АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Жалпы психопатология 6 страница

Прочитайте:
  1. B Жалпы наркоз
  2. B Жалпы наркоз
  3. DRAGON AGE: THE CALLING 1 страница
  4. DRAGON AGE: THE CALLING 10 страница
  5. DRAGON AGE: THE CALLING 11 страница
  6. DRAGON AGE: THE CALLING 12 страница
  7. DRAGON AGE: THE CALLING 13 страница
  8. DRAGON AGE: THE CALLING 14 страница
  9. DRAGON AGE: THE CALLING 15 страница
  10. DRAGON AGE: THE CALLING 16 страница

 

ГАЛЛЮЦИНАЦИЯ ПАТОГЕНЕЗІНІҢ ТЕОРИЯСЫ. Галлюцинацияның шығу тегін түсіндіруге тырысқанда мынаны байқауға болады, галлюцинациялар патогенезі теорияларының бірде-бірі оның көптүрлілігін түсіндіре алмайды. Ең көнесі перифериялық теория болып табылады, оған сәйкес галлюцинацияның пайда болуында анализатор аппараттарының дертке ұшырауы кезіндегі тітіркенуіне көп көңіл бөлінеді. Эксперимент барысында (механикалық, электор тоғымен) белгілі жүйкені тітіркендіргенде, жарық, дыбыстық және т.б. сезімдер тудырады, бірақ олар элементарлы, затты тұтасымен қабылдауды құрамайды.

Кейінірек алғашында иллюзия, артынан галлюцинация тәрізді қабылдау алдамшыларының пайда болуын, көздің мөлдір қабығының дағы, көз жанарының бұлдырлануы, құлақта құлықтың жиналуымен байланыстырды. Дегенмен бұл теория сезім мүшелері сау адамдарда анализатордың сырттан тітіркену мүмкіндігінің толық болмауы кезінде (соқыр, саңырау адамдарда) галлюцинацияның пайда болу жағдайын түсіндіре алмады.

Біртіндеп галлюцинациялардың шығуы тегі орталыққа байланысты және сезім мүшелерінің жоғарғы орталығының қозуы нәтижесінде пайда болатындығы жөнінде пікір қалыптасты. Осындай көзқарасты С.С. Корсаков және В.А.Гиляровский ұстанды. Әр түрлі медикаментермен қозуды жою, ауруды тыныштандыру арқылы галлюцинацияны бәсеңдетуге немесе жоюға болады.

И.П.Павловтың тежеулік теориясы негізінде галлюцинациялардың пайда болуы ми қыртысының тежелуі негізінде болады деген концепция жасалды. Бұл жағдайда қозу ошағында күш қатынастары өзгерген: әлсіз тітіркендіргішке жүйке жасушалары өте күшті қозумен /парадоксальды/ жауап береді немесе сол күшпен күшті тірікендіргішке де жауап береді /теңесу фазасы/. Жоғарыда келтірілген концепцияның авторы Е.А.Попов галлюцинациясы бар шизофрениямен науқастарға тері астына кофеинді егіп, оның қоздырушы әсерінің жоғарғы шегінде галлюцинацияның жойылғанын бақылаған. Кофеиннің әсерімен біршама уақытқа орталық жүйке жүйесінің тежелуін тоқтатқанымыз және жоғарғы жүйке қызметін қалыпқа келтіргеніміз рас.

Психосенсорлы бұзылыстар. Сыртқы әлемді және өз денесін қабылдаудың күрделі бұрмаланыстарын білдіретін бұл ұғымды енгізген М.О.Гуревич болды, яғни бұл кезде сезім мүшелерінен тарайтын сезімдер емес, олардың синтезі - сенсорлы синтез бұзылады. Психосенсорлы бұзылыстарды иллюзиядан айыра білу керек. Иллюзия кезінде бір /құбылыс, зат/ зат екінші бір зат ретінде қабылданады; ал психосенорлы бұзылыстар кезінде затты немесе құбылысты тану бұзылмайды, оларды бүтіндей қабылдау бұзылады. Сенсорлы синтездің бұзылуы жиі орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануларымен науқастарда байқалады, және ол әдетте пароксизм түрінде көрінеді.

