АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Адреномиметиктер
Адреномиметиктер – адренергиялық заттар, шеткері медиаторлар жүйесінің адренорецепторларына тікелей ынталандырушы әсер көрсететін заттар болып табылады.
Кесте 5.1.1. Адреномиметиктердің жалпы сипаттамасы.
Әсер ықпалы
| Қолданылу көрсеткіші
| Кері көрсеткіштері
| Жанама әсерлері
| Адренорецепторлардың белсендіруші әсері: α1 және α2, β1 және β2, физиологиялық адренергиялық ықпалды жүзеге асырады
| Аллергиялық жағдайлар (анафилактикалық шок ж.т.б), риниттер, бронх тарылуы,
АҚ жедел төмендеуі, атриовентрикулярлы тежелуі, аритмия, жүрек қызметінің тоқтауы, жергілікті жансыздандырумен біріктіріп, гипогликемиялық кома, ашық бұрышты глаукома түрі
| Геморрагиялық және кардиогенді шок,
тахикардия, гипертензия, атеросклероз, тиреотоксикоз, стенокардия, атрофиялық ринит
| Бас ауруы, дірілдеу, қозу, тахикардия, аритмия, экстрасистолия, өкпе ісінуі, енгізілген жердегі некроз
|
5.1.1. α - және β – адреномиметиктер
Эпинефрин (Epinephrinum), адреналин. Эпинефрин α- және β– адренорецепторларды қоздыра отырып, жүрек пен қан тамырлар жүйесінің адренорецепторларына әсер етеді. Эпинефрин құрсақ іші мүшелерінің, терінің және шырышты қабаттың тамырларын тарылтып, артериалды қысымды жоғарылауына әкеледі. Жүректің β-адренорецепторларын белсендіру арқылы жүректің жиырылу күшін және жиілігін күшейттуге ықпал етеді. Адреналин қарашықты кеңейтеді, қолқа мен ішектің бұлшық етін босаңсытады, қандағы қанттың мөлшерін жоғарылатып, тіндік зат алмасуды күшейтеді, сілекей бездерінен көп бөлінуін қамтамасыз етеді. Ол гликогенолизді жылдамдатады, липолизді арттырады. Әсері ету уақыты өте қысқа, өйткені моноаминоксидаза ферменті арқылы жылдам гидролизге ұшырайды.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Анафилактикалық шок, ангионевротикалық ісіну, бронх демікпесі, глаукома, басқа аллергендердің әсері кезіндегі жедел аллергиялық реакцияларда, қан қысымы бірден төмендегенде, коллапс, жүректің әлсіреуі кезінде, инсулинді мөлшерден тыс көп қолданған кездегі гипогликемиялық комада, Ересектер үшін мөлшері 0,3 – 0,75 мл, ал балалар үшін 0,1-0,5 мл 0,1% ерітіндісі қолданылады.
Кері көрсеткіштері. Тахикардия, гипертензия, атеролсклероз, аневризм, тиреотоксикоз, қант диабеті, жүктілік,стенокардия.
Жанама әсерлері. Мазасыздық, бас ауыруы, дірілдеу, гипоксия кезіндегі аритмия.
Шығарылу түрі. Егуге арналған 0,1% ерітінді 1 мл ампулада; жергілікті қолдануға арналған 0,1% ерітінді 30 мл флаконда.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Epinephrinі 0,1% - 10 ml.
D.t.d. № 10 in ampullis
S. 0,5 мл бұлшық етке.
#
Норэпинефрин (Norepinephrinum), норадреналин – көбінесе тамырлардың α1-адренорецепторларына әсер етеді, сондықтан тамырларды тарылтатын әсері күшті, жүрекке белсендіруші әсері шамалы және бронхолитикалық ықпалы әлсіз болып келеді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Хирургиялық араласуларда, жарақаттарда, уланулар мен басқа да артериалды қысым төмендеген кезде жүйелік қан қысымды жоғарылату үшін қолданады. Мөлшері 2–4 мг (2-4 мл) 0,2% ерітінді көк тамырға 5% глюкозамен немесе тамшылатып 1 литр изотоникалық ерітіндімен бірге енгізген жөн.
Кері көрсеткіштері. Толық атриовентрикулярлы тежелулерде, жүрек әлсіздігінде, айқын атеросклерозда.
Жанама әсерлері. Брадикардия, аритмия, ұйқының болмауы, дірілдеу, бас ауруы, және бастың айналуы.
