АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Адренотежегіштер 11 страница
Кесте 9.3. Наркотикалық емес дәрілермен улану (анальгин)
Клиникалық суреті
| Көмек шаралары
| Симптомсыз кезең (24 сағат) Þ 2-6 тәуліктен кейін сарыауру, қолданылу коагулопатияға, энцефалопатияға, метаболиттік ацидоз, жедел бүйрек жеткіліксіздік (ЖБЖ), тахикардия Þ ЖБЖ тұсында кома дамиды Þ өлімге әкеледі.
| - ішті босататындар.
- тездетілген диурез.
- оттегімен ӨЖВ.
- геморрагиялық диатез кезінде – фитоменадион және басқа да препараттар К1 витаминдер.
- Инфекциялардың алдын алу шаралары – антибиотиктер, аскорбин қышқылы.
- ЖБЖ кезінде – гемодиализ.
- детоксикация – гемоперфузия.
|
Наркотикалық емес анальгетиктер ойық жараларда, қанның ұюы төмендегенде, жүрек жеткіліксіздігінде, жүрек ырғағының бұзылысында, бауыр, бүйрек және қан түзеу мүшелерінің ауруларында, жүктілік кезінде кері көрсетілген.
Парацетамолдың анальгетикалық әсері айтарлықсыз жергілікті қабынуға қарсы құрамы жоқ, себебі орталыққа әсер ету механимі бар (ОЖЖ жұлынды құрылымын деңгейінде ПГ өнімін тежейді). Парацетамол опиоидты емес анальгетиктер қатарына жатады, ДДСҰ онкологиялық САС емдеу үшін ұсынады және әртүрлі ауырулар кездерінде рецептурасыз препарат ретінде кеңінен қолданылады. Анальгетик ретінде ол СЕҚҚД мен метамизолдан (анальгин) төмен, бірақ солардың біреуімен біріктіріп қолданылу жақсы нәтиже береді.
Метамизол натрия (анальгин) жақсы анальгетикалық әсерге ие, әсері СЕҚҚД сәйкес, соңғысынан айырмашылығы қабынуға қарсы әсері әлсіз көрінеді. Препарат әртүрлі ауыру кездерінде тиімділігінің арқасында және төмен бағасына байланысты ТМД елдерінде кеңінен қолданылады. Бір қатар батыс елдерінде метамизол, ұзақ ем кездерінде гематотоксикалық реакциялары (агранулоцитоз) мүмкіндіктеріне байланысты клиникалық қолданудан алып тасталған. Бірақ, ауыр асқынулар, сонымен қатар өліммен аяқталу СЕҚҚД қолдану кезінде де (асқазанның тесілу ойық жаралары, асқаннан қан кетулер, бүйрек жеткіліксіздігі, анафилактикалық шок) және парацетамолда (бауыр жеткіліксіздігі, анафилаксия) болады. Бұл кезеңде метамизолды клиникалық қолданудан бас тарту ерте деп санау керек, себебі ол жедел және созылмалы ауыруларда опиоидты емес емнің мүмкіндіктерін кеңейтеді, әсіресе СЕҚҚД (асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларында, қан кету қауіптілігінде) және парацетамолды (бауыр қызметінің бұзылыстарында) тағайындаудың кері көрсеткіштерінде.
СЕҚҚД соңғы ұрпақтары, диклофенак, кетопрофен, лорноксикам сияқты, сонымен қатар талдамсыз СЕҚҚД тиімділігі бойынша бір шама төмен ЦОГ-2 талдамды тежегіштер мелоксикам, нимесулид, целекоксиб, соңғысының алдында гастротоксикалық әсерінің айқындылығы аз, бірақ АҚ жоғарылауына әкеледі, ағзада сұйықтықты ұстайды, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. ЦОГ-2 топтарының кеңінен қолданылуы олардың қымбат болуына байланысты шектеледі.
