АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

В) симуляция

Прочитайте:
  1. Б) диссимуляция
  2. Симуляция психических заболеваний. Способы симуляции. Методы распознавания симуляции психических заболеваний.
  3. СИМУЛЯЦИЯ, АГГРАВАЦИЯ И ДИССИМУЛЯЦИЯ

Г) құқық бұзушылық сәтінде өз әрекетіне жауап бере алмаған

Д) күштеп емдеуді қажет етеді

 

136. 16 жасар жасөспірім, оқушы. Крупозды пневмонияға байланысты амбулаторлы ем қабылдап жүр, антибиотиктер, сульфаниламидтер қабылдаған. Қарау кезінде тері жабындылары бозарған, Т-37,4. Өкпесінде оң жағында жекелеген құрғақ және ылғалды сырылдар. Рентгенограммада – оң жақтық пневмония қалдық белгілері. Орын, уақыт бойынша бағдары бұзылған, өз есімін дұрыс атайды. Үреймен мазасызданып айналаға көз тастайды. “Көптеген жылжып жатқан бақаларды, жыландарды, биттерді көретінін” айтады. Үнемі өз денесінен бірдемені қағады.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром

Б) сананың аментивті күңгірттенуі

В) жедел реактивті қозу

Г) сананың делириозды күңгірттенуі

Д) интоксикациялық психоз, параноидты синдром

 

137. 70 жастағы әйел, пневмонияға байланысты терапия бөліміне түсті. Жағдайы ауыр, төсектен тұрмайды, басымен, аяқ-қолдарымен үнемі қимылдар жасайды, қолдарымен жаялықты тартады. Кезеңмен жылайды, біресе күледі, сөзі байланыссыз, өзінің қайда және кіммен әңгімелесіп отырғанын, фамилиясын айта алмайды. Спонтанды түрде жеке сөздер айтады, қандай-да бір фамилияларды атайды. Кешкі уақытта мазасыздық күшейеді, қорқыныш сезінеді: “бақалар, жыландар, тышқандар” көрінеді.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) сананың делириозды күңгірттенуі

Б) сананың қарауытқан күңгірттенуі

В) корсаков психозы

Г) сананың аментивті күңгірттенуі

Д) кататониялық қозу

 

138. Қыз бала 17 жаста, студент. 2 апта бұрын тұмаумен ауырғаны белгілі. Дене температурасының жоғарылауына, жүрек аймағындағы жағымсыз сезімдерге, ентігуге шағымданған. Уақыт және орын бойынша бағдары бұзылған. Үрейлі, контакт мүлдем жоқ. Қашуға тырысады, ұстауға тырысқанда күшті қарсылық көрсетеді. Анасын шақырады, біреуге айғайлайды. Соңымнан біреу аңдып жүр, өлтіруге тырысады дейді. Айтқан сөздеріне критика жоқ.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) шизофрения, параноидты формасы

Б) соматогенді психоз, параноидты синдром

В) интоксикациялық психоз, делириозды синдром

Г) интоксикациялық психоз, аментивті синдром

Д) соматогенді психоз, психопатия тәрізді синдром

 

139. Науқас, 36 жаста. Анамнезінен: екі жыл 12-елі ішек ойық жара ауруымен ауырады, осы ауруына байланысты 2-ші топ мүгедегі. Мінез-құлқы үрейшіл, тұйық. Клиникалық, лабораториялық және рентгенологиялық зерттеулер соматикалық аурудың өршуін көрсетті. Әңгімелесу кезінде бағдары дұрыс, контакт шектелген: жай дауыспен, бірмәнді жауап береді. Асқазанның ауыр ауруымен ауырамын, ол жазылмайды деп есептейді. Көңіл-күйі жабырқаулы, тамақтан бас тартады, бөлімшеде ешкіммен араласпайды. Суицидальды ойлар айтады. Критика жоқ.

Төменде аталғандардан қандай синдром аса тән?

А) галлюцинаторлы-сандырақтық

Б) реактивті параноид

В) депрессивті-ипохондриялық

Г) сенесто-ипохондриялық

Д) обсессивті-фобиялық

 

140. 16 жастағы жасөспірім, оқушы. Бес күн бұрын тұмаумен ауырып қалған, температурасы 40°C дейін жеткен, жөтел, мазалаған. Мазасыз, үрейшіл. Айналадағының барлығы ”әдейі ойластырылып қойған”, ”қос ойын” жүргізіліп жатыр дейді. Біресе ол ауруханада, біресе тергеу изоляторында. Айналадағы дәрігерлер – дәрігерлер емес, оған қылмыстық іс жүргізіп жатқан тергеушілер, ал медициналық персонал ”киімдерін ауыстырып алған агенттер”. Көндіруге келмейді, толығы мен өзінің дертті күйзелістерінің қармауында.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы-параноидты синдром

Б) жедел шизофрениялық эпизод, әсер ету сандырағы

В) интоксикациялық психоз, сананың аментивті күйі

Г) интоксикациялық психоз, сахналау сандырағы

Д) интоксикациялық психоз, қарым-қатынас сандырағы

 

141. 17 жасар қыз балада жоғары температурамен тұмау болған. Қарау кезінде мазасыз, үрейшіл, зейіні тез ауысады. Қайда екенін білмейді, қоршаған ортадағы жағдайды бағдарлауы бұзылған. Жиі төсектен ыршып тұрады, жастық астынан әлденені іздейді, төсек астына қарайды, көз алдына елестеген жәндіктерді ұстауға тырысып, қолдарымен қабырғаны сипалайды. Кезеңмен қорқынышпен жан-жағына қарайды, өз-өзімен сөйлеседі.

Төменде аталғандардан қандай синдром болуы мүмкін?

А) галлюцинаторлы

Б) параноидты


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 601 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)