АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Пузырные дерматозы

 

! Жалқақты көп түрлі эритеманың жиі орналасатын жері:

* + аяқ-қолдың жазылма бетінің терісінде

* шап терісінде

* беттің жоғарғы орналасқан жерлерінде

* бастың шашты бөлігінде

* алақан және табан

! Жалқақты көп түрлі эритемаға тән емес:

* жедел басталуы

* зақым ошақтарында қышу, күю сезімі

* Ортасында ойығы бар, көкшіл қызыл түсті, жалпақ түйіншіктер

* Жалпы жағдайының бұзылуы (безгек, буындарының ауыруы)

* + Бөртпелердің бетінде борпылдақ қабыршықтар

! Жалқықты көптүрлі эритеманың емінде қолданылмайды:

* салицилаттар

* антигистаминдер

* кальций препараттары

* преднизолон

* + метотрексат

! Пемфигуста бөртпелердің әдетте орналасатын жері:

* + кеуде терісі, ауыздың шырышты қабаты

* бастың шашты бөлігі

* алақан және табан

* гениталді, бетінде

* гениталді аймағы мен ауыздың шырышты қабатында

! Пемфигустың түрі:

* гиперкеротикалық

* норвегиялық

* + жапырақты

* лентикулярлық

* семулік

! Пемфигуска келесі белгілер тән:

* Хачатурян белгісі

* + Асбо-Хансен белгісі

* Арди-Горчаков белгісі

* Поспелов белгісі

* Бенье-Мещерский белгісі

! Пемфигустагы біріншілік элемент:

* дақ

* көпіршікше

* түйіншек

* іріңдік

* + көпіршік

! Пемфигустың диагностикасын дәлелдеу үшін ең маңыздысы:

* + акантоликалық жасушаларды жағындыларында табу

* көпіршік сұйықтығында эозинофилия

* қанда едәуір лейкоцитоз

* ЛЕ-жасушалар анықталады

* едәуір тромбоцитопения

! Пемфигусты емдеуде ең тиімді препарат:

* антибиотиктер

* сульфаниламидтер

* + глюкокортикостеройдтар

* делагил

* фтивазид

! Глюкокортикостероидтармен емдеудің асқынуларына жатпайды:

* остеопороз

* гипертензия

*асқазандагы жара (пептикалық)

* + тромбоцитопения

* сусамыр

! Себореялық пемфигустың орналасатын басым жері:

* + бас, кеуде, арқасы

* алақан-табан

* жыныс мүшелері

* аяқ-қолдың жазылма беті

* табиғи тесіктер айналасында

! Дюрингдерматозын емдеуде қолданылмайтын препарат:

* авлосульфон

* + құрамында йод бар дәрілер

* дапсон

* преднизолон

* унитиол

! Дюринг дерматозына тән:

* бөртпелердің бір түрлігі

* + көпіршік сұйықтығында- эозинофилия

* ауыздың шырышты қабатының зақымы

* көпіршік сұйықтығында акантоликалық жасушалар бар

*«оймақ» белгісі оң

! Дюринг дерматитінің диагнозын дәлелдеу үшін қандай препараттардың жақпайтындығын анықта:

* сульфаниламидтер

* антибиотиктер

* глюкокортикоидтар

* + йодидтер

* новакоин

! Дюринг дерматозын емдеуде ең тиімді препарат:

* + сульфон қатарындағы дәрілер

* антибиотиктер

* ацикловир

* кетоконазол

* йод препараттары

! Келесі клиникалық белгілер болғанда қандай ауру туралы ойлауға болады: ауру маусымға байланысты, қайталамалы; аяқ-қолдың сыртқы бетінде орналасады, бөртпе полиморфты жалқықты компонент басым: дақ, түйіншекғ көпіршіктер; бөртпе екі түрлі түсті: ортасында тоқырау- көк түсті, шетіне ашық қызыл түсті, көп бөртпелердің ортасы түсіңкі:

