АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Жалпы психопатология 7 страница

Прочитайте:
  1. B Жалпы наркоз
  2. B Жалпы наркоз
  3. DRAGON AGE: THE CALLING 1 страница
  4. DRAGON AGE: THE CALLING 10 страница
  5. DRAGON AGE: THE CALLING 11 страница
  6. DRAGON AGE: THE CALLING 12 страница
  7. DRAGON AGE: THE CALLING 13 страница
  8. DRAGON AGE: THE CALLING 14 страница
  9. DRAGON AGE: THE CALLING 15 страница
  10. DRAGON AGE: THE CALLING 16 страница

Таныстық сезімінің бұзылуы жиі психосенсорлы бұзылыспен бірге жүреді және дереализация және деперсонализация синдромдары құрылымында көрініс береді. Бұл бұзылыстарды ең алдымен энцефалит, ми ісігі, эпилепсия, шизофрения, маникальды-депрессивті психозбен науқастардан іздеу керек.

 

Ойлау бұзылысы

 

Ойлау - адам санасында объективті шынайылық бейнеленуінің ең жоғарғы формасы. Бұл шындықты сөз және білімге сүйеніп сипаттайтын құбылыс.

Ойлау әлемді сезімдік тану және адамдардың тәжірибелік қызметімен тығыз байланысты. Қабылдау актында заттың жеке қасиеті мен бүтін затты, құбылыстарды бейнелейтін сезімдік түсінуден ойлау үрдісінің айырмашылығы, ол табиғат заңдылықтарына сәйкес түрде заттар мен құбылыстар арасындағы ішкі байланысты бейнелейді. Ойлау үрдісінде адам заттың мәнін түсінеді, тікелей қабылдаудан тыс орналасқан сыртқы ортаның өзге тарапын ашады. Адам ой арқылы қоршаған ортаға белсенді әсер етеді. Адамдар тәжірибелік қызмет нәтижесінде жаңа білім қорын игереді, жаңа түсініктер, ескі түсініктерді өзгертеді. Осылайша танымдық ортақ үрдіс жалпы заңдылыққа бағынады: сезімдік таным арқылы адам рационалды ойлауғ көшеді, ал одан тәжірибеге және шындыққа қол жеткізеді.

Ойлау негізі - түсінік болып табылады. Түсінік – заттардың өзіне тән қасиеттері туралы жалпылама білім. Ойлау үрдісі кезінде біз материалды анализдейміз, синтездейміз, салыстырамыз, табамыз, қорытынды жасаймыз. Түсінік пікірден туып, тіл, сөз арқылы көрінісін табады.

Көркемдік-әрекетікт, нақты-бейнелі, абстрактылы-логикалық ойлау ажыратылады. Адамның -өніп-өсуі және оның психикалық үрдістерінің дамуына байланысты сөз формасында емес, басым сыртқы әрекеттермен іске асатын көркемдік-әрекеттік /қимылдық/ ойлау нақты-бейнелік ойлауға орын береді. Абстрактылы - логикалық немесе түсініктік ойлау ересек адамға тән. Ол білім мен дағдылардың толық дамуын, сонымен қатар сөйлеу қабілетін игеруді білдіреді. Ойлаудың бұл түрі өте тиімді және терең болып саналады. Оның сферасына түсінік, пікір, символика, ой түйіндеу кіреді.

Ойлау сау адамдарда ойлар арасында байланыс түзілуімен жүреді. Қалыпты жағдайда да бір ассоциация шекараластығы, ұқсастығы, контрастылығына байланысты екінші бір ассоциацияны туындатады. Шекараластық бойынша ассоциация: нақты затпен (ситуациямен) кездескенде адам осы бір затпен немесе жағдаймен орын және уақыты бойынша байланысты басқа заттар немесе жағдайлар жөнінде ойға кетеді. Одан да күрделі ұқсастық бойынша ассоциация сөздік ойлау негізі болып табылады. Бұл кезде әр түрлі құбылыстарға тән ортақ белгілерді табу, олардың арасындағы ұқсастықтарды анықтау, осы белгілер бойынша қабылданған және сақталған мәліметтерді біріктіру болып табылады. Контрасты бойынша ассоциация: ақ – қара, жақсы – жаман, ақылды – ақылсыз, т.б.

