогольді психоздар дамиды.

Бұл сатының ұзақтығы орта есеппен 3-5 жылды құрайды.

Науқас И., 47 жаста. Келесі шағымдармен түсті: ашушандық, үрей, ұйқының, бұзылуы, спиртті ішімдіктерді қабылдауға деген күшті әуестік, алкогольді мастану кезінде өз iс-әрекеттерін басқара алмау.

Психикалық аурулармен тұқым қуалау ауырлығы анықталған жоқ. Балалық шағында дамуы жағынан қатарластарынан артта қалған жоқ, жайлы жанұяда өскен. Алкогольді бipiншi рет 17 жасында қабылдаған, және оған деген жиіркеніш ceзiмiн байқаған. 26 жастан бастап алкогольді жүйелі пайдаланған. Бұл кезде ішімдікке деген жиіркеніш сезімі туындамаған. Жұмысындағы жағдайы (бар, тегін спиртті ішімдіктер) ішімдікті көп пайдалануға ықпал еткен. Күнделікті дерлік ішкен, бірақ ішуден бас тарта алған, "бас жазбаған". Осы кезеңде жанұялық жағдайларына байланысты қонақ үйге жұмысқа ауысқан, бұл жерде жиі және көп мөлшерде іше бастаған, еңбек тәртібін бұзған жағдайлар болған. Жұмысынан қуылу қayпiне байланысты өз еркімен кетуге тура келген. Біртіндеп толеранттылық жоғарылаған: науқастың айтуы бойынша, «алғашында шараптың бip рюмкасынан мас болатынмын, ал қазір бip кеште екі шөлмек коньяк iшiп қоямын». 13 жыл бұрын бас жазу синдромы пайда болды: қатты бас ауыруы, жүрек айну, бас айналу. Бұл құбылыстар ішімдіктің белгілі бip дозасын қабылдағаннан кейін жойылған. Осыдан тоғыз жыл бұрын ішіду шындығында қоямын деп шешіп, дәрігерге көрінген, эспираль имплантацияланған. 5 жыл бойы ішімдік пайдаланбаған. Кейіннен кезеңмен ғана қабылдаймын деген үмітпен аздап ішуді бастаған. Алкогольге деген құмарлық жылдам пайда болып, бас жазу синдромы қайта дамыған, алкогольге толеранттылы жоғары шегіне жеткен. Қайта емделуге тілек білдірген. Екінші рет стационарға жатып, зерттелгенде алкогольді майлы гепатит диагнозы қойылды. Шыққаннан кейін 8 айға дейін ішімдік пайдаланбаған, бірақ өзімен бipгe емделген танысының ішіп жүргенін естіп, тағы да байқап көpгicі келген. Ол ішкілігі стационарға осы түсу кезеңіне дейін жалғасқан. «Маскүнемдік» сипаты өзгерген: кез-келген құрамында спирті бар сұйықтықтарды қолданды, тез масаятын болды, жиі қақтығыстарға түседі. Қабылдаған ішімдік мөлшерін бақылау қабілетін жоғалтты, мастану жағдайында не істеп, не қойғанын жиі есіне түсіре алмады.

Соматикалық жағдайы: жүрек шекарасы солға ығысқан, бауырдың қыры тығыз, ауыру сезімінсіз, қабырға астынан 4 см шығып тұр, көкбауыры үлкеймеген.

Неврологиялық жағдайы: рефлекстері күшейген, симметриялы. Ошақтық неврологиялық симптоматика жоқ, қол басының треморы байқалады. Гипергидроз, айқын қызыл дермографизм.

Психикалық жағдайы: бағдары толық, контактқа оңай түседі, қабылдау бұзылысы байқалмайды. Стационарға келу алдындағы кезенді нашар есіне түсіреді, жеңіл фиксациялық амнезия байқалады. Ойлау темпі баяулаған, фантазиялауға, диссимуляцияға, өтірікке бейім. Эмоциональды ұстамсыз. Көңіл-күйі төмен. Сөзінде орынсыз әзілдер жиі кездеседі. Дертіне сыни көзқарас формальды.

Абстинентті синдромды жою үшін науқас натрий оксибутиратын, реланиум, дезинтоксикациялық терапия, массивті витаминдік терапия (соның ішінде В тобының) ноотропил қабылдады. Психотерапия жүргізілді. Абстинентті жағдай симптомдары жойылғаннан кейін науқастың алкогольді пайдаланбаймын деп уәде беруімен табанды түрде сұранысына байланысты үйіне шығарылды. Наркологиялық диспансерде ем жалғастыру ұсынылды. Диагноз: алкоголизм, ортаңғы сатысы.

