РЕАКТИВТІ ПСИХОЗДАР
Реактивті психоздар - психогенді негізді, өмірге қауіп төндіретін, индивидуум сәттілігіне зиян келтіретін факторлар әсерінен дамитын, басым психотикалық сипаттағы бұзылыстар.
Мұндай психикалық бұзылыстар ауыр эмоциональды стресс нәтижесінде пайда болады. Психикалық жарақаттың мазмұны психикалық бұзылыстардың клиникалық көрінісінде бейнеленеді (Ясперс триадасы). Психикалық жарақат әсері аяқталғанда олар жоғалады. Дегенмен, Ясперс триадасының әмбебап мәні жоқ. Ауыр эмоциональді жарақаттан кейін едәуір уақыт өткен соң психикалық бұзылыстардың пайда болғаны бақыланған (кешіккен теакциялар) және эмоциональды жарақат әсері аяқталғаннан кейін де ұзақ сақталған.
Клиникалық көріністеріне байланысты реактивті жағдайлар жедел және созылмалы болып бөлінеді.
Жедел реактивті жағдайлар (аффективті-шокты реакциялар)
Аффективті-шокты реакциялар қозу немесе ступорға дейінгі тежелу түрінде көрінеді. Қозу жағдайымен реакциялар тарылған сана фонында өтеді. Аурудың жүріс-тұрысы бұл кезде хаосты, ретсіз болады. Олардың іс-әрекеті мағынасыз, кейде өздеріне зиян келтіреді. Мысалы, өрт кезінде хаосты қозу жағдайындағы адам терезеден секіріп, өліп кетуі мүмкін.
Осындай күйден шыққан науқас болған жайтты нашар есінде сақтайды, жалпы әлсіздік, қалжырау және апатия күйінде болады.
Тежелу күйімен аффективті-шокты реакциялар кезінде жартылай немесе толық қимылсыздық пайда болуы мүмкін (ступор жағдайы). Мұндай жағдайдағы адамдар қимыл-әрекет жасауда қиындықтар сезінеді. Қауіп төнген жағдайда адам аяғында ерекше ауырлық байқайды, оның қозғалысы баяулайды. Осы қауіптен құтылу үшін ол шапшаң және дәл қимыл, іс-әрекет жасай алмайды. Кейде мұндай ситуация кезінде науқас бір орнында қатып, тұрып қалады (ступор). Дегенмен, жартылай немесе толық тежелу күйіндегі адам қоршаған ортаны дұрыс қабылдап, бағалай алады.
Аффективті-шокты жағдайлар, жоғарыда айтылғандай, өміріне қауіп төнген жағдайда пайда болып, бұл жағдайлар жойылғанда кетеді. Мұндай күйдегі науқастар әдетте аурухана жағдайына бақыланбайды.
Ступорозды күй қылмыстық жазалау қаупі төнгенде пайда болуы мүмкін. Соттық ситуация шешілу мерзіміне байланысты бұл күй ұзақ ағыммен ерекшеленеді.
Соттық ситуацияға байланысты пайда болатын осындай психикалық бұзылыстар тобына истериялық деп қарастырылатын басқа да жедел психотикалық құбылыстар жатқызылуы мүмкін. Олар сананың айрықша бұзылысымен ерекшеленеді. Соттық - психиатриялық жағдайларда пайда болған бұл бұзылыстар симуляциялық жүріс-тұрысты бейнелейді, ол Ганзер синдромы (алғаш сипаттаған автор есімі бойынша) және псевдодеменция деп аталады. Ганзер синдромымен науқастарда сана өзгерісі байқалады. Олардың уақыт пен орын бойынша бағдары бұзылған, айналасындағыларды танымайды, сұрақтарға орынсыз жауап береді. Псевдодеменция көрінісі Ганзер синдромымен науқастардың жүріс-тұрысына ұқсайды. Науқастардың орын мен уақыт бойынша бағдары бұзылған. Бірақ бұл науқастарда сананың терең бұзылысы байқалмайды. Псевдодеменция көріністері кейде жас балаларға тән ерекше жүріс-тұрыспен, сөздермен толықтырылуы мүмкін. Науқас жас бала мәнерінде сөйлеп, айналасындағы адамдарға «тәте», «аға» деп көңіл аударады, жас балалар ойынын ойнайды және т.с.с. Пуэрильді деп аталған бұл реакциялар психогенді зияндылықтар жойылған соң басылады.
