I т а р а у. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-Б а п. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
психикалық науқсатың дәрменсіздігі - адам психикасының қатты бұзылуына, кемістігіне байланысты, сайып келгенде негізгі өмірлік қажеттерді өз бетімен қанағаттандыруға дәрменсіздік пайда болатын хал-жағдай;
заңды өкілдер – пациенттердің мүдделерін білдіретін адамдар: ата- аналар,асырап алушылар және қорғаншылар, қамқоршылар;
медициналық - әлеуметтік оңалту-науқасты жұмысқа тартуға,отбасылық және қоғамдық өмірге қосуға арналған медициналық, әлеуметтік шаралар мен еңбек шараларын кешкнді түрде пайлалана отырып, науқастардың денсаулығын қалпына келтіру;
қабілетсіздік - психикасының ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан азаматтардың өз іс-әрекеттерінің мәнін түсіне алмауы немесе оған басшылық ете алмауы;
психикалық науқасқа қорғаншылық – психикасының ауыруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған адамды қорғау нысаны;
психикалық науқасқа қамқоршылық – спиртті ішімдіктерді немесе есірткі заттарды көп пайдалануы салдарынан сот іс-әрекетке қабілеттігін шектеген адамды қорғау нысаны;
психиатрия – клиникалық медицинаның психикалық аурулардың пайда болу себептерін, белгілерін және өтуін зерттейтін, сондай-ақ олардың алдын алу, ауырған адамды емдеу және оны психикалық қабілеттерін қалпына келтіру әдістерін әзірлейтін саласы;
психиатриялық ұйым – психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарға арнаулы медициналық жәрдем көрсететін көп қырлы ауруханалар құрамындағы психиатриялық және психоневрологиялық ауруханалар, психоневрологиялық диспансерлер, психиатриялық бөлімшелер;
психиатриялық көмек - психика бұзылуының алдын алу, азаматтардың психикалық денсаулығын тексеру, психика бұзылуының диагностикасы, психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарды емдеу, күту, медициналық және әлеуметтік жағынан оңалту;
психиатриялық жағынан жақпаушылық - кәсібі қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыруға кедергі жасайтын нақты психика бұзылуының тізбесі;
психиканың бұзылуы (ауру) - адамның ми жұмысының бұзылуына байланысты психикалық қызметтің бұзылуы.
2-б а п. Осы Заңмен реттелетін мәселе
1. Осы Заңы психиатриялық жәрдем жүргізуді ұйымдастыру кезінде туындайтын қатынастарды реттейді және оны көрсету кезінде азаматтар құқықтарының кепілдігін белгілейді.
2. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай –ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ азаматтарға психиатриялық жәрдем көрсетілген кезінде қолданылады.
3-б а п. Психиатриялық жәрдем көрсету саласындағы
Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 549 | Нарушение авторских прав
|