АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Адренотежегіштер 5 страница

Прочитайте:
  1. B)новокаинмен жансыздандыру 1 страница
  2. B)новокаинмен жансыздандыру 2 страница
  3. B)новокаинмен жансыздандыру 3 страница
  4. B)новокаинмен жансыздандыру 4 страница
  5. B)новокаинмен жансыздандыру 5 страница
  6. B)новокаинмен жансыздандыру 6 страница
  7. B)новокаинмен жансыздандыру 7 страница
  8. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 1 страница
  9. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 10 страница
  10. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 2 страница

Кері көрсеткіштері. Бас ішілік қысымның жоғарылауы және қатерлі гипертермияға генетикалық бейім.

Жанама әсерлері. Аритмия дамуы мүмкін, артериалды қысымның төмендеуі және тыныстың жиілігі.

Шығарылу түрі. 100 және 250 мл тез ұшып кететін флакондағы сұйықтық.

Севофлуран (Sevofluranum), севоран, тез әсер ететін, бу түзеуші наркозды зат, жеңіл басқарушы және наркоздан тез шығаратын қасиеті бар.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ересектер мен балалардағы стационарлық және амбулаторлық жағдайларда хирургиялық оташалауда кіріспе және ұстап тұрушы жалпы анестезияда. Наркозға кіргізуде ересектерде де балаларда да 2 минут барысында құнарлығы 8 көл. % қолданылады. Ұстап тұрушы құнарлығы 0,5-3 көл. % мөлшерде азот тотығымен бірге қосып қолданады.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, қатерлі гипертермия (генетикалық төзімділікпен қолданған немесе күдіктенгенде).

Жанама әсерлері. Жүректің және тыныстың қызметін мөлшерге тәуелді тежеуі, лоқсу, құсу, жөтелдің күшеюі, артериялық қысымның төмендеуі немесе жоғарылауы, ұйқышылдық, қалтырау, брадикардия, тахикардия, бас айналу, сілекейдің көп бөлінуі, интубациядан кейінгі апноэ, ларингоспазм, қызба.

Шығарылу түрі. 100 және 250 мл тез ұшатын флакондағы сұйықтық.

Диэтил эфирі (Aether diaethylicus), наркозға арналған эфир. Диэтил эфирі наркоздық кеңдік әсері үлкен және белсенділігі жоғары. Айқын анальгезия туғызады және ұзақ қозу сатысын туғызады, сонымен қатар бір қатар қалаусыз ықпалдары көп.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Қазіргі кезде эфир өте сирек қолданылады. Барбитураттар мен азот тотығынан кейінгі кіріспе наркоздарда, сол сияқты соны ұстап тұрушы мөлшерде құнарлығы 2 – 4 көл.%.

Кері көрсеткіштері. Тыныс алу жолдарының жедел ауруларында, бас миының ішкі қысымының жоғары болуы, айтарлықтай қан қысымы жоға болып келетін жүрек-тамыр ауруларында және жүрек қызметінің декомпенсация кезінде, бауыр мен бүйректің ауыр ауруларында, жалпы қалжырау, қант диабеті, ацидоз.

Жанама әсерлері. Сілекей мен бронх бездерінің секрециясын күшейту, тыныстың рефлекторлы тежелуі мүмкін және жүректің жиырылу жиілігінің азаюы, құсу.

Шығарылу түрі. 140 және 150 мл металды фолгамен жабылған қара түсті герметикалық флаконда шығады.

Рецепт үлгісі. Rp.: Aetheris diaethylicі 150 ml

D.t.d. N. 3.