Психосенсорлыға дене схемасын қабылдау бұзылысы жатады. Науқас адамға бүкіл денесі немесе оның жеке бөліктері үлкейген сияқты болып көріне бастайды: басы шар тәрізді домаланады, ісінеді, жарылып кететіндей болады; тіл жуандап, ауыз қуысына сыймай тұрғандай; Аяқ – қолы, саусақтары жуандап, ұзарған тәрізді. Бұл сезімдерді көзбен тексергенде науқас бұл өзгерістердің жоқтығына көзі жетеді. Кейде денесі кішірейіп, нүктеге айналғандай, салмақсызданғандай немесе ауырлағандай, көздері – шарасынан шығып, денесінен бөлініп бара жатқандай азапты сезім болады.

Кеңістіктегі заттарды қабылдау бұзылысы: заттар бұрмаланған /метаморфопсия/, ұлғайған /макропсия/ немесе кішірейген /микропия/, алшақтаған немесе жақындаған түрде қабылданады. Науқас стақанды столға қоюға ұмтылады, бірақ арақашықтықты айыра алмау нәтежесінде стақан еденге құлайды. Жер, еден науқасқа кедір – бұдыр болып көрінеді де, науқас аяғын не тым жоғары көтеруі мүмкін немесе кенеттен жерге, еденге сүрінуі мүмкін.

Уақытты, қоршаған ортадағы өзгерістерді қабылдау бұзылысы жиі эмоциональды бұзылыстармен және сана өзгерістерімен жүреді. Бұл кезде уақыт азапты түрде ұзаққа созылуы мүмкін немесе керісінше болуы мүмкін: күндер аса жылдамдықпен өтеді, қоршаған орта өлі тыныштық, қатып қалған немесе аласапыран әрекеттер түрінде қабылданады.

Дереализация – қоршаған ортаны бөтен, өзгерген, жасанды түрде қабылдау. Дерализация сана немесе өзіндік сана бұзылған кезде байқалады.

Деперсонализация - өзіндік сана бұзылысы ретінде өзін, өзінің психикалық және физикалық «Менін» қабылдаудың бұзылысы. Клиникасы бойынша деперсонализация әрқалай көрініс береді: өзін, өз денесін, ойларын, сезімдерін, іс-әрекеттерін қабылдау нақтылығының бұзылысы, немесе олардың бөтенденуі, бұл жасандылық сезімімен, өзіндік «Менді» немесе оның бірлігін жоғалту сезімімен жүреді. Деперсонализацияның әрқилы айқындылық дәрежесіндегі белгілерін барлық психоз түрлерінде кездестіруге болады.

 

Ес бұзылысы

 

Ес латын тілінде mnesis, сондықтан ес үрдісі мнестикалық деген атауға ие.

Ес - бұл ақпаратты бекіту, сақтау және өткен шақ тәжірибесін қайта жаңғыртудан тұратын психикалық үрдіс. Оның ауытқуы мнестикалық үрдістің осы аталған үш буынының кез-келгеніне қатысты болуы мүмкін.

Мнестикалық үрдіс негізінде шартты рефлекторлы қызмет жатыр. Шартты рефлекс тәрізді барлық дағдылар немесе ассоциациялар адамның өмір сүру үрдісінде түзілген байланыс болып табылады. Шартты рефлекс - түрлік түсінік, ал ассоциация – тектік түсінік. Шартты рефлекторлы қызмет бағынатын заңды ескере отырып, мнеститикалық үрдіске және оның бұзылыстарына қатысты көптеген заңдылықтарды түсінуге болады.