Соңғы (энцефалопатиялық) сатысы. Бұл саты алкоголизмнің алдағы сатылары симптомдарының түр өзгертулерімен және олардың ауырлай түсуімен, сондай-ақжаңа симптоматиканың пайда болуымен сипатталады.

Алкогольге әуестік жеңілдеу сипат алады, жабысқақтық дәрежесі төмендейді. Алкогольге мәжбүрлік әуестік ұсақ мәнді психогенді факторлар нәтижесінде пайда болады. Сонымен қатар алкогольдің аз ғана дозасы күшті алкогольді әуестікке алып келеді.

Алкогольге толеранттылық төмендейді, яғни мастану күйі бастапқы және ортаңғы сатылармен салыстырғанда өте аз дозадан дамиды.

Бұл кезеңде науқас бірқабылдағанда 150-200 мл. арақ ішеді, осыдан кейін айқын және ұзаққа созылатын мастану пайда болады. Спиртті ішімдікті үлкен дозада қабылдаса есеңгіреу және сопор жағдайы байқалады.

Алкоголизмнің бұл сатысында абстинентті синдром өзінің ұзақтығымен, айқын вегето-қантамырлық және соматикалық компоненттермен, неврологиялық бұзылыстармен ерекшеленеді. Науқаста брадикардияға, коллапсқа бейімділік байқалады.

Алкоголизмнің энцефалопатиялық сатысына ішімдікті күнде дробты дозалармен ішу(бірнеше сағат сайын 150 мл-ге дейін) немесе науқастар бipнeше күн бойы ішетін, нағыз салынып ішу тән. Бұл кезде салынып ішудің ұзақтығына байланысты науқастың ішімдікке деген толеранттылығы үдемелі түрде төмендейді. Егер салынып ішудің алғашқы күндерінде доза тәулігіне 1 литрге дейін жетсе, аяғында күніне 100-I50 мл-ге дейін төмендейді. Мұндай салынып ішу алкогольді физикалық көтере алмаушылық нәтижесінде құсу немесе коллаптоидты жағдай пайда болуымен байланысты аяқталады. Салынып ішулер арасындағы ашық кезеңдер бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылады.

Алкоголизмнің бұл сатысында тұлғаның алкогольдік деградациясы көріністері басым байқалады. Алкоголизммен науқастар жүріс-тұрыстың моральді-этикалық нормаларын жоғалтады. Оларда қоршаған ортаға деген қызығушылық жоғалады, олардың бар зейіні «ішкілікке» жинақталады. Алкоголизмнің ортаңғы сатысында түзілген мнестико-интеллектуальдық бұзылыстар үдейді және тереңдей түседі. Психикалық қызметтің барлық түрінің кедейленуі бақыланады. Еңбекке қабілеттілік төмендейді, науқас тек квалификакацияны қажет етпейтін жұмыстарды атқаруға қабілетті, өзінің сыртқы көрінісін бақыламайды, ұқыпсыз киініп, лас болып жүреді.

Бұл сатыда дертті сипаттағы қызғаныш идеялары жиі пaйда болады. Мастану кезеңінде бұл идеялар науқас ойын түгелдей қамтып алатыны соншалық, олар агрессивті әрекеттер жасаумен әлеуметтік қayiп тудыруы мүмкін. Науқастар жиі қорғансыз жағдайға түсіп, нашар тамақтанып, айтарлықтай дене салмағын жоғалтады. Алкоголизмнің соңғы сатысына созылмалы алкогольды психоздар тән.

 

Алкоголизм кезіндегі жастық және жыныстық факторлардың рөлі

 

Жастық фактордың алкоголизм дебютi және дамуында маңызы бар. Алкоголизм неғұрлым ерте жаста (жасөспірімдік, жастық шақта) басталса, соғұрлым қатерлі өтеді: сатылардың ауысуы мен ауырлауы жылдам жүреді, ал алкоголизм көріністері айқын сипатта өтеді. Жас кезде түзілген алкоголизм тұлғаға айрықша теріс әсер көрсетеді, энцефалопатиялық синдромның жылдам үдеуіне, психоздардың ерте дамуына ықпал етеді.

