Жедел алкоголді интоксикация
Жедел алкоголді интоксикация дегеніміз – алкоголді қолданғаннан кейінгі адамның физиологиялық, психологиялық және тәртібінің бұзылуы. Егерде барлық орталық функциясына алкоголь әсер ететін болса онда олар психикалық, неврологиялық және вегатативті болып бөлінеді, алкоголді масаюдың жеңіл дәресі көбінесе психикалық бұзылыстармен көрінеді, орташа дәрежесінде – айқын неврологиялық бұзылыстар п.б. Ауыр дәрежесінде - өмірге керекті вегетативті функциялардың бұзылысы. Қорта айтқанда алкоголді масаюдың үш дәрежесінің қайсысы болмаса, адамның психикасына әсерін тигізеді.
Қарапайым алкоголді масаю
Алкогольдік ішімдікті қабылдау дозасына байланысты, оның уақытына, басталу кезеңіне, адамның биологиялық және психологиялық ерекшеліктері алкогольдік интоксикацияға әкелетін психопатологиялық синдром болып табылады. Алкогольді масаю кезеңдері берілген психопатологиялық синдромға байланысты. Қарапайым алкоголдік масаю клиникалық түрінде психикалық патологиялармен, ол заңды түрде адам жауапкершіліктен шығады. Жоғарыда келтірілген алкоголдік масаюдың клиникалық аңықтамасы, психопатологиялық синдром адекватты емес әрекет немесе жағдай ретінде қоршаған ортаға қалыпты реакциясы өзгереді. Осыған байланысты әрекетті және адекваттылық дәрежесін бағалау белгілі болады, сыртқы жағдайға байланысты. Мысалы: Қандағы алкоголь концентрациясы 0,04 ммоль/л, масаюдың ешқандай клиникалық белгілері болмай транспорт жүргізушілерінің өнерлілігі 32% ке жетеді.Адекваттылық дәрежесі өте жоғары жылдамдық және төтенше жағдайда жоғарлайды. Керісінше қалыпты және асықпаған жағдайда адам қолданады. Мысалы: бір бокал сырадан қиындық туады. Сонымен алкоголдік масаюдың клиникасы. Әмбебап мағына бермейді. Ол тек қана қажеттіліктен ғана туады.Диагностикалаудың басқа жағдайларында тек қана тесттермен, нұсқаулар қолданады. Алкогольдік масаюдың дәрежелері жоғары айтып кеткендей алкогольдік масаю қандағы алкоголь құрамын аңықтаумен белгіленеді. Оның қандағы аз ғана концентрациясы стимулдеуші эффект береді. Алкогольдік массаюдың дәрежесі қандағы концентрациясы 20 дан 100 ммоль/л (100мл-да – 20 -100мг) алкогольдің бұл көңіл күйдің көтерілуінің, көп сөйлеумен, ассоцияның жылдамдауымен, эмоциялық реакциялардың жоғарлауымен өзін бағалаудың төмендеуімен, шыдамсыздық және әртүрлі психикалық қозулар бейнелермен көрінеді. Сонымен қатар неврологиялық және вегетативті бұзылыстарды аңықтауға болады. Орта дәрежелі массаюда 100-200 ммоль. Алкоголь психологиялық реакция бәсендейді, ойлау қабілеті төмендейді. Сөйлеу қабілеті персеверативті және түсініксіз. Түсіну қабіеті және қоршаған ортаны бағалау қиындайды. Эмоциалық реакциялар тереңдейді. Көңіл күйі төмен ұстамсыз немесе ашуланшақ, селқос.
Алкогольдік массаюдың орта дәрежесі неврологиялық бұзылыстармен көрінгенде атопсия, қимыл қозғалысты шектеусіз, дизартрия, ауырсыну және температураға сезімталдылық төмендеуі. Бет гиперимиясы, цианоздың болуға ауысады, сонымен қатар жүрек айну, құсу қосылады.
Алкогольдік масаюдың ауыр дәрежесі (алкоголдің қандағы концентрациясы 250-400ммоль/л). Көңіл күйдің, ақыл – естің тежелуі сомноленциядан комаға дейін. Кейбір жағдайда эпилептикалық ұстамаға дейін, қандағы акогольдің концентрациясы бұданда жоғары болған жағдайда (700 ммоль/л) тыныс алу салданунан өліп кетуі мүмкін.
