АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Адренотежегіштер 15 страница. Галогенирленген қосылыстардыжасау (молекуласына галоген-фтор немесе хлорды кіргізу) қабынуға қарсы ықпалын жақсартты
Галогенирленген қосылыстарды жасау (молекуласына галоген-фтор немесе хлорды кіргізу) қабынуға қарсы ықпалын жақсартты және ДҚ абсорбциясын азайту салдарынан жергілікті қолданғанда жүйелік жанама әсерлерін төмендетті. Теріге аппликация жасаған кезде ең төменгі сіңірілу жағынан ерекшелінген, өз құрамында екі фтор атомы бар – флуметазон, флуоцинолон ацетонид ж.т.б. жатады.
Европалық жіктелуге сәйкес (Niedner, Schopf, 1993) жергілікті стероидтардың белсенділік потенциалына қарай 4 жікке бөледі:
- әлсіз (І жікке) — гидрокортизон 0,1–1%, преднизолон 0,5%, флуоцинолона ацетонид 0,0025%;
- күші орташа (ІІ жікке) — алклометазон 0,05%, бетаметазона валерат 0,025%, триамцинолона ацетонид 0,02 и 0,05%, флуоцинолона ацетонид 0,00625% және басқалары.;
- күшті (ІІІ жікке) — бетаметазона валерат 0,1%, бетаметазона дипропионат 0,025 және 0,05%, гидрокортизона бутират 0,1%, метилпреднизолона ацепонат 0,1%, мометазона фуроат 0,1%, триамцинолона ацетонид 0,025 және 0,1%, флутиказон 0,05%, флуоцинолона ацетонид 0,025% және басқалары.
- өте күшті (IV жікке) — клобетазола пропионат 0,05% және басқалары.
Фторланған глюкокортикоидтарды қолдану кезінде терапиялық әсерінің жоғарылауымен қатар жанама әсерлерінің жиілігі де артты. Күшті глюкокортикоидтарды қолдану кезінде ең жиі кездесетін жанама әсерлеріне – терінің атрофиясы, телеангиэктазия, стероидты акне, стрии, тері инфекциялары жатады. Жергілікті және жүйелік жанама әсерлерінің даму мүмкіндіктері, глюкокортикоидтарды үлкен беткейге және ұзақ қолданған кезде жоғарылайды. Фтордан тұратын глюкокортикоидтардың жанама әсерлерінің дамуына байланысты, ұзақ қолдану, сол сияқты балалар тәжірибесіндегі қажеттілігі шектеулі.
Соңғы жылдары стероид молекуласын түрлендіру арқасында глюкокортикоидтардың жаңа ұрпағы алынды, ол фтор атомынан тұрмайды, бірақ тиімділігі жоғары және қауіпсіздік профилі жақсы болуымен сипатталады (мысалы, фуроат түріндегі мометазон – синтетикалық стероид, АҚШ 1987 жылдан бастап шығарылады, метилпреднизолон ацепонат 1994 жылдан бері қолданылады).
Топикалық глюкокортикоидтардың терапиялық ықпалы қолданылатын дәрілік түріне байланысты болады. Теріден сіңірілу қабілетінің төмендеу жағынан былай орналасады: майлы мазь > мазь > крем > лосьон (эмульсия). Терінің созылмалы құрғақтығы кезінде глюкокортикоидтардың эпидермистен және дермадан өтуі қиындайды, сондықтан құрғақтығы жоғары және терінің кебектенуімен жүретін дерматоз кезінде, лихенизацияда майды қолданған дұрыс, себебі эпидермистің мүйізді қабатын май негіздерімен ылғалдандыру ДҚ теріге өтуін бірнеше есе жоғарылатады. Суланумен жүретін, жедел үрдіс жағдайларында лосьон, эмульсиялады тағайындаған дұрыс.
