Сифилис 3 к ОМ
! Бозғылт трепонемаға тән:
* +спиральді форма
* грамм оң коктар
* РНК-вирус
* грамм теріс кокк
* қарапайымдылар классы
! Мерездің инкубациялық кезеңінің ұзаруына әсер етеді?
* стресс
* + антибиотиктер қолдану
* тағам дұрыс қабылдамау
* спазмалитиктер қолдану
* алкоголизм, наркомания
! Бозғылт трепонеманы микроскопияда анықтау үшін не істеу қажет?
* Грамм әдісімен бояу
* Морозка әдісімен күмістеу
* Романовскому-Гимзе әдісімен бояу
* Цилль-Нильсен әдісі бойынша бояу
* +қараңғы аймақта қарау
! Біріншілік мерезге тән клиникалық белгі:
* + қатты шанкр
* розеолезды сифилид
* полиаденит
* жалпы интоксикация
* түйіншекті сифилид
! Қатты шанкрдың атитпты түріне жатады:
* шанкр уретит
* жұмсақ шанкр
* +индуративті ісік
* ботриомикома
* жалпақ кандиломалар
! Қатты шанкрдың асқынуларына жатады:
* шанкр амигдалит
* күбіртке шанкр
* индуративті ісік
* ауру сезімінен естен тану
* +фагаденизм
! Регионарлы лифаденитке тән белгілер:
* + консистенциясы тығыз эластикалы
* қамыр тәрізді
* ауыратын
* көлемі тауық жұмыртқасындай
* тері асты май шел қабатына жабысқан
! Дәрігер – дерматовенерологқа 33 жастағы науқас Л. бір апта бұрын пайда болған жыныс мүшесінің басындағы жарақатқа шағымданған. 1,5 ай бұрын бейтаныс әйелмен жыныстық қатынаста болған. Тексергенде: жыныс мүшесінің басында шекарасы айқын, шеттері тегіс, көлемі 0,5 см, дөңгелек эрозия байқалған. Эрозияның түбі табақша тәрізді, түсі шикі еттің түсіндей, жылтыр, аздаған жалқықты бөліндісі бар. Пальпация кезінде түбінде тығыз сіңбе анықталды. Субьективті сезімдері жоқ. Сол жағында шаптағы лимфа түйіндері орман жаңғағы көлеміне дейін үлкейген, консистенциясы тығыз-эластикалы, қозғалмалы, ауырмайды. Серологиялық реакциялары теріс. Диагноз туралы сіздің ойыңыз:
* +мерездің біріншілік серонегативті кезеңі, типтік қатты шанкр
* мерездің біріншілік серонегативті кезеңі, индуративтік ісік
* мерездің біріншілік серонегативті кезеңі, гангреноздық қатты шанкр
* жұмсақ шанкр
* шанкр тәрізді пиодермия
! Мерездің екіншілік кезеңіне тән:
* интоксикация айқын белгілері
* субъективті белгісі бар
* + жедел қабыну белгісі жоқ
* ағзалардың және тіндердің деструкциясымен жүретін ағымы қатерлі
* ішкі ағзалардың айқын зақымдалатын белгілері
! Екіншілік жаңа мерезде бөртпе:
* +көп, ұсақ
* ауыратын
* асимметриялы
* топтасуға бейім
* жараға айналуға бейім
! Мерездің қай кезеңінде Герксшеймер-Яриш-Лукашевич реакциясы айқындалады:
* біріншілік
* +екіншілік жаңа
* екіншілік рецидивті
* үшіншілік
* латентті
! Беткей пустулезді сифилидтерге жататындар:
* шанкр тәрізді
* + импетигинозды
* гангренозды
* рупиоидты
* эктима тәрізді
! Терең пустулезді сифилидерге жататындар:
* +эктиматозды
* шанкр тәрізді
* шешек тәрізді
* импетигонозды
* безеу тәрізді
! Мерездік лейкодерманың түрлері:
* + дақты
* түйіншекті
* көтеріңкі
* қабыршықты
* мәрмәр
! Мерездік алопецияны келесі аурулардан ажыратады:
* жұқтырған соң 2 жылдан кейін пайда болуы
