АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Дифференциальды диагностика

Прочитайте:
  1. I. ТУБЕРКУЛИНОДИАГНОСТИКА
  2. II. Диагностика пищеводно-желудочно-кишечных кровотечений.
  3. II.3. Цитологическая диагностика
  4. IV. Лабораторная диагностика ВИЧ-инфекции
  5. IV. Лабораторная диагностика ВИЧ-инфекции
  6. IV. Лабораторная диагностика СГА-инфекции
  7. IV.1.3. Реакция Манту — ложноположительная диагностика
  8. Аборты. Определение, классифиация, диагностика и профилактика.
  9. Абсцесс. Определение, клиника, диагностика, лечение.
  10. Алиментарное бесплодие. Причины, диагностика и профилактика.

 

Психопатиялық күйлердің жеке формаларын анықтау үлкен қиындықтар тудырмайды. Өйткені олардың көріністері тұлға аралық қарым-қатынастар кезінде байқалады, немесе оларды айналасындағы кісілер ылғи байқап жүреді. Оларға ең алдымен психопатияның истериялық және қозғыш түрлерін жатқызуға болады. Психопатияның паранойяльді формасын, соның ішінде паранойяльды дамуды анықтау қиынға түседі. Олардың күдіктенулері мен үйірліктерінің негізсіздігін дәлелдеу жеңіл емес. Оқиғалар бұрмаланған түрде сол адамның өзімен дамытылады. Бірақ олар шындық оқиғаларға өте жақын болады, объективті ақпарат болмаған жағдайда сенім тудырады. Бұл адамдар көптеген адамдардың аяушылығы мен қолдауына қол жеткізеді.Уақыт өте келе патологиялық трактовка жүйесі кеңейіп, күрделенеді, жаңа бейнелермен, оқиғалармен толықтырылады. Бірақ психоздар кезіндегі сандырақтық идеялардан айырмашылығы бұл патологиялық түзілістер нақты жағдайлармен байланысты, шынайылықпен айқын қарама-қайшылығы жоқ. Паранойяльды жүйелер тұрақты, көптеген жылдар бойы сақталады. Сонымен қатар олар уақыт өте олардың туындауына себеп болған жағдайдың өзгеруіне қарай коррекцияланады және дезактуализацияланады. Психопатияның бұлтүpiнiң диагностикасы үшін тұлғаның типологиялық ерекшеліктері маңызды орын алады.

Психопатияның шизоидты және психастениялық формаларының диагностикасы едәуір қиындықтар туғызады. Психопатияның бұл түрімен науқастар қоршаған ортаға қиыншылықтар тудырмайды. Шизоидты формасымен науқастар айналасындағылармен араласуды керек етпесе, екінші формасымен науқастар қатынасқа түсуге ұмтылғандарымен, өздерінің шешім қабылдай алмау және сенімсіздіктеріне байланысты одан алшақтап жүреді.бқл тұлғалық ерекшеліктер психикалық дені сау аамдарға да тән. Бұл жерде олардың айқындылық дәрежесін анықтау қажет.

Тұлға жағдайын психопатиялық деп бағалау критериларына ең алдымен өмірге адекватты бейімделуге кедергі жасайтын тұлғалық бейнелерді жатқызу керек. Психопатияның жеке формаларын квалификациялау үшін науқас анамнезінің үлкен маңызы бар, себебі ол олардың психикалық ерекшеліктерін ашады. Психопатияны квалификациялау және анықтау кезінде осы топ бұзылыстарына толық сай келетін белгілерге, және де жеке формаларына тән критерияларға сүйену керек.

Психопатиялардың дерттен айырмашылығы ол тұлғаның бұрмаланған дисгормониялық варианты болып табылады, мұнда психопатиялық белгілер тұлға және оның құрылымымен байланысты. Психопатия салыстырмалы түрде ерте білінеді. Тұлға түзілісі жүретін жaсөcпіpім кезеңде психопатияны анықтауға болады. Оның нeгiзгi epeкшeліктері адамның ерте балалық шағында анықталады. Психопатияның бұл варианттары олардың ядролық түріне жатады. Кейде психопатия қолайсыз жағдайларға және күйзелістерге байланысты ересек жас кезеңінде де басталады. Патологиялық көpiнicтердің бұл варианттары тұлғаның патологиялық дамуы деп аталады.

Психопатияны басқа аурулар кезінде дамитын психопатия тәрізді жағдайлардан айыру қиындық тудырады. Көптеген эндогенді және экзогенді aурулар өздерінің даму сатыларында психопатияға ұқсас симптомдармен көрініс береді. Бұл симптомдарды психопатия тәрізді симптомдар деп атайды. Дұрыс диагноз қоюға осы психопатия тәрізді симптоматиканың негізгі аурудамуының бip сатысы болып табылуы септігін тигізеді. Сонымен қатар бұл симптоматика нeгiзгi аурудың басқа да белгілерімен қатар жүреді. Егер cөз экзогенді-токсико-органикалық аурулар жайлы болса, белгілі бip кезеңінде ОЖЖ органикалық зақымдануы, интеллектуальды-мнестикалық бузылыс белгілері көpiнic беруі мүмкін. Эндогенді аурулар кeзiндe, соның ішінде шизофренияда, психопатия тәрізді симптоматика ремиссия кезеңінде байқалуы мүмкін, оның алдында айқын психотикалық жағдай көрініс береді. Шизофренияның психопатия тәрізді бастамасын психопатиядан айыру ерекше қиындық тудырады. Бұл кезде шизофренияға тән жүріс-тұрыс адекватсыздығы, оғаш мінез-құлық тәрізді бастапқы тұлғалық өзгepістердi, шизофрения дамуының бастапқы кезеңдеріне тән басқа да симптомдарды анықтау көмектеседі.

 


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 987 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)