АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Жалпы психопатология 1 страница

Прочитайте:
  1. B Жалпы наркоз
  2. B Жалпы наркоз
  3. DRAGON AGE: THE CALLING 1 страница
  4. DRAGON AGE: THE CALLING 10 страница
  5. DRAGON AGE: THE CALLING 11 страница
  6. DRAGON AGE: THE CALLING 12 страница
  7. DRAGON AGE: THE CALLING 13 страница
  8. DRAGON AGE: THE CALLING 14 страница
  9. DRAGON AGE: THE CALLING 15 страница
  10. DRAGON AGE: THE CALLING 16 страница

III тармақ

Психикалық ауру

Тарау

ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАР ЭТИОЛОГИЯСЫ

 

Қатаң негізделген тәжірибелік профилактикалық, емдік және реабилитациялық іс-шаралар жүйесін құруда психикалық аурулардың түп негізі, себептері, пайда болу жағдайлары, клиникалық көрінісінің түзілуіне қоршаған ортаның, тұлғаның индивидуальды ерекшеліктерінің әсері, патологиялық процесстің ағымы мен аяқталуы жөніндегі жетік білімге сүйену қажет.

Психикалық қызмет патологиясы адамның сыртқы ортаға бейімделуін күрт өзгертеді және шынайы өмірдің күрделі формаларының бейнеленуін бұзады. Психикалық ауру тудырушы факторлар өте көп. Олардың бірі белгілі болса (органикалық, инфекциялық, интоксикациялық психоз), кейбірлерінің сипатын тек жанама белгілері бойынша байқай аламыз (шизофрения, эпилепсия). Психикалық аурулар этиологиясын зерттеу әлі де аяқталмаған процесс.

Психикалық аурулардың себептерін организмге қатысты сыртқы- экзогенді және ішкі-эндогенді деп бөледі. Экзогенді ауру тудырғыш агенттерге инфекция, интоксикация, мидың жарақаттан кейін зақымдалуы, церебральды ісіктер, психогениялар (психикалық жарақаттардың әсерінен рухани күйдің бұзылуы), соматогениялар жатады. Ал эндогенді себептер тұқымқуалаушылық және адамның конституциялық ерекшеліктеріне, жас кезеңдеріне байланысты. Этиологиялық факторларды экзогенді және эндогенді деп бөлу тәжірибелік психиатрияда кеңінен қолданылады. Этиологиялық принцип психикалық ауруларды жіктеуде шешуші рөл атқарады. Теориялық жағынан зиянды факторларды эндогенді және экзогенді деп бөлу дұрыс бола бермейді. Мұны түсіну үшін қоршаған орта әсеріне жауап ретінде адам организмнің барлық реакциялары (физиологиялық, патофизиолгиялық) ұзақ эволюция барысында қалыптасқандығын еске түсіру қажет. Осы реакциялардың кейбірі адам ағзасының зат алмасу үрдісіне орнығып, тұқым қуалайтын ерекшелікке айналған. Осылайша, сыртқы ортаның белгілі бір әсеріне организмнің индивидуальды жауабы оның болашақ ұрпақтары үшін алдын – ала бағдарланған болып табылады. Басқаша айтқанда белгілі бір субьект үшін экзогенді болған себеп оның ұрпақтары үшін эндогенді болып табылады. Ұлы орыс клиницисті С. П. Боткин ауру сыртқы ортаның организмге тікелей немесе оның алыс-жақын ата - аналары арқылы әсер етуінен пайда болатынын айтқан. Адам эволюциясының күрделі даму жолында организмнің сыртқы ортаға бейімделу реакциясы ғана емес, сыртқы ортаның өзі де өзгерді. Адам үнемі қоршаған ортаны өзіне бейімдеу үшін өзгертіп келді. Бұл өзгерістер ақыр соңында адамның өзін өзгертті.

