АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Психотерапия

Прочитайте:
  1. II. Психотерапия.
  2. VIII. Гипнотизм и психотерапия
  3. А.И.Захаров. Происхождение детских неврозов и психотерапия
  4. Альтернативная психотерапия
  5. Амбулаторная психотерапия
  6. АНАЛИТИКО-СИСТЕМНАЯ СЕМЕЙНАЯ ПСИХОТЕРАПИЯ
  7. Аналитическая психотерапия К.Г.Юнга
  8. БИХЕВИОРИСТСКАЯ ПСИХОТЕРАПИЯ
  9. Власть и психотерапия: кто устанавливает порядки?
  10. ВОПРОС: Психотерапия в клинике внутренних болезней.

Психотерапия науқасқа емдік мақсатта психикалық әсер ету әдісі. Психотерапия әсіресе шекаралық психопатологиялық жағдайларда қолданылады. Ол жеке де және басқа да әдістермен (медикаментозды, физиотерапия) қатар қолданылады. Мұндай әсер тура немесе жанама болуы мүмкін.

Науқасқа емдік мекеменің жағдайы, медициналық қызметкерлердің жүріс-тұрысы, олардың сыртқы бейнесі, бір-бірімен сөйлесу әдеті және науқастарға қарым-қатынасы, көңіл бөлуі, науқасты мазалайтын сұрақтарға қатысты эрудициясы жанама психотерапиялық әсер етеді. Бөлімше тәртібі, ығыстыру шараларын қолданбау, қарапайым комфорттың болуы, науқастарды бос отырғызбау (диагностикалық және емдік шаралар, гимнастика, серуендеулер, еңбек терапиясы, ойын-сауықтар) барлығы да маңызды болып табылады. Осының бәрі тек науқастарды тыныштандырып, сақтық пен күдікшілдікті бәсеңсетіп ғана қоймай, сонымен бірге науқастың белсенділігін ынталандырады. Диагностикалық және емдік шаралар сипатының белгілі бір психотерапиялық маңызы бар, себебі науқастың дертке деген дұрыс қатынасын қалыптастырады.

Тура психотерапия сөзбен әсер ету жолымен іске асады және науқасқа тікелей бағытталады. Тура психотерапияны жүргізу кезінде науқас ояу жағдайда немесе гипноздық ұйқыда болуы мүмкін. Тура психотерапия әдістерінің ішінде рациональды психотерапия, функциональды жаттығу әдісін, сергектік, гипноздық ұйқы жағдайында сендіру, аутогенді жаттығу және аналитикалық психотерапияны атауға болады.

Рациональды психотерапия – айқындап, түсінікті ету психотерапия әдісі. Оның негізгі мақсаты науқастың өз дерті жөнінде қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту. Әдістің негізін салушы П. Дюбуа (1913) пікірінше, бұл психотерапия сендіру элементтерінен толық еркін жұмыс істейді, тек науқастың интьеллектіне, оның ақыл-ой жүйесіне әсер етеді деген. Дюбуа науқас пен оның туыстары дәрігерге келіп, дертті жағдайдың ерекшеліктері мен оны емдеудің жоспары туралы арнайы оқудан өтуі керек деп есептеген. Бұл әдістің жетілуіне В.М. Бехтерев, С.И. Консторум, В.Е. Рожнов сияқты ғалымдар да үлкен үлес қосты. Әрбір дәрігер науқаспен сөйлескенде оған дерт сипаты, пайда болу себептері, жүргізілетін терапия ерекшеліктері және болашаққа болжамы жөнінде түсінікті тілде жеткізуі керек. Осының барлығы тек орын алған дертті күйді зейінмен зерттегенде ғана емес, науқастың мінез-құлқын, тұлғалық ұстанымдарын, ситуацияны түсіну дәрежесін дұрыс ескергенде тиімді болады. Бұл әдіс ипохондриялық жағдайлар, күдіктенулер, фобиялар - канцерофобия, кардиофобия, сифилофобия, жүйкелік соматовегетативті бұзылыстар кезінде, жүйкелік-психикалық бұзылыстармен жүретін соматикалық аурулар кезінде өте тиімді.

