В) невроз
Г) эпилепсия
Д) псевдодеменция
238. 35 жастағы әйел, жұмысындағы конфликтен кейін “дауысын жоғалтты». Дәрігер қабылдауында демонстративті, сыбырлап сөйлейді. Тамағындағы спазмдарға байланысты сөйлей алмайтынына, тамақты жұта алмайтынына шағымданады. Әңгімелесу кезінде кезеңмен еңіреп жылайды, көпке дейін сабырға түсе алмайды. Зейіні жұмысындағы жағдайға фиксацияланған, басшылыққа “ауыр ауруға жеткізгендіктері” жөнінде хабарлауды өтінеді.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) неврастения
Б) реактивті депрессия
В) истериялық невроз
Г) истериялық психоз
Д) псевдодеменция
239. 67 жастағы науқас, гипертониялық кризден кейін өз денсаулығына аса көңіл бөлетін болды. Үнемі өзінің артериялық қысымын бақылап отырады, тамырларындағы тартылу, қозғалу, шаншу, кернеу тәрізді жағымсыз сезімдерге шағымданып, жиі үйіне дәрігер шақыратын болды. Науқас өмірінде өз денсаулығына мазалану басым орын алатын болды.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) неврастения
Б) невротикалық депрессия
В) ипохондриялық невроз
Г) жабысқақтық неврозы
Д) истериялық невроз
240. 67 жастағы науқас, гипертониялық кризден кейін өз денсаулығына аса көңіл бөлетін болды. Үнемі өзінің артериялық қысымын бақылап отырады, тамырларындағы тартылу, қозғалу, шаншу, кернеу тәрізді жағымсыз сезімдерге шағымданып, жиі үйіне дәрігер шақыратын болды.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) ипохондриялық шизофрения
Б) инволюциялық депрессия
В) невротикалық күй
Г) қантамырлық психоз
Д) сенестопатиялық шизофрения
241. Шизофренияға төменде аталған бұзылыстардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) әуестік бұзылысы
Б) ойлау бұзылысы
В) жады бұзылысы
Г) ерік бұзылысы
Д) эмоция бұзылысы
242. Невроздарға төменде аталған синдромдардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) депрессивті
Б) ипохондриялық
В) обсессивті
Г) амнестикалық
Д) фобиялық
243. Классикалық депрессия емінде төменде аталған ем әдістерінің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы қолданылады:
А) психотерапия
Б) электротырысулық терапия
В) антидепрессанттар
Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 580 | Нарушение авторских прав
|