АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Миорелаксанттар

Миорелаксанттар – қаңқа бұлшықеттерінің шеткі холинорецепторларын тежейтін кураре тәрізді заттар (кураре – қаңқа бұлшықеттерінің салдарын туғызатын, өлім әкелетін у). Әсер ету механизмі бойынша олар үшке бөлінеді:

1) үйексізденуге қарсы дәрілер – тубокурарин хлорид, панкурония бромид, пипекурония бромид,

2) үйексіздеуші дәрілер – суксаметония хлорид.

3) араластық түр әсері бар – диоксоний.

Орталыққа әсер ететін миорелаксанттар – мелликтин, баклофен.

Миопаралитикалық ықпалының ұзақтығына байланысты:

1) қысқаша әсерлі 5-10 минут – суксаметония йодид,

2) орташа әсерлі 20-30 минут – атракурий, векуроний,

3) ұзақ әсерлі 30-40 минут – тубокурарин, пипекурония, панкурония.

Препараттардың әсер ету механизмі ацетилхолиннің үйексіздену әсеріне кедергі жасайтын Н-холинорецепторларды тежеумен байланысты. Үйексізденуші заттардың әсер ету механизмі Н-холинорецепторларды шамадан тыс қоздырумен байланысты және нәтижесінде синапсттан кейінгі мембрананың тұрақты үйексізденуі жүреді. Бұл бұлшықеттің тарылуымен, кейін миопаралитикалық ықпалы басталады.

Аралас түрде әсер ететін препараттар үшін үйексізденудің бірігуі, үйексізденуге қарсы тежелумен байланысты болатын үйексізденуге қарсы ықпалдармен бірге жүруі тән. Миорелаксанттар бет, мойын, аяқ, тұлға және соңында көк еттің бұлшықеттерінің жүйке- бұлшықет синапстарын тежейді, ол тыныстың тоқтауына әкеледі, сондықтан алдын ала жасанды тыныс алу жабдығына қосылады.

Үйексізденуге қарсы препараттар үшін антагонист ацетилхолинэстеразаны тежейтін прозерин және галантамин болып келеді, нәтижесінде синаптикалық саңылауда ацетилхолин құнарлығы жоғарлайды, ол Н-холинорецепторлармен байланысқан препараттарды ығыстырады және жүйке-бұлшық өткізгіштерін қалпына келтіреді.

Үйексізденуші заттар үшін (дитилин) антагонисттер жоқ, бірақ мөлшерден тыс қолданғанда плазмада болатын жаңа цитратты қан енгізеді, холинэстераза дитилиннің әсерін бейтараптайды.

 

Кесте 4.6.1. Миорелаксанттардың жалпы сипаттамасы.

Әсер ету механизмі Көрсеткіштері Кері көрсеткіштері Жанама әсері
Үйексізденуге қарсы: Н-холинорецепторларды тежеу арқылы мембрананың үйексізденуіне кедергі жасайды. Үйексізденуші: мембрананың толық үйексізденуі жүреді. Көкірек және құрсақ қуыстарына операция жасауда; аяқ және қолдарға жасалатын операциялар. Үйексіздену үшін поликлиникалық жағдайларда қысқа операция кездерінде. Миастения, жүктіліктің ерте мерзімдерінде, емшектегі балалараға, глаукома, бауыр, бүйрек, жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, гиперкалемия. Тахикардия (ваголитикалық әсері), аритмия (қаңқа бұлшықетінен К шығуынан), бронх тарылуы (гистаминнің шығуынан), көзішілік қысымның жоғарлауы, бұлшықет ауырсынулары ж.т.б.

 

Тубокурарин хлориді (Tubocurarini chloridum) басым түрде қаңқа бұлшықеттерінің Н-холинореактиві жүйелерін тежейді, аз дәрежеде вегетативтік жүйке тораптарындағы холинорецепторларына әсерін тигізеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Анестезиологияда операция кезінде қаңқа бұлшықетін босаңсыту үшін миорелаксант ретінде, сынықтың репозициясы кезінде, күрделі буын шығуын салу үшін, тоникалық тырысуларды шеттету үшін, сіреспеде және стрихнинмен уланған кезде қолданылады. Ересек адамдар үшін мөлшері 15-25мг құрайды, бірақ мөлшері қолданылатын наркозға байланысты болады. Препаратты науқасты өкпенің жасанды желдетуге ауыстырғаннан кейін енгізу керек.