Ауыруды басатын дәрілер әсер ету механизмі бойынша және тиісті нүктесіне қарай келесі топтарға бөлінеді:
I. Орталықты әсер ететін наркотикалық анальгетиктер;
1) Опиоидты рецепторлардың толық агонисттері:
а/ табиғи: морфин, омнопон, кодеин.
б/ синтетикалық: тримеперидин, просидол, фентанил, ремифентанил ж.т.б.
2) Опиоидты рецепторлардың жартылай агонисттері мен агонист-антагонисттері:
пентазоцин, буторфанол, налбуфин, бупренорфин.
3) Наркотикалық анальгетиктердің антагонисттері:
налоксон, налорфин және налтрексон.
II. Орталықты әсер ететін наркотикалық емес анальгетиктер.
1) Қызуды басатын және ауыру сезімін басатын заттар: парацетамол, трамадол+парацетамол, метамизол натрия (анальгин), сонымен қатар анальгиннің қосарланған препараты – баралгин, кеторолак.
2) Анальгетикалық әсері бар әр түрлі топтағы заттар: клонидин (клофелин), амитриптилин, иммипрамин, карбамазепин, габапентин, баклофен, кетамн, азот тотығы.
3) Әсер ету механизмі аралас заттар (опиоидты және опиоидты емес): трамадол.
III. Шеткері әсер ететін анальгетикалық заттар (стероидты емес қабынуға қарсы заттар): диклофенак, ибупрофен, кетопрофен, лорноксикам, мелоксикам, нимесулид, целекоксиб.
9.1. Орталыққа әсер ететін наркотикалық (опиоидтық) ауыруды басатын дәрілер
9.1.1. Опиоидты рецепторлардың (табиғи анальгетиктер) толық агонисттері
Морфин (Morphinum), долтард, морфилонг. Морфин – опиоидты наркотикалық анальгетиктер топтарының өкіліне жатады. ОЖН-де ауыру импульстарының берілуін тежейді, ауыруды эмоциялық бағалауды төмендетеді, дәріге психикалық және физикалық тәуелділіктің қалыптасуына ықпал ететін эйфория туғызады. Ауыру орталықтарының қозуын төмендету арқылы күшті ауыруды басатын әсерімен ерекшелінеді, ол сонымен жарақаттар кезінде шоктарға қарсы әсер көрсетеді. Морфин шартты рефлекстерге тежегіш әсер етеді, ОЖЖ-нің жиынтық қабілетін төмендетеді, наркотикалық, ұйықтататын және жергілікті жансыздандырушы дәрілердің әсерін күшейтеді.
Морфиннің әсеріне тән сипаттар – тыныс алу орталығын тежейді. Морфин айқын эйфория туғызады және оны қайта қолданғанда тез кеселді құмарлықтың (морфинизм) дамуына әкеледі.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Морфинді жарақаттану және қатты ауыру сезімімен жүретін әртүрлі аурулар (қатерлі ісіктер, миокардтың инфаркты ж.т.б.) кезінде ауыруды басатын дәрі ретінде қолданады, операцияға дайындау және операциядан кейінгі кездерде, кейде қатты жөтел және жедел жүрек жетіспеушілігі салдарынан болатын демікпе кездеріндегі ұйқының болмауында. Бір реттік мөлшері 10-20 мг (қалыпты түр үшін) және 100 мг (ұзартылған түр үшін), жоғары тәуліктік мөлшер (сәйкес) – 50 және 200 мг, балаларға 0,2-0,8 мг/кг.
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, тыныс алу орталығының мен ОЖЖ тежелуі (сонымен қатар алкогольды немесе наркотикалық улану тұсында), салды ішек өтпеуі, жүдеулік, этиологиясы белгісіз іштің қатты ауыруы, ауыр бауыр жеткіліксіздігі, бас ішілік гипертензия, қояншық статусы, жедел алкогольды улану, брон тарылуына бейімділік.
Жанама әсерлері. Лоқсу мен құсу, брадикардия, тыныс алу орталығының тежелуі, бас ішілік қысымның жоғарылауы, холестаз, зәрдің ұсталуы, психикалық және физикалық тәуелділік.
