АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Power Point форматында презентация жасау

Прочитайте:
  1. Appointment
  2. Exercise 9. Talking points.
  3. Exercise 9. Talking points.
  4. MEANING FROM A STYLISTIC POINT OF VIEW
  5. Points to remember
  6. Pointеs
  7. Power Consumption
  8. Power factor
  9. Task 10. Fill in the gaps in the two interviews below (Video 50) and compare them in terms of style. Make your point.

Курс 4

№11 тақырып «Қант диабеті кезіндегі кездесетін шұғыл жағдайлары»

 

 

Құрастырған: ассистент, м.ғ.к. Заманбекова Ж.Қ.

 

Семей- 2015ж.

№1 тақырып Қант диабеті кезіндегі кездесетін шұғыл жағдайлары.

1. Мақсаты: студенттерді қант диабеті кезінде кездесетін шұғыл жағдайлардың диагностикасын орындауды үйрету, диагноз қою кезінде қолданылатын клиникалық, лабораторлы және инструментальды зерттеу әдістері кезіндегі дағдылар мен білімді нығайту.

2. Тапсырма: ситуациялық тапсырмалаларды, тесттер

3. Орындау түрі: реферат, презентация, есептер мен алгоритмдерді құрастыру.

4. Орындау критериясы: СӨЖді дайындау талабына сәйкес келеді.

Эссе

Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

1. Эсседе студент шығармашылық ойлауын, талдауын, критикалық көзқарасын және өз ойын нақты және анық жазбаша түрде көрсету керек;

2. Эссе құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды;

3. Эссе көлемі - 5-7 бет;

4. Дәлелді қорытындылар және ұсыныстар;

5. Ұқыпты өткізілген талдау;

6. Эссе жеке орындалады, басқа студенттердің жұмысынан ерекше болуға тиісті;

7. Соңында қолданылған әдебиеттің тізімі болу керек;

8. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

9. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

 

Power Point форматында презентация жасау

Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

1. Слайдтар саны 10 кем емес және 20 артық болмау тиіс.

2. Презентация 3 компоненттен құралуы керек: 1) Кіріспе - бұл динамикалық және тиімді бастау; Презентацияның бұл бөлімінің міндеті – назар аударту, берілетін ақпаратқа позитивті, оң көзқарас және эмоционалды қабылдауды қалыптастыру; 2) Презентацияның ақпаратты бөлімінде тапсырманың негізгі сұрақтарының мәнін ашатын сызбалар, суреттер, қысқаша мәтіндік бөлім болуы керек; 3) Қорытындыда дәлелді қорытындылар және ұсыныстар болуы тиісті.

3. Презентацияның мақсаты және міндеттері нақты, анық болуы керек.

4. Қарастырылған сұрақ бойынша әдебиеттерге жасалған талдау болуы керек.

5. Презентацияда көрнекілік және мәтін артық мөлшерде болмауы тиіс; Көрнекілік негізделген болуы керек.

6. Презентацияға видеофайлдарды интеграциялау, біріктіру.

7. Түс үйлесілімдігінің болуы керек – ашық түсті мәтін қара түсті фонда немесе керісінше қара түсті мәтін ашық түсті фонда.

8. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

9. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

Ситуациялық есептер

Клиникалық пәндер үшін тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

1. Сәйкес ауру тарихы бойынша ситуациялық есептің сауатты құралуы.(шағым, анамнез, мүшелер және жүйелер бойынша объективті зерттеулер және т.б.)

2. Дұрыс медициналық терминологияны қолдану қажет.

3. Студент ситуациялық есептің соңында диагнозды нақты, анық құрастыруы тиіс.

4. Студент қажет препаратты белгілеу, тағайыдау арқылы емдеу жоспарын ұсынуы керек.

5. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

6. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

7. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

Науқасты қарау хаттамасы

Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

1. Бөлімде науқасқа курация жүргізу керек. Науқасқа қажетті курация көлемі, сонымен қатар қараудың, зерттеудің, емдеудің және т.б. қосымша әдістері оқыту курсына тәуелді және оқытушы таңдайды.

2. Киликаналық синдромдарды /аураларды көрсету қажет.

3. Науқасты қарау, зерттеу хаттамасын жасау керек (оқыту курсына тәуелді жеке орындалады).

4. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

5. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

 

5. Тапсыру уақыты: циклдың 2-і күні.

6. Бағалау критериясы: СӨЖді бағалау деңгейіне сәйкес келеді.

