Г) галлюциноз
Д) корсаков психозы
94. 23 жастағы қыз бала, сән көрсетуші. Бала кезінен ерке өскен, әжесінің сүйіктісі болған. Мектепте сәнді киінген, шашын ашық түске бояған, шылым шегуді бастаған. Бәрін өзіне қаратуға тырысқан, «ешкімге бағынбайтынын» көрсеткен. Сыныптастары оның ешкімге «тәуелсіз» екеніне «таң» қалса, ол қанағаттану сезімін тудырған. Достарының ортасында өзін басты рөлге қойып, әртүрлі сыйлықтар жайлы, шетелдік достары туралы болмаған ерекше оқиғаларды әңгімелеген.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) қозғыш психопатия
Б) истериялық психопатия
В) паранойяльді психопатия
Г) психастениялық психопатия
Д) тұрақсыз психопатия
95. 27 жастағы әйел күйеуімен жанжалдасқаннан кейін иық аймағы жансызданған және дәлізде айқай салып жүгірген. Көршісі жедел жәрдем шақырған. Қарап тексергенде науқас демонстративті, мәнерлі, жиі театрдағыдай басын артқа лақтырады, самайын қысып, ауыр тыныс алады, бетін қолдарымен жабады. Бәріне күйеуін кінәлі деп есептейді, себебі ұрыстың артынан күйеуі ажырасуды талап еткен, өзін «бағаламаған, қатігез болған», «мұндай жағдайды көтере алмағандықтан» өз-өзіне қол жұмсағысы келеді.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) қозғыш психопатия
Б) тұрақсыз психопатия
В) паранойяльді психопатия
Г) истериялық психопатия
Д) психастениялық психопатия
96. 30 жастағы ер адам, мамандығы слесарь. Мінез-құлқы жинақы, жауапкершілігі жоғары. Өндіріс орынында жұмыскерлердің техникалық қауіпсіздікті сақтамаудың кесірінен өндірісте болған апатқа байланысты, науқаста қорқыныш сезімі оянды. Бұл қорқыныш үнемі мазалайды. Өзінің көңілін тыныштандыру үшін, жұмыс орнындағы техникалық қауіпсіздік шараларын бірнеше рет тексеріп шығады. Осы әрекеттерді жасай отырып, ол ойлардан арыла алмайды.
Қандай болжам диагноз ТӘН?
А) жабысқақ невроз
Б) депрессивті невроз
В) истериялық невроз
Г) психопатия
Д) неврастения
97. 40 жастағы ер адамда өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі кемсіту идеяларымен депрессивті жағдай дамыды.
Төменде көрсетілген қандай дәрілік препараттарды қосып тағайындауға БОЛАДЫ?
А) аминазин мен мелипрамин
Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 638 | Нарушение авторских прав
|