Шығарылу түрі. 1% - 1 мл ампуладағы және шприц-тюбиктегі егуге арналған ерітінді N. 5, 1; 1,5; 3 және 4% инфузияға арналған ерітінді; 10 мг таблеткалар; 10, 30, 60 және 100 мг капсула (М – эслон – морфиннің әсері ұзартылған дәрілік түрі, ішке қолдануға арналған капсулада шығарылады).
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Morphini hydrochloridi 1%-1 ml
D.t.d. N. 6 in amp.
S. 1 мл-ден тері астына.
#
Морфилонг – бұлшықетке егуге арналған морфиннің әсері ұзартылған дәрілік түрі; М-эслон – ішке қабылдауға арналған морфиннің әсері ұзартылған капсуладағы дәрілік түр, МСТ континус.
Морфилонг (Morphilongum) - бұлшықетке егуге арналған морфиннің әсері ұзартылған дәрілік түрі.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Айқын ауыру синдромы – оташалаудан кейінгі жағдайларда, қатерлі ісік ауруларымен ауыратын науқсатарды және т.б. Бұлшықетке тәулігіне 0,1 мл/кг 1 рет қолданады.
Шығарылу түрі. Ерітінді (0,5% морфин ерітіндісі 30% поливинилпирролидон ерітіндісінде) 2 мл N.5 ампулада бұлшық етке қолдануға арналған.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Morphilongi 2 мл
D.t.d. N 5 in amp.
S. Тәулігіне 2 мл бұлшық етке 1 рет.
#
Омнопон(Omnoponum), пантопон. Омнопон біріктірілген препарат (Кодеин+Морфин+Наркотин+Папаверин+Тебаин ), наркотикалық анальгетик. Айқын анальгетикалық және спазмолитикалық әсерлері бар. Сананы бұзбай және басқа да сезімталдылықты өзгертпей, барлық ауыру сезімдерін тежейді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Әртүрлі этиологиялы ауыру сезімдер (жарақатты, қатерлі ісіктерде, жүректің ишемиялық ауруларында және т.б.), ішек, өт ұстамасы, бүйрек ұстамасы. Ішке 0,01-0,02 г, балаларға тері астына (2 жастан асқан балаларға) жасына байланысты 0,001-0,0075 г-нан. Ересектер үшін ең үлкен мөлшер (ішке және тері астына) – 0,03 г; тәуліктік -0,1г.
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, тыныс жеткіліксіздігі, қарт адамдарға, кахексия, бас қаңқасының жарақаты, геморрагиялық инсульт, жедел ішкі мүшелердің аурулары кезінде диагноз қойғанға дейін, жүктілік. Жалпы азу; ұзақ уақыт қолданған кезде наркомания дамуы мүмкін.
Жанама әсерлері. Лоқсу, құсу, іш қату, тыныс алу орталығының тежелуі, зәр шығуының қиындауы, аллергиялық реакциялар. Жанама әсерлерін азайту үшін бұл препаратты холинолитикалық заттармен қосып тағайындау қажет (атропин және т.б.).
Шығарылу түрі. 1 және 2% 1 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді.
Кодеин (Codeinum) орталыққа әсер ететін жөтелге қарсы дәрі; фенантрен қатарындағы алкалоид. Опиатты рецепторлардың агонисті, жөтел орталығының қозуын төмендетеді. Орталық жөтелге қарсы ықпалы жөтел орталығын басуымен байланысты. Анальгетикалық белсенділігі антиноцицептивті жүйені белсендірумен және ауыруды қабылдауды эмоциялық өзгертуге әкелетін, ОЖЖ әртүрлі бөліміндері мен шеткі тіндердегі опиатты рецепторларды қоздыруымен байланысты. Жөтел рефлексін тежеуі 4-6 сағатқа созылады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Құрғақ жөтел (бронхопневмония, бронхит, өкпе эмфиземасы); әлсіз және орташа қарқынды ауыру сезімі кезінде (наркотикалық емес анальгетиктермен қосып береді – бас ауыруы, невралгия); іштің өтуі. Ересектерге ауыру синдромы кезінде ішке - 15-60 мг-нан 3-6 сағат сайын, іштің өтуі кезінде - 30 мг-нан тәулігіне 4 рет, жөтел кезінде – тәулігіне 10-20 мг-нан 4 рет. Ересектерге арналған жоғары тәуліктік мөлшері - 120 мг. Балаларға ауыру синдромы кезінде – 0,5 мг/кг (15 мг/кв.м) тәулігіне 4-6 рет; іш өткенде – тәулігіне 0,5 мг/кг 4 рет; жөтел кезінде балаларға 2 жасқа дейін қолдануға болмайды.
