Ганнушкин П.Б (1875-1933) Гиляровский В.А (1875-1959)
Шекаралы психиатрияның мәселелері О.В.Кербиковтың және оның шәкірттерінің еңбектерінде ары қарай өрбіді. О.В.Кербиков және тұлғаның психопатиялық түзілуіндегі сыртқы факторлардың (баланы, жасөспірімді тәрбиелеу ерекшеліктері) рөлін көрсетіп берді. Жүргізілген тәжірибелер мен талдаулар негізінде әртүрлі экзогенді психоздардың клиникалық суреттемелері берілді (В.А.Горовой-Шалтан, В.Л.Осипов, С.Н.Давиденков, Н.Н.Тимофеев т.б.). Экзогенді және эндогенді психоздарға тән психопатологиялық көріністер арасындағы шекараның жоқтығы көрсетілді. Маниакальді-депрессивті психоз және шизофренияға тән аффективті және сандырақтық психопатологиялық көріністердің созылмалы соматикалық, жұқпалы ауруларда пайда болуы бақыланды. Соматикалық аурулардың психикалық жағдайларын арнайы зерттеу психиатриялық бағытта соматопсихиатрияның дамуына әкелді (В.А.Гиляровский). Балалық шақта кездесетін психикалық аурулардың болжамы мен клиникасының ерекшеліктері анықталды, осылайша жалпы психиатрияның жаңа бөлімі-балалар психиатриясы туындады (Г.Е.Сухарев, Т.Г.Симсон, Н.Н.Озерецкий).
Ескерте кететін жағдай, клиникалық психиатрияның теориялық және тәжірибелік мәселелерін қарастыруда кеңес психиатрлары тек клиникалық әдістермен шектелмеді. Сонымен бірге психикалық патологияны зерттеуде, клиникалық зерттеулер өзге әдістемелік тәсілдермен бірге қолданылды, бұл жаңа жетістіктерге қол жеткізді. Соның ішінде науқастардағы психопатологиялық көріністерге нейротропты заттардың әсерін бағалау мақсатындағы Е.А.Поповтың зерттеулері маңызды орын алды. Бұл зерттеу нәтижелері психотропты дәрілердің психикалық аурулардың клиникасында қолданылуына жол ашып берді. О.В.Кербиков психикалық аурулардың әр түрлі құрылымын (синдромдар деңгейінде) математикалық моделдеуге әрекет жасады. Кеңес психиатрлары клиникалық психиатрияның мәселелерін нозологиялық принципке негізделіп қарастырды, олар психиатрияда жеке, бөлек аурулардың болатынын сенімді айтты. Сонымен қатар, заманауи психиатрияда отандық психиатрияның негізін салушы С.С.Корсаковпен ұсынылған аурудың динамикасы жөніндегі идея жалғасын тапты. Психикалық ауруларды зерттеудегі динамикалық көзқарас психикалық аурулардың даму үрдісінде анықталған синдромдардың кең спектрін суреттеуге мүмкіндік берді. Осының негізінде симптоматикасының айқын бейнеленуімен синдромдардың глоссарийі құрылды.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР
Ғылыми психологияның пайда болу уақытынан бастап-ақ идеалистік және материалистік көзқарастағы әр түрлі психологиялық мектептер пайда болды. Әртүрлі ғылыми-практикалық міндеттермен айналысуына қарамастан психиатрия және психология бір-біріне жақын мамандықтар. Әрқилы психологиялық мектептердің өкілдерімен жасалған көптеген методикалар психикалық ауруларды зерттеуде, ал теоретикалық концепцияларда – жеке психопатологиялық көріністерді түсінуде қолданыс тапты.
Бірақ, ереже бойынша, психологиялық концепциялар психиатриялық мектептер үшін жалғыз теориялық негіз болып саналмайды. Өйткені психология мен психиатрия психика көріністерінің әртүрлі сапалық жағдайларымен байланысты болып келеді.
Психодинамикалық психиатрияның теориялық-методикалық негізі болған өзекті психология концепциясы ерекше. Өзекті психологияның пайда болуы француз психиатры Месмер атымен байланысты. Өткен ғасырдың басында Шелингтің, Ницшенің идеалистік концепциясы, «әлемдік жан» бар екендігін және адамдарды иррационалды күштердің басқаратынын уағыздаған философтардың концепциясы кең таралды.
«Магнетикалық сомнабулизм» (гипноздың көмегімен болатын ерекше жағдай) «әлемдік жанмен» қатынастың тәсілі ретінде қаралды. Өткен ғасырдың ортасында өзекті психология дамуы дағдарысқа ұшырады. Әлем жанымен және иррационалдық күштермен байланысты магнетизм идеясы «гипноз» түсінігіне ауысты (терминді ағылшын ғалымы Дж.Брэдом енгізді).