* + шаштың біртіндеп түсуі, «күйе жеген» теріні» ұқсатады
* зақам ошағындағы тері қабынған, қабыршақты
* бірер таз ошақтары бар
* шашы түгел түсіп қалған
! Мерездік алопецияның түрлерін көрсет:
* ірі ошақты
* + диффузды
* атрофиялық
* тоталды
* ұяшықты
! Мерездің үшіншілік кезеңіне тән емес:
* бөртпенің ошақты орналасуы
* ағза және тіндердің деструкциясы
* мерездік емнің тиімділігі
* 25-30% серологиялық реакция теріс нәтиже көрсетеді
* +жұғымталдығы жоғары
! Төмпешікті сфилидке тән:
* жайылған бөртпе
* + мозаикалы тыртық
* келоидты тыртық
* тыртықта бөртпенің пайда болуы
* із-түзсіз жазылады
! Төмпешікті сифилидтердің түрлері:
* кезбе
* + жайылмалы
* табақша тәрізді
* фолликулярлы
* көтеріңкі
! Үшіншілік мерезде ішкі ағзалардың жиі кездесетін зақымдануын көрсет:
* орхоэпидидимит
* +мезаортит
* энтероколит
* пиелонефрит
* нефросклероз
! Үшіншілік мерезде ауыз қуысының шырышты қабатының ауыр зақымдалуы болып табылады:
* +интерстициальды глоссит
* Жергілікті склероденит
* Қатты шанкр
* төмпешікті сифилид
* жұмсақ таңдайдың гуммасы
! Мерездік мезаортиттің жиі кездесетін асқынуы:
* миокард инфаркты
* ауру сезімдік шок
* атаксиялық жүріс
* +аорта аневризмасы
* Жүректі май басу
! Үшіншілік мерезде тілдің гуммозды зақымдануы байқалады:
* кандидозды глоссит
* +диффузды интерстициальды глассит
* папилломатоз
* лейкоплакия
* тыртықты атрофия
! 40 жасар ер адам дәрігерге артқы тесік аймағындағы жағымсыз сезімге шағымданады, алғаш бұл сезімді 2 апта бұрын байқаған. Өз бетімен марганец ертіндісімен емдеген, нәтиже болмаған. Тексергенде: артқы тесік аймағында ылғалды, ақжемделген гипертрофиялық, вегетациялық түйіншектер бар. Сонымен қатар науқастың алақан – табандарында түйіншектер, басының шашы селдіреп түсіріп қалған. Қандай ауру туралы ойлауға болады:
* перианальдық папилломатоз
* геморрой
* үшкір кондиломатоз
* екіншілік жаңа мерез
* +екіншілік рецидивті мерез
! 25 жастағы науқас желкесінің, самайының, қастарының терісінде 10-15 тиынның көлеміндей, дөңгелек, бір-бірімен қосылмаған, шаштары селдіреген және түгел түсіп қалған, біркелкі орналасқан ошақтар анықталған. Шаш түскен жердің терісі тегіс, қабыршақтанбаған, қабынбаған, сынған шаштар жоқ, ешқандай сезім тудырмайды. Ошақтар «күйе жеген» теріні еске түсіреді.Сіздің болжамды диагнозыңыз:
* +екіншілік қайталамалы мерез
* трихофития
* микроспория
* ошақты таздану
* себореялық экзема
! Мерзімі 16 апталық жүкті әйелдің жынысы мүшесі аймағына көптеген лентикулярлық қоныр – қызыл көкшілдеу түсті, тығыз – эластикалық түйншектер шыққан. Вассерман реакциясы, микрореакция, РИФ -4+. Диагноз қойыңыз:
* біріншілік серопозитивті мерез
* +екіншілік рецидивті мерез
* екіншілік жаңа мерез
* біріншілік мерез
* жалған серологиялық реакция
! Жыныс мүшесінің кертік басында пайда болған жараға байланысты науқас ТВД емханасына түседі. Жергілікті лимфа түйіндері 1,5х1,0 см үлкейген тығыз эластикалық, ауырмайды, жан жағындағы тінге жабыспаған, ИФР-4+, ВР 4+. Клиникалық диагнозыңыз?