Ассоциативті үрдіс ассоциациялардың ретпен пайда болуымен, мақсаттылығы және белгілі бір жылдамдықта жүруімен сипатталады.

Патологиялық жағдайда ассоциативті үрдіс бұзылуы мүмкін немесе ой арасындағы байланыстар бұзылады немесе жоғалады, бұл ойлаудың формасы бойынша бұзылуы. Кейбір ауруларда ой тұжырымдау үрдісі бұзылады, логика зардап шегеді, осыған байланысты ойлау мазмұны бойынша бұзылады.

 

Ойлаудың формасы бойынша бұзылуы

 

Ойлау жылдамдауы оның темпінің жоғарылауымен сипатталады. Бұл кезде алаңдаушылық, зейін бұзылыстарына байланысты пікір беткей, аяқталмаған, үстірт талданады, рифм ұйқастыруға бейімділік болады. Ассоциативті қызмет жылдамдауының ең шегі идеялар секіруі - fuga idearum деп аталады. Бұндай жағдай сөздік қозумен көрінеді, бұл айқын көрініс бергенде сөз «сөздік қиқымдарға» айналады. Сөз байланыссыздығын еске түсіреді, бірақ бұл екі феномен екі түрлі. Идеялар секіруі кезінде ойлар арасындағы байланыс бұзылмайды, бірақ ассоциациялар құйынына түскен науқас сөздерін айтып үлгермейді. Сөзі ой соңынан ілесе алмайды. Мұндай жағдайда науқас сөйлемді аяқтамай, келесісіне көшеді, бірнеше сөз айтып, сөздер немесе сөйлемдерді жібере отырып, келесі ойын жеткізуге асығады. Бұл жағдайда қоршаған ортаға аса қызығушылық және зейіннің аса тұрақсыздығы ойлау қызметіне түрткі болатын көптеген әсершіл пікірлер тудырады.

Ойлау жылдамдығымен науқастың стенографиялық жазбасында:

«Менің толықтай денім сау, менде тек маниакал. Әдіс емес, нәтиже маңызды. Сіздің күтушіңіз бүгін жұмысқа келді, оның ішкі киімі көйлегінің астынан көрініп тұр. Жұмадан соң сенбі... Ертең сенбі, Сіз мені ертең шығарасыз ба. Сіздің галстугыңыз дұрыс болмай тұр, мен сізге жөндеп жіберейін, ойламаңыз, мен сізге жағымпазданып тұр деп. Бүкіл әлемге қаншама рет жағымпаздықтың қажетсіз, зиянды екені айтылды. Мен сізге ғашықпын, бұнда тұрған не бар? Махаббат ұят емес, үлкен күнә. Мен сізге өлең түрінде хат жаздым, оқып берейін бе?» және т.с.с.

Ой жылдамдауы маниакальды-депрессивті психоз, шизофрения, экзогенді психоз шеңберіндегі маниакальды жағдайда бақыланады.

Ойлау баяулауы - ойлау қарқынының төмендеуі, тежелуі. Науқас ойлау қызметінің қиындығына, басы босап қалған сияқты, ой тоқтауына, жоғалуына шағынданады. Сөзі баяу, кедейленген, сұрақтарға жауаптары біртекті, біраз үзілістен кейін жауап береді. Депрессиялық психозда, шизофренияда, реактивті және басқа да психоздарда кездеседі.

Патологиялық байымдылық - бір ойдан екіншіге ауысуының қиындауымен, ойлаудың аз жылжымалылығымен сипатталады. Науқас маңыздысын екінші дәрежелі мәнділіктегі ойдан ажырата алмайды, детальдардан шыға алмайды, бір орында тұрып қалады, негізгі тақырыбынан бөлек басқа тақырыпқа ауысып кетеді, біраз уақыттан кейін қайтадан сол тақырыпқа келіп, артық ассоциациялармен қайта көңілі бөлінеді.