Алкогольді көтеру концентрациясы варибельді. Кей жағдайда адам қанында алкоголь концентрацясы 780 мг% - тен жоғары болған кезде адамда көңіл күйі жоғары болып, қарым – қатынасқа түседі. Алкогольді массаюдың ұзақтығы көп факторларға байланысты (жынысқа, жас, нәсілдік ерекшеліктерге, алкоголге бейімділік) бірақ, қабылданған алкоголь мөлшеріне және организмде алмасу, трансформациясына көбірек байланысты. Орташа және ерекше ауыр дәрежесіндегі алкогольдік массаюдан кейін ертенгі күйі бірнеше сағатқа созылған интоксикация белгілері көрінеді: бас ауру, шөлдеу, тәбетінің нашарлауы, әлсіздік, жүрек айну, құсу, бас айналу, тремор. Жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі алкогольді факторға және ішкен адамның индивидуальді ерекшеліктеріне байланысты. Көп жағдайда еңбектің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы: Тәжірибелі ұшқыштарды жеңіл массаюдан кейін, 14 сағат бойы тәжірибелік жағдайдың төмендеуі байқалады.
Қарапайым алкоголді масаюдың өзгерген формалары:
Дисфориялық масаю – адамның жағдайы алкоголді масаю кезінде көңіл күйінің жайсыз, тітіркенгіш ашуланшақ агрессияға бейім болып келеді.
Масаюдың жеңіл дәрежесі өзінің эмоционалды фонымен, ортаңғы дәрежені есіне түсіреді. Бұл алкоголді масаю, ауруларда созылмалы ішімдіпен қарастырылады.
Параноидты масаю – негізгі синдромы қызғаныш немесе аңду сандырағы болып табылады. Сол сияқты ықпал еудің, сандырақтың идеясы да кездеседі. Аурудың маңаиындағы шындықпен және нақты адамдармен. Мысалы: Әйелімен, көршілермен, қызметтестері дос – жандары мен байланысты болып келеді. Ол үрей мен қорқынышты бастан кешеді. Оның әрекеті мен мінез –құлқыда сандырақ желісіне қатысты. Ауру өте ызалы күйде жүруі де мүмкін.
Гебефренді белгілері бар алкогольді массаю кезінде мазақпен, стереотипиямен, қисаюмен, хаосты бұзалық, бір қалыпты, дыбысты қайталау мәнсіз шамданумен байқалады. Бұл белгілер латентті шизофрениялық процесте және жас өспірімдерде көрінуі мүмкін.
Истериялық белгілері бар алкогольді массаю – бұл сәйкес келетін тұлғалық ерекшеліктері бар (эгоцентризм, назар ортасында болғысыкелуі, айналасының жанашылығымен қолдану, амбицияларының жоғарлауы). Алкогольді массаю өмірге истериялық механизмдерді шақырады, олар демонстраиялық суицидальді жағдайлармен театрализденген қайғылы аффектпен, өкініш сценасымен, «жынданумен» көрінеді.
Патологиялық мас болу
- Патологиялық мас болу жедел өтетін қысқа мерзімді психикалық кеселге жатады. Патологиялық мас болу үшін жай мас болғандағы есеңгіреуден ерекшелінетін ақылдан алжасу түріндегі кенет басталатын сананың өзгерісі тән. Жай алкоголді мас болуды патологиялықтан айыратын белгілі сананың бұзылу сипатын аңықтау болып табылады.
Патологиялық тек ішімдіктен аз мөлшерін ғана емес, сол сияқты едәуір мөлшерді қабылдағаннан соң да дамиды. Патологиялық мас болу кезіндегі жасалатын қоғамға қауіпті әрекет қандай бір нақты оқиғаға жауап болмайды. Бұл жағдайда күрделі жаттандық дағдылар мен тепе – теңдік реттейтін жүйкелік психикалық механизмдер бұзылмайды. Сондықтан патологиялық мас болған адам өшпенді аурулық әрекетті жұзге асыру үшін епті де күрделі қимылдар жасай алады. Патологиялық мас болу қалай басталса, солай кенеттен аяқталады, кейде ұйқыға ауысады. Патологиялық мастықтың бүкіл кезеңі аурудың есінде қалмайды. Соттық – психиатрлық практикада патологиялық мас болу психоз ретінде бағаланып, қылмыс жасаған адам бұл кезеңде қабілетсіз болған деп танылады.
