АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Галлюциноздар.

Әр түрлі авторлардан галлюциноздар. Ағымына байланысты үш түрлі галлюциноздар бар. Жедел, жеделдеу, созылмалы.

Жедел галлюциноз (маскүнемдердің галлюцинаторлы алжасуы, алкогольді голлюцинаторлы сандырақ). Көбінесе бұл галлюциноз бас жазу кезінде үрей мен параноидты көңілкүймен, вегетативті – соматикалық симптомдармен көрінеді. Әйелдерде депрессия басым болады. Сирегірек галлюциноз ішкілікке салынудың ақырында дамиды. Бұл галлюцинозда аутопсихикасымен аллопсихикалық бағдары сақталады. Галлюцинация кещкі уақытта, ұйықтар алдында пайда болады. Басында эпизодты түрде акоазма және фонема пайда болады. Артынан вербальды галлюцинация дамиды. Олар басында науқасқа әсер етпейді. Галлюцинацияға критикалық көзқарасы болмайды. Жиі науқастар вербальді галлюцинацияның әсерлігі мен сезімталдығына байланысты, науқас оны айтқан кезде өзі көріп еститін сияқты. Осындай себептерге байланысты бұндай жағдайларды делириозды деп атайды. Галлюцинаторлы бұзылыстар көбейген кезде науқаста ұзаққа созылмайтын тежелу мен есенгіреу болады. Ол галлюцинаторлы ступор алды және ступор жағдайы. Психоздың алғашқы сатыларында сандырақ ойлары (аңду, физикалық түрде жою, айыптау) тығыз вербальды галюцинациямен байланысты көріністер көрінеді. Психоз көріністері кешке және түнде күшейеді. Психикалық бұзылыстардың редукциясы терең ұйқыдан кейін және біртіндеп дамиды. Психоздан біртіндеп шыққан кезде вербальді галлюцинация жоғалады. Ал күндіз мүлдем болмайды. Кейін аффективті бұзылыстар интенсивтілігі төмендеп, сандырақтар өшеді. Вербальді галлюцинация жойылғаннан кейін науқас басынан өткен психозды талдай бастайды. Жедел галлюциноз бірнеше күннен бір айға созылады. Алдында айтылып өткен клиникалық көріністі классикалық түрі деп атайды. Галлюциноздың басқа да түрлері де кездесуі мүмкін. Жедел галлюциноздың бір түріне жедел гипногогикалық вербальды галлюциноз, жедел абортивті галлюциноз, айқын сандырағы бар галлюциноз, делиримен қосарлана жүретін галлюциноз жатады. Атипті галлюциноздар онероидпен, депрессиямен, психикалық автоматизммен қосарлана жүреді.

Жеделдеу галлюциноз. Бұл психоздың түрі бір айдан алты айға дейін созылады. Психоз басталған кезде жедел алкогольді галлюциноздың клиникасы сияқты. Кейіннен галлюцинозға депрессия қосылады. Басқа сандырақтардан қарағанды өзін-өзі кінәлау сандырағы басым болады. Редукциялық психоз біртіндеп және бүкіл ауруда сақталатын (таза) вербальді галлюциноз сирек кездеседі. Бұндай науқастардың есі анық, қимылы өзгермейді, көңіл-күйі жақсы болады.

Созылмалы галлюциноздар – сирек кездеседі. Галлюциноздардың барлық жағдайлардың 4,7-5,3 % кездеседі. Көптеген авторлар бойынша галлюциноздар 6 айдан көп созылса, ол созылмалы галлюциноздар деп есептеледі. Кейбір жағдайларда созылмалы галлюциноздар аналогиялық жедел галлюциноздардан басталады. Ең жиі күрделі жағдайлар дамиды және келесі симптомдар кездеседі: делирий мен галлюциноз немесе галлюциноздар мен депрессивті-паранойдты бұзылыстар. Негізгі клиникалық көрінісіне және дамуына байланысты созылмалы галлюциноздар 3 нұсқаға бөлінеді:

 

Сандырақсыз созылмалы вербальды галююциноздар – ең жиі кездесетін түрі. Ол көптеген және жиі тоқтаусыз шынайы вербальды галлюцинациялардан көрінеді. Диалог ретінде есту галлюцинациялары кездеседі. Науқас күнделіктегі жұмыстары, сөздері, әрекеттері, қалауы, қорқулары, кейде ұғымға қарама-қарсы ойлары естіледі. Науқастар «Дауыстарды» таңертеңнен кешке дейін естиді.

