Негіздер
Психикасының бұзылуы асқынған адамды ауруханаға тексеру және емдеу үшін оның келісімінсіз және оның заңды өкілінің келісімінсіз еріксіз түрде салып, кейінен прокуратура органдарына хабарлау:
1) Оның өзіне немесе айналысындағыларға тікелей қауіп төндіруіне;
2) Оның дәрменсіздігіне, яғни тиісті күтім болмаған кезде негізгі тіршілік қажеттерін өз бетіше қанағаттандыруға қабілетсіздігіне;
3) Егер адам психиатриялық жәрдемсіз қалдырылатын болса, психикалық жай-күінің нашарлауы салдарынан оның денсаулығына елеулі зиян келеріне байланысты жасалды.
30-б а п. Психиатриялық стационарға еріксіз түрде орналастырылған
адамдарды куәландыру
Осы Заңның 29-бабымен көзделген негіздер бойынша психиатриялық стационарға орналастырылған адамды психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясы 48 сағат ішінде міндетті түрде куәландыруға тиіс, ол ауруханаға салудың негізділігі туралы шешім қабылдайды. Ауруханаға салу негізсіз деп танылып, орналастырушы адам психиатриялық стационарда қалуға тілек білдірмесе, ол дереу шығарылуға тиіс.
31-б а п. Ауруханаға еріксіз түрде салуды ұзарту
1. Адамның психиатриялық стационарда еріксіз түрде ұсталуы оны ауруханаға салу жөніндегі негіздер сақталатын уақыт ішінде ғана жалғастырылады.
2. Психиатриялық стационарға еріксіз түрде орналастырылған адамды алғашқы алты ай ішінде оның ауруханада болу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясы кемінде айына бір рет куәландырып отыруға тиіс. Ауруханада болу мерзімін алты айдан уақытқа ұзарту Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәтәппен психиатр-дәрігерлер комиссиясының өтініші негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.
3. Ауруханаға еріксіз түрде салынған адамды кезектен тыс куәландыру пациенттің өзінің немесе оның заңды өкілінің, адвокаттың тілегі бойынша жүргізілуі мүмкін.
32- б а п. Ауруханаға еріксіз түрде салу туралы мәселе
бойынша сотқа жүгіну
Ауруханаға еріксіз салумен келіспеген жағдайда психикасының бұзылуынан зардап шегуші адам немесе оның заңды өкілі сотқа жугіне алады.
33-б а п. Заңды өкілдерінің өтініші немес келісімі бойынша
психиатриялық стационарға орналастырылған
кәмелетке толмаған адамдарды және іс-әрекеттке
қабілетсіз деп танылған адамдарды куәландыру
1. Заңды өкілдерінің өтініші немесе жазбаша келісімі бойынша психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке толмаған адамды және заңды белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз леп танылған адамды осы Заңның 30-бабымен көзделген тәртіп бойынша психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігердер комиссиясы міндетті түрде куәландыруға тиіс.
2. Бұл адамдарды ауруханада болу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін алғашқы алты ай ішінде кемінде айына бір рет психиатр-дәрігерлер комиссиясы куәландырып отыруға тиіс. Ауруханада болу мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен психиатр-дәрігерлер өтініші негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.
3. Психиатр-дәрігерлер дәрігерлер комиссиясы немесе психиатриялық стационардың әкімшілігі кәмелетке толмаған немесе заңмен белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның заңды өкілдері оларды ауруханаға салғанда қиянат жасауға жол берілгенін анықтаған жағдайда психиатриялық стационардың әкімшілігі бұл туралы қамқорлыққа алынған адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлайды.
34- б а п. Психиатриялық стационардағы пациентттердің
құқықтары
1. Психиатриялық стационарға орналастырылған пациентке оның құқықтары мен стационарда белгіленген ережелер оның өзі білетін тілде түсіндірілуге тиіс, бұл туралы медициналық құжаттамаға жазба жасалып, кейіннен заңды өкіліне хабарланады.