Ауру туғызушы фактормен кездесу міндетті түрде ауруға шалдығу деген сөз емес. Қолайсыз факторлар дерт туындатуы үшін ағза белгілі бір жағдайда болуы керек. Осылайша, дертті құбылыс этиологиясы жайсыз фактор болып табылмауы да мүмкін. Методологиялық тұрғыдан аурудың себебі – ауру тудырғыш элемент пен оны қабылдауға қабілетті организм қарым – қатынасы процессі. Тіпті тұқымқуалаушылықтары бірдей бола тұра бір жұмыртқалы егіздердің біреуінің шизофрения немесе маниакальды- депрессивті психозбен ауруы, екіншісінің бұл аурулармен жүз пайыз ауыратындығын білдірмейді. Сондықтан бұл жерде психикалық аурулардың тұқымқуалаушылығы жөнінде емес, оларға бейімділіктің тұқымқуалайтындығын айтуымыз керек. Мәселе организмнің алдын-ала ауруға бейімделігінде. Бұл бейімділік ауруға ұласа ма, жоқ па, ол организмнің өмір сүру ортасындағы жағдайларға байланысты. Эпидемиологиялық зерттеулерге сүйенсек шизофрения тәрізді эндогенді ауруларда спонтанды дебют өте сирек кездесетіндігі анықталған. Науқастардың басым көпшілігінде дерттің басталуына психожарақаттаушы ситуация, соматикалық аурулар, алкогольмен уланулар себеп болған. Экзогенияларға сезімтал науқастарда сол зиянды факторлар шизофренияның қайта өршуін және ұстамалар рецидивін шақыра алады. Эндогенді психоз тудыратын сыртқы орталық әсерлерді зерттеу психопрофилактика үшін маңызды.

Экзогенді зияндылықтардың ауру тудыруы үшін оған бейім жағдайлардың рөлі маңызды. И.П.Павлов тәжірибесінде жоғарғы жүйке жүйесінің күшті типімен, бұрын стресске төзімді жануарлар кастрациядан кейін неврозға жеңіл шалдығатынын көрсетті. Отандық психиатрлар С.Г.Жислин, Е.К. Краснушкин, Л.Л.Рохлин психогенді ауру тудыратын соматикалық өзгерістерге назар аударған. Г.Е.Сухарева өз жұмыстарында инфекциялық психоздардың жиі жақын уақыт аралығында психикалық жарақат алған немесе резидуальды церебральды жетіспеушілігі бар балаларда кездесетіндігін атап көрсетті. Психикалық аурулардың дамуына ықпал ететін немесе кедергі болатын факторлар ретінде адамның жынысы мен жасы да маңызды. Генеративті функциялардың ерекшеліктеріне (менструальды цикл, жүктілік, босану, лактация, климакс) байланысты жоғары эмоционалдылық, айқын циклдылық және зат алмасудағы өзгерістер – осылардың барлығы әйелдерде ерлерге қарағанда истерия, маниакальды-депрессивті және пресенильді психоздардың жиі кездесуіне себеп болады. Ал алкогольді психоз, мерездік психоз, жарақаттар және церебральды атеросклероз елдер арасында көбірек кездеседі.

Жас кезеңдеріне байланыссыз аздаған психикалық аурулар тобы бар. Организмге адаптациялық қиындықтар туғызатын жас кезеңдерінде күрт өзгерістер (пубертатты криз, климакс) невроз, реактивті жағдайлар, психопатиялар декомпенсациясы, шизофрения, маниакальды - депрессивті психоз ауруларына бастама береді. Қарттық және пресенильді психоздар кезінде жастық факторлардың рөлі маңыздырақ.

Өндірістік фактор психикалық бұзылыс себебі түрінде (проффесиональды аурулар кезінде), кейде оған бейімдейтін жағдай рөлін атқарады. Мысалы, өнеркәсіп жағдайындағы үнемі шу, вибрация, эмоциональды жүктеме қантамырлық ауруды ауырлатып, психопаотологиялық симптоматиканың дамуына ықпал ете алады. Кезеңдік ағымдағы эндогенді психоздар үшін маусымдық фактор, ал метеотропты фактор қантамырлық патологиямен немесе БМЖ-нан кейінгі резидуальды құбылыстармен адамдар үшін маңызды. Егер нақты себеп болмаса, тек ауруға бейімдейтін жағдайлар психикалық ауру шақыруға қабілетті емес. Мысалы, барлық бейімдеуші жағдай болғанымен организмде солғын спирохета болмаса, ми мерезі немесе үдемелі салдану туындамайды. Елде малярия тәрізді қауіпті инфекциялар жойылғандықтан қазіргі кезде осы аурумен байланысты психоздар да кездеспейді.