Шығарылу түрі. 0,2% 1 мл ерітінді инфузияға арналған ампуладағы ерітінді.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Norepinephrini 0,2%-1 ml
D.t.d N 6 in amp.
S. Көк тамырға тамшылатып.
#
5.1.2. α - адреномиметиктер
Фенилэфрин (Phenylephrinum), мезатон. Фенилэфрин - α-адренорецепторларға тікелей әсер етеді, адреналинге ұқсас, қан тамырларын тарылтып, қан қысымын ұзақ жоғарылатады, жүректің соғуын жиілетеді, қолқаны кеңейтеді. Қарашықтың кеңеюін және көз қысымының жоғарылауын туғызады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Коллапс, тамырлардың тонусы төмендеумен байланысты гипотензияда, операция кезінде, гипертониялық аурулар кезінде, инфекциялық аурулардағы артериалды қысымды жоғарылату үшін, вазомоторлы және пішенді тұмау кезінде тамырларды тарылту үшін, коньюнктивитте, иритте және басқа да тамырлар жүйесінің тонусы төмендеумен байланысты жағдайларда. Көк тамырға баяу немесе тамшылатып 0,1-0,5 мл 1% ерітіндісін 40 мл глюкозаның 5-20-40% қосып енгізеді.
Кері көрсеткіштері. Гипертониялық ауру, атеросклероз, тамырладың тарылуына бейімділік, брадикардия, ангиоспазмға бейімділік, декомпенсирленген жүрек жеткіліксіздігі, аталық безінің гипертрофиясы, жүктілік және 15 жасқа дейінгі балалар. Гипертиреоз және кәрі адамдарға сақтықпен тағайындау қажет.
Жанама әсерлері. Бас ауыру, қозу, брадикардия, аритмия, жүрек тұсының ауыруы, олигурия, тыныстың тежелуі, дірілдеу және т.б.
Шығарылу түрі. Егуге арналған 1% ерітінді 1 мл ампулада шығарылады, инфизионды ерітіндіге қосып қолданады.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Phenylephrini 1%-1 ml
D.t.d. № 6 in amр.
S. Көк тамырға, тамшы.
#
Нафазолин нитрат ( Naphazolini nitras), нафтиазин, санорин. Нафазолин нитраты α – адреномиметикалық әсер көрсетеді және шеткері тамырлардың ұзақ уақыт тарылуын шақырады, қан қысымын жоғарылатады және көз қарашығын кеңейтеді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жедел ринит, поллиноз, синусит, гайморит, мұрыннан қан кетулерді тоқтату, және аллергиялық коньюнктивит кездерінде 0,05% ерітіндісін 1-2 тамшыдан күніне 2-3 реттен қолданады.
Кері көрсеткіштері. Артериалды гипертензия, тахикардия, айқын атеросклероз, қант диабеті, гипертензия.
Жанама әсерлері. Шырышты қабатты тітіркендіру, гиперемия, ұзақ қолданғанда — шырышты қабаттың ісінуі. Жүйелік реакциялар: жүректің айнуы, бастың ауруы, АҚ жоғарлауы, тахикардия.
Шығарылу түрі. 0,05 және 0,1% ерітінді тюбик-тамшылатқышта 1,5 мл және 5, 10, 15 және 20 мл флаконда; Санарин – 0,1% эмульсия түрінде 10 мл флаконда.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Naphthyzini nitratis 0,05% - 10 ml
D.S. Мұрын қуысына 1-2 тамшыдан.
#
Ксилометазолин (Xylometazolinum), галазолин, ксилен. Ксилометазолин химиялық құрамы және әсері бойынша нафтизинге ұқсас және жергілікті сіңірілмейді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ринит, ларингит, синусит, гайморит, тұмау, орта отитте және мұрын мен жұтқыншақтың аллергиялық ауруларында қолданады. Ересектерге 1-3 тамшыдан 0,1% ерітіндіні әр мұрын қуысына күніне 3-4 рет тамызады, ал 6 жасқа дейінгі балаларға 1-2 тамшыдан 0,05% ерітіндісін күніне 1-2 рет тағайындайды.
Кері көрсеткіштері. Артериялық гипертензия, тахикардия, айқын атеросклероз, глаукома, атрофиялық ринит, гипертериоз, жүктілік.
Жанама әсерлері. Мұрын және жұтқыншақтың әлсіз ашуы.