Терінің және шырышты қабаттың қарсыласуын төмендетуге әкелетін және сиперинфекцияның, екіншілік инфицирлену кезінде, жергілікті қолданылатын глюкокортикоидтар үшін бір дәрілік түрде глюкокортикоид пен антибиотиктен тұратын дәрілерді қолданған жөн, мысалы крем мен май Дипроген (бетаметазон+гентамицин), аэрозоль Оксикорт (гидрокортизон+окситетрациклин) және Полькортолон ТС (триамцинолон+тетрациклин) және т.басқалары немесе антибиотиктер мен саңырауқұларқтарға қарсы, мысалы Акридерм ГК (бетаметазон+клотримазол+гентамицин).
Топикалық глюкокортикоидтарды созылмалы венозды жетіспеушіліктің (СВЖ) терінің трофикалық бұзылыстары, варикозды экзема, гемосидероз, жанаспалы дерматит сияқты асқынуларын емдеу үшін қолданады. Оларды қолдану (СВЖ) ауыр түрлерінде туындайтын, жұмсақ тіндердің қабыну мен токсико-аллергиялық реакцияларын басуға бағытталған. Жеке жағдайларда жергілікті глюкокортикоидтарды флебосклерозирлеуші ем уақытында туындайтын тамырлар реакциясын басу үшін қолданады. Ол үшін жиі гидрокотризоннан, преднизолоннан, бетаметазоннан, триамцинолоннан, флуоцинолон ацетонидтен, мометазон фуроаттан тұратын май және гельді қолданады.
10.1.1. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының табиғи гормондары
Гидрокортизон (Hydrocortisonum) акортин, гидрокортизан ацетет, кортеф. Гидрокотизон - глюкокортикоидті, шоктарға қарсы, қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, иммунодепрессивті, экссудацияға қарсы, қышымаға қарсы дәрі. Дәнекер тіндерінде, қабыну ошағында жоғары сезімталдылық реакциясын, пролиферативті және экссудативті үрдістерді тежейді. Терінің жергілікті гиперемиясын және гипертермиясын азайтады. Арнайы жасуша ішілік рецепторлар арқылы әсер жүреді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жедел жетіспеушілігі, жедел аллергиялық реакциялар, бронх демікпесі, бронхоспатикалық жағдайлар, артриттер, өзіндік емес ойық жаралары, ларингит және т.б. Ересектерге көктамырға, бұлшықет ішілік қабылдайды тәулігіне 6 рет 4-20 мг мөлшерде, балаларға 25-100 мг.
Кері көрсеткіштері. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, остеопороз, артериалды гипертензия, жедел психоз, глаукома кезіндегі көз ішілік қысымның көтерілуі, декомпенсирленген қант диабеті, жүйлік саңырауқұлақ инфекциясы, бүйрек жетіспеушілігі, ЖИТС, көз терісінің инфекциялық аурулары, вирусты және саңырауқұлақты зақымданулар, жүктілік, емшекпен емізулі кезде, кіші жас мөлшері.
Жанама әсерлері. Остеопороз, асқазан мен он екі елі ішектің оық жараларының асқынуы, стероидты диабет, катаракта, етеккір бұзылыстары, Кушинга синдромы, артериалды қысымның жоғарылауы, көз ішілік және бас ішілік қысымның жоғарылауы, миопатия, артралгия, бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі, психоздар, аллергиялық реакциялар.
Шығарылу түрі. 25 және 100 мг ампуладағы ұнтақ және 100 және 500 мг лиофилизирленген сауыттағы ұнтақ, егуге арналған; 2,5% суспензия 1 және 2 мл ампулада және 2,5 және 5% - 5 мл сауыттағы ерітінді, 5, 10 және 20 мг таблеткада; 0,1% жағынды, крем және липокрем тубаларда 15 және 30 г; 1% жағынды және тубадағы крем 10, 14 және 28 г; 0,5% тубадағы көз жағындысы 3 г; 1 және 2,5% көз жағындысы 2,5 және 10 г; 0,1% лосьон және эмульсия 20 және 30 мл флакон-тамшыда сыртқа қолдануға арналған.