Осылайша, аурудың себептері де, оларға бейімдейтін жағдайлар да экзогенді де, эндогенді де бола алады. Тәжірибеде нақты аурудың себебі мен бейімділік жағдайын ажырату қиын, бұл кейбір ауруларды полиэтиологиялы деуге негіз болды. Білім жетіспеушілігінен құбылысты қарапайым түсіндіруге тырысамыз. Өмірде өзара қатынас және себеп-салдар қатынасы әлдеқайда күрделі. Осындай өте күрделі мәселелерге психикалық аурулардың этиологиясы мен патогенезі қатысты.

Психикалық аурулар патогенезі

 

Патогенез – аурудың даму механизмі. Патогенетикалық механизмдер тұқымқуалаушылық сипатта қалыптасты және адамға заманға сай ұзақ табиғи-тарихи күрделі даму нәтижесінде қонды. Орныққан патогенетикалық үрдіс физиологиялық, биохимиялық, электрофизиологиялық, психикалық реакциялардан және мүшелер мен тіндердегі структуралық өзгерістерден тұрады, басқаша айтқанда патогенез уақыт аралығында ғана емес, белгілі бір кеңістікте күрделене түседі, сәйкес локализациясы болады. И.В.Давыдовскийдің пікірі бойынша морфологиялық өзгерістер белгілі даму заңдылықтарына тәуелді, олар үрдістің жеке фазаларын (әдетте стереотипті және циклды) суреттейді, үрдіске тұрақтылық сипатын береді. Патогенез үрдістің территориалдылығын білдіреді, ал ол аурудың клиникалық көрінісінде бейнеленеді. Патогенез арқылы ауру себептерінің әсері организмнің жауап реакциясымен әрекеттеседі. Көптеген ауру тудырушы себептердің әсеріне ағза шектелген реакциялар жиынтығымен жауап береді. Реакцияның түрі, бағыты, сапасы, қарқыны ағзаның жеке мүмкіншілігіне байланысты. Егер ағза мүмкіншілігі шектелген немесе мүлдем болмаса, онда оның жауап реакциясы болмайды немесе әлсіз болады. Мысалы, кішкене балаларда психоз моторлы және аффективті бұзылыстармен – қимылдық қозу немесе ступор, қорқыныш, агрессивтілікпен көрінеді. Оларда сандырақ кездеспейді, себебі оларда тұлғаның идеаторлы құрылымы жетілмеген, абстрактылы-логикалық ойлау қабілеті жетілмеген. Тек жасөспірімдерде психоздың клиникалық көрінісінде сандырақ элементтерін байқай аламыз, олар эпизодты, тұрақсыздықпен, толық ашылмаған фабуламен, полиморфизммен, жүйесіз сипатпен көрінеді. Ересек адамға тән сандырақ сапасын, тек есейген балаларда кездестіреміз.