Кері көрсеткіштері. Миостения, егде жастағылар, бауыр мен бүйрек қызметінің айқын бұзылыстары.

Жанама әсерлері. Кейде бронх бұлшықеттерінің тарылуы мүмкін, гипотензия, терінің қызаруы және басқа да анафилактикалық реакциялар.

Шығарылу түрі. 1% ерітіндісі егуге арналған 1 мл ампулада (10 мг-1мл).

Рецепт үлгісі Rp.: Sol. Tubocurarini chloridi 1%-1,5 ml

D.t.d. N. 6 in amp

S. Көк тамырға 0,5-1,4 мг/кг дене салмағына.

#

 

Суксаметоний йодиді (Suxamethonii iodidum), дитилин. Суксаметоний иодиді өзінің химиялық құрылымы бойынша қосарланған ацетилхолин молекуласынан тұрады және ацетилхолин тәрізді синапстан кейінгі мембрананың үйексізденуін туғызады, нәтижесінде қаңқа бұлшықеттерінің тарылуына әкеледі. Бұның барлығы жүйке-бұлшықет өткізгіштігін бұзады және қаңқа бұлшықетін босатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Трахея интубациясы, эндоскопиялық емшаралар, қысқа операциялар (буын шығуларын салу және сүйек сынықтарын қалпына келтіру), сіреспе кезіндегі тоникалық тырысулар. Ересектер үшін мөлшерлемесі салмағына шаққанда 1 мг/кг, сүйемелдеуші мөлшерлемесі 0,3 мг/кг. 1 ден 12 жасқа дейінгі балаларға -1-2 мг/кг.

Кері көрсеткіштері. Емшектегі балаларға, глаукома, гиперкалиемия кездерінде, қан плазмасында холинэстеразаның төменгі белсенділігінде.

Жанама әсерлері. Аритмия, тахикардия, көз іші қысымының жоғарылауы, гиперкалиемия, гипертермия байқалуы мүмкін.

Шығарылу түрі. Егуге арналған 2% ерітіндісі 5 және 10 мл ампулада N. 10.

Рецепт үлгісі Rp.: Sol. Suxamethonii iodidi 2%-5 ml

D.t.d. N. 6 in tab.

S. Көк тамырға 0,0015 г/кг дене салмағына.

#

Панкуроний бромиді ( Pancuronii bromidum), павулон. Панкуроний бромиді - құрылымы стероидты үйексізденуге қарсы миорелаксант, ол әлсіз М-холинотежегіш қасиетке ие. Жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің тежелуі көк тамыр ішіне енгізгеннен кейін 2-3 минуттан соң дамиды және 35-45 минутқа созылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Операциялық араласулар кездерінде миорелаксация үшін береді. Ересектерде интубация үшін бастапқы мөлшерлемесі 0,05-0,1 мг/кг, 4 аптадан асқан балалар үшін - 0,6-0,1 мг/кг, нәрестелерге 0,3-0,4 мг/кг.

Кері көрсеткіштері. Тахикардия, бронхообструктивті аурулар, артериалдық гипертензия, жүрек, бауыр және бүйрек жеткіліксіздіктерінде.

Жанама әсерлері. Артериалды қысымның ауытқулары, тахикардия, домбығулар, бронх тарылуы, анафилактикалық шок және аллергиялық реакциялар орын алуы мүмкін.

Шығарылу түрі. Егуге арналған 0,2% ерітіндісі 2 мл ампулада.

Пипекуроний бромиді (Pipecuronii bromidum), ардуан. Пипекуроний бромиді - ұзақ әсер ететін миорелаксант, панкуроний бромидінің аналогы. Одан айырмашылығы ваголитикалық және симпатомиметикалық әсерге ие емес және жүрек-тамыр жүйесіне әсері жоқ.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Эндотрахиалдық интубациядағы әртүрлі наркоздар түрінде. Ересектерге интубация үшін бастапқы мөлшерлемесі 0,7-0,8 мг/кг, балаларда 0,8-0,9 мг/кг және нәрестелерде 0,5-0,6 мг/кг.

