АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Міндеттері

1. Психиатриялық жәрдем көрсету кезіндегі психиатр- дәрігердің өзге де мамандар мен медицина қызметкерлерімен кәсіби құқықтары мен міндеттері мен Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

2. Психикалық аурудың диагнозын қою, еріксіз түрде психиатриялық жәрдем көрсету туралы шешім қабылдау не осы мәселелерді қарау үшін қорытынды беру психиатр- дәрігердің немесе психиатр-дәрігерлер комиссиясының ерекше құқығы болып табылады.

3. Басқа мамандықтағы дәрігердің адамның психикалық денсаулық жағдай туралы қорытындысы болжамдық сипатта болады және оның құқықтары мен заңды мудделерін шектеу туралы мәселені шешуге, сондай-ақ оған психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдар үшінҚазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерді беруге негіз бола алмайды.

 

21- б а п. Психиатр-дәрігердің тәуелсіздігі

1. Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде психиатр-дәрігер өз шешімдерін тәуелсіз қабылдайды және медициналық айғақтарды, дәрігерлік борыш пен заң актілерін ғана басшылыққа алады.

2. Комиссяның шешімімен келіспеген психиатр-дәрігер өз қорытындысын беруге құқылы, мұндай қорытынды медициналық құжаттамаға тіркеледі.

 

22- б а п. Психиатриялық жәрдем көрсететін медицина

қызметкерлеріне және басқа қызметкерлерге берілетін

жеңілдіктер мен кепілдіктер

1. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарды емдеуге арналған ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, психиатрия ұйымдарының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің, палаталары мен кабинеттерінің, мамандықтарына қарамастан, дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, мамндары, қызметшілері мен басқа да қызметкерлері еңбек жағдайларының денсаулыққа қауіпті әрі ерекше ауыр болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лауазымдық айлықақыларының(және тарифтік стафкаларының) арттырылуына құқылы.

2. Психиатриялық жәрдем көрсетуге қатысушы адамның денсаулығына келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.

 

1V т а р а у. ПСИХИАТРИЯЛЫҚ ЖӘРДЕМДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ

 

23- б а п. Психиатриялық куәландіру

1. Психиатриялық куәландыру тексерілуші адамның психикасы бұзылғанын, оның психиатриялық жәрдемге мұқтаждығын және мұндай жәрдемнің түрлерін анықтау мақсатында, сондай-ақ қорганшылық еңбекке уақытша жармсыздығы және мүгедектігі туралы мәселені шешу үшін жүргізіледі.

2. Психиатриялық куәландыру, сондай-ақ алдын алу мақсатындағы тексеру тексерілушунің өтініші немесе жазбаша келісімі немесе оның заңды өкілдерінің куәландыру себептері көрсетілген жазбаша арызы бойынша; кәмелетке толмаған және заңда белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға- олардың заңды өкілдерінің өтініші немесе жазбаша келісімі бойынша жүргізіледі.

Тексерілушінің психикалық денсаулық жағдайын психиатриялық куәландыру мен ол туралы қорытындының деректері медициналық құжаттамада тіркеледі, онда психиятр-дәрігерге көріну себептері мен медициналық ұсыныстарда көрсетіледі.

3. Заңды өкілі қарсылықт білдірген немесе болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамды куәландыру қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүргізіледі, оған сотқа шағым жасалуы мүмкін.

4. Писхиатриялық куәландыру жүргізетін дәрігер тексерілушу мен оның заңды өкіліне өзін психиатр ретінде таныстыруы міндетті, бұған осы баптың 5- тармағының 1) – тармқшасында көрсетілген жағдай қосылмайды.

5. Тексерілушу психикасының бұзылуы асқынған деп жорамалдауға негіз болатын іс-әрекеттер жасағанда оған өзінің келісімінсіз нгемесе заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру мүмкін,мұның өзі:

1) Оның өзіне және айналасындағыларға тікелей қауіп төндіретініне;

2) Оның дәрменсіздігіне, яғни тиісті күтім болмаған жағдайда негізгі тіршілік қажеттерін өз бетінше қанағаттандыруға қабілетсіздігіне;

3) Егер адам психиатриялық жәрдемсіз қалдырылатын болса, психикалық жай күйі нашарлауы салдарынан оның денсаулығына елеулі заң келеріне байланысты болады.

6. Егер тексерілуші осы |Заңның 27- бабының 1- тармағында көзделген тәртіппен диспансерлік бақылауда тұрса, оған өзінің келісімінсіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін.

7. Әр түрлі (сот, әскери, еңбек және басқа) психиатриялық сараптамалар мен адамдарды психиатриялық куәландыру Қазақстан Республикасының заңдары мен белгіленген тәтіпке сәйкес жүргізіледі.

 

24- б а п. Адамды өзінің келісімінсіз немесе оның заңды өкіілнің

келісімінсіз психиатриялық куәландыру туралы шешім

Осы Заңның 23- бабының 5- тармағында көзделген жағдайларда психиатр дәрігер адманың заңды өкіліне хабарлай отырып, психиатриялық куәландыру туралы өз бетінше шешім қабылдайды.

 

25- б а п. Адамды өзінің келісімінсіз немесе оның заңды өкіілнің

келісімінсіз психиатриялық куәландыру туралы арыз

беру мен шешім қабылдау туралы

1. Осы Заңның 23- бабының 6- тармағында көзделген реттерді қоспағанда, адамды өзінің келісімінсіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру туралы шешімді мұндай куәландыру үшін осы Заңның 23- бабының 5- тармағында тізіп келтірілген негіздер бар деген мәліметтер көрсетілген арыз бойынша психиатр-дәрігер қабылдайды.