Эпилепсиямен науқастан ұстама қалай өтеді деп сұрағанда науқас былай жауап береді: «Оқиға жазда болды, біз қыздармен тоғайға саңырауқұлақ теруге келіскенбіз, мен кештен бастап жинала бастадым, уайымдап түнімен ұйықтай алмадым. Оянсам әлі түн екен», «тұрсам ба екен» деп ойладым, тұрдым сыртқа шықсам сиыршы Иван Васильевич уақытында сиырларды жинап жатыр екен. Бұл сиыршының өткен күзде әйелі уланып қайтыс болды, үйлерінде ешкім жоқ еді. Әйелі пештің үстіне шығып жатқаннан тұрмай қалған. Иван Васильевич қызы Надя, менің досыммен жалғыз қалды. Қалай мен Иван Васильевичті көрдім, солай басым қатты ауырды. «Сен неге сонша асығасың» - менің Надеждам әлі төсегінен тұрған жоқ» - деді. Мен жүгіріп Надяға барсам шынымен ол тұратын ойы жоқ, заттарын жинастырмаған, етігін, себетін іздеп жүр екен. Мен одан сайын толқып кеттім. Басқа қыздар келді, ол әлі жүр. Тоғайға келдік, мен саңырауқұлақтар іздеп жүріп, Қара алаңқайға қалай шыққанымды білмей қалыппын. Бұрын бұл жерде хутор болған, соғыс кезінде ол өртеніп кеткен. Бұл жердің айналасында күйген ағаштар әлі күнге дейін тұр. Сондықтан бұл жерді Қара алаң деп атайды. Қараймын өз көзіме өзім сенбеймін: барлық ағаштың түбінде саңырауқұлақтар өсіп тұр. Мен жүгіріп барып алуға еңкейіп едім, барлығы да жоғалып кетті де әрі қарай ештеңе білмеймін. Өзім көлдің жағасына келдім. Қыздар айналамда тұр. Надя мені құшақтап жылап тұр. Мен суға малынғанмын: менің үстіме су құйған ба, әлде зәр жіберіп қойғанмын ба... Содан бері ұстамамен ауырамын.»

Ойлаудың патологиялық байымдылығы, эпилепсиялық ақыл кемдігіне тән, сонымен қатар, эпидемиялық энцефалиттің кеш кезеңінде, ОЖЖ-нің басқа да органикалық ауруларында байқалады.

Р езонерлік – танымдық мағынасынан айырылған бос, өнімсіз пікір. Шизофренияда бақыланады, бұл дерттің бұрыннан бері келе жатқандығының белгісі. Мысал ретінде науқастың дәрігермен әңгімелесуінен үзінді келтірейік.

Сұрақ: Сіз өзіңізді аурумын деп санайсыз ба?

Жауап: «Бұл дертті жағдайды қалай түсінуге байланысты. Ауру деген – тіршіліктің бір түрі, ал тіршілік ету - өмір сүру, яғни аурудағы өмір, өмірдің бір белгісі. Ауырмай өмір сүруге болады, ал өмір сүрмей ауыруға болмайды. Аурудың зардабы тереңдеген сайын, өмір сүру сезімі де қиындайды. Мен ешқандай зардапты сезінбеймін, осыған байланысты, мен ауру емес болғаныммен өмір де сүрмеймін. Менің өмірім ағзаның бұзылмаған физиологиялық бөлінділеріне сай келеді.

Ойлау үзілуі - сөйлемнің грамматикалық құрылымының сақталуымен түсініктер арасындағы мағыналық байланыстың болмауы. Науқастың сөзін мысалға келтірейік:

«Сіздің үлкен ынтаңызды біле отырып, осы көзқарасыңызға толық қосыла отырып, мен жақын жатқан сөре деңгейіне дейін төмендей аламын. Бірінші және екінші жағдайда да дұрыс болар еді, себебі аспанға тек бір саусақпен жету қиын»

Мұндай жағдайда сөйлем өзінің коммуникациялық қасиетін жояды, адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ретіндегі қасиетін жоғалтады, тек өзінің сыртқы түрін сақтап қалады. Ой үзілуі шизофренияның көп жылғы үрдісінде бақыланады.

