АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

ПСОРИАЗ 4 к блок

! Қабыршақты темiреткiге тән бөртпенi атаңыз:

* +түйіншек

* жарылу

* төмпешiк

* көпіршік

* күлдiреуiк

! Псориаздық бөртпелердiң ең жиi орналасатын жерiн атаңыз:

* бет

* аяқ-қолдың алдынғы бетi

* +аяқ-қолдың жазылма бетi

*шырышты қабық

* табан

! Дәрігерге 25 жасар науқас 1 апта бұрын бастың шашты бөлігінде аяқ-қолдың сыртқы бетінде және денесінде пайда болған ұсақ ашық қызыл түсті ақ күміс түсті қабыршықтардан жабылған бөртпелерге шағымданды, ауырғанына 3 жыл. Рецидив қыста. Сіздің диагнозыңыз:

* қызыл жазық теміреткі

*+ псориаз

* Жибердің қызғылт теміреткісі

* атопиялық дерматит

* екіншілік мерез

! Дәрігерге 25 жасар науқас 1 апта бұрын бастың шашты бөлігінде аяқ-қолдың сыртқы бетінде және денесінде пайда болған ұсақ ашық қызыл түсті ақ күміс түсті қабыршықтардан жабылған бөртпелерге шағымданды, ауырғанына 3 жыл. Рецидив қыста. Диагноз қою үшін қандай диагностикалық әдістерді жүргізу керек:

* + псориаздық үштік белгісі

* Никольский белгісі

* Бальзер сынамасы белгісі

*Ядоссон сынамасы

* Бенье-Мешерский белгісі

!Қабыршақты темiреткiге тән бөртпенi атаңыз:

* төмпешік

* көпіршік

* +түйiншек

*түйін

* күлдіреуік

! 50 жасар науқас 10 жылдан берi созылмалы терi ауруымен аурады. Жылда күзде-қыста ауру қайта қозып отырады. Қарағанда аяқ-қолының жазылма бетiнде,әсiресе шынтағы мен тiзесiнде,қывзғылт түстi,дөңгелек,бетiнде күмiстей аппақ қабыршақтары бар түйiншектер мен табақшалар орналасқан.Түйiншектердiң көлемi 0,2-см-ден 1,5-2,0 см аралығында. Бөртпелердi тырнағанда үш белгi-стеарин дағы, терминалдық қабықша, нүкте тәрiздi қан(қан шығы) ағу байқалады. Сiздiң диагнозыңыз:

* қызыл жазық темiреткi

* Жибердiң қызғылт темiреткiсi

* дискоидтық қызыл жегi

* +псориаз

* диффуздық нейродермит

! Науқас адамның терiсiнде көптеген қызғылт түстi, тарының дәнiнен тиынның көлемiндей, күмiстей аппақ қабыршақтары бар түйiншектер пайда болған. Сiздiң диагноз туралы пiкiрiңiз:

* қызыл жазық темiреткi

*+псориаз

* кебектi темiреткi

* мерез

* диффуздық нейродермит

! Аяқ-қолдың жазылма бетiнде ашық қызыл,көлемi 2-3 мм, күмiс қабыршақты түйiншектер шыққан.Қабыршақтар оңай түседi. Стеарин дағы,терминалдық қабықша, қан шығы белгiлерi бар.Диагнозы қандай?

* шектеулi нейродермит

* қызғылт темiреткi

* + псориаз

*қызыл жазық темiреткi

* Дюринг дерматозы.

! Псориаздық бөртпелердiң жиi орналасатын жерiн атаңыз:

* аяқ-қолдың бүгiлме бетi

* бетте

* + шынтақ пен тiзеде

* табанда

* ірі қатпарларда

! 32 жасар науқастың аяқ-қолының,басының,кеудесiнiң терiсiне көптеген iрi сiңбелi,қызыл-көкшiл түстi.шеттерi ирек-ирек, сау терiден анық шектелген,бетi қабыршақты табақшалар шыққан. Зақым ошақтары аздап қышиды. Ауырғанына 10 жыл. Ауру көбiнесе қыста қозады. Диагнозын анықтау үшiн қосымша қандай зерттеу жасау керек