Функциональды жаттығу мақсаты – қалыптасқан дертті жүріс-тұрыс стериотипін жаттығулар арқылы бұзу және жаңа сау стериотип қалыптастыру. Дәрігер бақылауымен және оның белсенді араласуымен фобия немесе истериялық бұзылыстармен науқастар біртіндеп өзіндегі бұзылыстардан алшақтайды, өз әрекеттері саласын кеңейте түседі. Мысалы, агорофобия кезінде алғашында науқас дәрігердің қолдауымен, дәрігермен бірге аулаға шығады, келесі күні аула ортасына дейін жетеді, келесі күні көшеге шығады. Кейінірек ол осы әрекеттерді өзі жасайды, мүмкіндіктерін ұлғайтып отырады.

Сергектік жағдайындағы сендіру дәрігердің күшті ерік-қайратты ықпал етуі арқылы жүргізілетін психотерапия әдісі. Әдіс науқастың эмоциональді-еріктік сферасына бағытталған, науқас сенгіштігі жоғары болған сайын тиімдірек. Бұл әдіс әсіресе балаларда эффективті, ал ересектерде истериялық, фобиялық, неврастения белгілері болғанда қолданылады. Сендіру әдісі дәрігер кабинетінде немесе палатада жүргізіле береді. Науқас бұл кезде жатады немесе көзін жұмып жартылай отырған күйде болады.

Сендіру формуласы гипнозда қолданылатын сендіру әдісіне ұқсас. Сеанстардың жалпы саны 15-20 рет.

Гипноздық ұйқы жағдайындағы сендіру – кеңес психологы К.И. Платоновтың анықтамасы бойынша «психотерапияның негізгі діңгегі». Әдіс мәні емдеу мақсатында адамның жоғары сенгіштігін өз қалауы бойынша гипноз жағдайына енгізуде қолдану. Гипноз құбылысының физиологиялық түсініктемесін И.П Павлов зерттеулері берді, бұл «парциальды» ұйқы жағдайы деді, бұл кезде үлкен ми қыртысының терең тежелуі фонында дәрігермен раппортты қамтамасыз ететін «күзет пунктының» жекеленген белсенділігі сақталады деп түсіндірді. Психоз жағдайындағы науқастарға гипнотерапия қолданылмайды. Гипнотерапия шекаралық психикалық бұзылыстар, психосоматикалық аурулардың кең көлеміне (бронхиальды астма, гипертония ауруының бастамасы, экзема, стенокардия т.б.), алгиялық, агриппниялық синдромдар, алкоголизм, наркоманияны емдеуде қолданылады. Психотерапияны бастамас бұрын науқасқа әдістің мәнін түсіндіріп, оған салмақты қарау керектігін айтады және оның сенгіштік дәрежесін анықтайды. Терапияны өткізу үшін арнайы жабдықталған (дыбыс изоляциясы, көмескі жарық, ыңғайлы орындық, еденде кілем және т.б.) бөлме қажет. Сендіру сеансы 3 сатыдан тұрады: 1) науқасты гипноздық ұйқыға енгізу; 2) гипноздық ұйқы және осы жағдайда сендіру; 3) гипноздық ұйқы жағдайынан шығару. Науқасты гипноздық ұйқыға жылдамырақ енгізу үшін сөздік сендіруден басқа метроном дыбысы, жауын шуы, теңіз толқыны шуылын, науқас терісін сипау, науқасқа жылтыр затқа көздерін бекітуді ұсынады және т.б. тәсілдер де қолданылады. Алдымен науқасты тыныштандырып, босаңсытады, содан соң денедегі жайлы сезімдермен жүретін ұйқы жағдайына енгізеді. Келесі сеанстарда науқасты мазалайтын тақырыптар қозғалады, оларға дұрыс баға беріліп, аурудан сауығып кететініне сендіреді. Гипноздық ұйқыдан шығу дәрігер командасымен іске асырылады.