2. Психиатриялық стационарда емделіп немесе тексеріліп жатқан пациенттердің бәрі:
1) Емделу, тексерілу, психиатриялық стационардан шығу және осы Заңмен берілген құқықтарының сақталуы мәселелері бойынша тікелей бас дәрігерге немесе бөлімше меңгерушісіне өтініш жасауға, мемлекеттік органдар мен адвокатқа щағымдар және арыздар беруге, адвокатпен және діни қызметшімен оңаша кездесуге, діни салтттарды орындауға, діни қағидарларда сақтауға;
2) Газеттер мен журналдарды жаздырып алуға;
3) Егер пациент 18 жасқа толмаған болса, жалпы білім беретін мектептің немесе интеллетілік дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектептің бағдарламасы бойынша білім алуға;
4) Егер пациент өндірістік еңбекке қатысатын болса, еңбегінің мөлшері мен сапасына сәйкес басқа азаматтармен бірдей сыйақы алуға;
5) Хат-хабар алысуға;
6) Сәлемдеме, бандероль,ақша аударымдарын алуға және жіберуге;
7) Телефонды пайдалануға,
8) Келішулерді қабылдауға;
9) Ең қажетті заттарды ұстауға және сатып алуға, өз киімін пайдалануға құқылы.
3. Газеттер мен журналды жеке жаздырып алу, байланыс қызметін және тағысын тағыларды пайдалану олар берілетін пациенттің есебінен немесе қайырымдылық түсімдер есебінен жүзеге асырылады.
35- б а п. Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде қауіпсіздікті
қамтамасыз ету шаралары
1. Стационарлық психиатриялық жәрдемді, ауруханаға салынған адам мен басқа адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мейлінше аз шектеулі жағдайларды, медицина қызметкері оның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып жүзеге асырады.
2. Ауруханаға еріксіз салынып, психиатриялық стационарда болған кезінде ауруханаға салынған адамға күш қолданып қысым жасау мен оқшаулау шаралары оның өзіне немесе басқа адамдарға тікелей қауіп төндіретін іс-әрекетін, психиатр-дәрігердің пікірінше, өзге әдістермен тыйу мүмкін болмаған кезде қолданылады және медицина қызметкерінің тұрақты бақылауымен жүзеге асырылады.Күш қолданып қысым жасау немесе оқшаулау шараларының түрлері мен қолданылу уақыты туралы медициналық құжаттамаға жазба жасалып, оның заңды өкіліне хабарланады.
3. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ауруханаға еріксіз салынатын адамды еріксіз куәландыруды жүзеге асырған кезде медицина қызметкерлеріне көмектесуге, ауруханаға салынатын адамды тексеру мақсатымен оның қасына бару үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.Ауруханаға салынған,ауруханаға салынуға тиіс адам (адмдар) тарапынан айналадағыларының өмірі мен денсаулығына қатер төндірілетін жағдайларда құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қазақстан Респуликасының заңдарында белгіленген тәртіппен іс-қимыл жасайды.
