АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Алкогольді энцефалопатия.
Алкогольді энцефалопатия дегеніміз металкогольді психоздың жалпы мағынасы. Ол созылмалы алкоголизімнің үшінші сатысында дамиды. Энцефалопатияның клиникалық көрінісінде психикалық бұзылыстар жиі жүйелі соматикалық және неврологиялық бұзылыстармен қосылып жүреді. Аурудың ағымына байланысты, психикалық бұзылыстар сананың алжасуымен (әсіресе делиридің ауыр түрімен не тежелумен) психоорганикалық синдромман көрінеді. Алкогольді энцефалопатия жедел және созылмалы болып екіге бөлінеді. Жедел және созылмалы түрлерінің арасында шекаралы түрлері бар. Бүкіл алкогольді энцефалопатия созылмалы алкоголизмнің үшінші сатысында дамып, ішкілікке салыну күнделікті болғанда бірнеше жылға созылады. Арақ пен бірге оның туындыларын және қызыл шарапты қабылдайды. Бас жазу абсинентті синдром айқын білініп, ұзаққа созылады. Ол эпилептикалық ұстамамен көрінуі мүмкін. Үнемі мінез-құлқы өзгеріп, профессиональды қызметі төмендеп, психикалық және әлеуметтік деградация дамиды. Соматикалық бұзылыстар үнемі болады. Жиі созылмалы гастрит кездеседі. Сирегірек энтеороколит, асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы, бауыр циррозы, гепатит дамиды. Продромальды кезең бірнеше аптадан бір жылға созылады. Ол жедел энцефалопатия кезінде қысқа, ал созылмалыда ұзақ. Оның басталуы жиі күз және жаз айларына келеді. Адинамиялық астения көрінісі көрінеді. Науқас ақуызы бар тағамдарды жеркене бастайды. Жиі науқастарда, жүрек айну, құсу, қыжылдау, кекіру, іштің ауырсынуы байқалды. Іш өту іш қатумен алмасады. Тәбетінің төмендеуі анорексияға дейін барады. Науқас физикалық жүдей бастайды. Түнде ұйқысы бұзылғандақтан, күндіз ұйықтайды. Дененің әртүрлі бөліктерінде парестезия, сан бұлшықеттерінде, аяқта, қолда тырысу болады. Бас айналу, атаксия, интенционды дірілдеу болуы мүмкін. Кейде көру қабілеті төмендейді.
Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 1579 | Нарушение авторских прав
|