АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

ЕМДЕУ ПРИНЦИПТЕРІ

Прочитайте:
  1. C) Физио-, санаторлы-курортты, таратылатын емдеу
  2. Емдеу принциптері
  3. ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
  4. курс «Емдеу ісі»
  5. Сальмонеллез. Этиологиясы, эпидемиологиясы, профилактика принциптері.Сальмонеллез.Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы
  6. ЭАГ емдеу принциптері

І. Емдәм №10

ІІ. Салмақты төмендету семіздік кезінде.

ІІІ. Физикалық күштемелер

ІV. Екіншілік гиперлипидемия кезінде негізгі ауруды емдеу

V. Медикаментоздық ем:

Статиндер - 3-гидроокси-3-метилглютарил коэнзимның А редуктазаның ингибиторы, бауырда ТТЛП –тің холестриннің синтезін төмендетеді.

· Фибраттар - (клофибрат, гемфиброзил) статиндерге қараганда холестеринге әсері шамалы, көбінесе триглицериддер мен ТӨТЛП денгейін төмендетед.Жанама әсері – асқазан-ішектік бұзылыстар.

· Никотин қышқылы – ТЖЛП -тің холестеринін көтереді және жалғыз солғана липопротеид А-ның денгейін төмендетед.

Күніне 1,5-3 г таблетка ретінде (0,1 г/сут ден бастайды) берілед. Жанама әсері - дене кызуы, қышуы, асқазан-ішектік бұзылыстар аспиринмен басылуы мүмкін.

· Анионалмасу смолдар -өт қышқылдардың секвестранттар (холестерамин, колестипол) - өт қышқылдрдың организмнен шығуын жылдамдатып, жалпы холестериннің синтезін шектейді.

VІ. Жануялық гиперхолестеринемияның гомозиготалық формасында - плазмоиммунофорез және бауырдың трансплантациясы қолданады. Гиперхолестерияның себебі-ТТЛП-терге баурдағы орналасатын рецептордардың дефециті генетикалық бұзылыстарына байланысты.

  1. 66 жастағы науқастың АҚҚ 220/120 мм с б көтеріліп кенеттен ентігу үдемелі түрінде пайда болды. Қарап тексергенде: ортопноэ жағдайында, демалыс қозғалысы 28 минутіне, аускультацияда өкпе алаңында ылғалды сырылдар естіледі. Диагнозды және емнің тактикасын құрастырыңыз.

Эталон: Диагноз: Артериалдық гипертензия 3 сатысы, қауіп 4, гипертензивті криз, өкпе ісінуімен асқынған.

Емнің тактикасы:

- ортопноэ жағдайды жасау (циркуляциядағы қан көлемі азаяды сол себептен жүрекке жеңілдік түседі),

- оксигенотерапия спирт қосқан (немесе антифомсилан) сүйықтан ұйымдастыру(альвеладағы көбектену процесстерды басады),

- к/т тамшылап сүйық нитратты еңгізу (изокет, немесе перлинганит немесе нитро 1% АҚҚ түсіріп жүрекке медикаментоздық түрде гемодинамикалық жеңілдік жасау),

- к/т лазикс 40-60 мг еңгізү (өкпелік гипертензияны төмендетү және өкпелік гидратацияны төмендету мақсатпен жасалынады),

- к/т морфий 1% немесе промедол физиологиялық ертісінде еңгізү (демалыс орталықты тежеу, науқасты тыныштандыру)

 

