АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Делирийлар.

Делирий (қояншық, delirium tremens) – ең жиі кездеседі. Қояншық ауруының жиі кездесетін түрінде уақытқа деген бағдары, ортаға деген бағдары бұзылады. Ал өзіне деген бағдары сақталады: қабылдау бұзылыстарының ішінде көру галлюцинациясы, есту, тактильді, термиялық, дәм сезу галлюцинациясы кездеседі.

Сандырақтардың ішінде (қудалау,ерлі-зайыптылардың қызғану сандырағы) кездеседі. Олар негізділігімен, эмоцианальды байлығымен ерекшеленеді. Аффективті өзгерістер-қорқыныш,көңіл күйдің жоғарылауы алмасып кездеседі. (Қорқынышты-көңіл күйдің жоғарылауы) қозғалыстың тым жоғары болуы мүмкін. Оның ішінде тығылу, жүгіруге, агрессияға бейім болады.Соматовегетативті және невралогиялық бұзылыстардың ішінде (жалпы дірілдеу, рефлекстердің жоғарылауы, атаксия, ұйқысыздық, терлеу, тахикардия, субфебрильді температура, беттің гиперемиясы) кездеседі. Психикалық бұзылыстар кезінде («островчатая») амнезия болады (галлюцинаторлы бұзылыстар жақсырақ есінде қалады). Делирияның 5 % - де тырысулы есін жоғалту болады.

Көбінесе созылмалы алкагольді 5 жылдан артық қабылдағандарда делирий дамиды. Делирийның бірінші ұстамасына көбінесе ұзаққа созылған ішімдікке салыну әсер етеді. Кейін ол аз уақыт ішімдікке салынғанның өзінде дамиды. Продром кезінде ол күш салып жұма сайын, ай сайын ұйқысының бұзылуы, түсінде қорқынышты нәрселер көреді. Ал күндіз астениялық жағдайда, аффект жағдайында болады. Ол ашушаң, үнемі қобалжу күйінде болады. Әйелдерде үнемі депрессиялық өзгерістер көрінеді. Продромальды кезең болмауы мүмкін. Делирийның басталуы көбінесе жедел соматикалық аурулармен: жарақатпен, хирургиялық кірісулермен қосарлана келеді.

 

Делерийдің негізгі түрлері:

Гипногогикалық делирий. Ұйқыға кетер алдында көз алдында әртүрлі көру, сахына тәрізді галлюциянация елестейді. Ол қорқыныш сезімімен, сирек аффектпен және саматовегетативті симптомдармен қосарлана жүреді. Фантастикалық типтегі гипногогикалық делирииді – гипногогикалық ониризм деп атайды. Ол фантастикалық түрдегі ашық сезімдегі көру галлюциянациясымен, сахына тәрізді галлюциянацияның әртүрлі жағдайлардың алмасуымен жүреді.

Делирийсіз делирии жедел басталады. Ол тез қозып, дірілдеп, терлейді. Қабылдау және сандырақ болмайды немесе өте әлсіз болу мүмкін. Қоршаған ортаға бағдары біртіндеп бұзылады. Делирий 1-3 күнге созылады. Бұл жағадай делириидің нағыз өршіген түріне асуы мүмкін.

Абортивті делирии. Мұнда онша айқын емес көру иллюзиясы және микроскопиялық галлюцинацияны көруі мүмкін. Оның мағынасы делирииді негізгі түріне қарағанда білінген, не жағымсыз болуы мүмкін. Бұнда біртекті қорқыныш, үрей аффекті жағдайында болады. Сандырақ әлсіз көрініске ие. Ұзаққа созылмайтын қозғалыстың қозуы болады. Ортаға деген бағдары бұзылады. Ұзақтағы 1 тәуліктен аспайды.

Жүйеленген делирии. Мұнда көптеген сахына тәрізді галлюцинациямен, қорқыныш аффект жиі кездеседі.

Айқын вербальді галлюцинациямен көрінетін делирии. Вербальды галлюцинацияның ішінде науқас өзінің өміріне қауіп төндіретін сөздерді естейді. Сандырақта физикалық жою айырлады. Психоз бірнеше күннен аптаға созылады.

Делириидің атипті түрі. Оның симптомдары қоянның ұстамасына тән, фантастикалық түрде кездеседі. Сана сезімінің онероид жағдайында не психикалық автомотизиямен қосарлануы мүмкін.

Ұзарталған (созылмалы) делирии. Делириидің кейбір түрлерінің созылмалы кері дамуында (жүйеленбеген делирии, айқын вербалды галлюцинациямен көрінетін делирий, онероидпен, психикалық автомотизмнің бұзылыстарымен көрінетін делирии) гипногогикалық көріністер жұмаларға, айларға созылуы мүмкін. Көру, тактильді жиірек, ал есту галлюцинациясы сирек кездеседі. Сандырақ бұзылыстары жеңіл диффузды параноидпен, ал аффективті бұзылыстар жеңіл үреймен, сирегірек аз көрінетін қорқынышқа ауысады. Науқастың мінезі айқын өзгермейді. Бағдардың барлық түрлері сақталады.

Кәсіптік делирий (шұғылдану делириі, шұғылдану сандырағы). Бұл делириде біртекті күнделікті істелетін жұмыстың қозуы болдаы. Мысалы, тағам қабылдау, үй жинау немесе науқастың тікелей кәсібіне байланысты заттарды тарату, тігу, касса аппаратында жұмыс істеу басым. Қозғалыстың қозуы кәсіптік делириде шектелген кеңісітікте шектеледі. Ол жеке сөздердің қайталануымен не «мылқаулықпен сипатталады». Голюцинация мен сандырақ әлсіз не болмауы мүмкін. Науқаспен сөйлесу мүмкін емес, кей жағдайда біртекті жауап қайтарады. Оның мағынасы науқастың патологиялық ойлауын бейнелейді.

Мусситирленген делирий (бет-албаты сөйлеумен сипатталатын делири, әлсіз сандырақпен сипатталатын делирии). Бұл делириде науқас төсектен тұрмай біртекті координацияланбаған күшейген қозғалыстар жасайды. Науқастар үстіне бір нәрсені шешіп, қағып ұстауы мүмкін. Қозу кезінде сөзі әлсіз, ұғынықсыз буындарды айтады. Науқас қоршаған ортадан алшақ, сөйлесу мүмкін емес. Мусситирлеуші делирии көбінесе кәсіптік делириді алмастырады. Күндізгі уақытта кәсіптік әсіресе мусситирлеуші делирииде есенгіреу симптомдары басым болады. Есенгіреудің тереңдеуі негізгі аурудың асқынуы болып табылады. Вегетативті және неврологиялық көріністердің бұзылыстары делиридің этиологиясына байланысты (әсіресе интоксикацияға байланысты). Вегетативті бұзылулардың ішінде тахикардия, тахипноэ, тершеңдік, АҚҚ-ның жоғарылауы бейімді болуы мүмкін. Ал неврологиялық көріністердің ішінде бұлшықеттің гипотониясы, гиперрефлексия, дірілдеу, атаксия, конвергенцияның әлсіздігі, нистагм, Маринеско симптомдары оң болады. Делиридің ауыр сатысында, әсіресе мусситирленген делириде АҚҚ төмендеп, орталық нерв жүйесіне байланысты гипертермия және сусыздану болуы мүмкін. Неврологиялық симптомдардың ішінде желке бұлшықеттердің жиырылуы, Кернинг симптомы, оральды автоматизм симптомдары, көз симптомдары (нистагм, птоз), атетоидты және хориоформды гиперкинездр кездеседі.

 


Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 2099 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)