Өзекті психология З.Фрейдтің коцепциясынан жалғасын тапты. З.Фрейд концепциясында адамның жүріс-тұрысында иррационалдық күштерге басты рөл берілді. Адамның психикалық сферасы нақты ғылыми дәлелдемелерге сүйенбей-ақ мынандай деңгейлерге бөлінді: санадан тыс «Мен» және «менен жоғары» (сверх - Я) немесе «ол» («оно») «эго», «супер-эго». Санадан тыс жағдай адамды басқаратын иррационалдық күштердің қоры болып табылады. Бастапқыда З. Фрейд бұл күштерді ең алдымен сексуалды ынтамен байланыстырды. Қоғамдағы моральды-этикалық принциптерге қарама-қайшы тұлғаның тілектері мен оның орындалмауы арасындағы тұлғаішілік шиеленіс - «комплекс» түсінігін енгізді. Бұның мысалы эдип комплексі бола алады (мифологияғасүйенсек патша Эдип өзінің әкесін өлтіріп, өз анасына үйленеді)- балалардың қарама-қарсы жыныстағы ата-анаға үйірлігі және басқа ата-анадан өзінің қарсыласын көруі.
Санаға бағынбайтын тілектер бет перделі түрде ерекше түс көрулер және ассоциациялар ретінде санаға енуі мүмкін. Кейінірек бұл санаға бағынбайтын тілектер мен әуестіктерге З.Фрейд агрессия және өлімге талпынысты қосты. Барлық психикалық және көптеген соматикалық ауруларды З.Фрейд және оның ізбасарлары адамда комплекстің болуымен, «эго» әлсіздігімен байланыстырады. Бұл бұзылыстарды емдеуде психоанализ ұсынылды - яғни, комплекстерді анықтап, психоаналитик көмегімен науқастың оларға қарсы тұруы. Арнайы зерттеулердің қорытындысы бойынша, психоаналитикалық терапия басқа психотерапиялық емдеу тәсілдерімен салыстырғанда ешқандай артықшылығын көрсете алмады. Фрейд концепциясы бойынша қоғамның социальды, мәдени және діни салалары түсіндірілді, оның ізбасарлары адекватты психологиялық және патопсихологиялық белгілердің айырмашылықтарын көрмеді, олардың түсінігінше екі жағдайдың да негізінде сол бір механизмдер жатыр, олар: конфликттер (шиеленістер), тұлғаның өзге құрылымдарымен әсерлесетін санаға бағынбайтын күштер. Грек философ –идеалисті Платонның жан туралы ойы З.Фрейдтің адамның психикалық сферасы жөніндегі схемасымен сәйкес келеді. Платон ілімі бойынша адам жаны үш бөлікке бөлінеді. Бұл бөліктер ИД (сана астылық), «эго» және «суперэго» тәрізді психикалық сфералармен (Фрейд бойынша) өте ұқсас болып келеді. Дегенмен, Платонның Фрейдтан ерекшелігі адамда рационалдықтың иррационалдықтан басымдылығын айқын көрсетіп бергендігінде. Бұл тағы да З.Фрейдтің концепциясының идеалистік бағытқа бағытталғанын көрсетеді.
З.Фрейдтің концепциясы өз отанында кең түрде танымал болған жоқ. Мұнда Э.Крепелиннің нозологиялық принциптегі клиникалық психиатриясы жоғарғы орынға көтерілді. Ал, З.Фрейдтің концепциясы АҚШ-та дәріс оқуына байланысты, кең түрде танымал болды. Американдықтарға бұл концепция олардың мүддесін қорғайтын болғандықтан, америка қоғамының идеясына сәйкес келгендіктен тез көтерілуіне себеп болды. Сонымен қатар З.Фрейд концепциясы және психоанализ жеке жұмыс жасайтын дәрігерлерге табыс көзі болды, себебі психоанализбен емдеу ұзақ бірнеше айлар мен жылдарға созылатын еді.
З.Фрейд концепциясы өзінің бұлдырлы құрлысымен және претензиялығымен өзінің бағыттастарының арасында да сынға тап болды, әсіресе сынға қатты ұшырағаны - эдип комплексі болды. З.Фрейд концепциясына ғылыми теория қалпын беру үшін оған әр түрлі толықтырулар енгізілді. АҚШ-та З.Фрейд концепциясы іс жүзінде психиатрияның психодинамикалық теориясына тасымалданды. Олар фрейдизм өкілдері сияқты, сананың және «Меннің» әртүрлі саласын көрсетті: саналы және санадан тыс«Мен», және «менен жоғары». Ерекше мағынаны олар баланың превербальды кезеңіндегі эмоционалды өміріне берді, олардың ойынша санадан тыс сфераның құрылуында бұл үлкен рөл алады.