2. Арызды психиатриялық куәландырылуы тиісті адамның заңды өкілі, кез келген медициина мамандықтағы дәрігер мен өзге де азаматтар бере алады. Көрінеу жалған арыз беру қылмыстық жауапқа тартылуға әкеп соғады.

3. Алынған мәліметтер бойынша адам өзіне немесе айналасындағыларға тікелей қауіп төндіретін жағдайларда нақты адам ауызша немесе жазбаша арыз беруі мүмкін.Психиатр- дәрігер психиатриялық куәландыру туралы дереу шешім қабылдап, ол медициналық құжаттамаға жазумен рәсімделеді де, кейінен адамның заңды өкілімен хабарланады.

4. Адам өзіне немесе айналасындағылыарға тікелей қауіп төндірмейтін жағдайда психиатриялық куәландыру туралы арыз жазбаша түріде берілуге, онда мұндай куәландырудың қажет екенін негіздейтін толық мәліметтер және ол адамның немесе оның заңды өкілінің психиатр-дәрігерге көрінуден бас тартыны туралы деркеткер болуға тиіс.Психиатр-дәрігер шешім қабылдау үшін қажетті қоымша мліметтерді сұратып алуға құқылы.Психиатр-дәрігео арызды осы Заңның 23- бабаының 5- тармағындағы 2) және 3) – тармақшаларда көздеген жағдайлардың болуын дәлелдейтін деректер жоқ екенін анықтап, психиатриялық куәнандырудан дәлелді себеппен жазбаша түрде бас тартады.

 

26- б а п. Амбулаториялық психиатриялық жәрдем түрлері

1. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамға амбулаториялық психиатриялық жәрдем медициналық айғақтарға қарай консультация беру, емдеу немесе диспансерлік бақылау түрінде көрсетіледі.

2. Консультациялық-дәрігерлік жәрдемді психиатр-дәрігер адам өз бетімен өтініш жасағанда оның өтініші немесе келісімі бойынша, ал кәмелетке толмаған адамға оның заңды өкілінің өтініші немесе келісімі бойынша көрсетеді.

3. Осы Заңның 27- бабының 1- тармағында көзделген реттерде психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің келісіміне қаорамастан диспансерлік бақылау белгіленуі мүмкін және ол психиатр-дәрігердің тұрақты тесеріп тұруы арқылы оның оның психикалық денсаулық жағдайын бақылауды, оған қажетті медициналық және әлеуметтік жәрдем көрсетуді көздейді.

 

27- б а п. Диспансерлік бақылау

1. Психикасының бұзылуы тұрақты және созылмалы болып, ауыр, өзгермейтін сипат алған көбіне асқынған ауру көрінісіне ұштасатын адамға диспансерлік бақылау белгіленуі мүмкін.

2. Диспансерлік бақылауды белгілеу қажет екені туралы және оны тоқтату туралы мәселені шешу амбулаториялық психиатриялық жәрдем көрсететін психиатриялық ұйымның әкімшілігі тағайындайтын психиатр-дәрігерлер комиссиясы немесе денсаулық сақтау органы тағайындайтын психиатр-дәрігерлер комиссиясы қабылдайды, комиссияда кемінде үш дәрігер болуы керек.

3. Психиатр-дәрігердер комиссиясының дәлелді шешімі медициналық құжаттамаға жазылып рәсімделеді. Диспансерлік бақылауды белгілеу немесе тоқтату туралы шешімге осы Заңмен белгіленген тәртіп бойынша шағым жасалуы мүмкін.

4. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адам сауыққан немесе оның психикалық жай-күйі айтарлықтай әрі тұрақты жақсарған жағдайда бұрын белгіленген диспансерлік бақылау тоқтатылады. Диспансерлік бақылау тоқтатылғаннан кейін сол адамның өтініші немесе келісімі бойынша не оның заңды өкілінің өтініші немесе келісімі бойынша психиатриялық жәрдем консультация және емдеу түрінде көрсетіледі. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адам психикалық жай-күйі өзгерген кезде осы Заңның 23-25 –баптарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша өзінің келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз куәландырылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда психиатр-дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша диспансерлік бақылау қайта жалғастырылуы мүмкін.

 

28- б а п. Психиатриялық стационарға орналастыру негіздері

1. Адам психикасының бұзылуы мен психиатр-дәрігердің оған тексеру жүргізу немесе стационар жағдайында емдеу туралы шешімі немесе сот ұйғарымы оны психиатриялық стационарға орналастыру үшін негіз болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіп бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізу қажет екендігі де психиатриялық стационарға орналастыру үшін негіз бола алады.

3. Осы Заңның 29-бабаымен көзделген реттерді қоспағанда, адамды психиатриялық стационарға орналастыру оның өтініші бойынша немесе жазбаша келісімімен ерікті түрде жүзеге асырылады.

4. Кәмелетке толмаған адам психиатриялық стационарға ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің өтініші немесе жазбаша келісімі бойынша орналастырылады.

5. Заңмен белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адам психиатриялық стационарға оның заңды өкілінің өтініші немесе жазбаша келісімі бойынша орналастырылады.

6. Заңды өкілі қарсы болған немесе өзге заңды өкілі болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамды психиатриялық стационарға орналастыру қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады, ол жөнінде сотқа шағым жасалуы мүмкін.

7. Адамды ауруханаға салуға алынған келісім медициналық құжаттамаға жазылып рәсімделеді, оған сол адам немесе оның заңды өкілі және психиатр-дәрігер қол қояды.

 

29- б а п. Психиатрялық стационарға еріксіз түрде орналастыру үшін


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 1068 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)