Шығарылу түрі. 0,05 және 0,1% ерітінді интраназалды енгізуге арналған 10 мл флаконда; 0,05% гель тубада 5 және 10 г және 0,1% - 10 г флаконда шығарылады.
5.1.3. β – адреномиметиктер
Изопреналин (Isoprenalinum), изадрин, изопротеренол. Изопреналин – шеткі тамырлардың тарылуын туғызбастан және артериалды қысымды жоғарлатпастан бронхтардың босансуына ықпал етеді. Оның бұл әсері β – адренорецепторларға әсер етуімен байланысты. Препарат күшті бронхты босататын ықпалға ие, жүректің жиырылуын жиілетеді және күшейтеді, жүрек лақтырысын және миокардтың оттегіге қажеттілігін күшейтеді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронх демікпесінің ұстамаларын шеттету мен алдын алу үшін, демікпелі және эмфизематоздық бронхит кездерінде, пневмосклерозда және басқа да бронх өткізгіштігі нашарлауымен жүретін жағдайларда қолданылады. 0,5% ерітіндісін ингаляция түрінде тағайындайды немесе 0,005 г. таблеткасын тілдің астына қолданады.
Кері көрсеткіштері. Жүктіліктің бірінші 3 айында.
Жанама әсерлері. Тахикардия, қарыншалардың фибриляциясының қаупі бар экстрасистолияда, лоқсу, қолдың дірілдеуі, ауыз құрғауы.
Шығарылу түрі. 5 мг тіл астына арналған таблеткалар.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Isadrini 0,5% - 25 ml
D.S. 5-6 тамшыдан ингалятор арқылы.
#
Сальбутамол (Salbutamolum), вентолин, саламол, сальгим, сальтос. Сальбутамол ұзақ әсер ететін β2 – адреномиметик болып табылады, айрықша бронхты кеңейткіш және токолитикалық әсері бар. Миометрияның тонусын және жиырылу белсенділігін төмендетеді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронх демікпесі және басқа да тыныс жолдарының аурулары, бронх тарылу жағдайлары, түсік қауіпі, алдын ала босанудың шеттету. Аэрозол түрінде (0,025-0,1 мг/мөлшерде), ерітінді (0,1% ингаляция үшін), капсула мен ұнтақ ротадиск (0,2-0,4 мг-мен күніне 3-4 рет ингаляция жасайды), таблетка (4-8 мг), балалар тәжірибесінде шырын түрінде (0,04%) және 0,1% ерітінді егу үшін ампулада 5 мл.
Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Миокардиттер, стенокардия, аритмия, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, қант диабеті, гипертиреоз, феохромоцитоз.
Жанама әсерлері. Дірілдеу, мазасыздану, бас ауыру, бас айналу, қысқа мерзімді тырысулар, гипокалиемия, аллергиялық реакциялар. Ұрықта тахикардия мен гипогликемия.
Шығарылу түрі. Мөлшерленген аэрозоль 25 және 100 мкг/мөлшер (120, 200 және 400 мөлшер) флаконда; ингаляция арналған 0,1% ерітінді 2,5 мл ампулада және 2,5; 5, 10 және 50 мл флаконда; 2, 4, 6 және 7 мг таблеткалар N. 14, 30, 56, 60; 2 мг капсулада; 0,04% шырын; көктамырға егуге арналған 0,1% ерітінді 5 мл ампулада; инфузионды ерітіндіге арналған 1% концентрат 5 мл ампулада.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Salbutamoli 0,1% - 10 ml
D.S. 1-2 мөлшерді (0,1-0,2 мг) аэрозол тәулігіне 6 реттен артық емес.
#
Фенотерол (Fenoterolum), беротек. Фенотерол таңдамалы β2-адренорецепторларды ынталандырушы болып табылады және бронх тарылуы кезінде айқын таңдамалы, күшті, ұзақ әсер көрсетеді. Сонымен қатар, фенотерол жатырдың бұлшық етіне босансытатын әсер көрсетеді. Акушер тәжірибесінде «Партусистен» атымен шығарылады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронх демікпені емдеу және алдын алу шаралары үшін, созылмалы обструктивті бронхит және басқа да бронх тарылуымен жүретін бронх-өкпелік ауруларда (0,1-0,6 мг мөлшерде аэрозоль ретінде немесе 10-30 тамшыда 0,1% ерітіндіні ішке тәулігіне 1-4 рет), ерте босанудың қаупін жою үшін (5 мг мөлшерде ішке әр 2-3 сағат сайын 40 мг тәулігіне немесе көктамырға 0,5 мг 250-300 мл еріткіште минутына 15-20 тамшы жылдамдықпен енгізу).