* біріншілік серонегативті мерез
*+ біріншілік серопозитивті мерез
* үшіншілік белсенді мерез
* ерте білінетін жасырын мерез
* екіншілік рецидивті мерез
! Папулезді сифилидтерге тән:
* шетке қарай өсуге және қосылуға бейім
* +Ядассон белгісі
* ортасында кіндік тәрізді басыңқы
* Поспелов белгісі
* жаралану
! Әйелдер кенесінде жүктіліктің 5-ші айындағы бір әйелде әлсіз оң Вассерман реакциясы (2+) анықталды. Тексергенде мерездің клиникалық белгілері табылмаған. Сіздің әрекетіңіз:
* +қанды ИФР, РИТ реакцияларымен зерттеу
* мерезге қарсы емді бастау
* абортқа ұсыныс
* ревмо-сынамаларын тексеру
* УДЗ (УЗИ)
! Желкесінің, самайының, қастарының терісінде 10-15 тиынның көлеміндей, дөңгелек, бір-бірімен қосылмаған, шаштары селдіреген және түгел түсіп қалған, біркелкі орналасқан ошақтар анықталған. Шаш түскен жердің терісі тегіс, қабыршақтанбаған, қабынбаған, сынған шаштар жоқ, ешқандай сезім тудырмайды. Ошақтар «күйе жеген» теріні еске түсіреді. Диагнозды нақтау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізесіз:
* патогенді саңырауқұлақтың микроскопиясы
* гармон деңгейін анықтау
* қанның биохимиясы
* иммунограмма
* +қанды РВ, РИФ, РИБТ тексеру
! Жүкті әйелдің серологиялық реакциясын тексергенде оң нәтижелі көрсетті (РВ - +4; микрореакция - +*. Мерездің клиникалық көрінісі жоқ. Жыныстық партнері тексерілмеген. Тексерудің дұрыс тәсілін көрсет:
* қанды РВ қайта тексеру
* микрореакцияны қайталау
* +қанды РВ, РИФ, РИБТ тексеру
* босанған дейін клинико-серологиялық бақылау
* босанған дейін, босанғаннан кейін серологиялық бақылау
! Дәрігерге дімкәстікке шағымданып қаралған науқастың ауыз қуысының шырышты қабығынан эритематозды ангина анықталды. Эритема көкшіл түсті анық шектелген, бадамша безін, таңдай пердесін, тілшені қамтиды, лейкодерма, Вассеман реакция 4+, ИФР 4+. Қандай диагноз қоюға болады:
* қарапайым спецификалық емес баспа
* үшіншілік белсенді мерез
* +екіншілік рецидивті мерез
* екіншілі жаңа мерез
* біріншілік серопозитивті мерез
! Науқастың денесінде аздаған көлемі үлкен, өңі түскен розеолалар, алақан және табанда топтасқан түйіншектер. Регинонарлы лимфаденит жоқ, полиаденит айқын емес. КСР 4+ титры 1:! Диагноз қой?
* + екіншілік рецидивті мерез
* екіншілік жаңа мерез
* ерте жасырын мерез
* кеш жасырын мерез
* үшіншілік белсенді мерез
! 23 жастағы науқас жiгiт дәрiгер-дерматологқа бiр апта бұрын пайда болған жыныс мүшесiнiң басындағы жарақатқа шағымданған. 1,5 ай бұрын бейтаныс әйелмен жыныстық қатынасқа түскен. Тексергенде: жыныс мүшесiнiң басында шекарасы айқын, шеттерi тегiс, көлемi 0,5 см дөңгелек эрозия байқалған. Түбi табақ тәрiздi, түсi ет тәрiздi, жылтыр, аздап серозды бөлiндiсi бар. Субъективтi сезiмдерi жоқ. Шаптағы лимфа түйiндерi сол жағынды орман жаңғағындай үлкейген, тығыз консистенциялы, қозғалмалы, ауырмайды. Серологиялық реакциялары терiс. Диагноз турала сiздiң ойыңыз:
* + мерездiң бiрiншiлiк серонегативтi кезеңi, типтiк қатты шанкр;
* мерездiң бiрiншiлiк, серонегативтi кезеңi, индуративтi iсiк;
* мерездiр бiрiншiлiк, серонегативтi кезеңi, гангренозды қатты шанкр;
* жұмсақ шанкр;
* шанкр тәрiздi пиодермия
! Мерезде регионарлы склероденит қай кезде пайда болады:
* +қатты шанкр пайда болғаннан кейін 7-10 күннен соң
* қатты шанкр пайда болғаннан кейін 1-15 күннен соң
* қатты шанкр пайда болғаннан кейін 1-25 күннен соң
* қатты шанкр пайда болғаннан кейін 40 күннен соң
* пайда болмайды
! 35 жасар науқаста мұрын темiрткесiнде гумма, денесiнде топтасқан төмпешiк және мозайкалы тыртық табылды. РВ - терiс. Диагнозда дәлелдеу үшiн қандай зерттеулер жүргiзу керек.