S. Ингаляциялық наркозға арналған.

#

Динитрогена оксид (Dinitrogenі oxidum), азот тотығы. Түссіз, иіссіз газ, эфир буымен қосылып жарылыс қоспасын түзейді. Аз құнарлықта мастық және жеңіл ұйқы сезімін туғызады, осыдан оны «көңілдететін газ» деп атайды. Оттегімен қоспасы өзгермеген күйде шығады. Басты кемшілігі наркоздық белсенділігі төмен.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жалпы жансыздандыру (кіріспе наркоз және наркозды ұстап тұру); операциядан кейінгі ауыру синдромын шеттету үшін (жарақат шоктарының алдын алу шаралары), босану кезінде, тұрақсыз стенокардия, миокард инфаркты, жедел панкреатит және т.б.; естен тануды қажет ететін медициналық емшараларды орындағанда ауырсынуды басу кезінде. Наркоз кезінде жансыздандыруды құнарлығы оттегімен 50-66% қамтамас етеді, басқа ингаляциялық немесе ингаляциялық емес наркозды заттармен біріктіріліп қолданылады. Естен тандырмастан жансыздандыру. Жедел көмек көрсету кезінде, акушерлік тәжірибеде («талап бойынша жансыздандыру» немесе «өзіндік жансыздандыру») оттегімен қоспасы 50% құрайды.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық; ауыру синдромын шеттету кезінде — жүйке жүйесінің ауыр аурулары, созылмалы маскүнемдік, маскүнемдік жағдайларда (қозу, елестер болуы мүмкін).

Жанама әсерлері. Наркозға енгізу кезеңінде — қарынша үсті аритмиясы, брадикардия, қан айналым жетіспеушілігі; наркоздан шыққаннан соң — диффузды гипоксия, наркоздан кейінгі делирия: мазасыздану сезімі, естің шатасуы, қозу, елестер, ашуланшақтық, қимылдық мазасыздану; ұзақ қолданғанда — лейкопения, ОЖЖ зақымдалуы, тыныстың тежелуі, жүректің айнуы, құсу, қатерлі гипертермиялық криз, операциядан кейінгі қалтырау.

Шығарылу түрі. 10 мл50 атм қысыммен сұйытылған күйінде. Баллондары сұр түске боялған онда «Медицинада қолдану үшін» деген жазу жазылады.

Ксенон (Xenonum) - ингаляциялық анестезияға арналға дәрі, инертті газ, иіссіз, жанбайды, химиялық реакцияларға түспейді, ағзада биотрансформацияға түспейді және ағзадан өкпе арқылы өзгермеген күйде шығарылады. Оттегімен қиылыстыра (60:40, 70:30, 80:20) бергенде миорелаксациялық, ауыруды басатын және жансыздандыратын әсер етеді (динитроген оксидінен көрі күшті білінеді). Оттегімен 30-40% қоспаны жұтынғанда анальгезия туады. Оттегімен 65-70% қоспаны жұтынғанда есінен айырылу байқалады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Терең анестезияны қажет етпейтін және миорелаксацияда (хирургияда, операциялық гинекологияда, стоматологияда, ауырсынумен жүретін емшараларында, босану кезіндегі ауырсынуды басу үшін) бетперделік ингаляциялық жалпы моноанестезия мен біріктірілген эндотрахеальды араласуларда; ауыру синдромдары сонымен қатар жедел тәждік тамырлар жеткіліксіздігі, миокард инфаркты, жедел панкреатит (шеттетуде) және жарақатты шоктарда (алдын алу шараларында). Ингаляциялық түрде, ксенонды-оттегілік қоспалар арқылы; ксенонның ең жоғары құнарлығында - 80%.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық; гипоксиямен жүретін аурулар; көкірек қуысы мүшелеріне жасалатын хирургиялық емшаралар, кардиохирургия (жоғары диффузиялық қаситке ие болуына орай, ағзадағы жабық кеңістіктерді толтырып, көлемдерін ұлғайтады). Абайлап қолдану керек! Жүйке жүйесі аурулары; созылмалы маскүнемдік (қозу мен елестер белгілері байқалуы әбден мүмкін).

Жанама әсерлері. Дауыс қарлығуы, ауызда "темір татымы" білінуі, гипоксия.

Шығарылу түрі. 1 – 40 л баллондар, сығылған газ.