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, токсикалық диспепсия, бронх демікпесінің ұстамасы, аритмиялар, тырысулар, дәріге тәуелділік, маскүнемдік, бас-сүйекішілік гипертензия, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі, аталық безінің гиперплазиясы, ауыр ауыру сезімді аурулар, әлсіз аурулар, жүктілік, лактация кезеңі, қарт адамдар, балалық шақ.
Жанама әсерлері. Тыныстың тежелуі, артериялық гипотензия, брадикардия, аритмия, ішек және қуық атониясы, аллергиялық реакциялар, дәріге тәуелділік.
Шығарылу түрі. 0,1% ішке қолдануға арналған шырын және тамшы.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sirupi Codeinі 0,1% - 100 ml
D.S. 1 шай қасықтан бір рет қолдану үшін.
#
Коделак (Codelacum) қоспасы (кодеин + термопсис шөбінің ұнтағы және мия тамыры + натрий гидрокарбонаты) жөтелге қарсы және қақырық түсіретін әсерлері бар.
Шығарылу түрі. Таблеткалар N.10
Рецепт үлгісі. Rp.: Tab. «Codelacum» N.10
D.S. Тәулігіне 1 таблеткадан 2 – 3 рет.
#
Коделак фито (Codilacum phyto) қоспасы (кодеин + мия тамырының сығындысы, термопсис және жебір шөбі сығындысы) жөтелге қарсы және қақырық түсіретін әсері бар.
Шығарылу түрі. Коделак сауыттағы фито шырыны 50, 100 және 125 мл.
9.1.2. Опиоидты рецепторлардың – (жасанды анальгетиктер) толық агонисттері
Тримеперидин (Trimeperidinum), промедол. Тримеперидин – фенилпиперидин жасанды туындысы және күшті ауырсынуды басатын белсенділікке ие. ОЖЖ-не әсер етуі бойынша промедол морфинге ұқсас; ОЖЖ-нің ауыруды қабылдау импульстарын азайтады, шартты рефлекстерді тежейді. Басқа анальгетиктерге ұқсас ОЖЖ-нің жиынтық қабілетін төмендетеді, новокаиннің және басқа да жергілікті анестетиктердің жансыздандырушы әсерін күшейтеді. Морфинмен салыстырғанда тыныс алу орталығын аз тежейді, кезбе жүйкесінің орталығын және құсу орталығын аз қоздырады. Ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшық еттеріне шамалы спазмолитикалық әсер көрсетеді және сонымен қатар жатырдың бұлшықеттерінің жиырылуын күшейтеді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Айқын ауыру синдромдары (миокард инфаркты, жедел перикардит, асқазан мен он екі елі ішектегі ойық жаралары, бауыр және бүйрек шаншулары, глаукоманың жедел ұстамалары, күйіктері, жарақаттар, қатерлі ісіктерде, операция алдында және одан кейінгі кезеңдерде) босануда (ауырсынуды басу және белсендіру) ж.т.б. Тері астына, көк тамырға және бұлшық етке 1% немесе 2% ерітіндісі 1 мл ампула түрінде егуге арналған; балаларға (2 жастан үлкен) – 0,003-0,01 г қабылдауға.
Кері көрсеткіштері. Тыныс жетіспеушілігінде, жалпы қалжырауда, ерте жастағы балаларға (2жасқа дейін) және қарт адамдарға қолдануға болмайды.