Алкоголизмнің клиникалық көрінісі.
Алкоголизмді бастапқы ортаңғы және ақырғы үш сатыға болу қалыптасқан. Әрбір саты өзіне тән белгілермен – симптомдар және синдромдар мен сипатталады.
Алкоголизмнің бастапқы сатысында белгілері алкоголизмді тұрмыстық маскүнемдіктен бөлектендіріп турады. Сондықтан алкоголизмді ерте аңықтау үшін мұны білу айрықша қажет.
Алкоголизмнің ең ерте білінетін, елеулі белгілері көрінетін бастапқы сатысы алкоголизмге патологиялық құштарлық болып табылады. Мұның өзі жабысқақтық сипат алады. Әуелі ішімдікті, аз ішу, содан соң ішімдікді мөлшеріне бақылауды жоғалту байқалады.
Алкоголизмнің бастапқы белгісі – қорғаныштық құсу рефлексінің болмауы. Спиртті ішімдіктің барған сайын көп мөлшерін ішуге төзімділік жоғарлайды. Алкоголизмнің бастапқы сатысының өзінде естің кеселді сипаты орын алу мүмкін. Яғни ауру ішімдікке мас болған уақытында орын алған жекеленген оқиғалардың есіне түсіре алмайды. Көбінесе ауруда ішімдікке мас болу сипаты өзгереді. Ол ызалы, жәбірленгені, әрі күдіктенгіш бала түседі.
Алкоголизмнің бастапқы сатысындағы психопотологиялық кеселдің барлық бұл симптомдары ұлғайып әрі тереңдеп келе жатқан астеникалық синдром аясында пайда болады. Мұның негізгі белгілері бостандық, әлсіздік, тез шаршау, зейіннің бұзылуы, парасаттық процестердің жұтаңдануы және бас ауруы болады. Осының бәрі аурудың жұмыс сапасының нашарлауына әкеледі. Онда ұйқының бұзылуы пайда болып, ол одан арман ұлғая түседі ол көп уақыт көз іліндіре алмайды, ұйқысы үстірт үзін – үзін болады. Көбіне жиі – жиі қорқыныш түс көреді. Ұйқыдан соң сергеу сезімі бйқалмайды.
Ауру алкоголді жиі пайдаланады. Спирт ішімдігінің тәуліктік мөлшері 1 литр күшті шарапқа немесе 400 – 500 мл араққа жетеді. Алкоголизмнің 1-ші сатысынын ұзақтығы ішімдікке салынудың қарқынына қарай 1 жылдан 6 жылға дейін созылады. Алкоголизмнің бастапқа стаханның өзінде ішкі мүшелер бұзылыста, эзофагет, гастрит, колит, бауыр функциясынның бұзылуа, гепапйнің бастапқы белгісі, панкреат байқашады.
Алкоголизмнің ортаңғы сатысы алкоголге патологиялық құмтарықтың күшеюімен сипатталады. Ол барған сайын жеңуге болмайтын сипаталады. Ауру енді пайда болған ішу тілегімен күресуге әрекеттенбейді, оған енжар бол ұсынады.
Алкоголизмнің бастапқы сатысына тән симптомдар жойылып кетпейді немесе алкоголизмнің ортаңғы сатысы қалыптасу кезіндегі сол бір өзгерістер күшейе түседі. Бұған ең бір тән белгіні абстинентті немесе бас жазу синдромы болып табылады. Ол алкоголь ішімдігін ұзақ уақыт бойы пайдалануды тоқтатқан соң бірнеше сағаттан соң немесе тәуліктен кейін пайда болады. Бұл синдром психикалық та, сол сияқты неврологиялық және соматикалық кесел түрінде көрінеді. Оның өзі ішімдіктің жаңа мөлшерін қабылданған соң жұмсарады немесе өтіп кетеді. Ортанғы синдром бірқатар айқын білінетін кеселдер байқалады. Көңіл – күй төмендейді, жабырқаушылық басады. Ауру ашуланғыш, кейде ызалы бала, түседі. Күдіктенген келеді. Дәлексіз қорқынышты, кейде өзін - өзі айыптау сезімін бастан кешіреді. Мұндай жағдайдағы маскүнемдерде беріп емес көру немесе есту галлюцинациясы орын алады. Ұйқы мазасыз, үзік – үзік толады. Демалыс сезімін туғызбайды. Бұл синдромда тахикардия, гипертензия, аяқ – қол және бүкіл дене треморы, ауыз қуысының құрғауы, бас айналу, тәбетінің төмендеуі, айқын білінетін әлсіздік сияқты кеселдер пайда болады.