Кері көрсеткіштері. Миастения және жүктіліктің ерте мерзімдерінде, бүйрек, бауыр қызметтерінің бұзылыстары мен айқын жүрек жеткіліксіздігінде.

Жанама әсерлері. Қаңқа бұлшықетінің салымен болатын тыныс алужетіспеушілігінің дамуы, артериалды гипотензия, брадикардия, аритмия, миокард ишемиясы, гипогликемия, гиперкалиемия, анурия ж.т.б.

Шығарылу түрі. Егу ерітінділеріне арналған лиофилизирленген ұнтақ 4 мг, сонымен бірге 2 және 4 мл NaCI изотоникалық ерітіндісі ампулада.

Рецепт үлгісі. Rp.: Pipecuronii bromidi 0,004

D.t.d. N. 10 in amp

S. Күре тамырға 0,07 мг/кг дене салмағына.

#

Векуроний бромиді (Vecuroniі bromidum), норкурон. Векурония бромиді – үйексізденбейтін әсері орташа болып келетін миорелаксант, шамалы ағзада жиналатын қабілеті бар, гистаминді босатпайтын және жүрек-тамыр жүйесіне әсер етпейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Түрлі операциялық араласуларда, күрделі шығып кетулерді орнына салу және сүйек сынықтарын репозициялағанда. Интубация үшін ересектерге және 5 айдан асқан балаларға бастапқы мөлшерлемесі 0,8-1 мг/кг; сүйемелдеуші мөлшерлемесі 0,2-0,3 мг/кг; нәрестелер мен 4 айға дейінгі емшектегі балалар үшін 0,1-0,2 мг/кг.

Кері көрсеткіштері. Миастения, бронх демікпесі және жүктілік.

Жанама әсерлері. Артериалды гипотензия, бронх тарылуы, аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін.

Шығарылу түрі. Егу ерітіндісі үшін лиофилизирленген ұнтақ 4 мг, сонымен бірге 1 мл су ерітіп егуге арналған.

Рецепт үлгісі. Rp.: Vecuronii bromide 0,004

D.t.d. N. 10 in amp

S. Күре тамырға 0,08 мг/кг дене салмағына.

#

Атракурия безилаты (Atracuriі besilatum), тракриум. Атракурия безилат – үйексізденбейтін әсер етуі орташа болатын миорелаксант, жинақталатын қабілеті аз және бұлшықетті босататын ықпалы жеңіл және тез қайтымды.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Әртүрлі операцялық араласулар кезіндегі жалпы анестезия үшін. Ересектер мен 1 айдан асқан балаларға кеңірдектің интубациясы үшін көк тамырына 0,3-0,6 г/кг егеді, қосымша мөлшерлемесі 0,1-0,2 мг/кг.

Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Алдында аталған препаратқа ұқсас.

Шығарылу түрі. Егуге арналған 1% ерітіндісі 2,5 және 5 мл ампуласы N. 5.

Мелликтин (Mellictinum) препарат өсімдіктен алынған және әсер ету механизмі бойынша тубокураинге ұқсас, ол жүйке-бұлшықет өткізгіштігін тежейді, сонымен қатар, аздаған ганглиотежегіш әсері де бар. Мелликтин үшін антагонист - прозерин мен галантамин.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Негізінен Паркинсон ауруындағы пирамидтік жеткіліксіздік кезіндегі, арахно-энцефалиті мен арқа арахноидитте және өзгеде экстрапирамидттік аурулардағы бұлшықет тонусын төмендету үшін қолданады. Таблетка түрінде 20 мг мөлшерлемесінде күніне 1 реттен бастап, кейіннен 5 ретке жеткізіп береді, емдеу ұзақтығы 3 аптадан 2 айға дейін.

Кері көрсеткіштері. Миастения және өзгеде бұлшықет тонусы төмендеумен жүретін ауруларда, жүрек қызметінің декомпенсациясында, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылыстарында.