Циклопропан (Ciclopropanum) түссіз газ. Наркоз тез 3-5 минуттан кейін басталады. Қозу сатысы болмайды. Бұлшық етті босаңсытуы жоғары. Ингаляцияны тоқтатқанда наркоздан бірден шығады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Кіріспе, негізгі және жалпы ұстап тұрушы анестезияда.

Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Кардиотроптық әсері, жүрек ырғағының бұзылуына әкеледі (брадикардия, қарыншалық экстрапитела), миокардтың адреналинге сенсибилизациясы жоғарылайды (анаприлин қажет). АҚ жоғарлауына әкеледі, ацидоз бен гипергликемияның дамуына ықпал етеді.

Шығарылу түрі. 5 атм қысымындағы 1 және 2 л болаттан жасалған баллондарда шығарылады. Баллондар сарғыш-қызыл түске боялған және «Абайлаңыз. Циклопропан. Өрт қаупі бар» деген жазуы болады.

 

7.1.2 Тыныс арқылы берілмейтін наркозды дәрілер

Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілерге химиялық құрылымы әрқилы, әсер ету ұзақтығы әртүрлі болатын заттар жатады. Бұл топқа жататын дәрілерді көбінесе көктамырға, сирек тік ішекке енгізеді.

Жаңа кезеңдегі ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілер ингаляциялық жалпы анестезияларға қарағанда қысқа латенттік кезеңге ие. Осы кезде ингаляциялық емес наркоздық заттарды пайдалану үшін күрделі, қымбат құрал жабдықтар қажет емес, тыныс шығару ауасымен бөлінетін ингаляциялық анестетиктен ауаны тазарту қажеттілігі де болмайды.

Ингаляциялық нарозбен салыстырғанда, көк тамырлық наркоз қозу сатысыз өрбиді. Осы топтың препараттарының жоғары липофилдігі миға жеңіл өтуіне мүмкіндік береді. Көк тамырлық наркоз заттарын пайдаланған жағдайда наркоз тереңдігін меңгеру төмен болады.

Көк тамырлық наркозға арналынған қазіргі заманғы препараттар әсер ету ұзақтығы бойынша келесі топтарға бөліне алады:

1. Қысқа мерзімдік әсердегі (наркоз ұзақтығы 15 мин дейін): пропанидид, пропофол кетамин.

2. Орташа мерзімдік әсердегі (наркоз ұзақтығы 20 - 30 мин): тиопентал натрий.

3. Ұзақ мерзімдік әсердегі (наркоз ұзақтығы 60 мин одан көп): натрий оксибутираты

Кесте 7.2.1. Ингаляциялық емес наркоздық дәрілердің жалпы сипаттамасы

 

әсер ету механизмі Қолданылуы Кері көрсеткіші Жанама әсерлері
ОЖЖ қозудың нейронаралық (синаптикалық) өткізгіштігін тежейді. Қысқа мерзімді және кіріспе наркоз. Аллергиялық реакциялар, Бауыр мен бүйректің органикалық зақымданулары. Брадикардия, аритмия, тыныстың тежелуі, қозғалыс пен сөйлеу қозулары (наркоздан шығу кезінде), жергілікті реакциялар: флебит, тромбоз.

 