Ортаңғы сатыда ішімдікке төзімділік жоғарлап, шыңына жетеді әрі ол жылдар бойы өзгермей қала береді. Ішімдікті қолданудың тәуліктік мөлшері 1,5 – 2 л араққа дейін жетеді. Ішімдікке мас болу көрінісінің одан әрі өзгеру байқалады. Мас болу жағдайындағы көңіл күй барған сайын ашуланғыш ызалы сипат алады, маңайындағыларға қарым – қатынас тұрғысында өшпенділікке бейімділік сезіледі. Қолданылатын ішімдіктің мөлшеріне бақылауды жоғалту спирт ішімдіктерінің ең бір кішкентай мөлшерін пайдаланғаннан кейін – ақ болады. Бұл сатыда ауру көбіне ішімдікті күнделікті пайдаланады, оның өзі айқын бөлінетін мастық күйін көрсетеді не болмаса бірнеше күннен аптаға дейін салынып ішеді. Салынып ішетін кездердің арасында бірнеше апта үзіліс болады. Алкоголизмнің ортаңғы сатысындағы айрықша көрініс аурудың бірнеше күннен 2 – 3 аптаға дейін ішуге салынған соң әлеуметтік себептерге байланысты ішуді тоқтату болып саналады. Бұл жағдайда ол жанұялық, қызметтік, қаражаттық және басқа жағдайларды сылтау қылады. Ішуге салыну кездерінің арасында ауру әдетте ішімдікті қолданбайды. Ішімдікке салыну әрбір ретте оның қорытынды кезеңінің амнезиясы мен аяқталады. Осының бәрі барынша шұғыл өзгеріс, жеке бастың бұзылуы арқылы жүріп жатады. Бастапқы саты үшін тән болатын жеке бастың өзгерісі дөрекі бола түседі, өзімшілдік күшейеді. Ішуге қаржы табу үшін жанұяның, ұжымның, қоғамның мүддесіне нұқсан келеді. Ес, зейін барған сайын нашарлай береді. Ойлау бірыңғай нақты, үстіртіп болып, ішкілік тақырыбына тірене береді. Ерік жігер процестері дөрекі бұрмаланып маскүнемдік тоқтатуы туралы берген акт, уәде сол сәтте – ақ ұмытылады.
Алкоголизмнің осы сатысында көбіне жедел алкоголь психоздар пайда болады. Алкоголизмнің осы сатысының ұзақтығы орта есеппен алғанда 3-5 жылға созылады
Ақырғы сатысында алкоголизмнің бұрынғы сатысының түрін өзгертіп, одан әрі ауырлауымен және жаңа симптоматиканың пайда болуымен сипатталады. Алкоголге құштарлық барған сайын бір қалыпты болады, үйірсектік жойылады, жабысқақтық та азая түседі. Алкоголге күшті құштарлық өз мәні жағынан ұсақ, айқын білінбейтін түрде байқалады. Сонымен бірге алкоголдің сәл – пәл ғана мөлшері тоқтаусыз ішуге құштарлыққа әкеп соғады.
Аурудың бастапқы және ортаңғы сатысына қарағанда оны сәл мөлшерде пайдаланудың өзінен мас болады. Бұл кезеңде ауру орта есеппен бір қабылдағанда 150 – 200мл арақ ішеді, бұдан соң онда айқын білінетін әрі ұзаққа созылатын мастық байқалады. Спирт ішімдігін көп мөлшерде қабылдағанда естен тану күйі білінеді.