* патогистологиялақ
* люминисцентi
* дақылдық
* + иммунофлюоресценттi реакция
* биохимиялық зерттеу
! Екіншілік рецидивті мерезде бөртпеге тән емес:
* жиі түйіншекті
* топтасуға бейім
* +көп, ұсақ
* түсі солғын
* ассиметриялы
! Төмпешікті сифилидті қай аурулардан ажырату қажет:
*+тері туберкулезі
* қызыл жазық теміреткі
* псориаз
* тамшы тәрізді парапсориаз
* белдемелі ұшық
! Мерезде инкубациялық кезең орта есеппен:
* 1 апта
* 2 апта
*+3-4 апта
* 3 ай
* 6 ай
! Бозғылт трепонеманы микроскопияда анықтау үшін не істеу қажет?
* Грамм әдісімен бояу
* +қараңғы аймақта қарау
* Романовскому-Гимзе әдісімен бояу
* Морозка әдісімен күмістеу
* Цилль-Нильсен әдісі бойынша бояу
! Бозғылт трипонема қай жылы алғаш анықталды?
* 1805 ж
* 1880 ж
* 1903 ж
* + 1905 ж
* 1925 ж
! Бозғылт трипонеманы ең алғаш ашқан ғалым?
* П.Унна
* +Ф.Шаудин
* Нейссер
* Е Гофман
* Дюкрей
! Бозғылт трепонемаға тән:
* жіп тәрізді
* таяқша тәрізді
* дән тәрізді
* шар тәрізді
*+ спиральді форма
! Патогенді бозғылт трепонеманы өлтіретін препаратты ата?
* раствор ртути дихлорида
* натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі
* + растворы едкой щелочи
* дистилденген су
* растворы уксусной кислоты
! Мерездің біріншілік кезеңінің ұзақтығы?
* 1 ай
* + 8 апта
* 3 ай
* 2 ай
* 3 айдан жоғары
ИППП
! Гонококктар зақымдайды:
* көп қабатты жазық эпителиді
* +цилиндрлік эпителиді
* куб тәріздіэпителиді
* призма тәрізді эпителиді
* мүйізденуші эпителиді
! Созда қолданылатын арандату тәсілдері:
* + алиментарлық
* бактериологиялық
* лазерная
* люминисценттік
* бактериоскопиялық
! Созда бактериоскопиялық диагностика жасау үшін әйелдерден жағынды алу керек:
* қынапқа кіре беріс
* тік ішектен
* + уретрадан, жатыр өзегінен
* вестибулярлық бездерден
* парауретралдық жолдардан
! Создың қоздырғышы болып табылады:
* грам оң диплококк
* +грам теріс диплококк
* микобактерия
* коринебактерия
* стрептококк
! Созбен ауыратын науқасқа топикалық диагноз қою үшін қандай зерттеулер жасау қажет?