Жоғарғы жүйке жүйесінің заңдарына сәйкес шартты рефлекс неғұрлым жиірек бекітілсе, соғұрлым мықты болады. Осылай мнестикалық қызмет жөнінде де айтуға болады, ассоциациялар көп қайталану нәтижесінде бекітілген болса ұмытылуы оңай емес. Мұнымен естің дөрекі бұзылыстары кезіндегі патология жағдайында профессиональды дағдылар мен білім ұзақ мерзімге дейін сақталып қалады. Есте сақтаудың мығымдығына қажет бірінші жағдай – ақпаратты жеткілікті мөлшерде қайталау болып табылады.

Ес бұзылуының маңызын медицина қызметкерлері арасында да әрқашан дұрыс түсіне бермейді. Галлюцинация, сандырақ, жүріс-тұрыс бұзылысымен науқастар жағдайын, олардың барлық жайтты жақсы есте сақтауы негізінде психикалық сау адам деп санайды. Қажу жағдайымен, тұмаудан кейін, операциядан кейін, сомотогенді астенизациямен оқушылар мен студенттердің барлығы дерлік невропатологқа және психиатрға келгенде есте сақтаудың нашарлауына шағымданады. Осылайша, үй тапсырмасына бұрынғыдан көп уақыт жұмсалып, тиімділігі төмендейді. Есті объективті зерттеу кезінде ешқандай өзгеріс байқалмайды. Көзделген сұрастыру мен зерттеулер назардың бұзылғандығын, ал есте сақтау бұзылысы 2-ші реттік екендігін көрсетеді. Белсенді зейін жетпіспеушілігіне байланысты мұндай адам оқығанда көп алаңдайды,ойы басқа жаққа ауады, текстің мазмұнын ойланбастан, механикалық түрде көзімен шолып өтеді. Мұндайда ақпарат саналы түрде қабылданбайды,сондықтан санада із қалдырмайды. Осылайша, есте сақтау үшін маңызды болып табылатын екінші жағдай, ол зейіннің жеткілікті белсенділігі болып табылады. Арнайы көріністегі текст (жуан шрифтпен, курсивпен, асты сызылған, шеңберге алынған) зейінді өзіне бірден аударып, есте жақсы сақталады.

Өте мықты білім адамның мақсатты қызметімен байланысты болады. Бұл – үшінші жағдай. Көпшілік жағдайда өз сағатындағы 6 саны қандай түрде жазылғанын адамдар айта алмайды, өйткені біз жиі сағатымызға басқа мақсатпен қараймыз, сондықтан сағаттың көркемдік бөлшектері біздің назарымыздан тыс болады.

Төртінші жағдай - ақпараттың энергетикалық бекітілуі. Эмоциональды реакция пайда болуымен жүретін ақпарат жақсырақ бекітіледі. Ауруда есте сақтау дың дөрекі бұзылысы байқалғанымен, кейде аффективті маңыздылығы жоғары, әсіресе жағымды естеліктер үзіндісі есте сақталып қалады. Клиникалық тәжірибеде ауыр теріс эмоциональды реакция тудырған жағдайлардың естен жоғалу жағдайы кездескен. Мысалы, жалғыз баласының өлімін басынан кешкен ана, кенеттен болған жағдайларды ұмытып, баласының каникулдан үйіне қайтуына дайындалып, немесе оған жаңа оқу жылына кітап сатып алып, үй шаруасымен айналысып жүреді. Өткен жайттың естен шықпағаны гипноздық ұйқы жағдайында анықталады, немесе ол спонтанды түрде пайда болуы мүмкін /мысалы, түс көруге байланысты/

Дертті жағдайға байланысты мнестикалық актілер жан-жақты бұзылады - ақпаратты бекіту, оны сақтау немесе қайта жаңғырту.