Келесі топты созылмалы психогенді реакциялар құрайды.
Созылмалы реактивті жағдайлар
Созылмалы психогенді реакциялар жиі науқас үшін ерекше маңызы бар жағдайлардан (сәтті өміріне қауіп төнгенде, жақынын жоғалту және т.б.) кейін пайда болады. Мұндай реакциялардың типтік формалары реактивті депрессия мен реактивті параноид болып табылады.
Реактивті депрессия. Бұл кезде науқастың көңіл-күйі жабырқаулы. Ауыр жағдайды туғызған себеп жөнінде үнемі ойда жүреді. Егер бұл жақын адамының өлімі болса, оның ойлары тек сол жөнінде болады. Жиі өзін-өзі кінәләу идеялары пайда болады. Науқас өзін оған дұрыс көңіл бөлмедім, әділетті болмадым, өлім аузынан алып қалу үшін қолдан келгенді жасамадым деп жазғырады. Ұйқысы бұзылып, еңбекке қабілеті төмендейді. Соматовегетативті бұзылыстар байқалады, тәбеті қашып, дене салмағы азаяды, іш қатуы болады. Артериялық қан қысымы көтеріледі.
Науқас Б., 60жаста. Психикалық аурумен тұқым қуалау ауырлығы жоқ. Білімі төрт класс, мамандығы слесарь. Үйленген, әйелі қайтыс болған. Ер жеткен екі баласы бар, олармен қатынасы нашар. Балаларының өз жанұясы бар. Науқас бір мезгіл бір баласының, бір мезгіл екінші баласының қолында тұрады. Өзінің айтуы бойынша балаларының әйелдері онымен нашар қатынаста. Бір баласының жанұясымен біраз тұрған соң, оған басқа балаңның қолына бар деп айтады. Науқас осы ситуциялардан шығар жол таппады. Суицидальді ойлар пайда болып, суицидальді әрекет жасаған, осыған байланысты Скилифасовский атындағы институтта ем қабылдаған. Онда көңіл-күйі төмен болған, суицидальді ойлары тұрақтылық танытып, СС.Корсаков атындағы психиатриялық клиникаға ауыстырылды.
Клиникаға түскен кезде санасы анық, орын мен уақытты дұрыс бағдарлайды. Дәрігерлермен әңмелескенде жәй дауыспен көзіне жас алып әңгімелейді, пайда болған жанұялық ситуацияларды уайымдайды, бұл жағдайдан шығар жол таппайды, көңіл-күйі төмен, бірақ суицильді ойлары жоқ, көмек іздейді. Бөлімшеде болған алғашқы 3 күнде «қауіп төндіретін, өзін өлтіргісі келетін адамдардың дауыстарын, «үйден шық деп бұйырған ұлының дауысын естіген». Бұл көріністердің дертті сипатын түсінеді.
Реактивті параноид. Қолайсыз жағдайға байланысты туындаған, жеке адам немесе адамдар тобының науқасқа деген қатынасы бойынша жалған пікір және қорытынды жасау. Бұл қате баға беру аса бағалы, сонымен қатар, сандырақтық идеяларлар сипатын алуы мүмкін. Аса бағалы идея формасында оларды түзетуге болады, науқастың ойлары мен ұстанымдарын толық қамтымайды. Ол жарақаттаушы ситуацияны әсірелеп бағалағанымен, шынайы факттарға сүйенеді. Екінші жағдайда науқас түзетуге көнбейді, оның ойлары мен іс-әрекеттері сандырақтық идеяларға бағынышты. Реактивті параноид психожарақаттаушы ситуация жоғалғанда актуальдылығынан айрылады, және осылайша жазылады.