* микроскопиялық зерттеу
* +зәрді екі ыдыстық сынамамен тексеру
* бактериологиялық себінді
* кристаллографиялық
* серологиялық
! Қыз балаларда көбінесе зақымданатын несепжыныс аймағының мүшелері:
* +вульва, қынап
* уретра
* бартолин бездері
* цервикальды канал
* жатыр мен қосымшалары
! Дәрігер дерматовенерологқа 22 жастағы әйелді, әйелдер кеңесі бөлімінен тексеруге жіберген, өйткені оның жұбайы ОТВД-де жаңа созбен емделуде. Бөгде адаммен жыныстық қатынаста болмаған. Тексергенде: қынаптың шырышты қабаты және жатырдың мойны қызарған, қынаптың артқы ылдиында көп мөлшерде іріңді бөлінді. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
*+жаңа жедел соз
* жаңа торпидті соз
* гонококк тасымалдаушы
* созылмалы соз
* клиникалық белгісі жоқ соз
! Дәрігер дерматовенерологқа 28 жастағы А. атты науқас таңертең уретра еріндерінің жабысып қалуына, ауырғаны 4 ай болғанына, алкоголь ішкеннен кейін бөліндінің көбеуюі, кесу сезімінің пайда болуына шағымданып қаралды. Емделмеген. Бірінші белгілері кездейсоқ жыныстық қатынастан кейін 3 күннен соң пайда болған. Объективті: уретраның сыртқы ернеуі аздап, қызарған, массаждан кейін аз мөлшерде, кілегейлі бөлінді. Екі стакандық сынамада екі стакандағы зәр мөлдір, аздап жіпшелер көрінеді. Жағындыда грам теріс диплококк, клетканың ішінде орналасқан. Сіздің диагнозыңыз:
* жаңа соз, жедел тотальды уретрит
* жаңа соз, жеделдеу тотальды уретрит
* жаңа соз, торпидті тотальды уретрит
* +созылмалы соз
* жасырын соз
! Дәрігер дерматовенерологқа әйел адам жыныс мүшесінен көп мөлшерде бөлінген іріңді сұйықтыққа, кіші дәретке отырған кезде күйдіру сезіміне шағымданып қаралды. Ауырғанына 6 күн. Ауруын бөгде адаммен жыныстық қатынасқа түсумен байланыстырады. Тексергенде: қынап кіреберісінің шырышты қабаты қызарып, ісінген, айнамен тексергенде-қынап және жатыр мойны ісінген және қызарған. Жыныс мүшесінен аққан бөлінді өте көп, іріңді. Сіздің диагнозыңыз:
* кандидоз
* +соз
* трихомониаз
* хламидиоз
* гарднереллез
! Келесі клиникалық – лабораториялық белгілерге сүйеніп диагноз қойыңыз: таңертең уретрадан мардымсыз шырышты бөлінді көрінеді, ауырғанына 1,5 ай болған, арнайы бояғанда жағындыда жасушалардың ішінде және сыртында орналасқан, қызғылт түсті диплококктар табылған:
* созылмалы соз
* латенттік соз
* +жаңа баяу соз
* бактериалдық уретрит
* хламидиялық уретрит
! 32 жасар науқас адамды шат аралықтың ауыруы мазалайды, әсіресе үлкен дәретке отырғанда. Жиі түзге отырғысы келеді. Бұл белгілер создың қандай асқынуына тән:
* эпидимитке
* +простатитке
* парауретритке
* литтреитке
* купперитке
! Хламидиоздың инкубациялық кезеңінің орташа ұзақтығы:
* 3-5 күн
* 1-2 күн
* 7-10 күн
* +10-14 күн
* 20 күн
! Хламидиялық инфекцияға тән емес:
* жоғары жұқпалылық
* басқа ЖЖЖИ қосарлану
* персистенция
* +жедел ағым
* асқыну жиілігі жоғары
! Хламидиоз қоздырғышы келесі топқа жатады:
* қарапайымдылар
* вирустерге
* +грам теріс бактерияға
* саңырауқұлақтарға
* грам оң кокктарға
! Хламидидың адамда ауру тудыратын түрін ата:
* Chlamydia psitacci
* + Chlamydia trachomatis
* Chlamydia pneumonia
* Chlamydia genytalis
* Chlamydia pecorum
! Хламидии біреуінен басқасын зақымдайды:
* +жүрек және қан тамырларын
* несеп-жыныс жолдарын
* буындарды
* респираторлы жолдарды
* көзді
! Рейтер синдромында зақыдалатын мүшелер үштігі не кіреді:
* несеп-жыныс жолдары, жүрек және қан тамырлары
* несеп жолдары, қуық асты безі, аталық без
* +уретра, буындар, көз
* өңеш, бронх, өкпе
* уретра, аналық без, жатыр
! Хламидиозда ақпараттылығы төмен лабораториялық диагностикалық әдісті ата:
* ПЦР
* ПИФ – түзу иммундық флюоресценция
* ИФА – иммундық ферменттік анализ
* +жағынды микроскопиясы.