Ойлау байланыссыздығы. науқастың сөзі мағынасы бір – бірімен байланыспайтын фразалар үзінділерінен, жеке сөздерден тұрады; грамматикалық құрылымы бұзылған. Ойлау байланыссыздығы өте ауыр ағымдағы жалпы және психикалық аурулар кезінде психикалық бұзылыстардың тереңдігін көрсетеді. Ол сананың аменция түрінде бұзылуы жағдайында байқалады.

Ойлау персеверациялары және стереотипиялары – қандай-да бір ойда мүдіріп, тұрып қалу. Ол бір сөзді немесе сөйлемді бірнеше рет қайталаумен көрінеді, нәтижесінде науқастың жауабы мағынасыз болады. Мысалы:

Сұрақ: Сіздің аты-жөніңіз кім?

Жауап: Виталий Александрович.

Сұрақ: Сіз нешедесіз?

Жауап: Александрович.

Сұрақ: Сіз қайда тұрасыз?

Жауап: Александрович.

Персеверация және стереотип инсульттан кейінгі және кәрілік кезеңдегі ақыл кемдігі бар науқастардың афазиясымен бірге жүреді және мидың басқа да органикалық зақымдануларында кездеседі.

Ментизм (ой ағымы) – науқастың еркіне бағынбайтын, еріктен тыс ойлар ағыны, оларды басқара алмау, олардың жасандылығы сезімімен жүреді. Бұл идеаторлы автоматизм құбылысына жатады, шизофрениямен науқастрда байқалады.

Шперрунг (ойлау үрдісіндегі үзіліс) – анық сана фонында кенет пайда болатын ассоциациялар ағымындағы үзіліс, әңгіме желісінің жоғалуы. Шизофения ауруында байқалады.

Ойлау мазмұнының бұзылуы

 

Сандырақ ойлар – аурудың санасын толық жаулап алатын және түзетуге келмейтін қате ой түйіндеулер.

Қате талдау, ой түйіндеу әрбір адамда болады. Дегенмен сау адамдарда логикалық қателіктер қосымша түзетулер немесе фактілер арқылы түзетілуі мүмкін. Сандырақ кезінде науқас өз ойларын түзетуге қабілетсіз ғана емес, дұрыс емес пікірлерді сырттан түзетулерге, сыни көзқарастарға мүлдем берілмейді. Бұл науқастың сөздерінен ғана емес, оның жүріс-тұрысынан да көрінеді. Жалған дұшпандарының бар екендігіне сенімді сандырақ жағдайындағы науқас, жаудан қашады, жасырынады немесе оған шабуыл ұйымдастырады, жауларының әсер көрсетіп отырған аппараттары, биоөрістерінен қорғанатын тәсілдер ойлап шығарады, өздерін қатаң жазалауды өтінеді, жалған қылмыстары үшін өздерін қинайды, өздерінің жасаған жобаларын жоғарғы инстанцияларға жібереді.

Жоғарыда келтірілген сандырақ анықтамасының дұрыстығын ескере отырып, жиі сандырақ дамуы толық аяқталмай, оны аса бағалы идеялар және жабысқақ ойлармен дифференциалды диагностика жүргізу қажеттілігі пайда болады. Сандырақпен науқас сандырақ дамуының ең жоғарғы шыңына жеткенде түзетулерге саңыраулық танытады. Психоз баяу, ал сандырақ болса өте төмен қарқында – айлар, кейде жылдар бойы түзілуі мүмкін. Мұндай ауруларда ұзақ уақыт ауруына аздап критикалық көзқарас сақталады, олардың дұрыстығына күмәнданады; түзетулер қысқа уақытқа оң нәтиже береді. Мұндай жағдай сандырақ жүйесі ем нәтижесінде ыдырай бастағанда да байқалады.