Авторлар, өздерінің концепциясын психодинамикалық деп атай отырып, психикалық дамудың динамикалық принципін, сонымен қатар, эмоциональды принципті де теріске шығарды. Олар неліктен балалық шақта қалыптасқан эмоционалды реакцияның немесе күйзелістердің қандай-да бір түрі уақыт өте түзелмейтіндігіне қандай-да болмасын түсініктеме бермеді. Авторлар эмоциональды көріністерді тұлғаның психикалық қасиеттерінің жалпы жиынтығынан тыс қарастырды. Қорқыныш, үрей, мазасыздық, сенімсіздік сияқты эмоциональды күйзелістердің патогенді рөліне акцент жасау арқылы, психодинамикалық концепцияның, инстинктивті өмір сүру саналы өмір сүруден басым деп нақты айтқан фрейдизммен методологиялық бірлігін дәлелдеді. Психикалық аурулар, жүріс-тұрыс ауытқулары тұлғаның өмірлік ситуациялармен күресу мүмкінсіздігі деп түсіндірілді, ал тұлға әлсіздіктерінің тамыры эмоционалдық тәжірибеде жатыр делінді. Психодинамикалық психиатрия фрейдизмнен метеодологиялық ортақ болып табылады, тек комплекстердің құрылу сипаты және шарты бойынша ғана ажыратылады. Ол көптеген шетел, әсіресе батыста кең қолданыс тапты.
Материалистік психология және патопсихология дамуында маңызды саты болып психикалық және соматикалық өзара қатынастың механизмін ашу болды. И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың құрған рефлекс концепциясы психикалық және соматикалық арақатынасты, сонымен қатар ми қызметінің бейнелеу қызметін түсіндіруде және оқуда жаңа ғылыми-методологиялық тәсіл ашты. С.Л.Рубинштейн бойынша (1957) психикалық қызметті рефлекторлы сипатта түсіну – психикалық қызметті ми қызметімен байланыстырушы міндетті звено болып табылады. Ми қызметін рефлекторлық сипатта қарастыру екі фундаменталды (психика және ми қызметі) жағдай тұтасталады.
Психиатрияда клиникалық және патопсихологиялық профильдегі қарқынды зерттеулермен қатар психикалық бұзылыстарға тән мидағы, науқас ағзасындағы нақты материалдық өзгерістерді анықтауда үнемі әртүрлі әдістер қолданылып отырды. Бұл бағыт биологиялық психиатрия деп аталады.
БИОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР
Психикалық бұзылыстарды бас миының ерекше функцияналды жағдайымен түсіндіруге талпынысты ежелгі дәрігерлер мен философтардың еңбектерінен табуға болады. Психикалық саулық және психикалық бұзылыстар кезіндегі жүйке жүйесі жағдайын арнайы сипаттау, сонымен қатар оларды емдеу рекомендациялары алғаш Гален еңбектерінде кездесті. Ол адам мүшелерінің ішінде негізгі рөлді жүйке жүйесіне берді. Мания мен естен адасу тәрізді дерттерді мида болатын ерекше қозу жағдайымен түсіндіріп, соған сәйкес емдеу рекомендациясын ұсынды.
Англия нейрофизиологы Дж.Джексонның психиатриядағы еңбегі белгілі бір қызығушылық тудырды. Ол ОЖЖ-гі құрылымдық-функциональды қатынастардың ерекшеліктері жөнінде концепцияны дамытты. Джексон, ОЖЖ дамуы оның құрылымы мен функцияларының күрделенуімен және мидың көне құрылымдарын неғұрлым жаңа құрылған құрылымдардың басқаруымен көрінеді деп сипаттады. ОЖЖ зақымданғанда көбіне жоғары құрылымды, жас структуралар зардап шегеді, осылайша көне құрылым оның бақылауынан ажырайды. Ол өзінің «шатасу факторлары жөнінде» деген бір еңбегінде психикалық бұзылыстар дәрежесі жоғарғы ми орталығы диссоциациясының тереңдігіне сәйкес келуін сипаттап берді. Ол шатасудың позитивті және негативті симптомдарын ажыратып көрсетті. Негативті симптом деп- құрылымның ыдырауы және қандай-да бір функциясының жоғалуын айтты, ал позитивті деп- сақталып қалған нейрофункционалды деңгейлердің белсенділігін айтты. Мұнда иллюзия, сандырақ, жүріс-тұрыс бұзылысы және кейбір эмоциональды күйлер жатқызылды. Дж.Джексон диссолюция мен функциялар автоматизациясы түсініктерін синонимдер ретінде қолданды. Осыған байланысты шатасу жағдайында сана субъективтілігі күшейеді деді. Дж.Джексонның концепциясына сәйкес физикалық және психикалық процестер параллельді жүреді және бір-бірінен толық изоляцияланған күйде қалады. Философиялық-методологиялық тараптан қарастырғанда ол дуалистік позицияны ұстанды. Оның негативті және позитивті немесе продуктивті психикалық бұзылыстар және психикалық бұзылыс дәрежесі жөніндегі идеясы қолданысын тапты және клиникалық психиатрияда дами түсті.
Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 849 | Нарушение авторских прав
|