* дақылдық себу
! Трихомоиаздың инкубациялық кезеңінің орташа ұзақтығы:
* 3-5 күн
* 1-2 күн
* 7-10 күн
* +5-14 күн
* 20- 25 күн
! Трихомоиазға тән бөлінді:
* қанаралас
* түйіршікті
* шырышты
* +көпіршікті
* қаймақ тәрізді
! Трихомоиаздың қоздырғышы келесі топқа жатады:
* + қарапайымдылар
* вирустерге
* грам теріс бактерияға
* саңырауқұлақтарға
* грам оң кокктарға
! Трихомоиаздың адамда ауру тудыратын түрін ата:
* Trichomonas pallidum
* Trichomonas urealyticum
* Trichomonas hominis
* Trichomonas genytalis
* + Trichomonas vaginalis
! Микроскопиялық зерттеу жүргізгенде трихомонадағы тән ерекшелік:
* ұсақ коктардың топтасқан кологниялары
* диплококк
* бояумен әлсіз боялады
* +жіпшелері бар
* цитоплазмада ядросы жоқ
! Дәрігер дерматовенерологқа иммуно-ферментті анализінде – хламидияға антиденелер
(иммуноглобулин) анықталған ер адам қаралды. Субъективті шағым жоқ. Гениталиді тексергенде қабыну белгілері жоқ. Несеп-жыныс жолы хламидиозы диагнозын нақтау үшін пациентке қандай тексеру қажет?
* зәрдің жалпы анализу
* жағынды микроскопиясы
* уретроскопия
* +ПЦР
* дақылдық зерттеу
! 30 жасар науқас дәрігерге уретрасындағы жағымсыз сезімге, еріндерінің жабысуына, болымсыз шырышты іріңді бөліндіге шағымданып қаралды. Жағындыда мұрттылар классына жататын қарапайымдылар анықталды. Диагноз қой:
* соз
* хламидиоз
* гарднереллез
* кандидоз
* +трихомониаз
! Дәрігер дерматовенерологқа 25 жастағы әйел жыныс мүшесіндегі қышу сезіміне, аздаған кілегейлі-іріңді бөліндіге зәр шығарғанда болымсыз кесу сезіміне шағымданып қаралды. Тексергенде: жатыр мойны ісінген, қызарған. Романовски- Гимзе тәсілімен боялған препаратты микроскоппен зертегенде, қызғылт түсті цитоплазматикалық қосындылар табылған. Сіздің диагнозыңыз:
* создық эндоцервицит
* трихомонадтық эндоцервицит
* +хламидиялық эндоцервицит
* стафилококтық эндоцервицит
* кандидоздық эндоцервицит
! Трихоманадтар мекендейтін жер:
* +уретра
* ауыз қуысы
* көз ақ қабығында
* тік ішек
* тері
! Дәрігерге тексерілуге келген 22 жасар науқастың уретра ернеулері ісіңкі, қызарған, аздап шырышты-іріңді көпіршікті бөлінді бар, түзге отырғанда шамалы ауырады. Жағындыда қарапайымдар табылған. Сіздің диагнозыңыз:
* соз
* хламидиоз
* гарднереллез
* кандидоз
* +трихомоноз
! Қай қоздырғыштар патогенді микроорганизмдермен жұтылады:
* хламидиялар
* +трихомонад
* соз
* кандидоза
* гарднереллеза
! Хламидиялық жұқпамен жаңа туған нәресте жиі зақымдалады?