 

Сандырақпен өтетін вербальды галююциноздар – науқаста өзіне деген ниеті дұрыс емес ойлар пайда болады немесе аңдушылықтар елестей бастайды. Кейде бұл ойлар көз тиюге, сиқырлыққа күмәнданады, мұның негізінде арақ ішуімен байланысты; ал кейбір науқастар бұл жағдайларды ем ретінде санайды. Бірақ та сандырақ галлюцинозбен тығыз байланысты. Сондықтан саңдырақтың даму механизмі галлюцинаторлы. Психоорганикалық өзгерістер тұлға деңгейінің төмендеуінен байқалады. Мұнда астенияны бөліп алуға болады.

 

Психикалық автоматизммен жүретін созылмалы вербальды галююциноздар және сандырақтың парафренді өзгерісі – созылмалы галлюциноздың сирек кездесетін түрі. Бұл түрінде негізгі бұзылыстар шынайы вербальды галлюцинациялармен көрінеді. Уақыт өте келе өршу кезеңі өте тез басталады немесе алкоголь қабылдаған кезде пайда болады. Сонымен қатар ол эпизодты түрде өтеді. Содан кейін психикалық автоматизм тұрақты симптом болып қалады. Көптеген жағдайда бұл идеаторлы автоматизм болып келеді, есту псевдогаллюцинациялар түрінде өтеді. Кейде есту галлюцинациясы мен псевдогаллюцинациялар өзгерісі мегало-маниакалды сипатта өтеді. Және сонымен қатар мегало-маниакалды, галлюцинаторлы саңдырақ пайда болады. Бұл жағдайда науқас өзінің әлеуметтік немесе қаражаттық деңгейін жоғары қояды («жоғары лауазымды», «пәтер алу», «зейнетақы», «генерал болуы»).

Кей жағдайда айтатын сөздері баланың ойы сияқты. Бұндай күрделі клиникалық көрінісі бар психоз созылмалы өрістейтін органикалық зақымданумен бірігіп жүреді. Аурудың ақырғы сатысында науқастардың есі сақталады және дәрігермен қалжындасуы мүмкін. Бұндай жағдайларды нақты нозологияға жатқызу қиынға соғады. Шизофренияға қарағанда аурудың есі сақталады, аффект жүйесі сақталады және органикалық симтомдарды төмен. Аурудың ұзақтығы 6 айдан және одан да көп.

 

Психозды сандырақ (алкогольды сандырақ). Жиілігі жағынан бұл 3 орында. Ол ер адамдарда жиі кездеседі. Сандырақтың түріне байланысты алколойдты паранойд және алкогольды қызғаныш сандырағы болып бөлінеді.

 

Алкогольді паранойд (алкогольды қудалау сандырағы).ол бас жазудан кейін кейде ішкілікке салыну кезінде дамиды. Әдетте психоз аяқастынан басталады. Науқас күмәнсіз оны физикалық түрде жояды деп санайды. Жанында тұрған әрбір адам оның жауына айналады. Науқастар қоршағандардың мимикасын, қимылдарын аңдып отырады. Олардың айтқан сөздері андуға өлтіруге байланысты деп санайды. Науқастар трек өлтіруге дайындықты ғана емес, өлтіру құралдарын (пышақ, қалтаның сыртына шығып тұрған қару, механикалық өлтіруге арналған арқанды) көреді. Көрген заттар мен бірге қоршағандардың айтқан сөздері қосарланады (вербальды иллюзия). Аңдитын адамдар науқасқа мүлдем таныс емес. Кейде олардың ішіндегі адамдар бұрын-соңды науқаспен байланысы бар деп ойлайды. Кейіпкер сандырағы кезінде науқаста үрей, қорқыныш сезімі болады. Науқастардың қылығы импульсивті және олар жасыруныға тырысады. Қашқан кезде олар транспоттық жолға қарай жүгіруі, тығылуы мүмкін. Күннің суығында қарамастан жалаңаш жүгіреді. Адам жоқ жерге және оңай өлмейін деп өзін өлтіру мүмкін. Кейбір жағдайда науқастар қорғанамын деп шабуыл жасауы мүмкін. Көбі милицияға не заңды қорғайтын органдарға көмек сұрап барады. Делири мен вербальд голлюцинация кешке таман не түнде пайда болады. Жедел алкогольді параноид бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылады.