Гипноздық ұйқы сатылары: І – қалғу жағдайы; науқас бұл кезде сендіруге қарсы тұра алады; ІІ – гипотаксия, сендіруге пассивті көну; оны қозғалыссыз отыруға көндіруге болады, бірақ қоршаған ортаны бағдарлау сақталады; ІІІ – сомнамбулизм, дәрігерге толық бағыну, оянған соң болған оқиғаны толық ұмыту. Емдеу мақсатында гипноздың І, ІІ сатыларын қолданады. Гипноздан кейін әлсіздік, сирек – естен тану, тырысулық ұстама (истерияда), гипнозға әдеттену болуы мүмкін. Кейде раппорт жоғалуы байқалып, гипноздық ұйқы физиологиялыққа ауысуы мүмкін. Мұндай жағдайларда физиологиялық ұйқыны бірден бұзбайды, тек жарты сағат өткен соң гипноз сеансынан кейінгі әдіспен оятады. Ем курсы гипноздың 10-15 сеансынан тұрады.

Аутогенді жаттығу тек сендіру эффектін ғана емес, өз-өзін сендіруді басшылыққа алады. Әдіс авторлары оның мәнін ағзаның вегетативті және соматикалық бұзылыстарын науқастың өз ерік күшімен реттеуінде деп көрсетеді. Бұл әдіске көрсеткіштер функциональды бұзылыстар айқын көрінетін аурулар (бронхиальды астма, гипертониялық аурудың бастапқы кезеңі мен эндартериит, Рейно ауруы және т.б.) болып табылады. Аутогенді жаттығу негізінен Шульцтің әдістемесі бойынша жүргізіледі. Ол бойынша пациент 6 жаттығуды игеруі керек: 1) дененің бүкіл бұлшық еттерін тез және толық босаңсыту; 2) перифериялық тамырлар тонусына ерікті түрде әсер ету арқылы қол мен аяқтарда жылу сезімін шақыру; 3) жүрек қызметінің ритмін ерікті түрде реттеу; 4) тыныс ырғағы мен тереңдігіне әсер ету; 5) құрсақ қуысы қантамырларының тонусына ерікті түрде әсер ету арқылы жылу сезімін шақыру; 6) тамырларға әсер ету арқылы бас аймағында салқындық сезімін шақыру. Мұның барлығы арнайы таңдалып алынған сөз формулаларын іштей, ойша бірнеше рет қайталау арқылы қол жеткізіледі. Емдеудің толық курсы үлкен жаттығуды қажет етеді және 12 аптаға созылады. Әрбір жаттығу 2 апта бойы 5-10 минуттан тәулігіне 3 реттен жиірек жүргізіледі. Аутогенді жаттығуды өз бақылауына дәрігер алады, ол науқастың өз-өзін сендіру формуласын да жасайды.

Рациональды психотерапия, сергектік және гипноздық ұйқы жағдайындағы сендіру, аутогенді жаттығу жеке немесе топтық психотерапия сипатында да болуы мүмкін. Соңғы әдіс алкоголизм сияқты патологияда артықшылық көрсетеді. Топ сәтті құрылса, пациенттердің сенгіштік дәрежесі артады.

Аналитикалық психотерапия (психоанализ) фрейдизм мен неофрейдизмнің идеологиялық позицияларына негізделген. Әдіс мақсаты – аурудың негізінде жатқан жасырын, санадан тыс комплекстерді анықтау, және оларды науқас санасына жеткізу. Науқаспен ұзақ уақыт әңгімелескенде оның қателесіп, аңдамай айтқан сөздері мен жазған жазуларының, көрген түстерінің символикалық мағынасы ашылады. Кейбір жағдайларда науқас жағдайындағы жақсаруды (кейде көп жылдарға) науқас пен дәрігердің тікелей қарым-қатынасымен түсіндіруге болады.

Үшінші бөлім


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 2549 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)