* +туу жолдарынан өткенде
* өмірінің алғашқы 1-3 күні
* өмірінің алғашқы 3 аптасында
* өмірінің алғашқы 3 айында
* жүктіліктің 4 айында
! Урогенитальдық хламидиозда әйелдердің қандай мүшелері патологиялық процеспен жиі қамтылады:
* қынап
* тік ішек
* +уретра, целвикалды канал
* қосалқылар
* бартолин бездері
! 20 жастағы әйел ТВД-не жыныс мүшесіндегі аздаған кілегейлі іріңді бөліндіге шағымданып қаралды. Тексергенде: жатыр мойны ісінген, қызарған, цирвикалды каналдың айналасында эрозия байқалды. Романовски- Гимзе тәсілімен боялған препаратты микроскоппен зертегенде, қызғылт түсті цитоплазматикалық қосындылар табылған. Сіздің диагнозыңыз:
* создық эндоцервицит
* трихомонадтық эндоцервицит
* + хламидиялық эндоцервицит
* стафилококтық эндоцервицит
* гарднерелездік эндоцервицит
! Гарднереллезде инкубациялық кезең шамамен тең?
* 3-5 күнге
* 1 айға
* 14 күнге
* +7-10 күнге
* 20 күнге
! Нативтік препараттарда жалпақ эпителиалдық жасушалардың үстіне орналасқан бұрыш сепкен сияқты, болып көрінетін, басқаша айтқанда «кілттік» микроорганизмдер анықталады. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
* соз
* мерез
* трихомоноз
* хламидиоз
* +гарднереллез
! Гарднереллездің диагностикалық критерилерін жатпайдыа:
* мардымсыз, балық иісті бөлінді
* рН бөліндінің -5,0-6,5
* «кілттік» жасушалар
* +көбікті бөлінді
* қышыну
! Ауру ұзақтығына байланысты жаңа соз диагнозын қою критериі:
* 2 жыл
* +2 ай
* 7 күн
* 3-4 апта
* 6 ай
! Созда инкубациялық кезең шамамен тең?
* +3-5 күнге
* 3 аптаға
* 1 айға
* 1,5 айға
* 2 айға
! Науқас адамды шат аралықтың ауыруы мазалайды, әсіресе үлкен дәретке отырғанда. Жиі түзге отырғысы келеді. Бұл белгілер создың қандай асқынуына тән:
* эпидимитке
* +простатитке
* парауретритке
* литтреитке
* купперитке
! Келесі клиникалық – лабораториялық белгілерге сүйеніп диагноз қойыңыз: таңертең уретрадан мардымсыз шырышты бөлінді көрінеді, ауырғанына 1,5 ай болған, арнайы бояғанда жағындыда жасушалардың ішінде және сыртында орналасқан, қызғылт түсті диплококктар табылған:
* созылмалы соз
* латенттік соз
* +жаңа баяу соз
* бактериалдық уретрит
* хламидиялық уретрит
! Создың қоздырғышы- гонококк жатады:
* +грам-теріс жұпты коктарға
* грам –оң жұпты коктарға
* грам – вариабелдік жұпты коктарға
* грам-теріс коккобациллаға
* грам – вариабелдік коктарға
! Жиі гонококктардың ассоциациясы создың қайталануына себепші болып табылады:
* хламидиямен
* саңырауқұлақ мицелиімен
*+ трихоманадамен
* уреаплазмамен
* гарднерелламен
! Жаңа жедел создық алдынғы уретрит келесі белгілермен біреуінен басқасы сипатталады:
* көп мөлшерде іріңді бөлінді
* зәр бөлінгенде ауру сезімі
* уретраның сыртқы ернінің қызаруы
* + зәрдің бірінші және екінші бөлігінде іріңді жіпшелердің болуы
* зәрдің бірінші бөлігінде іріңді жіпшелердің болуы
! Қынап гарднереласының қоздырғышы:
* грамм теріс коккобациллалар
* + грам-вариабельді коккобациллалар
* микроорганизмдердің грам – оң кок түрлері
* микроорганизмдердің грам – оң бациллярлы түрлері
* микроорганизмдердің грам – бациллярлы кокк түрлері
! 23 жасар әйел сыртқы жыныс мүшесі аймағындағы ашу, қышу, жағымсыз иісті сүт тістес бөліндіге шағымданып дәрігерге қаралды. Клиникалық қарау нәтижесінде келесі өзгерістер анықталды: жедел кольпит, жатырдың артқы ылдиында көп мөлшердегі ірімшік тәрізді бөлінді, 10% КОН сынамасы оң. жағындыда лейкоциттер саны жоғары, грамм вариабелді таяқшалар-оң, шоғырланған дрож клеткалары және псевдомицеллилер диагноз қой.