Жанама әсерлері. Әлсіздік сезімі мен тыныс алу күйзелістерінің белгілері дамуы мүмкін. Мұндай жағдайларда оттегіні тағайындаумен бірге өкпенің жасанды желдетуін өткізу керек және атропинмен қоса прозерин енгізу қажет.

Шығарылу түрі. 20 мг таблеткалар.

 

Баклофен (Baclofenum), баклосан, лиорезал. Баклофен - орталыққа әсер ететін миорелаксант, ол гамма-аминомайқышқылының (ГАМҚ-белсендіргіш) туындысы. Афферентті сезімтал талшықтарының шеткері бөлімінің қоздырылуын төмендету және аралық нейрондарды тықсыра отырып, жүйке импульстарының моно- және полисинаптикалық өткізгіштігін тежейді; бұлшықет тарамдарының алдын ала тырысу қызметін азайтады. Жүйке-бұлшықет берілісіне әсер көрсетпейді. Қаңқа бұлшықеттерінің тарылуымен жүретін жүйке аурулары кезінде, ауырсыну тарылулары мен клоникалық тырысуларды босатады; буындарда қозғалыс аумағы жоғарылайды, белсенді және пассивті кинезотерапияны жеңілдетеді (дене шынықтыру жаттығулары, массаж, мануалды терапия).

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Шашыранды беріштену кезінде,инсультте, бас қаңқасы-ми жарақаттарында, менингитте, арқа ауруларындағы (инфекциялық, дегенеративтік, ісікті және жарақаттық генездегі), балалардың церебралдық салданудың тарылу кездерінде; маскүнемдік кезіндегі спазмдар кезінде. Ішке, тамақтану кезінде: бастапқы мөлшерлемесі - 5 мг тәулігіне 3 реттен, кейіннен әр 3 күнде 5 мг әсер алғанша ұлғайтып, әдетте тәулігіне 3 реттен 20-25 мг асырмайды. 10 жасқа дейінгі балаларға тәуліктік мөлшерлемесі – 0,75-2 мг/кг, 10 жастан асқандарға – 2,5 мг/кг; бастапқы мөлшерлемесі – 1,5-2 мг/кг тәулігіне 4 рет.

Кері көрсеткіштері. Жоғарысезімталдық, қояншық, тырысып-дірілдеулер (анамнез мәліметтері бойынша), психоздар, Паркинсон ауруы, цереброваскулярлық жеткіліксіздік, бас миы тамырларының атеросклерозы, асқазан мен 12-елі ішектің ойық жара ауруы, жүктілік, емізу кезінде, егде жастағыларға, жас балаларға (12 жасқа дейін).

Жанама әсерлері. Лоқсу, құсу белгілері, маужырау сезімі, бас айналуы, астения, ауыз кебуі, естің шатасу белгілері, жүріс бұзылыстары, зәр кідірісі, іш қатулар немесе іш өтулері, артериалды қысымның төмендеуі, апатия; эйфория, депрессия, парестезиялар, миалгия, миастения, атаксия, тремор, нистагм, аккомодация парезі, елестеулер (галлюцинациялар), дизурия, энурез; тырысып-дірілдеулер, тырысу шамасының төмендеуі. Ұзақ уақыт қолданғанда - бауыр қызметтерінің бұзылуы.

Шығарылу түрі. 10 және 25 мг таблеткасы N. 50.

 

5 Тарау. Адренорецепторларға (адренергиялық заттар) әсер ететін

дәрілер

 

Адренергиялық жүйке жүйесі ағзаның қорғануы қажет жағдайлардағы әртүрлі қауіпті немесе күйзеліс кездерінде өте маңызды рөл ойнайды. Бұл кезде біз ең айқын ықпалдарын көрсетеміз: жүрек жұмысының күшеюі, жиілеуі, артериалды қысымның жоғарылауы, вазоконстрикция байқалады, гликолитикалық үрдістер күшейеді, яғни қант жоғарылайды, қарашық ұлғайады ж.т.б. Сонымен, қауіпті немесе күйзелістік жағдайлардан шығуға бағытталған реакциялар байқалады. Қазіргі кезде симпатикалық жүйке талшықтарының медиаторына – норадреналин жататыны белгіленді және адреналин тек 3-5% болып келеді. Сол сияқты бүйрек үсті безінің милы қыртысында 90% адреналин, ал 10% норадреналин бөлінеді. Адреналин мен норадреналин катехоломин деп аталады.

