АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Пиротерапия

Прочитайте:
  1. Общая пиротерапия
  2. ПИРОТЕРАПИЯ

Жасанды гипертермиямен емдеу әдісі психоздарды инфекциялық емдеу талпыныстарынан бастау алады. Психикалық науқастарға емдік мақсатта инфекциялық безгек жұқтыру идеясы ХІХ ғасырдың орыс психиатрлары В.Ф. Саблер (40-жылдар) мен А.С. Розенблюмге (1876 ж.) тиесілі. А. С. Розенблюм қайталамалы сүзек қоздырғышын 22 науқасқа еккен; нәтижесінде 11 адам жазылып, 3-нің жағдайы жақсарған, 8-нің жағдайы өзгермеген. Австриялық психиатр Ю. Вагнер-Яурегг 1917 жылы бұл мақсатта малярия екпелерін қолдануды ұсынады. Ол үдемелі салдану ауруы кезінде қолданылатын негізгі әдіс ретінде тәжірибеге енді. Маляриотерапия әсер ету механизмін иммунитетті және ағзаның жалпы реактивтілігін белсендендірумен, температураның дерт қоздырғышына - бозғылт спирохетаға жайсыз әсерімен, микробтық антогонизммен байланыстырды. Әдіс сәттілігін оны қолданудың қарапайымдылығы арттыра түсті: науқас терісінің астына, бұлшық ет ішіне немесе көктамырға үш күндік маляриямен ауырған науқастан алынған 3-5 мл қан енгізіледі. Малярияның 8-10 ұстамасынан кейін ұстама хинин немесе басқа малярияға қарсы препараттармен қайтарылды.

Кейін маляриотерапия асқынуларына күдіктенгенде гипертермиялық реакция тудыру мақсатында сульфозин мен пирогенал тәрізді пирогенді препараттар қолданыла бастады. Сульфозин күкірттің майдағы қоймалжыңы (0,33-3%) болып табылады, бір ретте бұлшық етке 1-ден 6-8 мл дейін енгізіледі. Енгізу жиілігі – 3 күн сайын. Бұл уақыт аралығында науқастың температурасы көтеріліп (38 градус С және одан жоғары), қайта қалыпқа келуі тиіс. Бір ем курсына 6-15 температура ұстамасы. Сульфозинотерапияға көрсеткіш тек үдемелі салдану емес, шизофрениямен науқастардағы психофармакологиялық терапияға резистентілік те бар. Сульфозинотерапия стереотипті жабысқақтықтармен, күрделі ритуалдармен баяу ағымды шизофрения кезінде жақсы нәтиже береді.

 


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 912 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)