* бактериалды вагиноз
* + жедел урогениталды кандидоз және бактериалды вагиноз
* жедел урогениталды кандидоз
* диагноз анық емес, жинақты асқындыру әдістерін қолданып бактериологиялық
* диагноз анық емес, трихоманиазға жасанды ортаға егу қажет етеді
! 38 жасар әйел 4 ай бойы етек кір алдында, жыныстық қатынастан кейін пайда болатын қынаптан бөлінген бөліндіге, жағымсыз иіске шағымданды. Тексергенде: қынап шырышты қабатының түсі қалыпты, жатыр мойнының артқы ылдиында сүт түстес аздаған бөлінді, 10% КОН сынамасы оң. Жағындыда лейкоциттер саны көп емес, грам вариабельді таяқшалар>20%. Диагноз қой.
* сау
* + созылмалы бактериалды вагиноз
* диагноз түсініксіз
* кандидоз
* баналды кольпит
! 23 жасар науқаста 1ай бойы жедел серонегативті полиартрит, екіжақты коньюктивит, цирцинарлы, созылмалы катаралды хламидиялық простатит. Сіздің диагнозыңыз?
* + Рейтер ауруы
* псориаздық артрит
* Бехтерев ауруы
* ревматоидты полиартрит
* подагра
! 22 жасар әйел гинекологқа 2 ай бойы қынаптан аққан жағымсыз иісті, көп мөлшерлі бөліндіге шағымданды. Тексергенде: қынапқа кіре беріс және қынаптың шырышты қабаты сәл қызарған және ісінген, 10% КОН сынамасы оң. жағындыда лейкоциттер саны аздап көбейген, «кілттік» жасушалар > 20%, грамм оң кокктар. Диагноз:
* +бактериалды вагиноз
* урогениталдық кандидоз
* урогениталдық хламидиоз
* урогениталдық микоплазмоз
* урогениталдық трихомониаз
! Романовски- Гимзе тәсілімен боялған препаратты микроскоппен зертегенде, қызғылт түсті цитоплазматикалық қосындылар табылған. Сіздің диагнозыңыз:
* создық эндоцервицит
* трихомонадтық эндоцервицит
* + хламидиялық эндоцервицит
* стафилококтық эндоцервицит
* стрептококты эндоцервицит
!Бактериалды вагиноздың дамуында қандай анаэробты микроорганизмнің ролі зор?
* Gardnerella vaginalis
* Mobiluncus
* Bacteroides
* Peptostrteptococcus
* +Mycoplasma hominis
! Создың қоздырғышын кім ашты?
* +.Нейссер
* Шудин
* Гофман
* Петерсон
* Донна
! Хламидиоздың медико-әлеуметтік маңызы төмендегілердің қайсысына байланыссыз дамиды?
* Бедеулікке әкеледі
* Жүктіліктің түсікпен аяқталуына себепші
* +Кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруларының себебі
* Нәрестелердің зақымдануына әкеледі
* Жүрек қан тамырлар жүйесінің ауруна
! Бактериалды вагиноздың дамуына жиі әкелетін фактор?
* Гормоналдық фонның өзгеруі
* Жыныс серіктестерін жиі алмастыру
* Жатыр ішілік контрацептивов қолдану
* Антибиотик қабылдау
* +ішек микробиоценозының бұзылысы
! Анасы 4 жасар қызымен дәрігерге жыныс мүшесі аймағындағы күйдіру сезіміне, жасылтым-сарғыш түсті іріңді бөліндіге, қалтырауға шағымданып келді. Анамнезінен қыз баланың жиі анасымен ұйықтайтындығы және екі апта бұрын анасы создан емделгендігі анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
* +жедел создық вульвовагинит
* трихомониаз
* кандидоз
* бактериалды вагиноз
* уреаплазмоз
Дата добавления: 2015-11-28 | Просмотры: 2085 | Нарушение авторских прав
|