Науқас Н., 27 жаста. Психикалық аурумен тұқым қуалау ауырлығы жоқ. Анасының жүктілігі мен босануы қалыпты өткен. Ерте даму кезеңі ерекшеліксіз. Жүруі мен сөйлеуі өз мезгілінде дамыған. Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған. Әжесінің қолында тәрбиеленген. Науқас мінезі мейрімді, ақ көңіл болған. Шулы, қимылды ойындарды жақсы көрген. Достары көп. Бала күнінде қызылша және скарлатинамен ауырған, асқынусыз өткен. Мектепке 7 жастан барған. Оқу ұнаған, мұғалімнің айтқандарын ынтамен тыңдаған. Бос уақытын достарымен өткізуді ұнатқан, ашық, белсенді күйінде қалған. Кітап көп оқыған. Төменгі класстарда ертегілерді, жоғарғы класстарда махаббат, өмір туралы кітаптарды ұнатты. 17 жасынды мектеп бітірді. Шет тілдер институтына оқуға түсті. Институттағы оқу ұнады. Курстас жолдастарымен жеңіл тіл табысты: бірге театрға, киноға баратын. Жас жігіттермен кездескен, бірақ ешқайсысымен шындап жүрмеген, «өз адамын таппаған». Белсенді күйінде қалды, қоғамдық жұмыспен айналысты. Институтты бітіргеннен кейін орта мектепте ағылшын тілінен сабақ беруге жұмысқа орналасты. Жұмысы ұнады, балаларды оқытудан ләззат алған. Мектепте бір жылдай жұмыс жасады. Бір күні бір мұғалімнің көп ақшасы бар әмияны «жоғалды», күдік ой жас мұғалімге түсті, себебі ол мұғалімдер бөлмесінде басқалардан кейін аз уақыт кідірген болатын. Науқас өзінің айтуы бойынша қатты ашуланып, жылап үйіне жүгіріп кеетеді. Ертесіне жұмыстан шығамын деген оймен мектепке келеді. Мектепке келсе әмиян табылыпты, ол столдың артына түскен екен. Науқас алдында барлығы кешірім сұрайды. Ол аздап сабырланға түскендей болды, өз жұмысымен айналысты, бірақ басында «олар мені ұрыға санады» деген ой жүрді, басым ауырды деп сұранып кетеді, бірақ басына сол баяғы эпизод келе береді. Жұмысқа орналасу кезінде мектеп директорымен өткізген әңгімеде, оның «Сізге қиын болады» деген сөздерін еске алды. Алғашынан-ақ ол ешкімге ұнамағанын сезді, тек сырттан ештеңе білдірмеген. Келесі күні мектепке әрең барды. Ол келген кезде, барлығы тынышталып қалатынын байқады. Келесі күні мектепке барудың қажеті жоқ еді, өйткені каникулдар басталған болатын. Өзінің уайымдарын ұмытамын деп ойлады, бірақ таң атқан бойында әлсіздік сезінді «көкейі ренішке толы» болды. Өзін күштеп тұрғызып, күні бойы мазасызданып, бөлме ішінде кезіп жүрді. Ештеңемен айналыса алмады. Тәбеті мүлдем жойылды. Уақытын өткізу үшін ерте жатып қалды, бірақ түнімен ұйықтай алмады. Таңертең өзін нашар сезінетін болды. Көп мазасызданып, шаршағанын біліп, тынышталу үшін дәрі- дәрмек қажет екенін түсінді. Медициналық интстут бітірген кластасына барып, ақыл сұрайды, ол психиатрға қаралуды ұсынды.
Психикалық жағдайы: жұмысында болған ерекше жағдай жөнінде түпкілікті әңгімеледі. Ол жерде оны дұрыс қабылдамағанын айтады. Өзінің көптеген қасиеттері (жоғары принципиальдылық, оқушылармен жұмыс кезінде педагогиканың әдістемелік принциптерін қатаң ұстануы және т.б.) мектеп деректорына және кейбір мұғалімдерге ұнамағанын түсіндіруге барынша тырысты. Мектептегі болған жайтты талықлай келе, өзінің мүмкін қателескендігін мойындайды («әмиян жоғалуына байланысты оқиғаны жүрегіме тым жақын қабылдадым»).
Стационарда транквлизаторлар, аз мөлшерде нейролептиктер қабылдады, психотерапиялық әңгімелер жүргізілді. Жағдайы жақсарды. Дертті идеяларына сын көзқарас пайда болды. Клиникадан шыққан соң, бұрынғы жұмысына қайта оралды.