 

Ақпаратты бекіту қабілетінің бұзылысы

 

Егер ақпарат бекітілмесе (фиксация) оның сақталуы мен қайта жаңғыру үрдісі іске аспайды. Ақпаратты бекіту жеткіліксіздігі клинкасы ағымдағы оқиғаларды есте сақтаудың бұзылуымен көрінеді, ал бұл құбылыс фиксациялық амнезия деп аталады. Фиксациялық амнезия Корсаков амнестикалық синдромының негізгі белгісі болып табылады, ол корсаков психозында, қарттық психозда, қантамырларының зақымдалуы және жүйкелік жасушалардың өлуі нәтижесінде ми қоректенуінің бұзылысында кездеседі. Мұндай аурулар оқыған кітабының мазмұнын еске түсіре алмайды, таңертең қандай тамақ жегенін, керек затты қайда қойғанын есіне түсіре алмайды. Мұндай аурулар дүкенге барып тұрып, не алу керек екенін есіне түсіре алмай қиналады. Орын мен уақыт бойынша бағдарлау бұзылысы орын алады. Ауру бүгін қай күн екенін, қандай ай, қай жыл, аптаның қай күні екенін, үйден сыртта тұрып қайда тұрғанын, емханаға қашан түскенін, емдейтін дәрігердің атын сұрағанда айта алмайды. Фиксациялық амнезиямен науқастың өмірі біркезеңді болады, осы сәт алдындағы сәттермен байланыссыз өтіп кетеді, сондықтан болып жатқан жайтты түсіну және бағдарлау бұзылады.

Осы тәріздес клиникалық факттар қысқа уақыттық және ұзақ уақыттық ес бар екендігі жөніндегі жаңа көзқараспен түсіндіріледі.

Қысқа уақыттық ес физиологиялық механизмі деп тітіркендіргіш әсерінен кейін қалған мидағы циркуляцияда жүрген қозу жағдайын түсінеді. Рибонуклеин қышқылы (РНК) жүйке жасушалары қозған жағдайда жиналады. Бұдан басқа қозған аймақта электірлік активтілік жоғарылайды. Егер қозу ұзақ уақыт сақталатын болса, белсенді электірлік алаң әсерінен РНК молекуласы өзгеріске ұшырайды, және ақпарат кодталады осылайша қысқа уақыттық ес ұзақ уақыттыға ауысады. Патология кезінде бұл механизм бұзылуы мүмкін, бұл құбылыс фиксационды амнезияда және басқа да мнестикалық бұзылыстарда кездеседі.

Ақпараттың қысқа уақыттыдан ұзақ уақыттыға ауысу үрдісі өте сезімтал болып табылады, бұған эксперименттік мағұламаттар дәлел бола алады. Жануарларда қозғалыс дағдысын дамытқан, артынан электр тоғы көмегімен тырысулық ұстама шақырған. Электрошок дағдының түзілуінен кем дегенде бір сағаттан кейін жасалғанда, дағды сақталып қалған. Егер электр тоғымен әсер ету қозғалыс дағдысынан кейін бірден жасалынғанда дағды сақталмаған. Бұл тәжірибе игерілген дағды іздері консалидацияланып, қысқа уақыттық ес жағдайында тұрған ақпарат ұзақ уақыттық еске өтуі үшін уақыт керек екендігін дәлелдеді. Келтірілген мысал клиникалық тәжірибеде кездесетін ретроградты амнезияның кейбір нұсқаларының моделі болып табылады.

 

Өткен тәжірбиенің есте сақталуының бұзылысы

 

Қабылданған ақпараттың (ретенция) сақталуы жөнінде оны қайта еске түсіруге негізделіп, пікір жасалады, бұл дұрыс емес. Шындығына келгенде біздің жадымыз көлемі және мазмұны жағынан біз ойлағаннан едәуір мықты. Бұған гипермнезия деп аталатын клиникалық факт дәлел бола алады. Кейбір ерекше жағдайларда, адамның есіне әлдеқашан ұмытылып кеткендей болған жайлар түседі.