Кейбір жағдайда сандырақты сау адамның шатасуынан ажырату қажеттілігі туады. Мұндай адасу қандай-да бір дәрежеде тұлғаның әлеуметтік орнын, ұстанымын анықтайтын адамның бүкіл өміріндегі тұрақталған жүйе ретінде болғандықтан ажырату қиынға соғады. Бұл жерде сөз жиі діни сипат алған ұстанымдар жөнінде болып тұр. Мұнда әдетте білім жеткіліксіздігі, кейде қарапайым надандық бірге жүреді. сандырақ психикалық науқас сандырағы дертті жағдайда (ауру негізінде) оның өнімі және белгісі ретінде пайда болады; сандырақ жүйесі жиі алынған білім деңгейіне қарама-қайшы болады.

Сандырақтың біртіндеп дамуында оның құрам бірлігі болып табылатын компоненттер динамикасын көруге болады. Сандырақ пікірдің пайда болуы алдында эмоциональды күйдің өзгерісі орын алады. Ішкі кернеліс, түсініксіз тынышсыздық, үрей, төніп тұрған бақытсыздықты сезіну байқалады. Науқас шарқ ұрып не болғанын, қоршаған орта неліктен ол үшін жаңа, түсініксіз ішкі мағынаға ие болғанын түсінуге тырысады.

Осындай сандырақты көңіл- күй дамуына сандырақтық қабылдау бірге жүреді: айналадағылардың барлығы шындық емес, жасанды, немесе бір қауіпті құпия тұнып тұрғандай көрінеді. Сандырақтық қабылдау сандырақтық елестетулер түзілуімен тікелей байланысты, осының негізінде аурудың өткен өмірінің кейбір сәттері жаңа мәнге ие болады. Сонымен, сандырақтық тану пайда болады – бұрын түсініксіз болған құбылыстардың интуиция арқылы айқындала түсуі. Осы сәттен бастап сандырақ нақты мазмұнға ие болады, бұл субьективті жеңілдену сезімімен, эмоционалды тынышталумен жағдайымен бірге жүреді - сандырақ кристаллизациясы.

Қолданыстағы сандырақ классификациясы оның жеке сипаттамасына негізделеді және бір жағдайда күйзелістер тақырыбын, келесі жағдайда – жүйелілік дәрежесін, құрылымын, пайда болу ерекшеліктерін немесе өзге де белгілерін ескереді. Мағынасына байланысты сандырақ соңына түсу, әсер ету, уландыру, қызғаныш, өзін - өзі кінәләу, өзін - өзі кемсіту, ұлылық және т.б. бөлінеді.

Соңына түсу сандырағында науқас, белгілі бір адамдар немесе ұйымдардың өзін құпия немесе ашық түрде соңына түсіп, жоюға әрекет жасап жүргендігіне сенімді.

Әсер ету сандырағы соңына түсу сандырағының бөлігі немесе оның бір түрі болып табылады: со аталған ізге түсушілер науқасқа моральді немесе физикалық әсер етеді, ол үшін күрделі тәсілдер және қазіргі жаңа техникалық құралдарды қолданады деп есептейді. Науқас өзінде гипноз, телепатиялық әсерді сезінеді, электр тоғы, сәуле, магниттердің әсері жөнінде айтады.

Уландыру сандырағы да соңына түсу сандырағының құрамына кіреді; науқас уландырудың негізгі көзі құрамында улы заттары бар дәрі, су, ауа, тамақ деп санайды.

Қатынас сандырағы соңына түсу сандырағын толықтырып отырады. Науқас өзіне байланыссыз жағдайларды өзіне қатысты деп септейді. Мысалы, үйде жарық жоқ болып, қараңғы болса, ол оның қараңғы, білімсіз адам екенін арнайы көрсету үшін жасалған деп қабылдайды. Егер дәрігер халатының 3 ілгегі салынбаса, ол ауруханаға 3–рет жататындай, автокөліктің кенеттен жол қиылысына бұрылуы, науқас өмірінде де өзгеріс болатындай әсер етеді. Науқастың айналасындағы болған оқиғалар ол үшін екі түрлі мағына береді, науқас бәріне ерекше көңіл аударады.

