ПСИХОГЕНИЯЛАР ЖЭНЕ ЭКЗОГЕНДІ-
ОРГАНИКАЛЫҚ ПСИХАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР
Ми қызметін тікелей немесе тікелей емес түрде бұзатын, өз кезегінде психикалық бұзылыстарға әкеліп соқтыратын сыртқы факторлар әсерінен пайда болатын аурулардың үлкен тобы. Олар факторлардың диапазоны кең: психогенді зияндылықтар, эмоциональды күйзеліс, әртүрлі заттардың улы әсері, жайсыз ағымдағы үрдістер және т.б. Бірақ бұл қолайсыз үрдістер барлық адамда психикалық бұзылыс тудырмайды. Мұның себебі анықталмаған.
Психикалық бұзылыстардың клиникалық көріністері көпқырлылығымен және тереңдігімен ерекшеленеді. Бұлардың ішінде невроздар, тұлға дамуы аномалиясы, психопатиялар, және де невроз тәрізді және психопатия тәрізді жағдайлар басым орын алады.
Айқын көріністі психикалық бұзылыстар әртүрлі продуктивті және негативті бұзылыстармен көрінуі мүмкін. Продуктивті бұзылыстар-сандырықтық, галлюциянаторлық, аффективті және невротикалық симптомдармен, ал негативті бұзылыстар - айқындылық дәрежесі әртүрлі науқас тұлғасының психоорганикалық өзгерістерімен көрінеді. Психоорганикалық симптоматика жеңіл мнестико-интелектуальды және аффективті бұзылыстардан ақыл кемістігі жағдайына дейінгі дәрежедегі бұзылыспен көрінеді.
Әрбір дерт тудыратын факторлар психикалық бұзылыстардың кез-келген формасын шақыруы мүмкін. Және де бұл факторлардың күші мен әсер ету ұзақтығының да маңызы бар. Бірақ дертті жағдайлардың даму механизмі әртүрлі. Кейбір жағдайларда ОЖЖ тікелей, басқа жағдайларда - жанама зақымдалуы мүмкін: ми коректенуінің бұзылуы, ОЖЖ жүйке жасушаларындағы зат алмасу үрдісінің бұзылуы. Психогенді фактордың әсерін ерекше атап өткен жөн. Психогениядан кейін пайда болатын психикалық бұзылыстар функциональді болып табылады. Олар қайтымды және психогенді фактордың әсері тоқтағаннан кейін жоғалып кетеді. Бірақ мінез-құлық бұзылыстары – патохарактерологиялық бұзылыстар бақылануы мүмкін (тұлға дамуының аномалиялары).
Тарау
Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 1243 | Нарушение авторских прав
|