Рецепт үлгісі. Rp.: Susp. Hydrocortisoni 2.5% - 2 ml
D.S. Көз тамшысы. Күніне 1 – 2 тамшыдан.
#
10.1.2. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жасанды гормондары
Преднизолон (Prednisolonum) преднизолон ацетат, преднизолон гемисукцинат. Преднизолон тіндік макрофагтарды және лейкоциттердің қызметтерін төмендетеді. Лейкоциттердің қабыну аймағына көшуін шектейді. Макрофагтардың фагоцитоз қабілетін, сонымен қатар интерлейкин-1дің түзілуін бұзады. Лизосомальды мембрананың тұрақтануына ықпал етеді, соның арқасында қабыну аймағында протеолитикалық ферметтердің шоғырымын төмендетеді. Гистаминнің шығуымен байланысты болатын, капиллярлардың өткізгіштігін азайтады. Фибробласттардың белсенділігін басады және коллагендердің түзілуін төмендетеді. Лейкотриендер мен простагландиндердің синтезін төмендеуіне алып келетін, фосфолипаза А2 белсенділігін баяулатады. Простагландиндердің өндірілуін азайтуға қатысатын, ЦОГ (басты бейнедегі ЦОГ-2) өндірілуін төмендетеді.
Айналымдағы лимфоциттердің санын азайтады (Т және В жасушаларды), моноциттерді, эозинофилдерді және базофилдерді олардың тамыр ішінен лимфоидты тіндерге өтуінен; антиденелердің түзілуін басады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Дәнекер тіндерінің жүйелік аурулары, (ревматоидты артрит және т.б.), бронх демікпесі, аллергиялық аурулар, гломерулонефрит, өзіндік емес оыйқ жара колиті, Верльгоф ауруы. Ересектерге ішке тәулігіне 5 – 100 мг 2-6 рет қабылдауға және балаларға 0,3 – 2/кг тәулігіне, егу үшін ересектерге 30-90 мг, балаларға 1-2 мг/кг тәулігіне.
Кері көрсеткіштері. Жүктілік, вирусты инфекция, жалпыланған микоздар, семіру, миастения, глаукома, артериялды гипертензия, психоздар, остеопороз, декомпенсирленген қант диабеті, он екі елі ішектің және асқазанның ойық жарасының асқынуларында.
Жанама әсерлері. Гипокалемия, иммунитеттің төмендуі, бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі, Иценко-Кушинг синдромы, психоздар, гипергликемияның стероидты диабетке дейін дамуы, артериялды гипертензия, тахикардия, остеопороз, асқазан - ішек жолдарының эрозивті-ойық жарасы.
Шығарылу түрі. 1 және 5 мг таблеткада N. 10, 20, 30. және 100 мг және 20, 50 мг N.10: 2% 2 мл және 2,5 ерітіндісі және 3% 1 және 2 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; 2,5 және 5% суспензия 1 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді және 25 мг флакондағы егуге арналған лиофилизирленген ұнтақ; 0,5% жағынды тубада 10 және 15; 0,5% көз суспензиясы 10 мл флаконда; 0,3% көз тамшы ерітіндісі.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Prednisoloni 0.3%-5 ml
D.S. Көз тамшысы. Күніне 1 тамшыдан 3 рет.