Сахналау, интерметаморфоза сандырағымен науқастар айналадағылардың бәрі әдейі құрастырылған, өмірінің бір үзіндісі жайлы көрініс ойнап жатқандай, эксперимент жасалып жатқандай, қос ойын жүргізіліп тұрғандай, барлығы үздіксіз мағынасын өзгертіп жатқандай сезімде болады: кейде бұл аурухана, кейде аурухана емес тергеу мекемесі секілді; дәрігер-дәрігер емес, тергеуші, ал ауру тарихы – қылмыстық іс қағазы, науқастар мен медперсоналдар - киім ауыстырған қауіпсіздік органының қызметкерлері болып көрінеді.

Зиян сандырағы: науқас зиянкештер оған материальды немесе моральді зиян келтіруде, тонап, заттарын бүлдіреді, құқығына қысым жасайды деп сенеді.

Кверулянттық сандырақ. өзінің тарапына ұқыпсыз, қайырымсыз, адал емес көзқарасты сезген науқас дауласады, оны әшкерелеуге көп күш жұмсайды, көп уақытын, кейде бүкіл материальдық жиған-тергенін жұмсап жібереді, әртүрлі мекемелерге шағым жасайды, сандырақ мазмұнына біртіндеп жаңа адамдарды қоса түседі; сандырақ тематикасы шынайы ситуациялардан басталады, мысалы, көршілермен, жанұя мүшелерімен, қызметтестерімен жанжалдасудан.

Қызғаныш сандырағы кезінде науқастың жолдасының әрекеті, сыртқы келбеті мен жүріс-тұрысы, жолдасының сөздері, қоршаған ортадағы түрлі оқиғалар жұбайлық көзге шөп салу белгілері түрінде көрінеді («дәлелдер»).

Ипохондриялық сандырақ тематикасы ауыр, дауасы жоқ дерттің бар екендігіне сенімділік.

Өзін-өзі кінәлау және өзін-өзі кемсіту сандырақтық идеялары, ипохондриялық және депрессиялық күй бірге жүреді. Науқас пікірі бойынша оның бүкіл өткен өмірі күнаға толы деп санайды; өздерін кінәлайды, өкінеді.

Егде жастағы науқастарда ипохондриялық тематикамен депрессиялық сандырақ мегаломаниялық сипатқа жеңіл өтеді. Бұл сандырақ мазмұны бойынша нигилисттік немесе теріске шығару сандырағы деп аталады. Мысалы, науқас өзінде асқазанның ауыр ауруы барын, оның өлімге алып келетіндігін; одан әрі асқазаным жоқ, ол шірікке айналды, орны бос қалды; көп ұзамай науқастың өзінің жоқ екендігі, ол - тірі өлік, тірідей ыдырап жатқандығын естиміз; кешірек – еш нәрсе қалмайды: әлем, өмір, өлім де жоқ (Котар синдромы).

Ипохондриялық сандыраққа сипаты жағынан ұқсас жас кезде басталатын (жасөспірім шақта) дисморфомания болып табылады. Дисморфоманияны физикалық жеткіліксіздік бар екендігіне немесе жағымсыз иістерді /ішек газы, зәр, тер т.б./ таратушы екеніне сандырақтық сенім ретінде қарастыруға болады.

Кемтарлық түсінігі әдетте дененің көрінетін бөліктеріне қатысты болады: мұрынның, құлақтың, тістердің, қол-аяқтың және т.б. формасы немесе көлемі. Толық түзілген дисморфоманияға мыналар тән: 1) жабырқаулы көңіл-күй 2) өз күйзелістерін жасыру 3) жалған ақауды түзеуге бағытталған белсенді әрекеттер (хирургиялық операцияға дейін). 4) қатынас идеясының пайда болуына және дамуына бейімділік.

Көтеріңкі көңіл-күйге ұлылық сандырақтық идеясы, байлық сандырағы сәйкес келеді. Науқас - әлем әміршісі, барлық ұлы жаңалықтарды ашқан, өмір эликсирін ойлап тапқан, perpetuum mobile, Пушкин және Толстой псевдонимдерімен барлық кітаптарды жазғанын, ертегідей байлық иесі екендігін айтады. Кейде жеке монотематикалы шығармашылық сандырағын байқауға болады. Ұлылық сандырағы үдемелі салданудың экспансивті формасына, параноидты шизофренияның кеш сатыларына (сандырақ дамуының парафренді сатысына) тән, маниакальды-депрессивті психоздың маниакальды фазасында бақыланады.