Әдебиетте ауыр жұқпалы аурумен сырқаттанған кәрі әйелде қызбаның ең өткір кезеңінде сана өзгерісі байқалған: әйел мазасызданып, тоқтамастан көне Грек шығармашылығынан үзінділер айтқан. Оның жағдайы жақсарып, өз-өзіне келгенде, ол көне Грек шығармашылығы туралы мүлдем мағлұматы жоқ екенін айтқан. Дегенмен бұл науқастың жастық шағында көне Грек әдебиеті мәселесімен айналысқан белгілі ғалым үйінде үй қызметкері болып жұмыс істегені анықталды. Ғалым жиі өз бөлмесінде жүріп Көне Греция ақындарының шығармашылықтарын дауыстап оқыған, бұл кезде үй қызметкері үй шаруашылығымен айналысып жүріп, еріксіз иесінің оқыған шығармашылығын тыңдайтын болған. Осылайша науқас үшін қажетсіз ақпарат қабылданған, өзгерген сана жағдайында ес тұңғиығынан беткейге шыққан.

Өткенді ұмыту ретсіз емес, белгілі заңдылықпен өтеді. Рибо заңы бойынша бірінші ретте неғұрлым кеш қабылданған, нашар ұйымдастырылған дағдылар зардап шегеді; одан кейін біртіндеп естегі көне оқиғалар жойылады. Бұл қалыпты жағдайға да, патологиялық жағдайға да қатысты, бірақ патологиялық жағдайда ұмыту үрдісі қарқынды жүреді және ол білім, дағды жинақтау үрдісінен басым болады. Осындай жағдайда өмірдің ерте кезеңіне қатысты ақпараттар актуализациялануы бақыланады (гипермнезия құбылыстары). Мұндай науқас бір жыл бұрын әйелінің қайтыс болғанын, 2 жыл бұрын тұрғылықты орнын ауыстырғанын есінде сақтамайды, бұрынғы мекен-жайын айтады, зейнетке 5 жыл бұрын немесе 10 жыл бұрын шыққанын айта алмайды, бірақ балалық шағын, көшесін, мектепке барғанын, алғашқы ұстазының есімін айтып бере алады.

Есті жер қабаттарымен салыстыруға болады: өмір барысында біртіндеп жинақталған білім, дағды өткен тәжірибемен қабатталады және онымен байланысты ұйымдастырылады. Дерт беткей қабаттарды шайып, көне, қабаттарды бетке шығарады.

 

Өткен тәжірибені қайта жаңғырту бұзылысы

 

Өткен тәжірбиені қайта жаңғырту (репродукция) бұзылысы фиксация және өткенді есте сақтау бұзылысында үнемі көрініс береді. Бірақ мнестикалық үрдістің осы звеносының біріншілік зақымдалуы болуы мүмкін. Церебральды атеросклерозбен ауыратын науқаста өз естеліктерін басқару қабілеті бұзылады; жауапты жағдайда қажеттіні еске түсіре алмайды: есім, атаулы күндерді, нақты атауларды. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін, оның қажеті болмаған кезде бұл мәліметтер оңай еске түседі.

Еске түсірудің барлық бұзылыстарын сандық, сапалық және таныстық (көзге таныс) сезімінің бұзылыстарына бөледі.

 

Еске түсірудің сандық бұзылыстары

 

Еске түсірудің сандық бұзылыстары гипермнезия және гипомнезия болып бөлінеді.

Гипермнезия, жоғарыда аталып өткендерден басқа маниакальды және гипоманиакальды жағдайлардағы ассоциативті тежеусіздік кезінде бақыланады. Гипомнезия, жалпы (тотальды) және аралшықты (лакунарлы) амнезияларға бөлінеді. Тотальды гипомнезияны әріптері өшкен, оқуға қиын көне кітаппен салыстырады, амнезия- жыртылып тасталған кітап беттері сияқты.