#
Преднизон (Prednisonum) дигидрирленген кортизонның аналогы, қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, шоктарға қарсы және иммунодепрессивті әсер көрсетеді. Қабынуға қарсы әсері қабыну медиаторы эозинофиламның босап шығуын тежеумен, липокортин түзілуін баяулату мен месше жасушасының санын азайтумен байланысты. Аллергияға қарсы әсері айналымдағы базофил сандарының азаюымен байланысты, ол тез дамитын аллергия медиаторын азайтуға әкеледі; аллергия медиаторының эффекторлы жасушаларға әсерін төмендетеді. Иммунодепрессивті ықпалы лимфоциттер мен макрофатардан цитокиндердің (интерлейкин-1, интерлейкин-2, интерферон-гамма) босап шығуын тежеуімен байланысты. D витаминінің белсенділігін басады, ол Са2+-дің сіңірілуін төмендетуге және оның шығуын жоғарылатуға әкеледі; АКТГ секрециясын және синтезін және екіншілік эндогендік ГКС синтезін басады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық аурулар, бронх демікпесі, ревмотоидті артрит және тағы сол сияқты ревмотоидті аурулар. Балаларға 0,13-2 мг/кг тәулігіне, 500 мг ересектерге ішке қолданылады.
Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Преднизолон препаратына ұқсас.
Шығарылу түрі. 1,1; 5; 5,6 және 50 мг таблеткалар. N.10, 20, 30.
Метилпреднизолон (Methylprednisolonum), депо-медрол, медрол, метипред, солу-медрол, урбазон. Метилпреднизолон қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, десенсибилизирлеуші, шоктарға қарсы, экссудацияға қарсы, антитоксикалық және иммунодепрессивті әсер көрсетеді. Қабынуға қарсы белсенділігі гидрокортизоннан 5 есе артық, минералокортикоидты белсенділігі мүлдем жоқ. Жасушалық макрофагтардың және лейкоциттердің қызметін төмендетеді. Марофагтар мен лимфоциттерден интерлейкин-1, интерлейкин-2, интерферон гамманың өндірілуін тежейді. Өзіндік цитоплазматикалық рецепторлармен әрекеттесіп, жасуша ядросына енетін комплекс түзейді және мРНҚ синтезін белсендіреді; соңғысы жасуша ықпалдарына жауап беретін ақуыздардың түзілуін баяулатады (сонымен қатар липокортинді). Аллергияға қарсы әсері сенсибилизирленген месше жасушаларынан және базофилдерден гистамин және басқа да биологиялық белсенді заттардың бөлінуін, аллергиялық медиаторлардың синтезі мен секрециясын басу нәтижесінде дамиды. Шоктарға қарсы және антитоксикалық әсері АҚ жоғарылауымен байланысты (айналымдағы катехоламиндер шоғырымының жоғарылауына және оларға адренорецепторлардың сезімталдығының қалпына келуі, сонымен қатар вазоконстрикцияға байланысты), мембранопротекторлық қасиетімен тамыр қабырғасының өткізгіштігінің төмендеуі, эндо- және ксенобиотиктердің метаболизміне қатысатын бауыр ферменттерінің белсенділігіне байланысты. Иммунодепрессивті ықпалы макрофагтар мен лимфоциттерден (интерлейкин – 1, иентерлейкин-2, интерферон-гамма) цитокиндердің өндірілуін тежеумен байланысты.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Миастения, жайылған склероз, өзіндік емес ойық жара колиті, бас миының ісінуі, шоктық жағдайлар, тері аурулары (дерматиттер, псориаз, экзема), гепатиттер, ревматиодты артрит, коллагеноздар, ауыр аллергиялық аурулар (бронх демікпесі және бронхоспастикалық жағдайлар, рениттер, конъюнктивиттер және т.б.), бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының қызметінің жетіспеушілігі.
Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Преднизолон мен гидрокортизонға ұқсас.
Шығарылу түрі. 4, 16, 32 және 100 мг таблеткада; 6, 8, 16, 20, 40, 15, 250, 500 және 1000 мг егуге арналған сауыттағы ұнтақ, құрамында еріткіші бар; 4% суспензия - депо 2 мл N.5 бұлшық етке және буын ішіне және жұмсақ тіндерге егуге арналған сауытта шығады; 0,1% жағынды 5, 10, 15, 30, 50 және 100 г тюбикте; 0,1% крем 15, 20, 25, 30, 50 және 100 г тюбикте; 0,1% эмульсия 20 және 50 г тубада сыртқа қолдануға арналған.