Бұл сатыдағы ауру үшін күнделікті 150 мл мөлшерде бірнеше сағаттан соң ішіп отыру тән. Немесе ауру бірнеше күн ұдайы салынып ішеді. Бұл жағдайда ішуге салынудың ұзақтығына байланысты аурудың құштарлығы бәсендей береді. Алғашқы күні ішімдік мөлшері 1 литрге дейін жетсе, ішудің соңында ол күнге 100 – 150 мл-ге дейін азаяды. Ішімдікке бұлай салыну организмнің қабылдауы салдарынан құсумен аяқталады. Бұл сатыда жеке бастың алкоголден бұрмалануы неғұрлым айқын білінеді. Ауру мінез құлықтың адамгершілік - әдептің нормаларын жоғалтады. Оның маңайындағыларға, қызығушылығы жоғалады. Ол тек ішуді ойлайды. Бүкіл психикалық қызметтің жұтаңдануы жүріп жатады. Жұмыс қабілеті жоғалады, ауру тек белгісіз жұмыстарды ғана орындайды, құлдырап, өз сыртқы түріне қарамайды, қалай болса, солай лас, ұқыпсыз киініп жүре береді.
Бұл сатыда аурулық сипаталатын қызғаныш идеясы жиі пайда болады. Бұл идеяның ішімдікке салыну кезінде ауруды билеп алатын соншалық, олар әлеуметтік жағынан қауіпті болуы мүмкін. Ауру көбіне дәрменсіз болады, нашар тамақтанады, едәуір жүдейді. Алкоголизмнің ақырғы сатысына созылмалы алкоголь психоздары тән.
Алкоголизмнің бұл кезеңінде абстинентті синдром айқын вегетоқантамырлық және соматикалық компаненттердің және неврологиялық бұзылыстардың ұзақ созылуымен ерекшелінеді. Науқаста брадикардиямен мен коллапс байқалады.
Алкоголизмнің энцефалопатиялық кезеңіне ішімдікті аз мөлшерден (150мл дейін бірнеше сағаттан кейін) күнделікті тұрақты қабылдайды немесе шынайы ішімдікке салынады. Ішімдікке салынудың ұзақтығына байланысты науқастың алкогольге толеранттылығы прогрессивті төмендейді. Егер ішімдікке салынудың алғашқы күнінде арақтың мөлшері 1л. дейін жетсе, ішімдікке салынудың соңғы күнінде 100-150мл дейін төмендейді. Мұндай ішімдікке салынуну алкогольді физикалық көтермеушілік нәтижесінен құсумен немесе коллаптонды жағдаймен аяқталады. Содан алкогольді қолданбау бірнеше күннен бірнеше аптаға созылады.
Алкоголизмнің бұл кезеңінде жеке тұлғаның алкогольді деградациясы айқын көрінеді. Өзін моральді-этикалық, дұрыс ұстап тұру т.б. қасиеттерінен айырылады. Оларда қоршаған ортаға қызығушылығы жоғалады, тек ішуді ойлайды. Психикалық іс әрекеттің кемістігі дамиды. Жұмысқа қабілеттілігі төмендейді, өзінің сыртқы кейпіне назар аудармайды, кір болып қалай болса солай киінеді.
Бұл кезеңінде қызғану ойлары туындайды. Масайғанда бұл ойлар науқасты басқарып, агрессивті іс-әрекеттер жасап қоғамға қауіпті болады. Науқастар нашар тамақтанады, жүдейді, көмексіз қалады. Алкоголизнің соңғы сатысында созылмалы алкогольгі психоздар тән.
Осы негізгі синдромдар алкоголизмнің барлық клиникалық түрлерін біріктіреді. Бұлар кезекпен аурудың даму процессін түзеді.
Негізгі синдромдардің әрқайсысын қарастырайық.
Алкоголизмнің кезеңдері.