Патологияның ортақ теориясына сәйкес түзілген патогенетикалық үрдіс өзіндік даму, қозғалыс заңдылығына бағынады. Ауру себебі бір мезетте әсер етуі мүмкін, бірақ ол тізбекті реакция түрінде бірінен соң бірі қосылып тұратын көптеген компенсаторлы және бейімделу жауаптарын қозғалысқа алып келеді. Бір себеп әр түрлі бағдарламаларды қозғалысқа алып келеді: нақты қайсысы екені - қосымша жағдайларға тәуелді. Алкогольді шектен тыс қолдану көптеген аурулардың себебі бола алады: ақ қызба, алкогольді параноид, алкогольды галлюциноз, Корсаков психозы, Гайе - Вернике энцефалопатиясы т.б. Мерез жұғуы әсерінен орталық жүйке жүйесі зақымдалуы мүмкін, ол үдемелі салдану, ми мерезі сияқты жеке аурулар түрінде көрінеді. Сонымен қатар әртүрлі себептер бір бағдарламаға тұрақтап, патогенезі бір болуы мүмкін. Мысалы, делирий себебі көптеген соматикалық аурулар, уланулар, ми жарақаты, көптеген жедел инфекциялар бола алады. Осылайша, патогенез аурудың клиникасын, симптоматикасын, синдром түзілу бағытын, патологиялық үрдістің нәтижесін анықтайды. Бірақ этиология, не болмаса патогенез бөлек алғанда нозологиялық форманы анықтамайды. Нозологиялық формада этиология мен патогенез бірігеді: бір нозологиялық формаға этиологиясы мен патогенезі бір жағдай жатады.

Психикалық аурудың теориялық моделі – жалпылама, типті түсінік. Дерт белгілі бір адамды зақымдайды және белгілі бір субъектке тән жауап беру ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл ерекшеліктер ауру организмінің бастапқы физиологиялық жағдайына, жоғарғы жүйке жүйесінің типіне, мінез-құлқына, жынысына, жасына, тұқым қуалау ерекшеліктеріне, иммунологиялық реактивтілігіне, басқа да науқастың конституциялық ерекшеліктерін сипаттайтын жағдайларға тәуелді. Индивидуальдылық жауап реакцияны өзгертеді, ауру клиникасында ауытқулар пайда болуына ықпал етеді. Өйткені әр адам табиғаттың қайталанбас туындысы, дерт кезіндегі атиптілік, типтіліктен гөрі табиғат заңына сәйкесірек болып табылады. «Нозологиялық қорытынды жалпылама түрде ғана шынайылықты көрсетеді; олар шындыққа сәйкес, бірақ барлық шындықтың бетін ашпайды, яғни, индивидуальдылық маңыздылығын толық ашпайды. Барлық этиологиялық факторлар салыстырмалы түрде ғана патогенді, ал пайда болған патологиялық үрдістер біртекті емес, өйткені әрқайсысы индивидуальды». Нозологиялық диагноз қоюда клиникалық көріністегі ауытқуларды түсіну үшін науқасты дұрыс қарап, анамнездік мәліметтерді толық анализдеу керек.

Патогенез сұрақтарын жақсы білу рацоналды, яғни патогенетикалық терапияның дұрыс жүргізілуіне себеп болады. Бұл ем аурудың клиникалық көрінісінің негізіне жатқан тізбекті реакцияларды үзу үшін қолданылады.

Психикалық аурулар ағымы және нәтижесі

Зиянды факторлар күрт, массивті әсер еткенде ауру жедел басталады. Осылайша, көптеген экзогенді психоздар, рекуррентті шизофрения, маниакальды депрессиялық психоздың ұстамалары, эпилепсиялық психоз басталады. Жедел экзогенді психоз кезінде кеше ғана өзін дұрыс ұстап, жұмыс істеп жүрген науқас бүгін сандырақ идеялар айтып, санасының шатасқанына шағымданып, қоғамға қауіп төндіретін әрекеттер жасайды. Ал кейбір жағдайларда психикалық денсаулық пен дертті жағдай арасындағы шекара анық емес болатыны соншалық, аурудың басталуын анықтауда бірнеше жылдарға дейін жаңылысуға болады. Дерттің мұндай бастамасы созылмалы ағымдағы психикалық ауруларға тән. Кей кездерде жедел басталған психикалық ауру созылмалы түрге ауысуы мүмкін, ал керісінше, дерт жай, біртіндеп басталып күрт өршуге ауысып, артынан тұрақты ремиссияға көшіп, адам әлеуметтік пайдалы қызметке оралуы мүмкін. Сонымен қатар, аурудың жедел бастамасы деп түсінгеніміз, зейін қойып, дұрыс тексергенде, кейде ерте сатыда анықталмаған психоз манифестациясы болып шығады.