Тиопентал-натрия (Thiopentali natrium) – ингаляциялық емес жалпы анестезия үшін қолданылатын, ультра қысқа әсерлі, тиобарбитурат қышқылының туындысына жататын дәрі. Оның айқын ұйықтататын, кейбір миорелаксациялық және әлсіз ауырсынуды басатын белсенділігі бар. Тиопентал-натрий тікелей ГАМҚ-рецепторларын белсендіреді, ГАМҚ-белсендіргіш әсер көрсетеді. Нейрондардың қозу шегін жоғарылата отырып, бас миы бойынша тырысу импульстарының жүргізілуі мен таралуын тежеу арқылы, тырысуға қарсы әсер белсенділігіне ие. Мимен глюкозаның және оттегінің пайдаға асыруындағы бас миындағы метаболиттік үрдістердің қарқындылығын төмендетеді. Ұйқыға кету үрдісінің тездетілуі мен ұйқы құрылымының өзгеруімен байқалатын, ұйықтататын әсер көрсетеді. Көк тамырға енгізгеннен кейін жалпы анестезия әсері 30-40 сек кейін басталады. Бір рет енгізгеннен кейінгі наркоз ұзақтығы 15-25 минутты құрайды. Наркоздан шыққаннан кейін наркоздан кейінгі ұйқы дамиды. Бұл феномен препараттың фармакокинетика ерекшелігіне байланысты: тиопентал натрий май тіндерінде жиналады, бұл кезде ми тіндерінде оның құнарлығы төмендейді. Кейінгі май тіндерінен заттың қанға баяу шығуы, тиопенталдың наркоздан кейінгі ұйқы шақыруына ықпал етуімен анықталынады. Жалпы анестезиядан шыққаннан кезде, науқастың оянуымен бірге ауыру сезімін басатын әсері де доғарылады. Тиопентал-натрийдің антагонистіне – бемегрид жатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Тиопентал-натрийді наркоз үшін өз бетінше ұзаққа созылмайтын хирургиялық операция кездерінде қолданады, сонымен қатар кіріспе және негізгі наркоз ретінде кейіннен басқа заттарды қолданумен (анальгетиктерді және миорелаксанттарды) бірге тағайындайды, үлкен ұстамаларда (grand mal), қояншық статусы, бас ішілік қысымның жоғары болуында, бас миының жарақаты кезіндегі гипоксияның алдын алу шаралары үшін. Тиопентал-натрийді ересектерге кіріспе наркоз үшін 1- 2% ерітіндісінің 20— 30 мл енгізеді. Негізгі наркоз үшін балаларға тиопентал-натрийді тек жоғары жүйкелік қозу кездерінде қолданылады. Тік ішекке 5% жылы (+32-35оС) ерітіндісін 0,04 г. бойынша есептеуде (3 жасқа дейін) және 0,05г. (3-7 жасқа) 1 жастағыларға қолданылады.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, бронх демікпесі, демікпе статусы, бауыр мен бүйректің дисфункциясы, миокардтың жиырылу қызметінің бұзылыстары, ауыр қаназдық, шоктың және коллаптоидтық жағдайлары, миастения, микседема, Аддисон ауруы, қызба, мұрын жұтқыншақтың қабыну аурулары, порфирия, жүктілік.

Жанама әсерлері. Аритмия, гипотония, тыныстың тоқталуы немесе тежелуі, ларингоспазм, бронхоспазм, лоқсу, құсу; ұйқышылдық, бастың ауыруы, қан кетулер (тік ішекке енгізу кездерінде), аллергиялық реакциялар: есекжем, тері бөртпелері мен қышынулар, анафилактикалық шок.

Шығарылу түрі. 0,5 және 1 г егуге арналған сауыттағы ұнтақ.

Рецепт үлгісі. Rp.: Thiopentali-natrii 1,0

D.t.d. N. 6 in amp.

S. 40 мл физ. ерітіндісіне ерітіп, 10-12 мл-ден көк тамырға.

#

Пропанидид (Propanididum). Сомбревин. Пропанидид - әсері өте қысқа (3-5 минут) анестетик. Көк тамырға енгізгеннен кейін наркоздық әсері қозу сатысыз 20-30 секундтан кейін басталады және 3-4 мин созылады.

Қолдану көрсеткіштері. Қысқа және кіріспе наркоз үшін. Көк тамырға тез 5% ерітіндісін (5-10мг/кг) енгізеді; қалжыраған науқастар мен балаларға 2,5% ерітіндісін енгізеді. Хирургиялық наркоз сатысы 3-5 минутқа созылады және тез оянумен жүреді.

Кері көрсеткіштері. Шок, гемолитикалық сарыауру, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылыстарында, жүректің ауыр ауруларында, артериалды гипертония.

Жанама әсерлері. Гиперемия және егілген жердегі көк тамыр бойымен ауырсыну; кейде лоқсу және құсу.

