АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

М-холиномиметиктер

Пилокарпин (Pilocarpinum), алкалоид, шеткі М-холинорецепторларды қоздыратын, асқорыту мен бронх бездерінің секреция сөлін жоғарылататын, қарашықты тарылтып, көздің ішкі қысымын төмендететін және көз трофикасын жақсартатын, бронхтың, ішектің өт қапшығының және қуықтың, жатырдың тегіс салалы бұлшықеттерінің тонусын жоғарылатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Офтальмология тәжірибесінде глаукома кезіндегі көз ішілік қысымды төмендету үшін, көздің торлы қабатының орталықты тамырының тромбозы кезіндегі көздің трофикасын жақсарту үшін, көздің торлы қабатының артериясының жедел түйілуі, көз жүйкесінің атрофиясында, шыны тәрізді денеге қан құюылулар кезінде 1 және 2% көз тамшысын, кейде 4% ерітіндісін қолданады.

Кері көрсеткіштері. Миоз қажет емес жағдайларда (ириттер, иридоциклиттер), сонымен қатар, көздің торлы қабатының ажырау қауіпі бар миопия кезінде, бронх демікпесі кезінде және жүктілік кезінде қолданбайды.

Жанама әсерлері. Миоз, бас ауыру, көз ауыруы, миопия, аккомодация тарылуы, көрудің нашарлауы, көрудің елестік өзгерісі, көзден мөлшерден тыс жас ағуы, фолликулярлы конъюктивит, беткейлік кератит және қабақтың жанаспалы дерматиті.

Шығарылу түрі. 1; 2 және 4% ерітіндісі (көз тамшысы) - 10 және 15 мл флаконда; 1 және 6% ерітіндісі 5 мл флаконда; 1% ерітіндісі тюбик-тамшысы – 1,5 мл; 1, 2 және 4% көз майы және гель тубада – 5 г.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Pilocarpini hydrochloridі 1% - 5 ml

D.S. Ауыратын көзге күніне 2-6 рет, 1-2 тамшыдан.

#

. Rp.: Sol.Epinephrinі 0,1% - 10 ml

Pilocarpini hydrochloridi 0,1

M.D.S. Көз тамшысы. 1 тамшыдан ауратын көзге.

#

Саладжен (Salaqenum) - құрамына пилокарпин кіреді. М-холиномиметикалық дәрі. Дәрілік түрі ксеростомитті емдеу үшін (ауыз қуысының шырышты қабатының құрғауында) қолданылады.

Шығарылу түрі. Таблеткасы 5 мг N.21, 84.

 

Пиларин (Pilarіnum) – құрамына пилокарпин + адреналин кіреді. М-холиномиметикалық дәрі, глаукома кезінде көз қысымын төмендетуге қолданылады.

Шығарылу түрі. Көз қапшық түрінде 2,7 мг.

 

Ацекледин (Aceclidinum) синтетикалық холиномиметикалық зат болып табылады. Әсіресе, М-холинорецепторларға тән ынталандырушы, тонусты көтеру қасиеті бар және ішектің қуықтың және жатырдың тарылуын күшейтеді. Көз қарашығының тарылуы көз іші қан қысымының төмендеуімен бірге жүреді. Мөлшерін көбейтіп жіберген жағдайда улануы мүмкін. Мускаринге тән симптомдар – тердің көп бөлінуі, көздің жасаурауы, сілекей ағу, 1,5-2 сағат көлемінде құсу, және іштің өтуі, балалар бұл жағдайда ағзаның құрғауынан шетінеп кетеді. Уды зәрмен бірге (тездетілген диурез) шығуы керек, сонымен қоса гемосорбция, перитониалды диализ және басқа да шаралар пайдаланылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Глаукома, ішектің және қуықтың, жатырдың атониясында 0,2% егуге арналған ерітінді және 3% май түрінде, көзге жатар алдында мақтаға жағып тану.

Кері көрсеткіштері. Бронх демікпесі, жүрек ауруларында, стенокардияда, АІЖ қанталауы, қояншық, гиперкинездерде, жүктілік кезінде және де оташалауға дейінгі құрсақ қуысының қабыну үрдісінде қолдану қарсы көрсетіледі.

Жанама әсерлері. Егілген кезде холиномиметиктерге тән сілекейдің ағуы, тершеңдік, іштің өтуі және басқа да симптомдар болуы мүмкін.