 

Абортивті паранойд. Психозды сандырақтың симптоматикасы айқын болмайды. Ол бірнеше сағаттан бір тәулікке созылады. Кей жағдайда резидуальді сандырақ сақталады.

 

Созылмалы паранойд. Алғашқы симптомдарының бәрі жедел алкогольді параноид симптомдары тәрізді. Кейіннен үрей күшейіп, қорқыныш сезімі жойылады. Аңдулардың қатарына науқастың ұнайтпайтын адамдары кіреді.

 

Науқастар өзінің бұрыңғы қателіктерінің әсерінен оны жоюға тырысып жүр деп ойлайды. Олар ол қателіктерге өкінеді. Науқастарды қадағалған кезде олар сау сияқты, жиі сандырақтар көруі мүмкін. Олар бұрын араласып жүрген адамдармен араласпай, туысқандарынажұмысқа апарып тастауын сұрайды. Тағы арақ қабылдағанда қорқыныш сезімі күшейеді, қалықтары өзгеріп кетеді. Созылмалы параноид айларға созулуы мүмкін. Кей жағдайда арақты тоқтаса рецидивирлеушіге ауысады.

 

Алкогольді қызғану сандырағы (ерлі зайыптылардың бір - бірінің көзіне шөп салу сандырағы немесе алкогольдіы параноия). Паранояльді мінез-құлқы бар адамдарда жиі дамиды. Кейде алкогольді дегидратация фонында дамуы мүмкін. Егде жастағы адамдардың сандырағының негізгі көрінісі. Басында ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көзіне шөп салу сандырағы эпизодты түрде басталады, кейіннен ішкілікке салыну және бас жазуда көрінеді. Өмірде болатын жыныстық жағдайларға, ерлі-зайыптылардың шыдамының аз болуы, көрінген нәрсеге сөйлеу беруі әсер етеді. Ерлі - зайыптылардың сеніміздігінде, аса құнды оларға психогенді фактор әсер етеді. Енді бұл жағдай алкогольді әуессіздік те сақталады. Қызғануға күдектенудің әлсіреуі не күшеюі бұл этапта психологиялықө түсініукті нақтылайды. Осы уақытта науқаста дисфориялық аффект басым және олардың опасыздығына күдіктеніп әйелдеріне сенбеуінен олардың шындықты айтып өзінің оны түсенітінін сұрайды. Кейіннен ол ешбір себепсіз қызғанады. Кейбір жағдайларда қызғану сандырағы бір мағыналыдан ретроспективтіге ауысады. Науқас әйелі оған көп жылдар бойы көзіне шөп салатынын және балаларының бұрыңғы жүрген жігіттерден деп айтады. Кейбір жағдайларда материалдық қаржыларды дұрыс үндемеу сандырағы кездеседі (әйелі ақшасын жүріп жүрегі жігітті асыруға жібереді, үй шаруаларын тастап кетті, жүргіш болып кетті деп айтады). Улану туралы ойлар болса науқастардың көңіл күйі қобалжулы болады. Ең бірінші әйеліне жамандық жасауға тырысады. Үнемі ішілікке салыну тек психоз симптомдарын күшейте ғана қоймайды және агрессивті актіні күшейтеді. Ауру интенсивтілігін өзгерте отырып жылдарға созылады.

 

Егде жастағы адамдардағы жедел металкогольды психозы. Бұл кезеңде, бірінші немесе екінші рет тіпті голлюцинозды, параноидты делири дамуы мүмкін. Олардың айтыпты күрделі түрлері де кездеседі. Тіпті металкогольді психоз органикалық бұзылыстары қатты дамығандарда дамиды. Ал күрделі қан тамырлардың патологиясына байланысты күрделі органикалық бұзылыстар дамиды. Бұл жағдайда фантастикалық тіптегі көру голлюцинация, психомоторлы қозуға байланысты профессиональді әрекеттер жасайды. Резидуальды сандырақ жиі кездеседі. Параноид кезінде конфобуляция жиі кездеседі. Егде жастағыларды күрделі психоздар сирек кездеседі. Орта жастағы адамдарда парафренді түрі өзгерген сандырақ жиі кездеседі. Психоздар ұзақ сақталады.

 


Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 828 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)