Шығарылу түрі. 5% ерітіндісі 10 мл N.5, 10 ампулада.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Propanididi 5%-5ml

D.t.d. N. 6 in amp.

S. Көк тамырға баяу енгізу.

#

 

Пропофол (Propofolum) ингаляциялық емес наркозға арналған дәрі. Көк тамырға енгізген кезде наркоз шамамен 30 сек басталады, айқын қозу белгілерісіз. Профолдың әсерінен туындайтын наркоз, орталық жүйке жүйесіндегі нейрон мембранасындағы липидтерге өзіндік емес әсерімен байланысты, нәтижесінде ионды түтікшелердің жұмысы бұзылады, соның ішінде натрий түтікшелері. Сонымен қатар, профолдың әсерінен бас миының ГАМҚ-ергиялық үрдісі күшейеді. Профолдың ауыруды басатын әсері мүлдем жоқ. Профолдың әсері доғарылғаннан кейін, қызметтің қалпына келуі тез жүреді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Кіріспе наркоз бен жалпы анестезия жағдайын ұстап тұру үшін. Өкпенің жасанды ауамен желдетуі кезінде тыныштандыру ықпалын қамтамасыз ету үшін. Ересек науқастарға кіріспе наркоз үшін көк тамырына әрбір 10 минут сайын орта дене салмағына есептегенде 40 мг-нан клиникалық наркоз белгілері пайда болғанша енгізеді. Көп жағдайда қосынды мөлшері 2-2,5 мг/кг құрайды. 8 жастан үлкен балларға көк тамырына баяу анестезияның клиникалық көріністері байқалғанша енгізеді. Мөлшерін жасына және/немесе дене салмағына қарай реттейді; орта мөлшері 2,5 мг/кг құрайды. Балалар үшін енгізу жылдамдығы 9-15 мг/кг/сағ құрайды. Барабар анестезияны қолдау үшін қажетті жағдайларда, болюсты мөлшер түрінде қайта енгізу мүмкіндіктері жүргізіледі.

Кері көрсеткіштері. Пропофолға анамнезінде аллергиялық реакциялар, 1 айға дейінгі, 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (өкпенің жасанды ауамен желдетуді жүргізу кезінде тыныштандыратын ықпалды қамтамасыз ету үшін).

Жанама әсерлері. Кіріспе наркоз үшін қолданған кезде артериалды гипотензия, брадикардия, қысқа мерзімді апноэ. Жергілікті реакциялар: тромбоз және флебит.

Шығарылу түрі. 1% сулы эмульсия 20 мл ампулада және 20, 50, 100 мл флаконда, сонымен қатар 50 мл шприцта.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Propofoli 1% - 50 ml

D.t.d. N.5

S. Көк тамырға егу ретінде.

#

Кетамин (Ketaminum), калипсол, кеталар – ингаляциялық емес наркозға арналған зат болып табылады. Кетаминді көктамырға бір рет енгізген кезде наркотикалық әсері 30-60 сек кейін пайда болады және 5-10 мин (15 мин) дейін созылады.Кетамин айқын анальгетикалық әсер көрсетеді (2 сағатқа дейін), бірақ бұлшық еттердің босаңсуын аз шақырады. Кетаминді енгізген кезде жұтқыншақтың және жөтел рефлексі, өзіндік барабар өкпелі желденуі сақталады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Кетамин кіріспе және негізгі наркоз үшін қолданылады, бұлшық еттердің босансуын және босансуын қажет етпейтін қысқа хирургиялық араласу кездерінде, ауыру сезімімен жүретін құралдармен және диагностикалық емшаралар кездерінде, науқастарды тасымалдауда, күйік беттерін тазалағанда. Қолдану көрсеткішіне, науқастың жасына, клиникалық жағдайларға, премедикация үшін қолданылуына байланысты бір реттік көктамырға енгізу мөлшері 0,5‑4,5 мг/кг құрайды, бұлшық етке енгізу мөлшері 4-13 мг/кг. Кетаминді бұлшықетке енгізу кезінде 4-8мг/кг мөлшерде әсері 2-4 мин (6-8 мин дейін) және ұзақтығы орташа 12‑25 мин (30-40 мин дейін) созылады.