Картаю алдындағы кезеңде пайда болған алкоголизм токсикалық экдефалопатияның жылдам дамуына және өpшуіне алып келеді: және де ауру сатылары тез алмасады. Бұл кезеңде алкоголизм жедел психоздармен сирек, ал созылмалы психоздармен жиірек асқынады. Соматикалық бұзылыстар ерте анықталады.

Соңғы уақытта әйелдер арасындағы алкоголизм кең таралып кетті. Әйелдер алкоголизмінің бірқатар ерекшеліктері болады.

Әйелдерде алкоголизм жылдам қарқынмен дамып, және клиникалық көpiнiстepi бойынша ерлермен салыстырғанда ауыр өтеді. Бірақ алкоголизмнің жеңіл ағымы жөнінде және әйелдер алкоголизмін қатерлі деп санауға мүмкіндік бермейтін мәліметтер де бар (ауырлатушы факторлар болмағанда).

Ерлерден айырмашылығы әйелдерде ішімдікке патологиялық әyecтік алкогольді шектен тыс қолданудың алғашқы 1-2-ші жылдарында түзіледі, және осы уақыт аралығында спирттік ішімдіктерге физикалық тәуелділік, яғни абстинентті синдром анықталады. Әйелдерде тұлғаның алкогольдік өзгерісі сексуальды азғындықпен және әлеуметтік деградациямен көріне отырып, жылдам қарқынмен дамиды.

 

Алкогольдің адам ағзасына әсері және алкогольдік мастану диагностикасы

Алкогольдің адам ағзасына әсерінің 2 ерекшелігін бөлуге болады - оның мастану шақыратын тікелей әсері, және алкоголизм ауруына алып келетін жүйелі шектен тыс қолдану.

Алкогольдің негізгі әсері – мастандырушы әсер. Алкоголь әсерінің нәтижесі қабылданған спиртті ішімдіктің дозасына ғана емес, оның күштілігіне де байланысты. Арақ тәрізді күшті ішімдіктер әсер еткенде, алкоголь 1 сағат ішінде қанда максимальді концентрациясына жетеді. Бұл кезде мастану тез дамиды және айқын көрініс береді.

Мастану кезінде соматикалық, неврологиялық және психикалық бұзылыстар қатары бақыланады., олардың көріністері мастану дәрежесіне байланысты.

Алкогольдік мастанудың жеңіл, орташа, ауыр дәрежелерін бөледі.

Мастанудың жеңіл дәрежесінде қабылдау табалдырығы төмендейді. Интеллектуальді үрдістер бұзылады: зейін бұзылады, реакциялар баяулаған, ойлау логикасы төмендейді, ұқсас ассоцациялар бақыланады. Қоршаған ортаны қабылдау қиындаған, критика төмендеген. Көңіл-күй тұрақсыз, жиі көтеріңкі, бірақ кейде ашушаңдық, тітіркенгіштік көрініс беруі мүмкін. Қимыл координациясы бұзылған, сөйлеудің жеңіл бұзылыстары бақыланады.

Мастанудың орташа дәрежесінде зейін күрт бұзылады, ол елітпелі болып келеді. Қабылдау нақтылығы және дифференцациясы жоғалады. Интеллектуальдық үрдістер баяу, персеверациялар пайда болады, ойлау кездейсоқ ассоцияциялармен көрінеді. Примитивті, әсіресе сексуальды әуестіктер жанданады. Орташа дәрежелі мастану жағдайындағы адамдар жиі ызалы, агрессивті болады, ол өз кезегінде төбелестерге және ұрыс-керіске әкеледі. Қимыл координациясы едәуір бұзылған, жүрісі тәлтіректеген, сөйлеу – дизартриялы.

Мастанудың ауыр дәрежесінің клиникасы үдемелі есеңгіреумен көрінеді. Артынан терең ұйқыға кетеді: мас адам қолайсыз қалыпта және кез-келген жерде ұйықтап қалады, еріксіз зәр бөлінуі, дефекация, кейде бұлшық ет тырысулары болуы мүмкін. Мастану кезеңі жөніндегі естеліктер әдетте сақталады, алайда кейде бөліктік болуы мүмкін.

Ауыр алкогольды интоксикация кезінде пайда болатын коматозды жағдайда алкогольді организмнен шұғыл шығаруға бағытталған шараларды орындау керек (асқазанды шаю, жүрек - қантамыр және тыныстық функцияларды сүйемелдеу).