Рецепт үлгісі. Rp.: Susp. Methylprednisoloni 4% - 2 ml
D.t.d. N.5
S. 2 мл буын ішіне аптасына 2 – 3 рет.
#
10.1.3. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының фтордан тұратын гормондары
Дексаметазан (Dexamethasonum), дексазон, сондекс. Дексомитозон метилирленген фторпреднизолон туындысы, синтетикалық глюкокортистероид. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, десенсибилизирлеуші, иммунодепрессивті, шоктарға қарсы және антитоксикалық әсер көрсетеді, эндогенді катехоламиндерге бета-адренорецепторлардың сезімталдығын жоғарылатады. Өзіндік цитоплазматикалық рецепторлармен әрекеттесіп (глюкокортикоидтар үшін рецепторлар барлық тіндерде бар, әсіресе олар бауырда көп), ақуыздың түзілуін (сонымен қатар, жасушаларда өмірге қажетті үрдістерді реттейтін ферменттерді) баяулататын комплекс түзейді. Одан әрі қарай гидрокортизонды, преднизолонды және метилпреднизолонды қара.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық аурулар, ревматоидты артрит, бронх демікпесі, ми ісігі және синтетикалық гормондарды қара. Ересектер үшін ішке 0,5 тен 15 мг-ға дейін тәулігіне, ал балаларға 0,25-2,5 мг тәулігіне тағайындайды.
Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Жасанды гормондарға ұқсас.
Шығарылу түрі. 0,5 мг таблеткада N. 10, 50, 100 және 1,5 мг және 4 мг N.10; 0,4% 1, 2 және 5 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; 0,1% 5 мл сауыттағы-тамшы көз және құлақ тамшысының ерітіндісі; 0,1% көз жағындысы 3,5 г тубада; 0,1% көз суспензиясы 10 мл флаконда.
Рецепт үлгісі. Rp.: Dexamethasoni 0,0005
D.t.d. N. 80 in tab.
S. 1-2 таблеткадан күніне.
#
Триамцинолон (Triamcinolonum), полькортолон, кеналог, фторокорт. Триамциналон айқын қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті (иммунитетті төмендететін - ағзаның қорғаныс күші) әсер көрсетеді және көбінесе көмірсу мен ақуыз алмасуына әсер етеді. Бұл препаратты терапевтикалық мөлшерде қолданған кезде ағзада натрий иондарының ұсталуы және ісінулер байқалмайды, калий иондарының шығарылуы көтерілмейді, артериалды қысым жоғарламайды.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревмотоидты артрит, коллагеноздар, аллергиялық аурулар, бронх демікпесінің ауыр түрлері және одан әрі синтетикалық гормондарды қара. Ересектерге 4-16 мг (40 мг дейін) мөлшерде тәулігіне, ал балаларға 4-12 мг тәулігіне тағайындайды.
Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Жасанды гормондарға ұқсас.
Шығарылу түрі. 2, 4 және 8 мг таблеткада N.50, 100; 1 және 4 % сулы супензия 1 және 2 мл ампулада және 1 және 5 мл егуге арналған флакондағы ерітінді; 0,1% крем және жағынды 10, 15 және 30 г тубада; 0,1% стоматологиялық паста; мөлшерленген аэрозоль 120 және 240 мөлшер (55 және 100мкг/мөлшерге сәйкес).
Рецепт үлгісі. Rp.: Pastae Triamcinoloni 0,1% - 10,0
D.S. Тіс тесігіне күніне 1 рет салу қажет.
#
Бетаметазон (Betamethazonum), целестодерм В, целестон. Бетаметазон – фтордан тұратын қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревмотоидты артрит және дәнекер тінінің аурулары, бронх демікпесі, экзема, нейродермиттер және т.б. Терінің қабыну ауралары, теренің және құлақтың аллергиялық аурулары. Ересектерге және жасөспірімдерге 0,25-8 мг ішке, ал балаларға 0,06-0,2 мг/кг тәулігіне тағайындайды.
Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Басқа да жасанды гормондар сияқты.
Шығарылу түрі. 0,5 мг таблеткада N. 10, 30; 0,1% 5 мл флакондағы көз және құлақ тамшысына арналған ерітінді; 0,1% лосьон 30 мл флаконда; 0,2, 0,4 және 0,5% 1 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; 0,05% жағынды және крем 10, 20 және 30 г тубада; 0,064 және 0,1% жағынды және крем 15 және 30 г тубада; 0,1% көз жағындысы 5 г тубада.
Рецепт үлгісі. Rp.: Lotionis Betamethazonі 0,1% - 30 ml
D.S. Терінің зақымдалған бөлімдеріне жағуға арналған.
#
10.1.4. Ингаляциялық жолмен қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар
Беклометозон (Beclometasonum) бекломет, бекодиск, бекотид. Беклометозон – қабынуға қарсы, ісінуге қарсы, аллергияға қарсы, демікпеге қарсы дәрі. Айқын глюкокортикоидты және әлсіз минералокортикоидты белсенділікке ие. Эндобронхиалды енгізу кезінде аллергиялық қабыну үрдісіне қатысатын (альвеолярлы макрофаг) жасушалардың көшуін және белсенділігін тежейді, эпителияның базальды мембранасын тығыздандырады, тостағанша жасушалардың кілегей секрециясын азайтады, бронхтың шырышты қабаттарындағы месше жасушалардың санын төмендетеді, брохтардың тегіс салалы бұлшықеттерін босатады, олардың адреномиметиктерге сезімталдығын қалпына келтіреді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронх демікпесі, аллергиялық ринит. Ересектерге ингаляциялық жолмен тағайындайды 100-200мкг және балаларға 50-100мкг 2-4 рет тәулігіне. Интраназальды 1-2 әр мұрын саңылауына 2-4 реттен тәулігіне.
Кері көрсеткіштері. Жүктілік (1 үш айында), емшекпен емізу кезінде.
Жанама әсерлері. Дауыстың қырылдауы, мұрынның кебуі мен тітіркенуін сезіну, мұрыннан қан кету, атрофиялық ринит, фарингит, ларингит, көз ішілік қысымның жоғарылауы, лейкоцитоз, лимфопения, эозинопения, ауыздың және мұрынның кандидозы, аллергиялық реакциялар.
Шығарылу түрі. Мөлшерленген аэрозоль ерітінді түрінде және суспензия ретінде 50, 100, 200 және 250 мкг/мөлшер (80 және 200 мөлшер) ингаляцияға арналған баллонда; 100, 200 және 400 мкг/мөлшер (200 мөлшер) ингаляцияға арналған капсуладағы ұнтақ.
Рецепт үлгісі. Rp.: Aerosoli Beclometasoni 0,00005
D.S. Тәулігіне 1 – 4 мөлшерден 2 – 3 рет
#
Будесонид (Budesonidum), апулеин, пульмикор. Будесонид – қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және бронхты кеңейтуші дәрілер.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық ринит, бронхоспастикалық жағдай, атопиялық дерматит, экзема, псориаз, Крон ауруы. Ингаляциялық жолмен ересектерге 1-4 мөлшерде будесонид митенің немесе 1-2 мөлшерде будесонид фортені, ал балаларға 1-2 мөлшерде будесонид митені 2 рет тәулігіне (0,2-0,8 мг тәулігіне), интраназальды 60-120 мкг (2-3 тамшыны әр мұрын саңылауына) 2 рет тәулігіне, сыртқа май немесе крем түрінде теріге 1-2 рет тәулігіне, ішке 3 мг капсула түрінде Крон ауруында тәулігіне 3 реттен қолданады.