36- б а п. Психиатриялық стационардың әкімшілігі мен медицина
қызметкерінің міндеттері
Психиатриялық стационардың әкімшілігі мен медицина қызметкерлері пациенттер мен олардың заңды өкілдерінің осы Заңда көзделген құқықтарын жүзеге асыру үшін мынадай жағдайлар жасауға:
1) Психиатриялық стационарда жатқан пациенттерді қажетті медициналық жәрдеммен, сондай-ақ ұйымның санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптарға сәйкес болуын қамтамасыз етуге;
2) Психикасының бұзылыуынан зардап шегуші адамға немесе оның заңды өкіліне осы Заңның мәтінін, психиатриялық стационардың ішкі тәртіп ережелерін, пациеттердің құқықтары бұзылған жағдайда жүгінуге болатын мемлекеттік және қоғамдық органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың мекен-жайы мен телефондарын беруге;
3) Пациеттердің хат-хабар алысуы, мемлекеттік органдарға, сондай-ақ адвокаттқа шағымдар мен арыздар жіберуі үшін жағдайларды қамтамасыз етуге;
4) Пациент психиатриялық стационарға еріксіз түрде кезден бастап 24 сағат ішінде оның заңды өкіліне немесе өзінің айтуымен өзге де адамға хабарлауға;
5) Пациенттің туыстарын немесе заңды өкілін, сондай-ақ оның көрсетуімен өзге де адамды оның денсаулық жағдайындағы өзгерістер мен басынан өткен төтенше жағдайлар туралы хабардар етуге;
6) Стационарда жатқан пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сәлемдемелер мен беріп жіберілген заттарды бақылап отыруға;
7) Діндар пациенттерге психиатриялық стационарда жатқан басқа пациенттердің мүдделері үшін діни салт-жораларды орындалу кезінде сақталуға тиісті ережелерді және діни қызметшілерді шақыру тәртібін түсіндіруге, діндарлар мен атеистердің ождан бостандығы құқығын жүзеге асыруына жәрдемдесуге;
8) Осы Заңмен белгіленген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
37- б а п. Психиатриялық стационардан шығару
1. Пациент психиатриялық стационардан сауыққан немесе психикалық жай-күйі стационарда одан әрі емдеуді қажет етпейтіндей жақсарған, сондай-ақ стационарға орналастыру үшін негіз болған тексеру немесе сараптама аяқталған жағдайда шығарылады.
2. Психиатриялық стационарда өз еркімен жатқан пациент одан өзінің жеке арызы, оның заңды өкілінің арызы бойынша немесе оны емдеуші дәрігердің шешімі бойынша шығарылады.
3. Психиатриялық стационарға еріксіз түрде орналастырылған пациент одан психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы бойынша шығыралады.
4. Соттың ұйғарымы бойынша медициналық сипттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған шаралары қолданылған пациенттің шығарылуы сот ұйғарымы бойынша ғана жүзеге асырылады.
5. Психиатриялық стационарға өз еркімен орналастырылған пациенттің, егер психиатриялық ұйымгның психиатр-дәрігер комиссиясы оны осы Заңның 29- бабымен көзделгендей ауруханаға еріксіз түрде салу негіздерін анықтайтын болса, одан шығарылуынан бас тартылуы мүмкін.Мұндай жағдайда оның психиатриялық стационарда болуы,ауруханада ұсталуын ұзарту және стационардан шығарылуы туралы мәселелер осы Заңның 30-32-баптарымен және осы Заңның осы бабындағы 3- тармақпен белгіленген тәртіппен шешіледі.
38- б а п. Психоневрологиялық ұйымдарға адамдарды
орналастырудың негіздері мен тәртібі
1. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамды психоневрологиялық ұйымға орналастыру үшін туыстарының не оның заңды өкілінің арызы және психиатр-дәрігер қатысатын дәрігерлер комиссиясының қорытындысы; кәмелетке толмаған адамға – психологиялық-медициналық-педогогикалық консультацияның қорытындысы; заңда белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсз деп танылған адамға – психиатр-дәрігердің қатысуымен дәрігерлер комиссиясы берген қорытынды негізінде қабылданған қорғаншы және қамқоршы органның шешімі негіз болады. Қорытындыда адам психикасының оны әлеуметтік қамсыздандырудың мамандырылмаған ұйымында болу мүмкіндігінен айыратындағыдай болып бұзылғаны туралы, ал іс – әрекетке қабілетті адам жөнінде- сот алдында оны іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы мәселе қоюға негіз болмауы жөніндегі мәліметтер де болуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғаншы және қамқоршы органдар психоневрологиялық ұйымға орналастырылатын адамдардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін шаралар қолдануға міндетті.