Кері көрсеткіштері. Бас ми қан айналымы бұзылған науқастарға, артериалды гипертония, стенокардия және жүрек жетіспеушілігінің қалпына келмеу кезінде; эклампсия кезінде кері көрсетілген. Қояншықпен ауыратын балаларға кері көрсетілген.

Жанама әсерлері. Жоғары артериалды қысым, тахикардия, гиперсаливация, наркоздан шығу кезінде психомоторлы қозулар мен елестер, ентігу, тыныстың тежелуі, көктамыр бойы қызару мен ауырсыну.

Шығарылу түрі. 1% ерітінді 5 мл ампулада және флаконда 20 мл ерітінді, 5% ерітінді 2 және 10 мл ампулада және 5 және 10 мл флаконда, 10% ерітінді флаконда 10 мл.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Ketamini 1%-5 ml

D.t.d. N 6 in amp.

S. Бұлшықетке және көктамырға егу үшін.

#

Натрия оксибат (Natrii oxybatum), натрия оксибутират. Натрий оксибат – ингаляциялық емес наркоз үшін дәрі, ұйықтататын, тыныштандырушылық, гипоксияға қарсы, орталықты миорелаксациялық, ноотропты және шокқа қарсы әсер етеді. Мида, жүректе, көздің торлы қабатында тіндік алмасу үрдісін белсендіреді, олардың гипоксияға тұрақтылығын жоғарылатады. Миокардтың жиырылу қабілетін, микроциркуляцияны, шумақты фильтрацияны (қан кету кездерінде бүйректің қызметін тұрақтандырады) жақсартады. Үлкен мөлшерде ұйқыны туғызады және жалпы анестезияны (көктамырға енгізгенде 5-7 минуттан кейін) шақырады. Анестезияның хирургиялық сатысы 30-40 мин кейін басталады, жалпы анестезия ұзақтығы 2-4 сағ созылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Кіші жарақаттарға операция кездерінде көктамырлық анестезияда, кіріспе және негізгі анестезияда, операциялық босанулар кезіндегі анестезияда, босанған әйелдің демалуында акушерлік жалпы анестезияда, ана мен баланың гипоксияға тұрақтылығын жоғарлатуда; ашық бұрышты глаукома кезінде толы қабаттың метаболизмін жақсартуда, невроздар, невроз тәрізді жағдайларда, орталық жүйке жүйесінің улануларында және жарақатты зақымдануларында, ұйқысыздық, нарколепсия. Жалпы анестезия: көктамырға баяу – 50-120 мг/кг (50–100 мл 5% декстроза ерітіндісінде ерітіп, 1-2 мл/мин жылдамдықта енгізу) немесе бір мезгілде 35–40 мг/кг және 4-6 мг/кг тиопентал натриймен қоспасын 1-2 мин барысында; анестезияны ұстап тұру үшін – қосымша 40 мг/кг; Балалардағы кіріспе анестезия үшін — 100 мг/кг (30–50 мл 5% глюкоза ерітіндісінде) 5–10 минут ішінде жиі тамшымен.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, гипокалиемия, миастения, жүктіліктің кешкі токсикоздарында артериалды гипертензия кездерінде.

Жанама әсерлері. Шырынды немесе ерітіндіні ішке қолданғанда күндізгі уақытта шамалы ұйқышылдық туғызады. Жалпы анестезиядан шығу кезінде: қимыл және сөйлеу қозуы, жүректің айнуы, құсу. Көк тамырға тез енгізгенде: тілдің және аяқ-қолдың тырысып тарылуы, тыныстың бұзылуы, кейде тоқтап қалуы болады.

Шығарылу түрі. 20% егуге арналған 5 және 10 мл ампуладағы ерітінді N.10, 66,7% ішке қолдануға арналған 37,5 мл концентрат; 5% 400 мл флакондағы шырын.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Natrii oxybutyratis 20%-10 ml

D.t.d. N.6 in amp.