Психикалық аурулар ағымының мынадай негізгі кезендерін бөледі:

1. продромальды (инициальды) - ерте симптомдар кезеңі

2. манифестті - психопатологиялық синдромдардың максимальды ашылған және күрделіленген кезеңі.

3. кері даму кезеңі – дертті үрдіс белсенділігінің басылуы және симптоматика редукциясы.

Кейбір авторлар продромальды кезеңде ең алғашқы ізашар кезеңді бөліп айтады, бұл уақытта ұзақ мерзімдік қауіпсіз күйлермен ауысып тұратын қысқа уақытқа церебральды жетіспеушіліктің полиморфты белгілері пайда болады. Сиптоматиканың эпизодтылығы мен дискреттілігі ағзаның аурумен күресу жолындағы қорғаныш күші болып табылады, дертті аластатуға тенденция болса, оның болжамы жайлы болып табылады. Осы кезеңді кейде латентті деп, яғни көзге көрінбейтін ауру белгілерін белгілеуде қолданады, ауру үрдісінің белсенді сатысына ауысу кезеңінде анықталады. Манифестация және аурудың кері дамуы кезеңінде барлық клиникалық ерекшеліктері, ауру ағымы, патологиялық үрдістің қатерлілік дәрежесі, аяқталу тенденциясы анықтала түседі.

Психикалық аурулар ағымының сипатына қарай прогредиентті және прогредиентті емес деп бөлінеді. Прогредиентті дегеніміз ауру көрінісінің ауырлауымен үдемелі нашарлау жағдайын түсінеміз, нәтижесінде әлеуметтік дезадаптацияға, науқастың тұрақты мүгедектігіне әкеліп соқтырады. Прогредиентті ауруларға ақыл кемдігіне алып келетін бас миының органикалық аурулары, психопатологиялық өнімнің ауырлауымен ғана емес, психикалық ақаудың тереңдеуімен, интеллектуальды, эмоциональды және еріктік функциялардың жоғалуымен жүретін алкоголизм, наркомания, эпилепсия, шизофрения жатады. Қайсы бір нозологиялық формаға тәнділік патологиялық үрдістің прогредиенттілігін толығынан ашпайды. Бір ауру шеңберінде прогредиенттілік дәрежесі әр түрлі формалар мен жеке жағдайлар кездеседі. Осылайша, аз прогредиенттіге, рекуррентті шизофрения, баяу ағымды (көбіне невроз тәрізді) шизофренияны, дөрекі прогредиенттіге - қатерлі жасөспірімдік формасын жатқызамыз. Бір ауру ағымының әр сатысында прогредиенттілік дәрежесі өзгеріп отырады.

Ауру ағымы үздіксіз немесе ұстама тәрізді өтеді. Ауру үздіксіз ағымда өткенде психопатологиялық симптоматика өршіп, әлсіреп тұрады, бірақ дертті бұзылыстар толық жоғалмайды. Ұстама тәрізді ағымда ауру белгілері әртүрлі айқындылық пен ұзақтықтағы ашық аралықтармен үзіліп тұрады. Ашық аралықтар кейде толық саулық жағдайына ұқсас болады. Мұндай аралықтарды интермиссия (сауығу) деп атасақ, ал ауру ағымын интермиссиялаушы немесе циркулярлы деп атаймыз.

Мұндай ағымда кезеңдік шизофрения және маниакалды-депрессивті психоз өтеді. Интермиссия кейде жылдарға созылады, жылына бір-екі ұстама болып, науқастың қалған өмірінің барлығы интермиссия болуы мүмкін. Психоздың циркулярлы дамуы кезіндегі ұстамаларды фаза деп атайды. Ұстама тәрізді ағымның ремиттирлеуші ағымы түрінде дертті жағдай толық жоғалмайды, ұстама аралық кезеңдерде, ремиссияда психопатологиялық өнімнің «ұшқындары» қалады; сонымен қатар әр ұстамадан кейін күшейіп тұратын дефицитарлы симптоматика бақыланады.