Кері көрсеткіштері. Жүрек ақауы, аритмия, жүректің ишемиялық ауруы, глаукома, қант диабеті, тиреотоксикоз, жүктілік.
Жанама әсерлері. Бас ауыруы, ашушандық, дірілдеу, тахикардия, аритмия, лоқсу, құсу, тершендік, миалгия, аллергиялық реакциялар.
Шығарылу түрі. 0,2 мг ингаляцияға арналған капсуладағы ұнтақ; 0,1% ерітінді 20, 40 және 100 мл ингаляцияға арналған флакон-тамшыда; 5 мг таблетка N.10, 20, 50, 100; 0,005% ерітінді 10 мл инфузияға арналған ампулада; мөлшерленген аэрозоль 100 және 200 мкг/мөлшер – 200 және 300 мөлшерде 10, 15 және 20 мл баллонда.
Рецепт үлгісі. Rp.: Fenoteroli 0,2
D.t.d. N. 20 in caps.
S. Ингаляцияға арналған ұнтақ.
#
Партусистен (Partusistenum) β2 - адреномиметикалық зат, токолитикалық және бронхолитикалық әсері бар.
Шығарылу түрі. Таблеткада 5 мг N.10, 50; 0,005% ерітіндісі 10 мл (50мкг/мл) инфузияға арналған ампулада.
Тербуталин (Terbutfllinum) химиялық құрылымы бойынша және фармакологиялық қасиеті бойынша сальбутамолға ұқсас, бронхолитикалық және токолитикалық әсері бар.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронхиалды демікпе, обструктивті бронхит, ерте босану қаупі болғанда. Ішке 2,5-5 мг тәулігіне 3-4 реттен тағайындайды; тері астына 0,25 мг; аэрозоль түрінде ингаляцияға 0,25-1,5 мг 4 -ден 24 ретке дейін тәулігіне.
Кері көрсеткіштері. Жүктілік, емшекпен емізу, 12 жасқа дейінгі балаларға.
Жанама әсерлері. Ұйқысыздық, мазасыздық, дірілдеу, тахикардия, аритмия, мидриаз, диспепсиялық бұзылыстар, қуық атониясы, аллергиялық раекциялар.
Шығарылу түрі. 2,5 мг таблеткада N.10, 20, 100; 0,05% ерітінді 1 мл ампулада; ұнтақ ретінде 0,5 мг/мөлшер – 200 мөлшерде ингаляцияға арналған; мөлшерленген аэрозоль 0,25 мг/мөлшер – 400 мөлшерде.
Рецепт үлгісі. Rp.: Aerosolum Terbutfllinі 0,00025
D.S. 3 - 4 аэрозольдық мөлшермен күніне 5-6 рет.
#
Добутамин (Dobutaminum), добутрекс. Добутамин β1 – адреномиметик болып табылады және дофаминге ұқсас (катехоламин –дофаминергиялық жүйенің медиаторы) миокардтың β1-адренорецепторларын таңдамалы ынталандырғыш әсер көрсетеді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жүрек қызметінің декомпенсациясы кезінде, кардиогенді және септикалық шок кезінде қысқа мерзімді әсер ететін кардиотониялық зат болып табылады (миокард инфарктісі, кардиомиопатия). Көктамырға минутына 2,5 нан 10 мкг/кг дейін 5% глюкоза ерітіндісінде енгізу қажет
Кері көрсеткіштері. Идиопатиялық гипертрофиялы субаорталды стеноз кезінде.
Жанама әсерлері. Тахикардия, артериялық қан қысымының жоғарылауы, эктопиялық қарыншалық аритмиялар, сонымен қатар лоқсу, бас ауыруы, жүрек тұсының ауыруы.
Шығарылу түрі. 250 мг лиофилизирленген флакондағы ұнтақ; 0,5% ерітінді 50 мл, 1,25% 20 мл ерітінді және инфузияға арналған ампуладағы 2,5% 10 мл ерітінді.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Dobutamini 0,5% - 5 ml
D.t.d. N. 6 in amp.
S. Көктамырға 5% глюкоза ерітіндісімен енгізу қажет.
#
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 829 | Нарушение авторских прав
|