7.Артериальды гипертензияның жіктемесі және қауіп факторларының критерилері

Эталон: Артериалдық гипертонияның жіктелуі

АҚҚ деңгейі Қауып қатердің категориясы Диагностикалық критерийлері
1 деңгей САҚ 140-159 мм с.б. ДАҚ 90-99 мм с.б. Қауіп қатер факторы 1 (қауіп төмен) Қауіп қатер факторы, нысана ағзаларыдың зақымдалуы, қан-тамырлар жүйесінің асқынулары мен ассоцияланған аурулар жоқ.
2 деңгей САҚ 160-179 мм с.б. ДАҚ 100-109 мм с.б. Қауіп қатер факторы 2 (қауып орташа) 1 және т.б. қауып қатер факторлары бар. Нысана ағзалардың зақымдалуы, қан-тамырлар жүйесінің асқынулары мен ассоцияланған аурулар жоқ.
3 деңгей САҚ >180 мм с.б. ДАҚ> 110 мм с.б. Қауіп қатер факторы 3 (қауып жоғары) Қауіп қатер факторлары Нысана ағзалардың зақымдалуы, қан-тамырлар жүйесінің асқынулары мен ассоцияланған аурулар бар.
1-3 деңгей Қауіп қатер факторы 4 (қауып өте жоғары) Қауіп қатер факторлары Нысана ағзалардың зақымдалуы, қан-тамырлар жүйесінің асқынулары мен ассоцияланған аурулар бар. + қант диабеті *

*- қант диабет бар жағдайда диагностикалық критерийлерге және АҚҚ деңгейіне қарамастан бірден 4 (қауып өте жоғары) қаупы беріледі.

8. Созылмалы жүрек жетіспеушіліктің (СЖЖ) клиникалық көріністер және ем принциптері.

Эталон: Қан айналым жетіспеушілігі – қан айналым аппаратының өзінің негізгі қызметін, яғни мүшелер мен тіндерді, олардың қалыпты қызметіне қажет заттармен қамтамасыз ету және метаболизм өнімдерін шығару қызметін атқара алмауы.

Қан айналым жетіспеушілігінің негізінде бір немесе екі қарыншалардың насостық функциясының бұзылуымен сипатталатын синдром ретінде анықталатын жүрек жетіспеушілігі жатыр.

СЖЖ клиникалық көріністері:

Клиникалық көріністер жүректің қай бөлімінің (сол немесе оң қарынша) жиырлығыштығының төмендеуі, немесе екі қарыншаның да жиырылғыштығының төмендеуі бар немесе жоқ екеніне байланысты. Клиникалық көріністер СЖЖ себебі болып отырған ауруға да байланысты.

Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің клиникалық симптомдары:

Ентігу кіші қан айналым шеңберіндегі қан айналым бұзылысының айықн көрсеткіші, оның динамикасы жүректің жиырылу қызметінің жағдайына сәйкес болады.

Науқастарды жөтел мазалуы мұмкін – құрғақ немесе аз мөлшерде шырышты қақырықтың бөлінуімен, кейде қан аралас (қан қақыру - кіші қан айналым шеңберіндегі іркілістің көрінісі болуы мүмкін). Ауыр ентігулер ұстама түрінде пайда болады, бұл ұстамалар жүрек ентікпесі деп аталады. Науқастар жүрек жұмысының күшеюіне әкелетін жағдайлар кезінде және горизонталдық жағдай кезінде, тамақ ішкеннен кейін, физикалық жүктемеден кейін пайда болатын жүрек қағуына шағымданады. Жүрек ырғағының бұзылысы дамыған кезде науқастар жүрек жұмысындағы бұзылыстарға шағымданады.

Үлкен қан айналым шеңберінде іркілу көріністері пайда болған кезде зәр шығаруының азаюына (олигоурия ) немесе оның негізінен түнде бөлінуі (никтурия), бауырдағы іркіліс көріністері кезінде оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, оның біртіндеп ұлғаюына байланысты шағымдар пайда болады. Бауырдың тез ұлғаюы кезінде оң жақ қабырға астында интенсивті ауру сезімі болуы мүмкін.

Үлкен қан айналым шеңберіндегі іркілу асқазан-ішек жолдарының қызметінің бұзылыстарын шақырады – ол тәбеттің төмендеуімен, жүрек айнуымен, құсумен, іштің кебуімен, іші қатуға бейімділікпен көрінеді.

Қан айналымның бұзылысымен байланысты орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ ) функционалдық жағдайы ерте өзгереді: тез ақыл-ой шаршағыштығы, жоғары тітіркендіргіштік, ұйқының бұзылуы, депрессивтік жағдайлар пайда болады.

