Б) реактивті депрессия
В) индуцирленген параноид
Г) невротикалық депрессия
Д) истериялық невроз
101. 30 жастағы науқас, бала кезінде бас-ми жарақатын алған. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін, инженер болып жұмыс жасайды. Соңғы айларда көп жұмыс жасап, дұрыс ұйықтамаған. Тітіркенгіштікке, зорығу күйіне шағым айтады. Интеллектуальды қызмет жасағанда тез шаршайды, басының ауырғаны күшейеді, назары шашыраңқы. Жарақат алғаннан бері көлікті, ыстықты көтере алмайды. Бір әрекеттен екінші әрекетке ауысуы қиындаған
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) жарақаттық энцефалопатия
Б) астениялық синдром
В) психопатия тәрізді синдром
Г) жарақаттық астения
Д) психоорганикалық синдром
102. 32 жастағы ер адам, мамандығы физик. Ол өзін «мафия аңдып жүргеніне», мафия оның «қарсыласының барлық қарулы армиясын қатардан шығару» мақсатында жасаған «ультрадыбысты» құралын оның «миынан» «әлемдік шығармашылығын» ұрлайды деп сендіреді. Ол туралы «біледі» және олардың өзара «ақылдасып» жатғанын «естиді». Оны «өшіру» үшін «олар маған радио сәулемен әсер етеді» және «менің миымнан информацияларды көшіріп алуға әрекеттенеді. Олардың басыма кіріп, бірнәрселерді іздеп жатқанын сеземін. Мені өз өнер шығармамды беруге мәжбүрлейді» дейді.
Төменде берілген синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
А) галлюцинаторлы-сандырақтық
Б) ұлылық сандырағы
В) соңына түсу сандырағы
Г) психикалық автоматизм
Д)ойлап табу сандырағы
103. 79 жастағы ер адам соңғы жылдардағы және он жылдың ішіндегі жағдайларды еске түсіре алмайды. Осыған қарамастан «ерте жастық шағын» және әскери жылдарын жақсы есіне алады.
Төменде берілген синдромдардың қайсысы ТӘН?
А) ретроградты амнезия
Б) антероградты амнезия
В) амнестикалық синдром
Г) үдемелі амнезия
Д) конградты амнезия
104. 19 жастағы бозбала шизофрения ұстамасынан кейін өзінің «ауруы» жөнінде көп талқылайды. «Өзіңізді аурумын деп есептейсіз бе?», деген сұраққа ол «ауруды қалай түсінуіңе байланысты, дейді, егер ауруды тіршілік ету түрінде санайтын болсақ, онда тіршілік ету - өмір сүру, ауру –сол өмір. Өмір сүру ащылығы қайғымен тікелей байланысты. Қайғы қанша көп болса, өмір ащылығы сонша көп болады. Егер менде ешқандай қайғы болмаса, онда мен ауырмаймын және өмір сүрмеймін. Онда менің өмірім физиологиялық бөліністер деңгейінде формальды, бұзылмаған»
Төменде аталған ойлау бұзылыстарының қайсысы болуы мүмкін?
А) үзілуі
Б) байланыссыздық
Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 656 | Нарушение авторских прав
|