Негізгі симптомдар мен синдромдар
| Алкоголизмнің кезеңдері
| Бірінші
| Екінші
| Үшінші
| Алкогольге патологиялық еліктеу
| Жағдайға байланысты жеңіл түрде
| Ситуационды және спонтанды
| Компульсивтілігі тән
| Бақылау көлемінің азаюы
| Бақылау көлемі азаяды
| Бақылау көлемі жоғалған
| Ситуациялық және бақылау көлемі жоғалған
| Алкогольге толеранттылық
| өседі
| Жоғары деңгейге жетуі
| Интолеранттылыққа дейін төмендейді
| Алкогольге амнезия
| Айқын амнезия жоқ
| Полимпсестов түріндегі сис-тематикалық амнезия
| Мас кезеңіндегі тотальды алкогольге амнезия
| Мастықтың бейнесі
| Эйфория
| Эйфория кезеңінің қысқаруы және психикалық бұзылыстардың пайда болуы
| Эпилептоиды дис-форияның агрес-сивтіліктің немесе сену формасының басымырақ болуы
| Абстинетті синдром
| жоқ
| 3 формада: вегетативті- астения, соматоневроло-гиялық, психикалық
| Абстинентті синдром вегетативті, соматикалық, неврологиялық, психикалық бұзылыс комплекстерімен көрінеді
| Алкогольді ішімдікті қолдану формалары
| Ішімдікті эпизодты немесе жүйелі қолдану
| Псевдоішімдікке салыну түріндегі жүйелі құрақты қолдану
| Толеранттылықтың төмендеуімен жүйелі, тұрақты, шынайы ішімдікке салыну
| Жеке тұлғаның өзгеруі
| Жоқ
| Эмоционалды дөрекелену
| Жеке тұлғаның алкогольді дегратациясы: 1) психопад түріндегі 2) эйфория 3) спонтанды
| Соматикалық соңы
| Жоқ
| Фуекционалды бұзылыстар
| Жүректегі, бауырдағы, ұйқы безіндегі, перифериялық нервтегі қайтымсыз өзнерістер
| Социалды соңы
| Минималды
| Социалды дезадаптация, жанұялық, профессионалды, моральды- этикалық бұзылыстар
| Жұмысын, жанұясын, кәсіптік қабілетін жоғалту
| Алкогольді абстинентті синдром(ААС)- массивті және ұзақ маскүнемдікті бірден қысқартып немесе тоқтатқан алкогольді науқастарды вегетативті, соматикалық, неврологиялық және психикалық бұзылыстардың жиынтығы.
ААС құрылымы: бас ауруы, бас айналуы, астения, енжар, шөлдеу, тілдің жабынмен жабылуы, жүрек айну, іштің кебуі, іштің өтуі, қан қысымының жоғарлауы, жүрек маңындағы жағымсыз сезімдер немесе ауырсынулар, көңіл-күйдің болмауы т.б. көріністер тек қана алкоголь науқастарда ғана емес сонымен қатар бас жазатындарда кездеседі. Адамның жасы үлкен болған сайын соғұрлым соматоневрологиялық жағдайы ауыр болады.
ААС басқа бір түрінің постинтоксикационды жағдайдан айырмашылығы бар. Онда алкогольге екіншілік патологиялық көріністер қосылады. Бұған спиртті ішімдікті ішіп алғысының келуі, дисфория, тітіркенгіш, қозғалысының бұзылуы байқалады. Орталық нерв жүйесінің созылмалы алкогольды интоксикацияға ұшырағанда ұйқысының бұзылуы, алаңдағыш, көру және естуіндегі жалған көріністер, гипногогиялық галлюцинациялар, өзін кінәлау ойлар, қолдағы, қабақтағы, тілдегі немнсе бүкіл денедегі үлкен треморлар, эпилептикалық талмалар, нистагм, тершендік, тахикардия және т.б.
Алкогольді науқастардың жасы жас болғанда компенсаторлық механизмі жеткілікті болғанда ААС симптоматикасы екіншілік патологиялық процессі вегетативті бұзылыстардың шектелуі байқалады (тершендік, тахикардия, күшейген дермографизм).
Кейбір науқастарда алкогольден өзін көп ұстаған жағдайда ААС толық немесе аздаған қайталанатын көріністері кейде туындайды. Бұны алкогольге електеудің патологиялық бірінші кезеңінің асқыныуы деп қаратыруға болады. Бұндай жағдайды "құрғақ абстиненция" өршімелі астинентті синдром деп атайды.
ААС құрылымы екі бөліктен тұрады. Назологиялық спецификалық өзіне алатын және түрлі спецификалық емес немесе аз спецификалық бұзылыстар.
ААС клиникалық түрлері. Бірнеше клиникалық түрлерін ажыратады.
Нейровегетативті түрі - бұл негізгі түрі. ААС кез келген жағдайда байқалады және қосымша симптомдардың өршуін тудырады. ААС бұндай түрінде жаман ұйқымен, астениямен, әлсіздікпен, тершендікпен, бетінің ісінуімен, тәбетінің нашарлауымен, шөлдеумен, ауыздың құрғауымен, АД жоғарлауымен немесе түсуімен, тахикардиямен, қол саусақтарының треморымен көрінеді.