Жедел экзогенді психоз (ақ қызба) ағымына қарай транзиторлы болып табылады, яғни жеке психозды эпизодпен көрінетін өткінші сипатта болады.

Психоздың нәтижесі толық немесе толық емес айығу бола алады.Толық емес айығу психикалық кемшілік дамығанын білдіреді, психикалық қызметтің аса зорығуымен (тұрақты астенизация), психопатизациямен, энергетикалық потенциалдың төмендеуімен көрінеді, ол өз кезегінде әлеуметтік бейімделуді бұзады. Белсенді патологиялық үрдістің басылуымен прогредиентті ағымдағы аурулар органикалық, эпилепсиялық және шизофрениялық ақыл кемдігіне әкеліп соқтырады. Психикалық ауру нәтижесіндегі өлім - өте сирек кездесетін құбылыс (АҚШ,Англия,Франция және т.б). Психикалық аурулар нәтижесіндегі өлім басқа себептер нәтижесіндегі өлімдер ішінде 0.03 пайыздан 0.05 пайызға дейін орынды алады. Күрт қозу және сана күңгірттенуімен жүретін ақ қызба және басқа жедел экзогенді психоз нәтижесі өлімге соқтыруы мүмкін (өлімге алып келетін кататония); гипертоксикалық шизофрениямен, эпилепсиялық статустағы науқас, үдемелі сал ауруындағы маразм жағдайындағы науқас, Пик немесе Альцгеймер ауруындағы ақыл кемдігі жағдайындағы аурулар өлім жағдайына ұшырауы мүмкін. Жиі психозбен зардап шегетіндер жалпы соматикалық және инфекциялық аурулардан өледі, қоғамдық қауіпті әрекеттер жасау нәтижесінде мертігеді.

Тарау

ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Клиникалық әдіс

 

Клиникалық әдіс психикалық аурулар диагностикасында негізгі әдіс болып табылады. Ол науқастың паспорттық мәліметтерінен, шағымдарын анықтау, анамнездік мәліметтерін жинау, соматикалық және неврологиялық тексерулер, психикалық жағдайын зерттеуден тұрады.

Сұрау әдісі. Клиникалық зерттеу кезінде дәрігерге психикалық науқастармен белгілі дағдыларды қажет ететін тіке қатынасқа түсуіне тура келеді. Мұндай дағдылар студенттердің психиатрия курсын өтуінде түзіліп, кейін дәрігерлік қызметінде толығымен қалыптасады. Егер дәрігер науқасты тиянақты түсінушілікпен тыңдаса, ол өз күйзелісін аша түседі, психикалық патологияны анықтау оңайға түседі. Науқастың сөздеріне күлуге, оның сандырақтық ойларына сөз таластыруға, ауру диагнозы жайлы анықтама беруге болмайды, науқаспен достық, еркін тақырыпта әңгімелесуге болмайды. Науқаспен және оның туыстарымен жеке сөйлесу керек, әңгіме мазмұны басқа науқастарға мәлім болмауы керек.