Объективті қарап тексеру кезінде жүрек жетіспеушілігінің бірден-бір көрінісі – цианоз анықталады: қан құрамында қаныққан гемоглобин мөлшері жоғарылаған кезде (50 г/л немесе 5% жоғары) пайда болатын тері және шырышты қабаттарының көгіс тартуы. Қою түсті қан тері қабатына көкшіл түс береді, әсіресе терісі жұқа жерлерде (ерін, ұрт, құлақ, саусақ ұштары). Цианоз себептері әртүрлі. Сол жақ қарыншаның жиырылғыштық қызметінің бұзылуы кезінде кіші қан айналым шеңберіндегі тамырларының толуы және өкпедегі қанның О2 қанығуы бұзылысы диффуздық, орталық цианозға алып келеді.

Оң жақ жүрекшелік жеткіліксіздігінің белгілері басым болғанда байқалатын шеткі цианоздың басты себептері – қан айналуының баяулауы және тіндердегі оттегінің утилизациясының күшеюі. Екі жағдайда да, айналымдағы қан көлемінің (компенсаторлы фактор) және гемоглобиннің мөлшерінің үлкеюі цианозға әкелетін жағдайлар болып табылады.

СҚАЖ (созылмалы қан айналым жеткіліксіздігі) үдеуі мен бауырдағы іркілісті көріністердің күшеюі кезінде, бауыр құрылысы мен қызметі бұзылып, цианозға сарғаю белгілері қосылады.

СҚАЖ маңызды белгісі – ісінулер болып табылады. Алғашқыда сұйықтықтың іркілуі жасырын болып, тек науқастың дене салмағының тез ұлғаюымен және зәр шығарудың азаюымен көрінеді. Көрінетін ісінулер алғашқыда табанда және балтырда пайда болып, одан кейін ісінулер тері астылық май қабатына жайылады және қуыстарда сұйықтық жинала бастайды. Шемен, гидроторакс, гидроперикард дамиды.

Тыныс алу мүшелерін зерттегенде ұзақ ірклістің нәтижесінде, өкпе эмфиземасы, пневмосклероздың дамуымен, өкпенің төменгі қырының қозғалысының шектелуі анықталады. Тыңдағанда өкпенің төменгі бөлігінде іркілісті сырылдар мен қатаң тыныс анықталады.

Жүрек-қантамыр жүйесі жағынан СҚАЖ-ің этиологиясына байланыссыз миокардтың жиырылғыштық қызметінің төмендеуінің белгілері анықталады. Оларға: жүректің ұлғаюы (миогенді дилатация), кейде өте үлкен мөлшерлі (cor bovinum), жүрек тондарының, әсіресе І тонның бәсеңдеуі, галоп ырғағы, тахикардия жатады. Митралдық және үшжармалы қақпақшаның салыстырмалы жеткіліксіздігіне тән систолалық шулар пайда болады. Систолалық қысым төмендейді, ал диастолалық қысым аздап жоғарылайды. Кейде іркілістік” артериалдық гипертензия дамиды. Ол СҚАЖ белгілері жойылуымен бірге қалпына келеді.

Үлкен қан айналым шеңберіндегі іркіліс процестері мойындырық көк тамырларының ісінуімен көрінеді. Науқастың горизонталдық жағдайында ісіну үдей түседі (жүрекке қанның көп мөлшерде келуінің салдарынан).

Ас қорыту мүшелерін зерттегенде: ұлғайған, ауру сезімді бауыр анықталады, уақыт өте бауыр тығыздалып, ауру сезімі басылады. Көкбауыр көбіне ұлғаймайды, бірақ кейде айқын СҚАЖ кезінде көкбауырдың аздап ұлғаюы байқалады.

СҚАЖ даму барысында науқастың дене салмағы төмендеп, жүректік кахексия дамиды. Шеменмен қосарласқан аяқ-қолдарының айқын атрофиясы көзге көрінеді. Құрғау, жұқару және балтырдағы пигментация түріндегі көрінетін терінің трофикалық өзгерістері дамиды.

 


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 944 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)