Гипомнезия кезінде Рибо заңына тәуелді дамитын жалпы еске түсірудің жетіспеушілігі байқалады. Гипомнезияның ауыр жағдайында соңғы жылдарда және он жылдықтарда болған жағдайларды еске түсіру мүмкін болмай қалады. Бұл, уақыттың кеш кезеңінен ерте кезеңіне қарай ес ыдырауы үдемелі амнезия деп аталады.

Аурудың зақымдаушы әсеріне ертеде қабылданған жүйелі ғана емес, неғұрлым автоматтандырылған тәжірибе қарсы тұра алады: есту және көру жадысына қарағанда моторлы және эмоциональды жады тұрақтырақ болады. Бұл симптоматика кәрілік ақыл кемдігі, Пик және Альцгеймер ауруларында көрінеді.

Амнезия ішінде антеро және ретрогродты амнезияны бөлеміз. Бас-ми жарақатына дейін бірнеше минут, күн апта ішінде болған (инсульт, эпилепсиялық ұстама, улану және т.б) оқиғалардың естен жоғалуы клиникалық тәжірибеде ретроградты амнезия деп аталады. Бас-ми жарақатынан кейінгі болған оқиғалардың естен жоғалуы антероградты амнезияға тән. Ретроградты немесе ретроантероградты амнезия Корсаков синдромының бір белгісі болып табылады.

Бір кісі мотоциклмен келе жатып, оны қаладан 78 км қашықтықта жүк машинасы қағып кетеді. Бас-ми жарақатынан кейін ол 64 км-ге дейінгі болған жағдайды және жарақаттан кейінгі бірнеше сағатта болған жағдайларды ғана есіне түсіре алды. Жарақаттан кейін мидың функциональды қабілеті өзгерген, сондықтан адам өз-өзіне келіп, сыртқы ортада өзін дұрыс ұстаған жағдайда да ақпарат біраз уақыт аралығында мимен бекітілмеуі мүмкін.

Бірақ естен 14 км жол оқиғасының шығып кетуі, бұл кезең ізі есте мығымдалып үлгермегендігінің дәлелі,сондықтан жарақат әсерінен өшіп қалған.

Еске түсірудің сапалық бұзылыстары

 

Еске түсірудің сапалық бұзылуы (дисмнезия, парамнезия) - естеліктер мазмұнының өзгерісі болып табылады. Бұл құбылысты феноменологиялық зерттеу кезінде псевдореминисценция және конфабуляцияны бөлеміз.

Псевдореминисценцияны ес иллюзиясы деп те атайды. Бұл болған оқиғаның уақытын немесе орнын қате есіне алу. Психиатриялық ауруханада айлап жатқан ес бұзылысымен науқасқа «бүгінгі күнді қалай өткіздің?» деген сұраққа олар үйде болғанын «қандай жұмыспен айналысқанын есіне түсіріп, толық айтып береді». Бұл жерде науқастың күн сайынғы шаруасы жөнінде сөз болып тұр, мұның барлығы ауруханаға түспестен бұрын болған оқиғалар.

Конфабуляция кейде ес галлюцинациясы деп те аталады. Конфабуляция кезінде жадыдан түсіп қалған оқиғаларды науқас шын мағынасында болмаған оқиғалармен толықтырады. Инсульттан кейінгі науқас өзінің өткен аптада таудан космосқа ұшқанын, яғни космоста аяқ киімін ұмытқанын есіне түсіреді. Конфабуляциялар өз фабуласы бойынша шындыққа жанасуы мүмкін немесе айқын фантастикалық сипатта болуы мүмкін.

Қазіргі кезде ес бұзылысының сапалық түрлерінің барлығын конфабуляция деп атауға тенденция бар, өйткені тәжірибеде ес иллюзиясы мен галлюцинациясын ажырату өте қиын. Кәрі адамдар кейде түс көрулерін шынайы өмірмен шатастырады. Осыған ұқсас жағдай Ф.М. Достоевскийдің «Дядюшкин сон» пьесасында суреттелген.