S. Негізгі наркозға егу үшін.

#

Оттегі (Oxygenum). Анестезиологиялық тәжірибиеде оттегі ингаляциялық наркозға арналған заттармен бірге қоспа ретінде кеңінен қолданылады. Оттегімен ингаляция көптеген гипоксиямен жүретін ауруларда қолданылады: тыныс алу жолдарының аурулары кезінде (пневмония, өкпе ісінуі ж.т.б.), жүрек қан-тамырлар жүйесі (жүрек жетіспеушілігі, теждік тамырлардың жетіспеушілігі, коллапс ж.т.б), көмір қышқылымен, көгерткіш қышқылымен, тұншықтырушы заттармен (хлор, фосген ж.т.б.) улануда, гельминтозды емдегенде: аскаридозда сонымен қатар, басқа да тыныс қызметі мен тотығу үрдістерінің бұзылуы кездерінде.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Оттегіні ингаляция үшін 40 - 60% құнарлығын ауамен бірге 4 - 5 л қосып минутына тағайындайды. Көбінесе 95 % оттегі және 5 % көмір қышқыл газымен бірге қоспада (Карбоген) тағайындайды. Емдік мақсатымен оттегіні тері астына енгізуге болады 0,5 - 2,0 л дейін (аз мөлшермен, баяу). Гипербариялық оксигенация (оттегіні жоғары қысыммен қолдану): жүрек пен өкпеге операция кездерінде, өкпенің өзіндік емес созылмалы ауруларында, бронх демікпесінде. Жүрек аритмиясы кезінде, бас миының басқа да тамыр ауруларында, аяқтың ишемиялық және ауыр жарақаттарында, асқынған инфекцияларда ж.т.б.
Кері көрсеткіштері. Өкпеде қуыс болған кездерде оттегімен ингаляцияны қысыммен беруге, бронхплевралды жылан көздері; мұрынның қосалқы қуыстарын сыртқы ортамен қосатын есту түтікшелері мен өзектеріндегі өткізгіштік бұзылғанда; жедел қабыну аурулары, анамнезінде қояншық тәрізді ұстамаларда,
қатерлі ісіктерде; ауыр гипертониялық ауруда; оттегіге жеке жоғары сезімталдықта, ауыр артериалды гипертония.

Жанама әсерлері. Жоғары сезімталдық, құрттардан тазалау кезіндегі кері көрсеткіштерге асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара аурулары жатады, АІЖ ісіктері, құрсақ ішінің жедел қабыну аурулары, жүктіліктің бес айынан жоға кездерде, етеккір кезеңінде.

Шығарылу түрі. Көк түске боялған болаттан жасалған баллондағы газ. Дәріханада арнайы оттегілік жастықшаларда шығарылады.

Этил спирті

Этил спирті орталық жүйке жүйесіне күйзелту әсерін тигізетін наркотикалық типтегі үйреншікті зат болып саналады, айта кетері ол бәсеңдейтін әсерде күйзелтеді және ол үш негізгі сатыда көрінеді: «қозу» сатысы, кейін наркоз сатысы және үлкен мөлшерде қабылдағанда - агоналды сатысы.

«Қозу» сатысы – бас миындағы тежегіш механизмдерін тежеу нәтижесіне жатады. Бұл кезде эйфория, көңіл күйдің жоғарылауы, адам тым ашылып, көп сөйлейді, адамның тәртібі бірден өзгереді, өзін өзі бақылауы төмендейді, күдіктену, сақтық, сыншылдық өзіне сын баға жасау, барабар баға беру тәрізді мінез-қылығындағы ерекшеліктері жойылады. Көңіл-күйі тұрақсызданады, эмоциялық бейжайлық немесе ашушаңдықтар орын алады. Қанда этил спиртінің құнарлығы жоғарылағанда анальгезия, ұйқышылды, есінен айырылу белгілері туады. Міне наркоз сатысы осылай туады да жылдам арада агоналды сатыға ауысады.


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 836 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.015 сек.)