39- б а п. Кәмелетке толмағандардарды арнайы оқыту үшін
психоневрологиялық ұйымға орналастырудың негіздері
мен тәрітібі
Кәмелетке толмаған адамды арнайы оқыту мақсатымен психоневрологиялық ұйымға жіберу үшін адам психикасының бұзылуы негіз болады.Ол ата-анасының не оның заңды өкілінің арызы және республикалық, облыстық немесе қалалық психологиялық-медицицналық- педагогикалық консультация қорытындысының негізінде жіберіледі. Қорытындыда кәмелетке толмаған адамды интеллектуальдық дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектептер жағдайында оқыту қажеттігі туралы мәліметтер болуға тиіс.
40- б а п. Психоневрологиялық ұйымдарда, арнайы оқытатын
мектептерде тұратын адамдардың құқықтары және осы
ұйымдар әкімшілігінің міндеттері
1. Психоневрологиялық ұйымдарда немесе арнайы оқытатын мектептерде тұратын адамдар осы Заңның 34- бабамен көзделген құқықтарды пайдаланады.
2. Психоневрологиялық ұйымның немесе арнайы оқытатын мектептердің әкімшілігі мен қызметкерлерінің онда тұратын адамдардың құқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттері осы Заңның 36- бабаымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру туралы және білім беру туралы заңдармен белгіленеді.
3. Психоневрологиялық ұйымның немесе арнайы оқытатын мектептердің әкімшілігі онда тұратын адамдарды бұл ұйымда одан әрі ұстау туралы, олардың іс-әрекетке қабілетсіздігі, медициналық және әлеуметтік оңалуы жөніндегі шешімдерді қайта қарау мүмкіндігі туралы мәселені шешу мақсатымен психиатр-дәрігердің, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қатысуымен дәрігерлер комиссиясын тарта отырып, оларға жылына кемінде бір рет куәландыру өткізеді.
41- б а п. Психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын
мектептерден ауыстыру және шығару
1. Психиатр-дәрігердің, психологиялық –медициналық-педагогикалық консультацияның қатысуымен, дәрігерлер комиссиясы мамандандырылған психоневрологиялық ұйымда тұруға не оқуға медициналық айғақтар болмауы туралы берген қорытынды психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамды психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен жалпы үлгідегі осындай ұйымға ауыстыру үшін негіз болады.
2. Психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен шығару:
1) психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамның өз арызы бойынша, психиатр-дәрігердің қатысуымен дәрігерлер комиссиясымен денсаулық жағадйы бойынша бұл адамның жеке тұра алатыны туралы қорытындысы болған кезде;
2) шығарылатын кәмелетке толмағандарды не заңда белгіленген тәртіп бойынша іс – әркекетке қабілетсіз деп танылған адамды күтіп-бағуды жүзеге асыруға міндеттенетін ата-анасының, өзге туыстарының немесе заңды өкілінің арызы бойынша жүзеге асырылады.
V т а р а у. ПСИХИАТРИЯЛЫҚ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН САҚТАЛУЫН ҚОҒМДЫҚ БАҚЫЛАУ
42 – б а п. Азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардың
психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адам
құқықтарының сақталуын бақылау жөніндегі қызметке
құқықығы
1. Азаматтар, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер,қорлар, қауымдастықта, діни бірлестіктер, сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциалық емес білестіктердің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге мүдделі адамдарды, олардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша және өз бастамасымен жәрдемдесуге бағытталған қызметін кедергісіз жүзеге асыруға құқылы.
2. Қоғамдық бірлестіктердің өкілі психиатриялық немесе психоневрологиялық ұйымдардың әкімшілігімен ондағы адамдарға барып-тұру щарттарын келісуне, оларда қолданылатын ережелерімен танысуға, оларды орындауға және дәрігерлер қупияны жария етпеу туралы міндеттемеге қол қобға міндетті.