Церебральды түрі - егер де нейровегетативті бұзылыстармен қатар жүргенде (басының қатты ауруы, жүрегінің айнуы, басының айналуы, кекірумен, талумен, эпилептикалық талмамен) байқалады.
Висцеральды немесе соматикалық түрінде - ішінің ауырсынуы, жүрегінің айнуы, құсу, метеоризм, сұйық нәжіс, стенокардия, жүрек астмасы, ентігумен көрінеді.
Психикалық бұзылыстар айқын байқалады. Суицидальды ойлар мен іс-әрекеттер, үрей, қорқыныш, дисфория, өзін кінәлау ойлар, тотальды ұйқысыздық, гипногогиялық галлюцинациялар, көру және есту иллюзиялары, айқын оқиғалы түс көрулер, уақытша дезориентация ААС психопатологиялық түрінің дамуын көрсетеді.
Көптеген клиницистер ААС патогенетикалық түрін өткір алкогольды психоздың "белая горячка" түрімен тығыз байланыстырады.
ААС спиртті ішімдіктерді 6-дан 48 сағаттан соң туындайды және 2-3 күннен 2-3 аптаға созылады. Жылдам ағымдылығына қарамастан маңызды органдар мен жүйелерде патологиялық өзгерістер туғызады. Вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық бөлімін артық қоздырғаннан және бүйрек үсті безінен артық гармондарды бөлгеннен ми құрлымының функциясының бұзылуына әкеледі. Бұл есте сақтау қабілеті мен эмоционалдылықтың бұзылысын тудырады. Катехоламиндердің деңгейінің бірден жоғарылауынан жүрек бұлшықеттеріне токсикалық әсер етіп, оның жиырылу қасиетінің нашарлауына, аритмияға, фибрилляцияға және де кенеттен өлім себебіне алып келеді.
Алкогольді психикалық деградация.
Барлық психикалық деградация түрлеріне тән қасиет-интеллектің төмендеуі. Бірақ кейбір ауруларда өзгешіліктері болады. Ойлаудың, талқылаудың төмендеуі, психикалық қозғалғыштық т.б. Алкогольді деградацияның негізгі ерекшелігі болып нравственді-этикасының төмендеуі, ұйалу және қарыз сезімдерінің төмендеуі, жан-жаққа қызығушылықтың төмендеуі, өзін ғана ойлауы, беткей ойлауы, өтірік айтушылық, эмоционалдық дөрекілік. Бұлаталған құбылыстар алкогольді науқастарда ерте басталады. Алкогольге салынудың ремиссиясы кезінде қайтадан толық емес кері дамуы мүмкін.
Алкогольді деградацияға интеллектің төмендеуі тән. Бұл процесс миға алкогольдің токсикалық әсерінен туындап, салыстырмалы түрде жай дамиды және де алкоголь бүйрекке де әсер етіп токсикалық энцефалопатияны тудырады.
Интеллектің төмендеуінен астрактілі ойлау мен нақтылы сұрақтармен мәселелерді шешу алкогольді науқастардың психомоторлық реакцияға 45-70% ғана анықталады. Аурудың жеке сатысында нашар ойлауы дамып невроз тәрізді және психопат тәрізді бұзылыстармен көрінеді.
НЕвроз тәрізді бұзылыстар астениямен, эмоционалды кемістіктермен, диффуздылықпен байқалып науқас спиртті ішімдікпен күресу керек деп түйнеді. Ұйқысының бұзылуы, шаршағыштық, шыдамсыздық, тітіркендіргіштік-бұл социальдыеңбектік адаптацияның бұзылуын"исоблонизация"деп аталады. Сонымен қоса ұмытшақтық, енжарлық, жалқаулық, немқұрайлық, үй шаруасынан қашқалақтауымен т.б көрінеді.
Психопат тәрізді бұзылыстар алкоголизмнің алғашқы сатысында көрінеді. Жеке тұлғалық кемістіктер байқалады.Психопатизацияның шынайы психопатиядан айырмашылығы жалпы интеллектің және жеке тұлғалықтың төмендеуімен, ойлау қабілеті аз өнімді, талқылауы-беткей және стандартты, өзін дөрекі және қарапайым көрсетеді.
Алкогольді науқастардың психопатты түрінде тұрақсыздық, қозғыштық, истериялық психопатия сирек жағдайда эпилептойды, астениялық және шизойдты типтегі психопатиялар кездеседі.