Реактивті пароноидтарға индуцкияланған пароноид (сандырақ) та жатады. Сандырақ сонымен қатар психогенді әсер нәтижесінде де түзіледі. Сандырақтық идеялармен зардап шегетін науқас өзінің дертті идеяларын, көзқарасын басқаларға жармастырады. Бұл жағдай науқаспен тығыз қарым-қатынастағы, оған бағынышты адамда дамиды.
Сандырақ идеялар мазмұны жиі соңына түсу, даукестік және т.б. сипатында болады.
Реактивті психоздардың этиологиясы мен патогенезі
Реактивті күйге алып келетін этиологиялық факторлар психикалық жарақаттар болып табылады. Реактивті жағдайлар екі жағдайға байланысты, олар реактивті күйдің клиникалық көрінісін анықтайды: психикалық жарақаттың күші және оның тұлға үшін мәні. Өмірге тікелей қауіп төнген жағдайда бас миының қызметі бұзылады, нәтижесінде кейбір ситуацияларда адамның саналы жүріс-тұрысы шектеледі немесе іс-әрекетін (қозу, ступор) ситуацияға сәйкес басқара алмайды. Жоғарғы жүйке және психикалық қызмет бұзылысына әкелетін факторлар шамадан тыс аффект (қорқыныш, қайғы және т.б.), осындай жағдайларға бейімдейтін тұлғалық ерекшеліктер - эмоциялық тұрақсыздық болып табылады.
Реактивті күйлердің өзге түрлерінің пайда болуында тұлғалық ерекшеліктердің маңызы зор. Ганзер және псевдодеменция синдромдарымен, сондай-ақ пуэрильді реакциялармен көрінетін реактивті жағдайлар истериялық мінез сипатымен адамдарда жиі бақыланады, реактивті параноид - күдікшіл, өзін-өзі жоғары бағалайтын, инертті ойлы және жағымсыз күйзелістерге қадалып қалуға бейім адамдарда бақыланады.
Реактивті психикалық бұзылыстарды болжау үшін психикалық жарақат пен науқас жағдайының маңызы бар. Мысалы, науқаста психикалық жарақат жағдайы ол үшін шешімін таппаса реактивті ступор ұзақ сақталуы мүмкін. Реактивті күйдегі науқастарда бас миы қызметінің қосалқы бұзылыстары органикалық, токсикалық әсерлерден, эндокринді ауытқуларға (жас кезеңіне байланысты) байланысты жағымсыз болжамға алып келеді.
Мұнан басқа, әр адамның стрессті ситуацияға реакциясы индивидуальды екендігін ескеру керек, және бір адам қайталанған ситуацияға алғашқыдан өзге реакциямен жауап беруі мүмкін. Сондықтан реактивті психоз мазмұны жиі ізінен реактивті психоз туындатқан психикалық жарақат ерекшеліктеріне емес, субьект ерекшелігімен анықталады.
Реактивті күйдің дамуына әкелетін бірқатар факторларды ескерген жөн. Біріншіден оған қажу, мәжбүрлі сергектік, алкоголизация, соматикалық аурулар және т.б. жатады. Бұл шартты-патологиялық факторлардан басқа реактивті психоздың пайда болуына жүктілік, жасқа байланысты криздер (пубертатты,инволюциялық) тәрізді физиологиялық жағдайлар әкеледі.
Реактивті психоздарың дифференциальды диагностикасы
Реактивті психоздардың дифференциальды диагнозы үлкен қиындық туындатпайды. Психикалық жарақаттан соң психикалық бұзылыстардың пайда болуы, психопатологиялық көріністерінде психикалық жарақат мазмұнының бейнеленуі жоғарыда көрсетілген формаларды ескере отырып реактивті күй диагнозын қоюға негіз болады. Психикалық жарақаттан соң басқа да психикалық аурулар басталу мүмкіндігін ескеру керек, мысалы, шизофрения, маниакальді депрессивті психоз, кәрілік және кәрілік алды кезеңіндегі психоздар. Реактивті психозды осы аталған психикалық аурулардан ажыратқанда жоғарыда суреттелген ерекешеліктерді, осы екі топ психикалық ауруларының психикалық бұзылыстары құрылымының және динамикасының ерекшеліктерін ескерген жөн.