Мастанудың жеңіл дәрежесінде алкогольдің қандағы концентрациясы 2‰, орташа дәрежесінде 2-5‰, ауыр дәрежесінде 5‰-дан жоғары болады. Бұл мәліметтер 1 кг дене массасына шаққанда төмендегі көрсетілген алкогольдің (спирт) мөлшеріне сәйкес келеді: І-І,5; І,5-2 және 2,5-3,5 мл.

Мастануды және оның дәрежесін анықтау үшін негізгі мәліметті клиникалық көрнісі береді. Сонымен қатар олар алкогольдің организмдегі құрам бөлігін және оның концентрациясын анықтайтын бірқатар лабороториялық әдістермен және сынамалармен негізделеді.

Тыныспен шыққан ауада алкоголь бар-жоғын дәлелдейтін сапалық реакция Раппопорт реакциясы болып табылады, бұл кезде алкоголь күкірт қышқылының қатысуымен ацетальдегидке айналады және калий перманганаты ертіндісінің тамшыларын қосқан кезде түссізденеді. Шоймош модификациясындағы Видмарк әдісі анағұрлым дәлірек болып табылады, бұл кезде сандық анықтау әдісімен қандағы алкоголь концентрациясы анықталады. Бұл әдіс Видмарктың арнайы колбасы ішінде алкогольдың бір уақытты дистилляциялануы мен тотығуына негізделген.

Алкогольдік мастану фактын анықтау үшін Л.А.Мохов және И.П.Шинкаренко ұсынған индикаторлы түтіктер кеңінен қолданылады. Бұл түтіктерде құрған реагент - мақтаға сіңірілген хром ангидридінің концентрацияланған күкірт қышқылындағы ертіндісі бар. Алкогольдің тыныспен шыққан булары индикатордың сары түсін жасыл немесе көгілдір түске өзгертеді, осылайша тыныспен шыққан ауада алкоголь бар екенін көрсетеді (бұл оң реакция ретінде бағаланады).

Алкогольдің қандағы максимальды концентрациясын анықтаудың дәл әдісі В.Ф. Пономоревтің газды - сұйықтықты хроматографиясы болып табылады. Бұл әдіс алкогольдың этилнитратқа айналуына, артынан түзілген өнімнің газды хроматографта тіркелуіне негізделген.

 

Патологиялық мастану

Патологиялық мастану жедел қысқа уақыттық ағымда өтетін психикалық бұзылыстар тобына жатады. Бұл алкогольды қабылдау нәтижесінде пайда болатын өзіне тән симптоматикамен өтетін психотикалық күй. Патологиялық мастануға қарауытқан бұзылыс түріндегі сананың күтпеген жерден пайда болатын өзгерістері тән, бұл қарапайым мастану кезіндегі есеңгіреу жағдайынан сапасы бойынша өзгеше болады. Қарапайым алкогольдік мастануды патологиялықтан айыратын белгі сана бұзылысының сипатын анықтау болып табылады.

Патологиялық мастану алкогольдің тек аз мөлшерін ғана емес (ертеректе ослай саналған), сонымен қатар едеуір дозаларын қабылдағаннан кейін де пайда болады.

Патологиялық мастану жағдайында жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер қандай-да бір шынайы оқиғаларға реакция болып табылмайды. Олардың негізіне дертті импульстер, талпыныстар, елестер жатыр. Бұл күйде күрделі автоматтандырылған дағдылар мен тепе-теңдікті реттейтін жүйкелік- психикалық механизмдер бұзылмайды, сондықтан патологиялық мастану жағдайындағы науқастар дертті негіздегі агрессивті әрекеттерді іске асруға бағытталған икемді және күрделі іс-әрекеттерді іске асыруға қабілетті. Бұл адамдарда күрделі мақсатты істер жасау, транспортты қолдану, үйге жолды дұрыс тауып бару және т.б. қабілеті сақталады. Патологиялық мастану жағдайы оның басталуы тәрізді күрт аяқталады, кейде ұйқыға ауысады. Патологиялық мастану кезеңі толығымен ұмытылады.

Патологиялық мастану соттық - психиатриялық тәжірибеде психоз есебінде бағаланады, және олар қабілетсіз деп танылады.

 


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 3805 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.016 сек.)