Катехоламин синтезінің кезеңдері:

1 кезең – фенилаланин мен тирозиннің бастапқы өнімдерінен гидроксилирлеу жолымен диоксифенилаланин (ДОФА) түзіледі. Бұл кезең тікелей ОЖЖ қара субстанциясында синтезделінеді.

2 кезең – ОЖЖ дайын медиатор болып келетін және жүйке жасушаларының ұштарында бөлінетін, ДОФА декарбоксилаза әсерінен дофаминге айналады, өзіндік ықпал туғызады (5.3 сурет). Бірақ, барлық дофамин ОЖЖ-де жұмсалмайды, сонымен оның жартысы арнайы грануламен сіңіріліп, гидрооксилденеді және норадреналин түзейді. Бүйрек үсті безінде де осы үрдіс жүреді, тек дофаминнің үлкен бөлігі норадреналиннің синтезіне жұмсалауымен ерекшелінеді. ОЖЖ-де осы кезеңде катехоламиндердің синтезі аяқталады. Норадреналин арнайы грануламен сіңіріледі де АТФ-пен байланысады (медиатордың қордағы түрі).

Норадреналин де дофамин сияқты медиатор болып келеді және синапстарға бөлінеді де өзіндік ықпалдар туғызады.бірақ, бүйрек үсті безінде норадреналин метилденеді және гормон - адреналин түзейді (себебі бүйрек үсті безінде синтезделеді және қанға түседі).

Норадреналин тамырларды реттеуші болып келеді, сондықтан ол қан қысымын реттеп отырады. Норадреналин артық бөлінгенде қан қысымының жоғарылауы байқалады.

Адреналин бүйрек үсті безінің милы қыртысында синтезделінеді, ал ол медиатор емес, себебі әр бір медиатор үшін арнайы рецепторлар бар, ал адреналин тікелей қанға түседі, сондықтан ол гормон болып келеді. Адреналин трофикалық үрдістерді қамтамасыз етеді, көмірсулардың алмасуына, жүрек жұмысына және т.б. әсер етеді, ол құрылымсның қай бөлімін қоздыратынына байланысты: альфа 1, альфа 2 немесе бета 1 және бета 2 рецепторлар.

Сонымен ОЖЖ-де норадреналин сатысына дейінгі тікелей катехоламиндердің синтезі жүреді, ал бүйрек үсті безінде адреналин сатысына дейін (бүйрек үсті безінде бөлінетін барлық катехоламиндер санының 90% адреналинге келеді).

Адреналиннің метаболитіне изопропилнорадреналин жатады, оның негізінде изадрин, солутан, сальбутамол синтезделінеді.

 

 

 

Сурет 5.1. Адренергиялық синапс кестесі.

 

Адренергиялық синапста қозуды беру тікелей норадреналин медиаторымен (НА) жүзеге асырылады. Шеткі иннервация шегінде норадреналин адренергиялық (симпатикалық) жүйкеден эффекторлық жасушаларға импульстің берілуіне қатысады. Жүйке импульстарына жауап ретінде синаптикалық саңылауға норадреналиннің бөлінуі және содан кейін синаптикадан кейінгі мембранадағы адренорецепторларға оның әрекеттесуі жүреді (Сурет 5.1.). Адренергиялық рецепторлар тораптан кейінгі симпатикалық жүйкемен иннервациялайтын ОЖЖ-де және эффекторлы жасушадағы мембранада орналасқан. Ағзадағы адренорецепторлардың химиялық қосылыстарға сезімталдығы әртүрлі болып келеді. Бір затпен түзеген дәрі-рецептор кешені иннервация жасайтын мүшелерді немесе тіндерді қоздыруы (жоғарылату) немесе тежеуі (төмендетуі) мүмкін.