Жанама әсерлері. Жүрек айнуы, бас айналуы, әлсіздік, құсу, тыныс алу орталығының тежелуі, үйренгіштік, физикалық тәуелділік.
Шығарылу түрі. 1 және 2% 1 мл ампулада және шприц-тюбикте егуге арналған ерітінді N. 5; 25 мг таблеткада N.10.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Trimeperidinі 1%-1 ml
D.t.d. N 5 in amp.
S. Күніне 1 мл тері астына 1 рет.
#
Просидол. (Prosidolum) - анальгетикалық, жөтелге қарсы, тыныштандырғыш, спазмолитикалық әсері бар зат. Опиатты рецепторлармен әрекеттесіп, антиноцицептивті жүйені белсендіреді, ауыру сезімталдылық табалдырығын жоғарылатады және ауырудың эмоционалды суретін төмендетеді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ересектердегі ісік, жарақат, миокард инфарктісі, бауыр және бүйрек ұстамалары, жедел панкреатит кезіндегі ауыру синдромын, хирургиядағы жансыздандыру (оташалудан кейінгі кезең), анестезиология, акушерлік тәжірибеде қолданылады. Трансбуккальды (жоғары ерінмен қызыл иек арасына салады) немесе тіл астына (ауыз қуысында толық сіңгенге дейін ұстап тұру қажет) - 0,01-0,02 г (тәулігіне 0,05-0,25 г).
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, бауыр-бүйрек жеткіліксіздігі, коматозды жағдай, алкоголды улану, артериялық гипотензия, ОЖЖ-нің органикалық аурулары, анамнезінде қояншық және тонико-клоникалық тырысулар бойынша, бронх демікпесі, тыныс жетіспеушілігі.
Жанама әсерлері. Бас ауыруы, бас айналу, әлсіздік, ауыз қуысының құрғауы, лоқсу, құсу, дәріге тәуелділік, «алып тастау» синдромы, тыныстың тежелуі, тырысулар, нарколепсия, артериялық гипотензия, брадикардия, ішек және қуық атониясы, бауыр және бүйрек зақымданулары, аменорея, либидоның төмендеуі, аллергиялық реакциялар, енгізу жерінде ауыру сезімі және қызаруы.
Шығарылу түрі. 1% 1 мл ампуладағы ерітінді N. 5; 25 мг таблеткалар және 10 және 20 мг суббукалды таблеткалары N. 10.
Фентанил (Phentanylum) наркотикалық анальгетик, ОЖЖ-нің, жүлын миының және шеткі тіндердің опиатты рецепторларының агонисті. Антиноцицептивті жүйенің белсенділігін жоғарылатады, ауыру сезімінің шегін арттырады. Препараттың негізгі терапиялық ықпалына - ауырсынуды басатын және тыныштандыру жатады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Қатты және орта қарқынды ауыру синдромы (стенокардия, миокард инфаркты, онкологиялық науұастардағы ауырсынуда, жарақаттар, операциядан кейінгі ауырулар); жалпы жансыздандырудың әртүрлеріндегі премедикацияда дроперидолмен бірге; нейролептоанальгезия, басқа генезді ауыру синдромы. Ересектерді операцияға дайындау кезінде 10-15 мин алдында – к/т, 0,05 -0,1 мг фентанил мен 2,5-5 мг дроперидолмен бірге. Балаларды хирургиялық операцияға дайындау кезінде 2 мкг/кг; жалпы анестезия үшін - 10-150 мкг/кг к/т немесе 150-250 мкг/кг бұлшықетке; анестезияны ұстап тұру үшін - 1-2 мкг/кг к/т немесе 2 мкг/кг бқлшықетке. 2 жасқа дейінгі балаларға мөлшері белгілі емес.
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, тыныс алу орталығының ауыр тежелуі, жедел және операциядан кейінгі ауыру, тітіркену, күйген немесе зақымдалған тері, токсикалық диспепсия; жедел тыныстың тежелуі, жүктілік, лактация кезеңі, 18 жасқа дейінгі балаларға.