Ертеден келе жатқан жіктеу бойынша біріншілік және екіншілік сандырақты бөлеміз. Біріншілік сандырақта психиканың патологиялық өнімдері сандырақтық түрде дамиды. Екіншілік сандырақта ой түйіндеу өзгерген фонда дамиды, мысалы, ауруда қауіп төндіруші есту вербальды галлюцинациялары және оған сәйкес соңына түсу сандырақтық идеялары бар; ес бұзылысымен егде жастағы науқастар киімін, ақшасын қайда қойғанын есінде сақтай алмайды, бұл екіншілік сандырақ түзілуіне негіз болып табылады.

Сандырақ сонымен қатар, жүйеленген және жүйеленбеген болып бөлінеді. Жедел психикалық жағдайда, науқас санасында сандыра өте үлкен жылдамдықта өзгереді, науқас мәнін түсініп үлгермейді. Бұл жағдайда сандырақ жүйеленбеген сипатта болады. Сандырақ көзқарастар жүйесіне еніп, қандай-да бір байланыстылыққа ие болуы үшін уақыт керек. Сондықтан ауру жүйеленген сандырақпен көрініс берсе, дерт үрдісінің ұзақ мерзімділігі жөнінде айтуға болады. Үдемелі ауруларда /шизофренияда/ психикалық ақау дамуына байланысты сандырақ жүйесі ыдырайды, сандырақ орынсыз, оғаш испат алады.

Қазіргі кезде интерпретативті, сезімдік және бейнелік сандырақ түсініктері кеңінен қолданылады. Интерпретативтінемесеталдау сандырағы - бұл жүйеленген біріншілік сандырақ, паранойяльды синдромға тән. Жедел сезімдік сандырақ ерекшелігі қоршаған ортаны сандырақтық қабылдау болып табылады. Бұл жағдай алдында күдікшілдік, сандырақтық көңіл-күй бақыланады, соның әсерінен барлық қабылданған ақпарат сандырақтық сипат алады. Идеаторлы талдау болмайды, сөздері интерметаморфоза сандырағына сәйкес келеді; галлюцинация болуы міндетті емес, сезімдік сандыраққа жиі илюзиялар тән. Потологиялық күйзелістер мен науқастың пассивті позициясы арасындағы диссоциация, абдырау жағдайының жиілігі сезімдік сандырақ жағдайын онейроидты жағдайға жақындата түседі. Сандырақ жедел экзогенді психозда, шизофренияда кездеседі. Егер сезімдік сандырақ сыртқа бағытталып, шын мәнінде бар заттар мен құбылыстарды сол мезетте қабылдаумен негізделсе бейнелік сандырақ науқаста қалыптасып қалған пікірлерге негізделіп түзіледі, б.а. ол осы шаққа емес, өткен шақ қабылдауларына сүйенеді. Бейнелі сандырақ мағынасы бойынша қиял сандырағы, кейде тізгінсіз фантазияға ұқсас болады. Бұған жалған естеліктерге негізделген конфабуляторлы сандырақ мысал бола алады. Науқас өмірінде болған адам сенгісіз оқиғаларды «еске алады», оларды шындықпен байланыстырғысы келеді. Сандырақпен науқас өз ата-анасын бөтен адамдар ретінде санап, өзінің ата-аналарымен жақсы тұрмысын нақты суреттейді; науқас жас кезінде оның өмірін палшы болжағанын, өмірінің сағаттарына дейін болжанғанын айтады, жаңа детальдарды «есіне түсіреді», өзінің басынан өтіп жатқан жайттарды осы естеліктермен байланыстырады. Бейнелік сандырақ шизофренияда, алкогольді делирий, кәрілік және тамырлық психоздарда кездеседі.


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 1202 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.02 сек.)