Адренергиялық рецепторлардың екі түрі бар: альфа және бета, оларды өздеріне туыстас симпатомиметикалық аминдерге сезімділігі бойынша анықтайды.

Адренорецепторлардың құрылысы толық зерттелген. β1 және α2 адренорецепторларға қатысты мәліметтер бар, олар G-ақуыз көмегімен эффекторлы жасушалардың мембранасында орналасқан аденилатциклаза мен адинозинмонофосфат циклімен (цАМФ) синтезін қамтамасыз ететін ферменттің қызметімен байланысты.

Адренергиялық ұштарындағы бос норадреналин катаболизмі көбінесе митохондрияда және везикула мембранасында орналасқан моноаминооксидаза (МАО) ферментімен реттеледі. МАО әсерімен норадреналиннің тотығу дезаминирленуі жүреді.

Жүйке ұштарынан бөлінген норадреналиннің, сол сияқты айналымдағы катехоламиннің метаболизмі негізінен эффекторлы жасушалардағы цитоплазматикалық фермент - катехол-О-метилтрансферазамен (КОМТ) жүзеге асырылады. Осы ферменттің әсерімен катехоламиндердің О-метилирленуі жүреді.

Медиатордың біршамасы эффекторлы жасушалармен (тегіс салалы бұлшықет ж.т.б.) экстранейрональды қармауға ұшырайды. Экстранейрональді қармалу кезінде норадреналин КОМТ мен МАО қатысуымен тез метаболизмге ұшырайды (Сурет 5.2).

 

 

Сурет 5.2. Адренергиялық синапстарда жүйке импульстарында берілу кестесі.

 

Тәжірибелік медицинада адренорецепторларға әсер ететін адреномиметикалық (қоздырушы) және адренотежегіш (тежегіш) әсер ететін дәрілер қолданылады. Сонымен қатар симпатикалық жүйке ұштарындағы медиатор санын азайту жолымен адренергиялық қозудың берілуін тежейтін дәрілер де бар.

Синапстың алдындағы α2 адренорецепторлардың физиологиялық рөлі – норадреналиннің босап шығуын реттейтін олардың қайтымды теріс байланыс жүйесіне қатысуымен байланысты. Осы рецепторлардың қозуы симпатикалық талшықтардың варикозды түйіндерінен норадреналиннің босап шығуын тежейді. Олар тамырлардың ішкі қабатының иннервацияланбайтын жерінде орналасады. α2 – адренорецепторлар көбінесе қан айналымындағы адреналинмен қозады.

Нейротропты ықпалдары негізінен тікелей норадреналинмен β1 – адренорецепторлар арқылы жүзеге асырылады, ал гуморальды әсері қан айналымындағы адреналин әсерімен β2 – адренорецептор арқылы жүреді. β1 және β2 – адренорецепторларға қарағанда β3 – адренорецепторлар өте жоғары құнарлықтағы катехоламиндермен белсендіріледі. β2 – адренорецепторлар норадреналиннің босап шығуын белсендіру арқылы оң қайтымды байланысты жүзеге асырады (Сурет 5.3)

 

.

 

 

Сурет 5.3. Адренорецепторлардың орналасуы.

НА – норадреналин; Адр – адреналин; α1-, α2-, β1-, β2, β3 – адренорецепторлардың атауы.

 

"+" – норадреналин оң қайтымды байланыс принципі бойынша әсер етеді
"-" – норадреналин теріс қайтымды байланыс принципі бойынша әсер етеді

 

Норадреналин мен адреналиннің орналасуы мен әсер етуі (Сурет 5.3):

1. α1-АР (синапстан кейінгі) ангиомиоциттер, нұрлы қабақтың тарамдалған бұлшықет миоциттері, көкбауыр қапшығы

· НА→α1→Gq→ФЛС (фосфолипаза C) белсенуі→Ca2+босап шығуы→тегіс бұлшықеттердің жиырылуы