Жанама әсерлері. Тыныстың тежелуі, гиповентиляция, тыныстың тоқтауына дейін, бастың ауыруы, ұйқышылдық, эйфория, елестер, бас ішілік гипертензия, лоқсу, құсу; брадикардия, АҚ төмендеуі, аллергиялық реакциялар, дәріге тәуелділік, «алып тастау» синдромы.
Шығарылу түрі. 0,005% 1, 2 және 10 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; Дюрозик – пластырь (фентанилдің трансдермалды терапиялық жүйесі) 2,5; 5; 7,5 және 10 мг (25, 50, 75 және 100 мкг/сағ) және 2,1; 4,2; 8,4; 12,6 және 16,8 мг (12,5; 25; 50; 75 және 100 мкг/сағ теріге күніне 1 рет 3 күн бойы.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Phenthanyli 0.005%-1 ml
D.t.d. N 6 in amp.
S. 1 мл-дан тері ішілік 1 рет.
#
Ремифентанил (Remifentanilum) ултива. Ремифентанил - опиоидты анальгетик, мю-опиоидты рецепторлардың талдамды агонисті. Әсерінің жылдам басталуымен және әсерінің қысқа болуымен сипатталады. Мю-опиоидты рецепторларға қатысты ремифентанилдің антагонистеріне - наркотикалық дәрілердің әсерін тежейтін налоксон жатады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Оташалу кезінде және ерте оташалудан кейінгі кезенде жансызандыру үшін қолданады. Кіріспе наркоз кезінде жалпы жансыздандыру үшін қолданады; әртүрлі хирургиялық оташалауларда (кардиохирургияны қоса алғанда) жалпы анестезияны бір қалыпты ұстап тұру үшін; Ересектерге инфузия ретінде көк тамырға енгізеді. Кіріспелі анестезия кезінде: 0,5—1 мкг/кг/мин. Бір қалыпта ұстап тұрушы анестезия үшін азот тотығымен қосып 0,1—2 мкг/кг/мин қолданады. Изофлуранмен бірге: 0,05—2 мкг/кг/мин. Пропофолмен: 0,05—2 мкг/кг/мин. Ерте оташалаудан кейнгі кезеңде: 0,025—0,2 мкг/кг/мин.
Кері көрсеткіштері. Ремифентанилге және фентанилдің басқа баламаларына жоғары сезімталдылық болған кезде. Ремифентанилдің дәрілік түрінің құрамына глицин кіреді, сондықтан эпидуральды және жұлын миының тежелуін қолдануға болмайды.
Жанама әсерлері. Асқазан-ішек жолдарынан: лоқсу, құсу, жүрек-қантамыр жүйесінен: артериялық гипотензия, кейде — брадикардия, оташалаудан кейінгі артериялық қан қысымының жоғарылауы болуы мүмкін. Тыныс алу жүйесі жағынан: жедел тыныс алу қызметінің тежелуі, апноэ. Аллергиялық реакциялар.
Шығарылу түрі. 1, 2 және 5 мг лиофилизирленген сауыттағы ұнтақ, көктамырға енгізуге арналған N. 5.
Рецепт үлгісі. Rp.: Remifentanili 0,005
D.t.d. N. 5
S. 0,5 – 1 мкг/кг/мин көктамырға енгізуге арналған.
#
9.1.3. Опиоидты рецепторлардың жартылай агонисттері мен агонист-антагонисттері
Пентазоцин (Pentazocinum), фортрал. Опиоидты анальгетик, бензоморфанам тобына жатады. Жоғары анальгетикалық (ауыру сезімін басатын) белсенділігі бар. Опиоидты каппа-рецепторлардың агонисті болып табылады, әлсіз мю-рецепторларының антагоисті болып келеді. Әсері бойынша морфиннен әлсіз, бірақ аз мөлшерде тыныс алу орталығын тежейді, іш қатуды және зәр шығаруының қиындауын аз шақырады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Орташа және айқын қарқындылықты әртүрлі генездегі ауыру синдромы кезінде қолданады. Оташалу алдында премидикация үшін қолданады. Ішке ересектерге және 12-16 жастағы балаларға - 25-100 мг-нан әр 3-4 сағат сайын тамақтан кейін тағайындайды. Т/а және б/е ересектерге және 12-16 жастағы балаларға - 30-60 мг-нан әр 3-4 сағат сайын; көктамырға енгізген кезде бір реттік мөлшері - 30 мг дейін болады.