* серологиялық зерттеу

* зақым ошағына май жағып қарау (Уикхем торын көру үшiн)

* + белгiлер үштiгiн анықтау (стеарин дағы,терминалдық қабықшы, қан шығы)

* зақым ошағынан алынған материалды микроскоппен қарау

* биоптатты патоморфологиялық зерттеу

! Псориаздың үдемелі сатысына тән белгіні көрсет:

* зонд түсіп кету белгiсi

* Поспелов белгісі

* ысқы белгісі

* қабықша-қабыршақ

* + Кебнер белгісі

! Псориаздың мүгедектікке әкелетін түріне тән клиникалық белгіні көрсет:

* қарапайым

* жалқықты

* интертригинозды

* + артропатиялық

* фолликулярлы

! Псориаздың тұрақты сатысына тән белгіні көрсет:

* Кебнер белгісі

* Никольский белгісі

* + қабыршығы бар табақша

* жаңа түйіншектердің шығуы

* қышу

! 42 жастағы адам 10 жылдан берi терi ауруымен ауырады. Бөртпелер шынтағында, тiзесiнде, басында, ал қыста бөртпелер кеудесiнiң, аяқ-қолының терiсiне жайылып кетедi. Басында,кеудесiнде,аяқ-қолында өте көп түйiншектер мен табақшалар орналасқан.Түсi ашық қызыл, анық шектеулi,бетiнде күмiстей қабыршақтары бар. Аздап қышиды. Сiздiң болжамды диагнозыңыз:

*қызыл жазық темiреткі

*+ псориаз

*себореялық экзема

*нейродермит

* аллергиялық дерматит

! 45 жастағы адам терiсiне бөртпелердiң шыққанына шағымданады.

Аяқ-қолының жазылма бетiнде, кеудесiнде милиарлық, лентикулярлық,ашық қызғылт түстi,шетiне қарай өсуге бейiм, Кебнердiң изоморфтық реакцияс ымен,үштiк белгiсiмен түйiншектер шыққан. 5 жыл болған ауырғанына, ауруы көбiнесе қыста қозады. Сiздiң болжамды диагнозыңыз

* жайылмалы псориаз,тұрақты сатысы, қыстық түрi

* қызыл жазық темiреткiрiң үдемелi сатысы

* псориазға ұқсас мерездiк түйiншектер

* диффуздық нейродермит

* + жайылмалы псориаз,үдемелi сатысы, қыстық түрi

! Псориаздың жергiлiктi емiне қолданылады:

* эритромицин майы

* + салицил майы

* низорал майы

*33 % күкiрт майы

* цинк пастасы

! Псориаздағы стеарин дағы белгiсi байланысты:

* +паракератозбен

* гиперкератозбен

* акантозбен

* папилломатозбен

* вегетациямен

! Псориаздық үштiк белгiсiне не жатады:

*+стеарин дағы

* Бенье белгісі

* ысқы белгiсi

* фолликулярлы гипенкератоз

* «әйел өкшесі» белгісі

! Псориаздың жиі кездесетін клиникалық түрі:

* +кәдiмгi

* атрофиялық

* iрiңдi

* артропатиялық

* вегетациялық

! Псориазға тән патогистологиялық өзгеріс:

*+паракератоз

*гранулез

* спонгиоз

* вакуолды дегенарция

* балондық дегенарция

! Псориазға тән дермадағы гистологиялық өзгерiстер:

* жасушалық сiңбе

* + папилломатоз

* тамырлардың тарылуы

* гранулема

* сему

! Псориаздың клиникалық ағымының кезеңдері:

* созылмалы

* +үдемелі

* жедел

* аралас

* анықталмаған

! Псориазда үштiк белгiсiн құрайды:

* + қан шығы

* тас көше

* алма қойырпағы

* Уикхем торы

* әйел өкшесі

! Кәдiмгi псориаздың клиникалық түрiне жатпайтынан атаңыз:

* тамшы тәрiздi

* табақшалық

* жалқықтық

*эритродермиялық

*атрофиялық

 


Дата добавления: 2015-11-28 | Просмотры: 1153 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.009 сек.)