2. α2-АР (синаптикадан тыс) ангиомиоциттер

· НА→α2→Gi→ аденилатциклаза белсенділігінің төмендеуі → цАМФ құнарлығының төмендеуі → ПКА (протеинкиназа А) белсенділігінің төмендеуі→ МЖТК (миозиннің жеңіл тізбек киназасы) белсенділігінің жоғарылауы→ миоциттің жиырылуы

3. α2-АР (синаптикаға дейін) варикозды түйіндерде

· НА→α2→Gi→ аденилатциклаза белсенділігіңнің төмендеуі→ цАМФ құнарлығының төмендеуі → Ca2+ құнарлығының төмендеуі → Ca-тәуелді экзоцитоз НА төмендеуі

4. β1-АР (синапстан кейінгі) тікелей миокардта

· Адр→β1→Gi→ АЦА белсенділігінің құнарлығы жоғарлайды → Ca2+ құнарлығының жоғарылауы → жүректің барлық қызметінің жоғарлауы (ЖЖЖ, өткізгіштігі, қозуы, жиырылуының жоғарлауы)

5. β1-АР (синапстан кейінгі) бүйректің юкстагломерулярлы аппарат (ЮГА)

· Адр→β1→Gi→ АЦА белсенділігінің жоғарлауы → цАМФ құнарлығының жоғарлауы→ Ca2+ құнарлығының жоғарлауы → Ca-тәуелді ренин экзоцитозының күшеюі

6. β1-АР (синаптикадан кейінгі) бауыр мен бұлшықет жасушалары

· Адр→β1→Gi→ АЦА белсенділігінің жоғарлауы → ПКА белсенділігінің жоғарлауы→ гликолиздің күшеюі, гликогенсинтетазаның тежелуі

7. β1-АР (синаптикадан кейінгі) цилиарлы дене (көз ішілік сұйықтықты өндіретін жасушалар)

· Адр→β1→Gi→ АЦА белсенділігінің жоғарлауы→ Ca2+ құнарлығының жоғарлауы→ көз ішілік сұйықтықтың төмендеуі

8. β2-АР (синапстан тыс) бронхтың, тамырлардың, миометрияның, цилиарлы дененің тегіс салалы бұлшықеттері.

· Адр→β2→Gs→ АЦА белсенділігінің жоғарлауы→ цАМФ құнарлығының жоғарлауы→ протеинкиназа А белсенділігінің жоғарлауы→ МЖТК тежелуі → тегіс салалы бұлшықеттердің босансуы

· Тамырларда: β2 қозуы→ эндотелиде NO босап шығуы→тегіс бұлшықеттердегі диффузия→босансу

9. β2-АР (синапсқа дейін) варикозды түйіндерде

· Адр→β2→Gi→ АЦА белсенділігінің жоғарлауы→ Ca2+ құнарлығының жоғарлауы→ Ca-тәуелді НА экзоцитозының күшеюі НА. Себебі адреналин бүйрек үсті безінің милы қабатынан норадреналиннің әсерінен бөлінеді, оң қайтымды байланыс ілмегі пайда болады.

10.β3-АР (синаптстан тыс) адипоциттер

· НА→β3→Gi→ АЦА белсенділігі жоғарлайды→ цАМФ құнарлығының жоғарлауы → липаза белсенділігінің жоғарлауы →майлардың май қышқылдарына дейін ыдырауы

Адренорецепторлардың әртүрлеріне талдамды әсер ететін заттар белгілі. Олар агонисттерге сол сияқты антагонисттерге де жатады (кесте 1 және 2).

 

Кесте 5.1. α – адренорецепторлардың әр түрлі типтеріне әсер ететін заттар.

 

Адренорецепторлар Агонисттер Антагонисттер
α1 Мезатон Празозин
α2 Клофелин Йохимбин
α1 + α2 Адреналин, норадреналин Фентоламин

 

Кесте 5.2. β – адренорецепторлардың әр түрлі типтеріне әсер ететін заттар.

 

Адренорецепторлар Агонисттер Антагонисттер
β1 Добутамин Метопролол, атенолол
β2 Сальбутамол, фенотерол, тербуталин Бутоксамин
β1 + β2 Изабрин, орципреналин Анаприлин
β1 + β2 + β3 Изадрин Бупранолол

 


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 810 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.025 сек.)