Кері көрсеткіштері. Жоғары бас ішілік қысым, естің шатасуы, тырысу реакцияларына бейімділік, 6 жасқа дейінгі балаларға.
Жанама әсерлері. Ұйқышылдық, әлсіздік, бас айналу, ойлау қабілетінің бұзылуы, дисфория, бас ауыру, дезориентация, қорқынышты түстер, көру өткірлігінің нашарлауы, миоз, лоқсу, құсу, ауыз қуысының құрғауы, іштің қатуы, өт жолдарының спазмы, іштің ауыру сезімі, артериялық гипертензия, тахикардия, тыныстың тежелуі, дерматит, қышыну, беттің ісінуі.
Шығарылу түрі. 50 мг таблеткада N. 5; 3% егуге араналған 1 мл ампуладағы ерітінді 10, 20, 30, 50, 100.
Буторфанол (Butorphanolum), бефорал, стадол. Буторфанол парентералды енгізуге арналған ең күшті анальгетик болып табылады. Опиатты рецепторлардың антагонист-агонист тобына жатады және пентазоцинге және нальбуфинге ұқсас болып келеді. Әсер ету күші мен ұзақтылығы бойынша морфинге ұқсас, бірақ морфинге қарағанда аз мөлшерде әсерлі болып келеді. Морфинмен салыстырғанда аз мөлшерде физикалық тәуелділік шақырады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ең бастысы қатты ауыру сезімінде: оташалаудан кейінгі кезендерде, қатерлі ісікпен ауыратын науқастарда, бүйрек ұстамаларында, қатты жарақаттар және т.б. Әдеттегі ересектер үшін бұлшық етке бір реттік мөлшері - 2 мг әр 4 сағат сайын (1 мг-нан 4 мг-ға дейін, ауыру сезімін қарқындылығына байланысты).
Кері көрсеткіштері. Буторфанолды тыныс жеткіліксізідігі кезінде, бас сүйек-ми жарақаттарында, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылыстарында абайлап қолдану қажет. Препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындауға болмайды.
Жанама әсерлері. Морфинді қолданған кездегі сияқты тыныстың тежелуі, әлсіздік, бас айналу, ұйқышылдық, тершендік, лоқсу байқалады. Артериялық қан қысымының жоғарылауы, жүрек жиырылуының күшеюі, бас-сүйек ішілік қысымының жоғарылауы мүмкін. Есекжем пайда болуы мүмкін.
Шығарылу түрі. 0,2% 1 және 2 мл ампуладағы ерітінді және шприц-тюбиктегі 1 мл ерітінді; 1% интраназалды енгізуге арналған аэрозоль (1 мг/доза).
Налбуфин (Nalbuphinum), нубаин. Налбуфин опиатты рецепторлардың агонист-антагонист қасиеттеріне ие. ОЖЖ тежейді, анальгетикалық, ұйықтатқыш, жөтелге қарсы әсерлері бар. Мю-рецепторларды қоздырады және каппа-рецепторларды тежейді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Миокард инфарктісі кезіндегі қарқындылығы орташа және айқын ауыру синдромы, оташалауға дайындық кезені (алдын алу) және оташалаудан кейінгі кезең; жалпы анестезия кезінде қосымша жансыздандырушы зат ретінде. Ересектерге: к/т немесе б/е 0,15–0,3 мг/кг дене салмағына. Балаларға: к/т немесе б/е 0,1–0,25 мг/кг. Ең жоғары бір реттік мөлшері 0,25 мг/кг, ең жоғары тәуліктік мөлшері — 2 мг/кг.
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 812 | Нарушение авторских прав
|