Кері көрсеткіштері. Өкпе туберкулезінің белсенді сатысында, тыныс жолының саңырауқұлақтық инфекциясында, бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстарында, балалық шақта.
Жанама әсерлері. Беклометазан сияқты ингаляциялық және интраназальды қолдану үшін. Ішке қабылдау кезінде диспептикалық бұзылыстар, тромбтың түзілу тәуекелі, артерияды қысымның жоғарылауы, ульцерогендік әсері, бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының қызметі төмендеуі және т.б.
Шығарылу түрі. 0,025% жағынды және крем 15г тубада; мөлшерленген аэрозоль 50мкг/мөлшер – 200 мөлшер; 0,0125, 0,025 және 0,05% суспензия 2 мл N.4, 20 ингаляцияға арналған контейнерлер; мөлшерленген ұнтақ 100 және 200 мкг/мөлшер -100 және 200 мөлшер ингаляцияға арналған және капсулада 200 және 200 мкг/мөлшер – 100 және 200 мөлшер; 0,05% 5 мл интраназалды қолдануға арналған флакондағы ерітінді; 3 мг капсула N.10 ішке қолдануға арналған.
Рецепт үлгісі. Rp.: Budesonidi 0.003
D.t.d N.30 in caps.
S. Тәулігіне 1 капсуладан 3 рет.
#
Флунизолид (Flunisolidum) ингакорт. Флунизолид – фтордан тұратын, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронх демікпесі, созылмалы обструктивті бронхит, аллергиялық риниттер. Ересектерге ингаляция ретінде 8 ретке дейін тәулігіне (мг), балаларға 2 рет (500мг) қолданылады.
Кері көрсеткіштері. Ауыз қуысының және бронхтың вирустық, бактериалдық және саңырауқұлақтық инфекциялары, туберкулездің белсенді сатысында, жүктілік (1 үш айында), 5 жасқа дейін.
Жанама әсерлері. Ауыз-жұтқыншақтың кандидозы, дисфония, жөтел.
Шығарылу түрі. Мөлшерленген аэрозоль баллонда 250 мкг/мөлшер – 120 мөлшер.
Рецепт үлгісі. Rp.: Aerosoli Flunisolidi 0,000025
D.S Ингаляция ретінде 1–3 рет (тәулігіне 2- 8 мөлшер)
#
Флутиказон (Fluticasonum), кутивейт, фликсоназа, фликсотид. Флутиказон – фтордан тұратын қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және қышымаға қарсы дәрі.
Қолданылу көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронх демікпесі, аллергиялық ринит, экзема, псориаз, нейродерматоздар. Ересектерге ингаляциялық 100-1000 мкг, ал балаларға 50-100мкг 2 реттен тәулігіне, ересектерге 100 мкг, ал балалаға 50 мкг интраназальды қолданады.
Кері көрсеткіштері. Вирустық, бактериалдық және саңырауқұлақтық зақымдануда, жүктілік, емшекпен емізу кезінде.
Жанама әсерлері. Жұтқыншақтың және мұрын қуысының кебуі мен тітіркенуі, бастың ауыруы, мұрыннан қан кету.
Шығарылу түрі. Мөлшерленген спрей (сулы суспензия) 50 мкг/мөлшер – 60, 120 және 150 мөлшер интраназалды енгізуге арналған флакондағы ерітінді; мөлшерленген аэрозоль 25, 50, 125 және 250 мкг/мөлшер – 60 және 120 мөлшер; ротадискідегі ингаляцияға арналған ұнтақ 50, 100, 250 және 500 мкг/мөлшер – 4 мөлшер; 0,05% крем және 0,005% жағынды 15 г тубада.
Рецепт үлгісі. Rp.: Ung.Fluticosonі 0,005% - 15,0
D.S. Терінің зақымдалған жеріне жағу қажет.
#
10.1.5. Жергілікті қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 700 | Нарушение авторских прав
|