Психопат тәрізді көріністер бас жазу мен мас болу жағдайында күшейеді. Уақыт өте алкогольді психикалық дефект тереңдегеннен психопат тәрізді өзгерістер шайылып, мидың органикалық зақымдалуына мән беріп, алкоглоьді энцефалопатия дамиды.
Алкогольді деградацияның нашар ойлаудың түрлі варианттары кіреді (эйфориялық, амнестикалық, аспонтоидты)-осылардың барлық ауыр түрлерінде ауыр интоксикация нәтижесінде көптүрлі соматикалық және неврологиялық патологиялар көрінеді. Майлы инфильтративті бауыр(90%), алкогольді гепатит (40%), алкогольді бауыр циррозы (20%), панкреатит (75%), кардиомиопатия (20-30%), жүрек аритмиялары (жыпылық аритмиясы 63%), гипертониялық ауру, мидың инсульті, полиневропатия, иммунды жүйенің әлсіреуінен инфекцияға жиі шалдығуы, қатерлі түзілістер. Бұлардың барлығы зерттеушілерге алкогольді деградация организмнің қартаю процессін жылдамдататынын көрсеткен.
Алкогольдің жасқа байланысты жасөспірімдерде, қарттық шақта, әйелдерде өту ерекшеліктеріне назар аудару керек.
Алкогольді ерте жастан қолдану алкоголизмнің қалыптасу уақытын қысқартып, қатерлі ағымда өтеді.
Әйелдерде алкоголиз кейінірек (25-35 жаста) басталып, психикалық жарақат қалыптасады. Әйелдерде алкоголиз жылдам прогрессирленіп, еркектерге қарағанда емделуге жылдам барады. Сиректе болса қатерлі ағымда өтеді.
Қарт адамдардағы алкоголизм.
Қарт адамдарда алкоголиз түрлі соматикалық түрде болады. Бұл постинтоксикационды және абстинентті бұзылыстардың ауырлауын тудырып, алкогольді психикалық деградацияның тез дамуына алып келеді. Қарт адамдардың алкогольге патологиллық еліктеуінің ерекшелігі салыстырмалы қарқындылығында. Алкогольге толеранттылықтың төмендеуі. Ары қарай біртіндеп ағымға ауысады.
Жай басталған алкоголизмнің симптоматикасының ерекшелігіне дисфориялық және зкспиозивті жағдай, ААС құрлымындағы диэнцефальді бұзылыстар, эмоционалды бұзылыстар-депрессия, үрейлену, тұрақсыз көңіл-күй, жылағыш, ипохондриялық жатады.
Металкогольды психоз дегеніміз – жедел, жеделдеу және созылмалы түрде өтетін психикалық жүйенің экзогенді, эндоформды және психоорганикалық зақымдалумен жүреді. Бұл алкогольді қабылдайтын науқастарда болады. Бұл психоздар әсіресе алкоголизмнің II және III сатысында кездеседі.
Алкогольді психоз термині – алкогольдің миға тура әсер ету себебінен алкоголизм кезіндей психоздардың табиғатын белгілейді. Соңғы кезде психоздар көп уақыт уланудың әсерінен, ішкі органдардың зақымдалуынан және зат алмасу бұзылысынан дамиды деп танылды. Бұндай психоздарды металкогольді деп атайды. Жиі психоздарға қосымша соматикалық және психикалық зияндылықтар әсер етеді.
Металкогольді психоздардың патогенезі. Металкоголді психоздың патогенезінің негізінде зат алмасу бұзылыстары және нейровегетативті процестің бұзылыстары жатыр. Бріншіден ол алкогольді делириға және энцефалопатияға байланысты сипатталған. Үнемі бауырға әсер етуіне байланысты, оның антитоксиндік, кейіннен ОНЖ токсикалық зақымдайды. Біріншіден ОНЖ бөліктерін қышқылданбаған ақуыз – липидті метаболиттермен зақымдайды.
Клиникада мынадай көріністер көрінеді:
1. Алкагольді делирия;
2. Алкагольді галлюциноздар;
3. Алкагольді параноидтар;
4. Алкагольді энцефалопатиялар;
Психикалық көріністердің ағымына байланысты: жедел, жеделдеу, созылмалы алкагольді психоз болады.
Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 3847 | Нарушение авторских прав
|