Психикалық жарақат ситуациясы бірқатар жағдайларда эндогенді аурулардың ұстамасына әкелуі мүмкін. Диагнозды дұрыс қою үшін науқасты клинико –психопатологиялық тексеруден мұқият өткізіп, психожарақаттық ситуация мен депрессияның клиникалық көрінісінің ауырлық күштерінің арақатынасын, оның құрылымы мен ұзақтығын, сонымен қатар науқастың анамнездік ерекшеліктерін ескерген жөн. Шизофрениялық дипрессияға ең алдымен науқастың эмоциональді бұлыңғыр аффектісі және күйзелістерін ашық айтпауы, депрессияның ұзақ ағымы және т.б. нұсқайды.
Реактивті психозбен науқастардың емі
Жедел шокты реакциялар ұзаққа созылмайды. Психикалық жарақат жойылған соң олар жоғалады, мұндай науқастар дәрігер бақылауына сирек түседі. Қимылдық қозуды тоқтату үшін фенотиазин қатарындағы препараттарды иньекция түрінде қолданады. Ступорозды науқастарға антидепрессанттар мен нейролептиктерді тағайындауға болады. Препараттардың осындай комбинациясын реактивті депрессиямен, галлюцинациямен науқастарға қолдануға болады. Реактивті параноидпен науқастарға нейролептиктер қолданады.
Реактивті психоздар емі (әсіресе созылмалы ағымдағы) бұл күйді басумен шектелмейді. Сонымен қатар жалпы әлдендіретін және реабилитациялық шаралар қолдану қажет. Бірақ барлық компонентерді кешенді бірлестіру керек, яғни психофармакологиялық, жалпы әлдендіретін және реабилитациялық шараларды үйлестіру керек. Осы шаралардың маңызды элементі психотерапия болып табылады. Психотерапияның маңызды міндеті - психожарақаттаушы ситуацияда шападан тыс фиксациялануды болдырмау, және келесі сатысы ретінде - психожарақаттаушы ситуацияның салдарына науқастың адаптациялық механизмін күшейту. Ол жанұялық өмірдегі, қызметтік қатынастардағы өзгерістер түрінде болуы мүмкін. Қажет жағдайда дәрігердің міндетіне науқастың әлеуметтік мәселелерін шешуге тікелей қатысу да кіреді. Көп жағдайда болжамы жайлы және психожарақаттаушы ситуацияның жойылуы психикалық денсаулықтың қалыптасуына алып келеді. Қосымша экзогенді немесе негативті факторлар орын алған жағдайда болжам аздап жайсыздау болады. Бұл жағдайда реактивті күйдің ағымы созылмалы сипат алуы мүмкін.
Реактивті психоз күйінен шыққан соң науқастар еңбекке қабілеттілігін сақтайды. Тек реактивті күй ұзақ, созылмалы сипат алаған адамдар бұл тізімге кірмейді.
Соттық-психиатриялық сараптама
Соттық - психиатриялық сараптама реактивті психоз жағдайы заң бұзушылық сәтінде ғана емес, одан кейін пайда болғанда да жүргізіледі. Реактивті психоз жағдайында заң бұзушылық орын алғанда бірқатар факторлар ескеріледі: психикалық бұзылыс деңгейі, психикалық жарақат сипаты, патологиялық негіз рөлі және т.б. Кейде қылмыс жасалғаннан кейін, жауапкершілік қаупіне байланысты реактивті жағдай пайда болады. Реактивті жағдай кезеңінде бұл адам сот немесе тергеу алдында жауап беруге қабілетсіз, жазасын өтей алмайды. Бұл шаралар науқас реактивті психоз жағдайынан шыққан соң қолданылуы мүмкін.
Созылмалы реактивті психоз жағдайларында тактика аздап басқаша. Науқаста психотикалық бұзылыстардың ұзақ уақыт сақталуына байланысты ол психиатриялық ауруханаға емге жолданады, сауыққан соң сот алдында жауапқа тартылып, жазасын өтеуі керек.
Тарау
Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 4229 | Нарушение авторских прав
|