АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Невроздар

 

Невроздар – ол психикалық жарақаттың әсерінен пайда болатын аурулар тобы, жалпы күйдің және әртүрлі соматовегетативті функциялардың бұзылуымен, эмоциональды тұрақсыздықпен, қоршаған ортаға дұрыс баға берудің жеткілікті сақталуымен және өзінің дертті күйін түсінумен жүреді. Психикалық жарақат жедел эмоциональды стресспен немесе айқын емес, бірақ ұзақ мерзімдік жағымсыз күйзелістермен, және де эмоциональды ажырау ситуациясымен байланысты болуы мүмкін.

 

Невроздардың клиникалық көріністері

 

Невроздардың клиникалық көрінісі психикалық бұзылыстарға ұқсас түрде, және де невроз формасына тәуелді бұзылыстар түрінде көрініс береді. Жалпы психопатологиялық көріністер өзін дұрыс сезінудің бұзылыстарын бейнелейді, және оларға сандырақтық идеялар, галлюцинациялар, интеллектуальды-мнестикалық бұзылыстар және т.б. тәрізді психикалық бұзылыстар тән емес.

Невроздың клиникалық көрінісіне және мәніне оларды жеке аурулар тобына бөлу уақытынан бастап үлкен эволюциядан өтті. Алғаш «невроз» терминін 1776 жылы Шотландия психиатры В.Куллен ұсынды. Осы атаумен ол қызба жағдайы болмайтын сезім және қозғалыс бұзылыстарын және осы функциялардың жергілікті немесе жалпы бұзылыстарымен байланыссыз ауруларды суреттеп жазды. Ары қарай невроздардың клиникасы және оларға ықпал ететін факторлар анықтала түсті. Невроздардың клиникалық суретін және оның пайда болуындағы әртүрлі факторлардың рөлін бағалауда жарақаттық және әскери невроздар және т.б. себепші болды. Невроздардың пайда болу себептері әртүрлі факторлардың комплексті әсерімен қарастырылды: әскери жағдайдың психогенді стрессі, жарылыс толқынының әсері және т.б. Бірақ ары қарай бақылау нәтижелері невроздардың дамуы тек психогенді факторлардың әсерімен байланысты деп көрсетті.

Бірқатар жағдайларда невроздардың этиологиясын невроз бен психопатияның арасындағы ерекше қатынаспен байланыстырады. Психопатиялық тұлғалар невроздар дамуына аса сезімталдық көрсетеді. Әрине, дисгармониялық қасиеттердің болуы невроз туындауына бейімдейді, дегенмен дисгармония белгілері жоқ адам қолайсыз, психожарақаттық жағдайлар әсерінен неврозға шалдығуы мүмкін.

Невроздың жалпы клиникалық белгілерінен науқастардың мынадай шағымдарын атап өтуге болады: негізсіз үреймен бірге өзін нашар сезіну, жоғары шаршағыштық, тұрақсыз, көп жағдайда жабырқаулы көңіл-күй. өзін сезіну және көңіл-күй таңертеңгі уақытта көңілтоларлық, ал кешке нашарлайды. Мұндай өзгерістерді науқас еңбекке қабілетті жағдайда да сезінеді. Олар физикалық және интеллектуальды жүктемеден тез шаршайды. Бірақ демалғаннан кейін олар жұмыстарын жалғастыра алады. Барлық науқастарға ұйқы бұзылысы тән. Олар жиі денесіндегі жағымсыз сезімге, ішкі мүшелерінің функцияларының бұзылуына шағымдар айтады. Бұл сезімдер мен ауырсынулар сипаты соматикалық аурулардың белгілеріне ұқсауы мүмкін.

Вегетативті бұзылыстар вегетативті дистониялар және криздер түрінде көрінеді, бұл жағдайда процеске вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және қара бөлімдері араласады. Әдетте дистония фонында қысқа уытты симпатоадреналдық, вагоинсулярлық немесе аралас криздер пайда болуы мүмкін.

Вегетативті бұзылыстар қорқыныш, үрей, ипохондриялық және фобиялық бұзылыстармен бірге жүріп отырады. Жиі жүрек қызметінің бұзылуы байқалады: кардиологиялық синдром және жүрек ритмінің өзгіруі, тыныс бұзылыстары: дем тарту толымсыздығы, тыныс алу ритмінің бұзылуы және ларингоспазм; асқазан-ішектік бұзылыстар: өңештің тарылуы, анорексия, аэрофагия (ауаны жұтып, кекіру) құсу, гастралгия (ауырлық, керілу сезімі). Жыныстық бұзылыстар кездеседі: ерлерде – эрекция, эакуляция бұзылысы және жыныстық әуестіктің төмендеуі, әйелдерде- жыныстық әуестіктің төмендеуі, аноргазмия, вагинизм. Жиі қозғалыстық бұзылыстар байқалады: оғаш позамен өтетін ұстамалар, астазия-абазия (жүріп-тұруы мүмкін емес), гиперкинездер (бүкіл дененің немесе бір бөліктерінің дірілдеуі); бет бұлшық еттерінің тиктары; дауыс байламаларының салы (афония, кейде мутизм); профессиональды дискинезиялар (жоғарғы координациялық қозғалыстың бүзылуы, шиқылды спазм синдромы). Сенсорлы бұзылыстар және сезімталдық бұзылыстары, көру аймағының тарылуы, соқырлық және көрудің басқа да бұзылыстары байқалады (диплопия, фотопсия және т.б.), есту бұзылысы (саңыраулық және сурдомутизм), қатты дыбыстарды көтере алмау; жағымсыз сезімдер (жансыздану, құмырсқалар жорғалағандай, ине шаншығандай және т.б.). Жүйке-бұлшық еттік және жүйкелік-қантамырлық сипаттағы бас аурулары, психалгиялар («каска», «сақина» тәріздес қысқан ауру сезімдері) болуы мүмкін,

Невротикалық бұзылыстар айқындығы қолайсыз факторлардың патогенділігіне сәйкес келеді, онымен қатар аурудың тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты. Неврозды тудыруға ықпал еткен қолайсыз жағдайды жойғанда және қажетті ем қолданғанда психикалық, соматовегетативті бұзылыстар жойылып, науқас сауығады. Бірақ неврозды тудырған қолайсыз жағдайлар сол күйінде сақталса, онда невроз созылмалы түрге ауысады. Невроздың созылмалы түріне созылмалы соматикалық немесе басқа аурулар, психикалық аурулармен тұқым қуалаушылық ауырлық бейімдейді. Созылмалы ағымда невроздың клиникалық көрінісі өзгереді. Егер невроздың бастапқы кезеңінде оның жеке формаларын жеткілікті дәрежеде анықтау мүмкін болса, кейін келе невротикалық симптоматиканың полиморфизміне байланысты клиникалық көрінісінің айқындылығы төмендейді. Невроздың негізгі формасының психопатологиялық көріністеріне уақыт өте астениялық, депрессивті, үрейлі-фобиялық және ипохондриялық бұзылыстар қосылады.

Невроздар әртүрлі жас кезеңінде пайда болуы мүмкін, бірақ невроз пайда болуына аса тән жас кезеңі 25-40 жас. Невроздар психикалық бұзылыстардың ішінде жиі кездесетін түрі болып табылады. Олардың таралуы дамыған елдерде 5-15% ұүрайдығ яғни әрбір оныншы адам неврозбен зардап шегеді.

Невроздың клиникалық көрінісі көпқырлылықпен ерекшеленеді. Әртүрлі клиникалық көріністер басым болуына байланысты невроздар бірнеше формаға бөлінеді.

 


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 3579 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)