Паспорттық мәліметтерге науқастың фамилиясы, есімі, әкесінің аты, жасы, жынысы, тұрғылықты жері, мамандығы, жұмыс орны кіреді. Науқастың жасы психикалық үрдістердің даму деңгейін ғана емес, белсенділігін де көрсетеді. Психикалық аурудың клиникалық көрінісі едәуір дәрежеде жастық факторға тәуелді; кейбір аурулар дебюті жас кезеңіне тығыз байланысты. Науқастың білімі мен мамандығы дәрігермен әңгімелесудің деңгейін анықтайды; мамандыққа байланысты ауруларда науқастың мамандығы және жұмыс орны жөніндегі мәлімет шешуші рөл атқарады; жұмыс орны мен лауазымы психикалық науқастың әлеуметтік еңбектік адаптациясы, тұлғалық қасиеттерінің сақталуы және оның өмірлік ұстанымдарының дұрыстығы жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Шағымдарын анықтау және анамнез жинау сұрастыру тәсілімен іске асырылады. Психикалық дерт науқастың өзге адамдармен қарым- қатынасын, дерт көріністеріне сыни көзқарасын өзгертеді. Мұның барлығы сұрастыру кезінде ақпараттың толықтылығына және мазмұнына әсерін тигізеді. Сонымен психоз жағдайындағы науқас өзін дені сау деп санай отырып, ешқандай шағымдар айтпай, ауруын жасыруы мүмкін. Ипохондриялық сандырақпен науқас өзін ауыр физикалық күйдемін деп есептеп, соматикалық сипаттағы шағымдар айтады (ауру сезімі, ішкі мүшелер бұзылысы, әлсіздік, жүдеу). Ақырында, науқас жеке адамдардың немесе ұйымдардың соңына түскеніне, гипнозбен, сәулелермен, электр тоғымен әсер етуіне, материалды және моральды шығын келтіруіне шағымдануы мүмкін, яғни өзінің сандырақ идеяларын шағым ретінде айтып беруі мүмкін. Сонымен, науқас шағымдарымен танысу зерттеушіге патологияны анықтауда бағдар береді.

Анамнезді тек аурудың сөздерінен ғана емес, сонымен қатар басқа да науқасты танитын адамдардан да жинаған дұрыс. Науқаcтан жиналған анамнез (субьективті анамнез) есте сақтау, сана бұзылуында, сандырақ жағдайларында, диссимуляция кезінде дұрыс мәлімет бермеуі мүмкін. Науқас кейде өзінің туысқандарындағы бар психикалық аурулар жайында, балалық шағының ерекшеліктері жөнінде, басынан өткерген соматикалық аурулары, бас-ми жарақаттары, орын алған талмалар, ұстамалары жайында біле бермейді. Мұндай жағдайларда туыстарын, достарын, көршілерін сұрастыру қажет – мұны объективті анамнез деп атайды. Обьективті анамнезді науқастың қатысуымен жинауға болмайды.

Анамнезді екі бөлімге бөледі: өмір анамнезі және ауру анамнезі.

Кей жағдайларда бертін келе тұлға дамуына әсерін тигізген, бүкіл өмір бойында бірге келе жатқан туа пайда болған немесе жүре пайда болған ерте жас кезеңіндегі психикалық патологиялар жөнінде өмір анамнезінен бөлек мәлімет жинау мүмкін емес.

Өмір анамнезін жинауда ең алдымен тұқым қуалаушылық мәселесін айқындау керек – ата–анасының және жақын туыстарын психикалық денсаулық жағдайын, жеке бас ерекшеліктерін толық анықтап алу керек. Туыстарына қатысты психикалық ауруларды толық сипаттау керек. Тұқымында өзіне - өзі қол жұмсағандар, оғаш жүріс-тұрысты, ақыл ой кемістігі бар адамдар, ұстамалары бар адамдар, наркомания және алкоголизммен зардап шегетіндер, тұқым қуалайтын соматикалық аурулары бар адамдар бар-жоғын анықтау қажет. Ерте даму кезеңін анықтауда анасының жүктілік кезіндегі денсаулығын анықтау керек, босанғанда жарақат болған-болмағандығын, қандай жағдайда, қалай өскенін, тәрбиесін, қай жаста тілі шыққаны, жүргені, мектепке барғаны жайлы сұрау керек. Егер дамуында кедергі болса немесе дамуы бір қалыпты болмаса (мысалы, жасына сай емес әуесқойлық), осылардың барлығы ерекше тіркелуі керек. Балалық шағында ұйқы кезінде жүру, қорқыныштар, кекештену, энурез болған-болмағаны жөнінде білу қажет. Науқас қай жерде, қалай оқыды, қандай қызығушылықтары болды, қабілеттілігі, тәртібі анықталып, жыныстық даму кезеңі, осы кездегі мінез-құлқы мен жүріс тұрысындағы ерекшеліктерін анықтау керек.


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 1770 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.007 сек.)