Шығарылу түрі. 1 мл ампулада 0,2% ерітіндісі тері астына егу үшін.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Aceclidini 0,2% - 1 ml

D.t.d. N.10 in amp.

S. 1 мл тері астына.

#

Цизаприд (Cisapridum), синтетикалық жолмен алынған, құрылымы жағынан метоклопрамидке ұқсас препарат. Холиномиметикалық заттар сияқты холинергиялық жүйке ұштарынан айетилхолиннің бөлінуін күшейтеді, сонымен қатар 5-НТ4-серотонинді рецепторларды белсендіреді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Асқазанның парезінде, ішектің атониясында, диспепсияда, құсу және асқазан ауруларының диагностикасында қолданылады. Таблеткада 0,005 және 0,01 г; 0,2% және 0,5% ерітінді 2 мл ампулада егу үшін.

Кері көрсеткіштері. Асқазан-ішек жолдарынан қан кетулер, бауыр және бүйрек қызметінің айқын бұзылыстары, жүктілік және емшекпен ему кезінде.

Жанама әсерлері. Ұйқышылдық, тырысу, аритмия, ксеростомия, диспепсия, гепатит, миалгия, ісінулер, қан түзу жүйесінің тежелуі, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. 5 және 10 мг таблеткасы N.20, 30; 0,1% суспензия 60 және 100 мл флаконда; 0,25 және 0,5% ерітіндісі егуге арналған 2 мл ампулада.

Рецепт үлгісі. Rp.: Susp. Cisapridі 0,1% - 60 ml

D.S. 1-2 шай қасықпен күніне 2 – 3 рет.

#

Қазіргі кезде офтальмологиялық тәжірибеде бір қатар жаңа миотикалық препараттар қолданылады. Солардың біріне мыналар жатады:

Дорзоламид (Dorzolamidum), трусопт.Препарат химиялық құрылымы бойынша диакарб және гидрохлортизидке ұқсастығы бар, соның нәтижесінде көздің циллиарлы денесіндегі карбонгидразды тежейді және глаукомамен ауыратындардың көз ішілік қан қысымын тиімді төмендететін айқын қабілеті бар.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Әртүрлі ашық бұрышты глаукомада. Көз ішілік қан қысымын төмендету үшін тәулігіне 2-3 реттен конъюктивиалді қапқа 2% ерітінідісін 1 тамшыдан тамызады.

Кері көрсеткіштері. Ауыр бүйрек жетіспеушілігі, гипохлоремиялық ацидозда, жүкітілік, баланы емізу кезінде, бала жасында қолдану қарсы көрсетілген.

Жанама әсерлері. Қышып дуылдау, күйдіру, көздің шаншуы және қолайсыздық жағдайлар, үстілік креатит, ауыз қуысындағы ащы дәм, көздегі аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Шығарылу түрі. 2% ерітінді флакон-тамшысында 5 мл -ден.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Dorzolamidі 2% - 5 ml

D.S. Ауыратын көзге күніне 2-3 рет, 1 тамшыдан.

#

Поксофелин (Proxophelinum) – құрамында проксодололдың 1% ерітіндісі мен клофелиннің 0,25% ерітіндісі бар кешенді препарат. Көз ішінің қан қысымын белсенді төмендетеді және әр препаратты жеке-жеке пайдалануға қарағанда тиімділігі айқын көрінеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Глаукома кезінде көз ішілік қан қысымын төмендету үшін, конъюнктивалды қапшыққа 1 тамшыдан тамызу керек.

Кері көрсеткіштері. Брадикардия, бронхообструктивті аурулар.

Жанама әсерлері. Брадикардия, артериалды гипотензия, ауыздың құрғауы, тыныштандыратын ықпалы бар.

Шығарылу түрі. Көз тамшысы 1,3 мл(1% проксодолол + 0,25% клофелин ерітіндісі) тюбик-тамшысы

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Proxophelinі 1,3 ml

D.t.d. N. 5

S. 1 тамшыдан конъюнктивалды қапшыққа күніне 2 рет

#

Бринзоламид (Brinzolamidum), азопт. Бринзоламид карбоангидраза баяулатқышы, глаукома кезінде көздің ішкі қан қысымын түсіру үшін 1 тамшыдан 1% ерітіндісін қолданылады. Конъютивалді қапшыққа тәулігіне 2 рет 1 тамшыдан.

Шығарылу түрі. 1% суспензия (көз тамшысы) 5 мл флакон-тамшыда.


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 739 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)