* Жибердің қызғылт теміреткісі

* қабыршақты теміреткі

* түрлі түсті теміреткі

* қызыл жазық теміреткі

* + көп түрлі жалқықты эритема

! Бөртпе полиморфизммен сипатталады: көпіршіктер, көкшіл түсті, ортасы түсінкі дақтар; орналасуы: қол басы терісінде; жиі көктеммен күзде байқалады, басталуы жедел: қалтырау, дене қызуының көтерілуі, қатаралды белгілер. Диагноз туралы ойыңыз:

* нағыз пемфигус

* Дюринг дерматозы

* көпіршікті токсидермия

* микробты экзема

* + көп түрлі жалқықты эритема

! Қарапайым пемфигус диагнозын анықтау үшін, диагностикалық блегісін көрсет:

* жасырын қабыршақтану белгісі

* зондтық түсін кету белгісі

* «алма қойыртпағы» белгісі

* Кебнер белгісі

* + Никольский белгісі

! 70 жастағы науқас, кеудесіндегі, арасындағы, аяқ-қолындағы бөртпеге шағымданады. Ауырғанына 5 жыл. Осы уақыт арасындағы ауруы бірнеше рет асқынған. Әр асқынудың орташа ұзақтығы 2-3 ай, ал ремиссиясы 5-6 айдан бір жылғы дейін. Ауру жиі көктем, күз айларында өршиді, тез аяқталады. Бөртпе, ашу, шаншу және қышу сезімдерінен кейін пайда олады. Клиникалық көрінісі көп мөлшердегі полиморфты бөртпеден тұрады: топтануға бейім, эритематозды дақ, түйіншек, көпіршікше, көпіршік, геморрагиялық қабық және экскориация. Анамнезінде: кейінгі жылдары асқазан – ішек жолдарының ауруымен (гастрит, холецистит) ауырады. Жоғарыда берілген клиникалық көрініс қай ауруға тән:

* нағыз экзема

* қарапайым пемфигус

* + Дюринг дерматозы

* Сенир-Ашер пемфигусы

* көпіршікті эпидермолиз

! Ауруханаға 45 жастағы әйел ауыз қуысындағы тамақ ішкенде ауыратын бөртпелеріне шағымданып келді. Ауырғанына 1 ай болған. Тексергенде ауыз қуысының шырышты қабатында беті тегіс, шеттері жұлынған көптеген ашық-қызыл түсті көлемді эрозиялар көрінеді. Сіздің болжамлы диагнозыңыз:

* біріншілік мерез

* + кәдімгі пемфигус

* Дюрингтың ұшық тәрізді дерматиті

* ауыз қуысының кандидозы

* афтозды стоматит

! 60 ж. әйел бүкіл денесіндегі, ашу, қышу, ыстығы көтерілуі, әлсіздікпен қабат жүретін бөртпелік элементтерге шағымданады. Объективті: қызарғкн және ісінген теріде бос көпіршіктер, үлкен эрозиялар, қабаттасқан қабыршықтар. Никослький белгісі оң. Науқастың әр қимылы эпидермистің жыртылуына, үлкен ет-қызыл түстес сулы эрозиялардың пайда болуына әкеп срғады. Бұл клиникалық көрініс қай ауруға тән?

* кәдімгі пемфигус

* Дюрингтың ұшық тәрізді дерматит

* + жапырақ тәрізді пемфигус

* Сенир – Ашер пемфигусы

* буллезді эпидермолиз

! Ауруханаға 60 ж. әйел бүкіл денесіндегі ашу, қышу,дене қызуының 380 –қа дейін көтерілуі, әлсіздікпен қабат жүретін бөртпелік элементтерге шағымданып түсті. Объективті: қызарған және ісінген теріде бос көпіршіктер, үлкен эрозиялар, қабаттасқан қабыршықтар. Никольский белгісі оң. Науқастың әр қимылы эпидермистің жыртылауына, үлкен ет- қызыл түстес сулы эрозиялардың пайда болуына әкеп соғады. Диагнозды анықтау үшін қандай лабораториялық зерттеулер жүргізу керек?

* LE-жасушаға зерттеу

* йодты калиймен сынама жүргізу

* қанның анализін зерттеу

* + Тцанк-Павловтың акантолитикалық клеткаларына зерттеу жүргізу

* КСР

 

 


Дата добавления: 2015-11-28 | Просмотры: 924 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)