Конфабуляция психиканың потологиялық өнімінің нәтижесі болып табылады. Ол гипомнезия фонында мидың органикалық ауруларында кездеседі (орталық жүйкесінің жүйесінің қантамырлық зақымдалулары, жарақаттық, интоксикациялық, инфекциялық ауруларында). Фиксациялық, антеро-ретроградты амнезиялар бірігіп Корсаков синдромының триадасын құрайды. Конфабуляциялар мнестикалық функция жеткіліксіздігімен бірге жүретін психоздық жағдайларда да бақыланады. Шизофрениямен науқастар кей жағдайда қиялдан шыққан жайттар жөнінде әңгімелейді (әдетте фантастикалық сипатта).

Псевдореминисценция негізінде кейде экмнезия құбылысы дамиды. Экмнезия - науқастың өткен өмірі. Өткен жылдар оқиғаларын науқас қазіргі уақытта болып жатқандай уайымдайды. Өзінің, туыстарының және таныстарының жас мөлшерін, айналада және өзімен болып жатқан оқиғаларды осы кезеңге сәйкестендіреді. Қарттық ақыл кемдігімен науқастар өздерін 40, 30, 18 жастамыз, кішкене баламыз бар, семья құрамыз және қайтыс болған жақындары хат жазады немесе соғыс кеше ғана бітті деп айтады.

Экмнезия құбылысы кәрілік психозда, истерияда, шизофренияның соңғы сатыларында бақыланады. Экмнезия - күрделі психопатологиялық түзіліс. Бұл кезде соңғы жылдарда және ағымдағы болып жатқан оқиғалардың есте сақталмауымен қатар, бұрын болған оқиғаны осы шаққа ауыстырып айтумен гипермнезия, уақыт бойынша бағдарлау бұзылысы және уақыт аралығында өзін адастыру, ой түйіндеу бұзылысымен жүреді.

Еске түсірудің сапалық бұзылыстарына криптомнезия - яғни жасырын еске түсіру жатады. өткен шақта науқаспен қабылданған бөтен идеялар, бөтен шығармашылық, уақыт өте науқас ойында өзінің жаңа, біртума идеясы түрінде танылады.

 

Таныстық сезімінің бұзылысы

 

Ес бұзылыстары симптомдарының ішінде ерекше топ таныстық сезімінің бұзылуы болып табылады. Аталған бұзылыстар психопотологияда шекаралық бұзылыстарға жатады. Олар сау адамдарда, мысалы, көңіл-күй өзгерістерінде, және психикалық науқас адамдарда да байқалады. Таныстық сезімінің бұзылуы симптом ретінде қабылдау бұзылысы шеңберінде де қарастырылуы мүмкін, өйткені заттарды тану бұзылады, және эмоциональды бұзылыстар шеңберінде қарастыруға, сана бұзылысымен де байланыстыруға болады.

Бұрын көргендік симптомы (déjà vu – француз авторлары бойынша) және ешқашан көрмегендік симптомдарын (jamais vu) ажыратамыз. Бұрын көргендік симптомы кезінде адам өмірінде алғаш қабылдап тұрғанын бұрын болған оқиға түрінде қабылдайды. Бұл сезімнің қате екенін түсінеді. Мысалы, қандай да бір қалаға алғаш келген адам осы қалада өзін бұрын болғандай сезінеді.

Ал ешқашан көрмегендік симптомы кезінде адамға жақсы таныс қандай-да бір зат бөтен, алғашқы рет көріп тұрғандай сезім тудырады. Бұл жағдайда критика сақталады, бұзылыс екенін жоққа шығармайды. Мысалы, адам өзінің бөлмесіне кірген кезде, өзінің бөлмесінің ерекшеліктерін біле тұра, танымауы мүмкін.


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 1672 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.011 сек.)