43- б а п. Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адамның
құқықтары мен бостандықтарының сақталуын бақылау
жөніндегі қызметті жүзеге асыру
1. Осы Заңның 42- бабында аталған мақсаттар міндеттерді іске асыру үшін азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдар:
1) Жергілікті, ұлттық және халықаралық, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға, бұқаралық ақпаррат құралдарына психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адам құқықтары мен бостандықтарының проблемалары мен бұзылу фактілері жөнінде арыз, өтініш, петиция беруге;
2) Сайлау науқаны кезінде психиатриялық және психоневрологиялық емдеу ұйымдарының жанынан құрылған сайлау усачкелеріне тәуелсіз байқаушылар ретінде еркін кіруге;
3) Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адам құқықтары мен бостандықтарының сақталу мәселелері жөнінде тәуелсі, оның ішінде халықаралық байқаушы, инспекциялық миссияларды құруға және оның қызметіне қатысуға;
4) Тәуелсіз психиатриялық және өзге де медициналық сараптама комиссияларын құруға және оның қызметіне қатысуға;
5) Психиатриялық жәрдем көрсетілетін адамдардың білікті заң қызметін алуына жәрдемдесуге, белгіленген рәсімдерді сақтай отырып, олардың заңды өкілдері болуға;
6) Аталгған адамдарға олардың мәдени және діни қажеттерін қанағаттандыру,діни салт-жораларды атқару ісіне жәрдемдесіп, көмек беруге;
7) Арнаулы, жалпы медициналық және санаторий - курорттық емнің, медицина, заң және өзге де мамандары мен консультанттары қызметі, байланыс қызметінің, мерзімді және өзге де басылып шығатын басылымдардың, сондай-ақ медициналық айғақтарф бойынша тыйым салынбаған тамақ өнімдерінің, гигиена және жеке пайлаланатын заттардың ақысын қоса алғанда, аталған адамдарға қайырылымдылық көмек көрсетуге құқылы.
2. Азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдар (бірлестіктер, қауымдастықтар) осы Заңның 42- бабында аталған өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа нысаналарда жүзеге асыруға құқылы.
VI т а р а у. ПСИХИАТРИЯЛЫҚ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУДІ ЖӘНЕ ОНЫ КӨРСЕТКЕН КЕЗДЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРІ ПСИХИАТРИЯЛЫҚ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУДЕГІ ҚЫЗМЕТТІ БАҚЫЛАУ
44- б а п. Психиатриялық жәрдемнің толық және сапалы
көрсетілуінің мемлекттік кепілдіктері
1. Мемлекет меншік нысандарына қарамастан психиатриялық және психоневрологиялық ұйымдар, оның ішінде жеке жұмыс істейтін психиатр-дәрігерлер көрсететін психиатриялық жәрдемнің толық және сапалы болуына:
Психиатрөдәрігерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесі мен психиатриялық практикамен айналысу құқығына лицензиялар беру;
Емдеудің және психиатриялық жәрдем көрсетудің әдістері мен құралдарының біріңғай жүйесін қолдану;
Психиатр-дәрігерлер мен психоневрологиялық ұйымдарыдың кәсіби қызметін мемлекеттік бақылау жүйесі;
Психиатриялық және психоневрологиялық емдеу ұйымдары жанындағы құқықтық көмек пен заң көмегінің жүйесі арқылы кепілдік береді.
2. Психиатр-дәрігерлердің, психиатриялық және психоневрологиялық ұйымдардың кәсібі қызметіне мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары, жергілікті өкілді және атқарушы органдары жүзеге асырады.
45- б а п. Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде заңдылықтың
және адам құқықтарының сақталу кепілдіктері
Психиатриялық ж»әрдем көрсету кезінде заңдылықтың және адам құқықтарының сақталуын қадағалауды Қазақстан Респуликасының Прокуратура органдары жүзеге асырады.
46- б а п. Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік
Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.
47- б а п. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар мен осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 781 | Нарушение авторских прав
|