АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Жіктемесі: ЖИА жіктемесі (КСРО 1989 ж)

1. Кенет коронарлық өлім

2. Стенокардия:

- жүктеме стенокардиясы;

- алғаш рет туындаған жүктемелік стенокардия (1 айға дейін);

- тұрақты жүктемелік стенокардия (I ден IV дейін функционалды класты көрсетіп);

- үдемелі стенокардия;

- тез үдемелі стенокардия;

- кенеттен пайда болған (вазоспастикалық) стенокардия.

3. Миокард инфаркты:

- іріошақты (трансмуральді);

- ұсақошақты;

- біріншілік рецидив беретін, қайталамалы (3.1-3.2)

4. Миокард ошақты дистрофия:

5. Кардиосклероз:

- постинфарктты;

- ұсақошақты, диффузды.

6. Аритмиялық форма (жүрек ырғағының бұзылу типін көрсетумен)

7. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі

8. Ауырусыз форма

Жүктемелік стенокардия

Тұрақты ЖИА амбулаторлы жүргізудің тактикасы

Аурудың алғашқы жылында, тұрақты жағдайда және емді жақсы көтерген болса, науқас жағдайын әр 4-6ай сайын бағалайды

Тұрақты жағдайда жылына 1 рет амбулаторлы тексерілу

Жағдай нашарлағанда-кезектен тыс қаралу

Қосымша тексерілу мен дәрілік емді қай уақытта жүргізу керек

-стенокардия ұстамасының жиілеуі;

- стенокардия ұстамасының ұзаруы;

-физикалық жүктемеге төзімділіктің төмендеуі

-тыныштықта стенокардия ұстамасы п.б

-ЖЖ белгілерінің п.б

-ырғақ бұзылысымен синкопалды жағдайлардың п.б

-антиангиналды және антиишемиялық дәрілерді алмастыру немесе беруді тоқтатуды қажет ететін,қосымша әсерлердің п.б

Салыстырмалы диагностикасы:

-Тахиаритмия. Миокардтың О2 қажеттілігінің жоғарлауы немесе диастола кезінде тәжді қанағыстың төмендеуі салдарынан дамитын типті стенокардиялық ауырсынулар;

-Жүрек қақпақшаларының зақымдалуы немесе гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия. Сол жақ қарыншаның шығарушы жолының обструкциясы және миокардиялды жүктеменің жоғарлауы салдарынан типті стенокардиялық ауырсынулар дамуы мүмкін;

-Жайылған қолқа аневризмасы. Қолқа боймен және арқаға берілетін кеуде қуысындағы қатты кесуші ауырсынуымен көрінеді;

-Перикардит. Ауырсыну жөтелгенде, терең тыныс алғанда күшейеді, бірақ стенокардияны еске түсіруі мүмкін.

 

Уақытша еңбекке жарамсыздықтың мерзімдері:

-1-2 ФК -10-15 күн;

-3Фк – 20-30 күн, еңбек жағдайларын ескере отырып, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілуі мүмкін.

4ФК-40-60 күн.

Диспансерлік бақылау

Науқас әр 3ай сайын дәрігерге көрініп тұруы тиіс, үлескелік дәрігер:

-аурудың өршуін анықтау мақсатында анамнез бен шағымдары сұрау;

-науқасты физикалық тексер;

-ТАЖ,ЖСЖ,АҚҚ өлшеу;

-терапияны бағалап, оған түзету жасау;

-зертханалық көрсеткіштерді динамикада бағалау

Әр 6 ай сайын ЭКГ, қажет болса ЭхоК, ЭКГ тәліктік бақылауы, жүктемелік сынамалар жасау, липидті профилді бақылау

Тұрақты стенокардиямен науқасқа қойылатын негізгі сұрақтар

-Алдыңғы қабылдауға келгеннен бері физикалық жүктемені азайтты ма?

-Алдыңғы қабылдаумен салыстырғанда ұстама жиілігі мен ауырлығы жиіледі ме?

-Тағайындалған емді науқас көтере ала ма?

-Өзгертуге болатын қауіп факторлармен науқас қалай күресіп жатыр, оның ЖИА туралы білім қаншалықты толықты?

-Қосымша аурулардың өршуі стенокардияның өршу себебіне жатады ма?


Дата добавления: 2015-11-28 | Просмотры: 631 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)