Ганглиотежегіштер
Ганглиотежегіштер симпатикалық және парасимпатикалық жүйке түйіндерінің паравертебральды торап арқылы жүйке импульстарының өтуін тежейді, сонымен қатар бүйрек үсті безінің милы қабатының және каротидті шумағының холинорецепторына тежегіш әсер етеді.
Әсер ету механизмі бойынша ганглиотежегіштер жалпы антидеполяризиялаушы әсері бар, бірақ кейбіреулері ашық ионды өзектерді тежейді, сонымен қатар Н-холинорецепторларды да тежейді. Симпатикалық және парсимпатикалық тораптар деңгейіндегі негізгі әсерлері бірінше кезекте қан қысымының төмендеуімен жүретін және мүшелер мен тіндерде қан айналымды жақсартатын қан тамырларының кеңеюіне әкеледі. Екінші жағдайда ішкі мүшелердің секреция бездері мен АІЖ моторикасын тежеумен байқалады. Негізгі жанама әсерлері вегетативті тораптардың тежелуімен байланысты болатын ортостатикалық коллапс дамиды, нәтижесінде науқас талып қалады. Осы жағдайлардың алдын алу үшін науқас 2 сағат бойы төсекте жатуы қажет.
Таблица 4.5.1. Ганглиотежегіштердің жалпы сипаттамасы.
Әсер ету механизмі
| Қолданылуы
| Қарсы көрсеткіштер
| Жанама әсерлері
| Антидеполяризациялаушы әсері бар, ал кейбір препараттар ашық ионды өзектерді тежейді.
| Негізінен гипертониялық кризде, бас миының ісінуі, шеткі тамырлардың тарылуы және т.б.
| Негізінен артериялық гипотензия, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, тромбофлебит.
| Ортостатикалық коллапс, мидриаз, тахикардия, әлсіздік, ауыздың құрғауы, бас айналуы.
| Гексаметоний бензосульфонат (Hexamethonii benzosulfonas), бензогексоний. Бензогексонийдің белсенділігі жоғары, ішекте нашар сіңіріледі, сондықтан парентералдық әдіспен енгізіледі.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бұны гипертониялық ауру, жүрек демікпесі, қарын және 12 елі ішектің ойық жарасына, шеткі тамырлардың тарылуы кезінде 100 мг тәулігіне 3-6 рет, егуге арналған 2,5% ерітінді -1 мл қолданылады.
Кері көрсеткіштері. Миокард инфарктісінің жедел кезеңінде, айқын гипертензияда, дамып жатқан шокта, тромбоз, ОЖЖ-нің дегенеративті өзгерістерінде және кәрі адамдарға сақтықпен тағайындау қажет.
Жанама әсерлері. Әлсіздік, бас ауыруы және айналуы, жүректің соғуы және ортостатикалық коллапс байқалуы мүмкін.
Шығарылу түрі. 100 және 250 мг таблеткасы; 2,5% ерітіндісі егуге арналған 1 мл ампуласы.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Hexamethonii benzosulfonatis 2,5%-1 ml
D.t.d. N. 6 in amp.
S. 1 мл-ден тері астына күніне 1 реттен.
#
Азаметоний бромид (Azamethonii bromidum), пентамин. Азаметоний бромид белсенді ганглиотежегіштер, бензогексонийге ұқсас, бірақ жанама әсерлері аз болып келеді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Гипотензиялық және спазмолитикалық әсері бар. 0,2 – 0,5 мл 5% ерітіндісін 20 мл физиологиялық ерітіндіде күре тамырға егу ретінде қолданылады.
Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Бензогексониймен бірдей.
Шығарылу түрі. 5% ерітіндісі күре тамыр арқылы егуге арналған 1 және 2 мл ампуласы N. 10.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Azamethoni bromidi 5%-1 ml
D.t.d. N. 10 in amp.
S. Бұлшықетке 1 мл-ден күніне 1 рет.
#
Трепирий йодид (Trepirii iodidum), гигроний. Трепирий йодид симпатикалық тораптарды тежеу арқылы қан қысымын тез төмендетеді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Гипертониялық кризде және тромбтарды алып тастау үшін ірі тамырларға операция жасау кездерінде, 0,1 г. Затты 10 мл физ. ерітіндіде ерітіп, қан қысымын бақылау арқылы көк тамырға енгізеді.
Шығарылу түрі. 100 мг ұнтақ ампуласы.
Рецепт үлгісі. Rp.: Trepirіi iodidі 0,1
D.t.d. N. 10 in ampull.
S. Ампула ішіндегі ұнтақты ex tempere ретінде ерітіп, көк тамырға егіледі.
#
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 711 | Нарушение авторских прав
|