7. Әдебиеттер

1. Мухин Н.А. внутренние болезни, 2010

2. Маколкин В.И., Овчаренко С. Внутренние болезни, 2005

3. Моисеев В.С. и др. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологии, 2008

4. Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. Внутренние болезни,

5. 1- 2 том, 2005

6. Рябов С.И. «Внутренние болезни», 2006

7. Дедов И.И., Мельниченко Г.А., Фадеев В.В. Эндокринология, 2000

8. Балаболкин М.И. Эндокринология, 1998

9. Аблаев Ж. Эндокринология, 1999

9. Бақылау

Сұрақтар:

1. кетоацидотикалық кома: этиопатогенез, клиникалық көріністері

2. кетоацидотикалық кома: диагнозды қою критериясы

3. кетоацидотикалық кома: инсулинотерапия негіздері

4. кетоацидотикалық кома: регидратационды және симптоматикалық терапия

5. гиперосмолярлы кома: эиопатогенез, клиникалық көріністер

6. гиперосмолярлы кома: диагнозды қою критериясы

7. гиперосмолярлы кома: емдеу негіздері

8. гиперлактацидотикалық кома: этиопатогенез, клиникалық көріністері

9. гиперлактацидотикалық кома: диагноз қою критериялары

10. гиперлактацидотикалық кома: емдеу негіздері

11. гипогликемиялық кома: этиопатогенез, клиникалық көріністер

12. гипогликемиялық кома: диагноз қою критериялары

13. гипогликемиялық кома: емдеу негіздері

Тесттер:

1.Кетоацидотикалық, гиперосмолярлы, гиперлактоцидотикалық комалар ортақ көріністерге ие:

1. кетонурия

2. гипергликемия

3. гиперкетонемия

4. қан плазмасының гиперосмолярлығы

5. гиперлактатемия

2. Қант диабеті кезінде гиперосмолярлы команың кетоацидотикалық комадан айырмашылығы?

1. гипергликемия, қан плазмасының жоғары осмолярлығы, акетонурия

2. айқын дегидратация, кетоацидоз

3. жоғары гипергликемия, анурия

4. гипергликемия, глюкозурия

5. гипергликемия, ацетонурия

3. Гипогликемиялық команың негізгі емдеу әдісі

1. көк тамырға 5% глюкоза ерітіндісін енгізу

2. к/т 40% глюкоза ерітінідісін жылдам енгізу

3. к/т норадреналин енгізу

4. к/т глюкокортикоидтарды енгізу

5. тәтті емес шай

4. Қант диабетінің асқынуы- гиперлактоацидотикалық кома келесі түрлерге тән:

1. 25 жасқа дейінгі жас адамдар

2. 3 жасқа дейінгі мектепке дейінгі балалар

3. ауыр бүйрек, бауыр, жүрек ауруларымен ауыратын кәрі жастағы адамдар

4. қант диабетінің лабильді ағымымен

5. қант диабетінің латентті ағымымен

5. Кетоацидоздың көріністері пайда болған қант диабетімен ауыратын науқасқа қандай дәрігерге дейінгі көмек көрсету керек?

1. бөлмені жақсылап желдету

2. науқасты инсулиннің бір инъекциясына ауыстыру

3. инсулинді алып тастау

4. сілтілі сұйықтық беру, содалық клизма жасау

5. асқазанды әлсіз калий перманганатымен жуу

6. Қант диабеті кезінде гиперосмолярлы команың пайда болуының негізгі себебі:

1. қант диабетінің ауыр декомпенсирленген түрі

2. қант диабеті кезінде оперативті кірісу

3. ауыр пневмония

4. қант диабеті көрінісінде ұзақ уақыт диуретиктерді қолдану

5. инсулинді ауыстыру

7. Кетоацидотикалық комаға тән:

1. стридорозды тыныс алу

2. бронх демікпе ұстамасы

3. «Чейн-Сток» тынысы

4. «Куссмауль» тынысы

5. ысқырықты тыныс алу

8. Қан құрамында қанттың төмендегенін білдіретін симптомдарды анықта:

1. ашығу сезімі, тершендік, қимылдық және эмоциональдық қозу

2. тершендік, тахикардия, денедегі діріл

3. жоғарланған тәбет, бастың ауырсынуы, іш қату

4. гипертермия, ауыздағы құрғау сезімі

5. құсу, іштің ауырсынуы

9. Кетоацидотикалық комадан шығарған кезде қандай асқынулар даму мүмкін:

1. гиперкалиемия

2. гипонатриемия

3. гипогликемия

4. гиперкальциемия

5. гиперазотемия

10. Кетоацидотикалық команың патогенездік факторлары балып табылады:

1. сілтілермен улану

2. минералды алмасудың бұзылысы

3. сілтілі- қышқылды тепе- теңдіктің қышқылдық жаққа ауысуы

4. қандағы глюкозаның күрт төмендеуі

5. тіндік гипоксия

 


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1186 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.01 сек.)