АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Емдеу принциптері

Прочитайте:
  1. C) Физио-, санаторлы-курортты, таратылатын емдеу
  2. ЕМДЕУ ПРИНЦИПТЕРІ
  3. ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
  4. курс «Емдеу ісі»
  5. Сальмонеллез. Этиологиясы, эпидемиологиясы, профилактика принциптері.Сальмонеллез.Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы
  6. ЭАГ емдеу принциптері

Жалпы шараларға мыналар жатады:

1) физикалық күштемені шектеу;

2) емдәмді сақтау (тұзды шектеу – тәулігіне дозасы 2-3 г дейін).

Тұзсыз емдәм СҚАЖ ІІІ сатысында тағайындалады. Сұйықтықты шектейді.

Дәрі-дәрмектік терапия: негізінен екі патогенетикалық бағытта жүргізіледі: 1) жүректің жұмысын азайту 2) инотроптық стимуляциялау.

Жүрек жұмысын азайту: көлемдік, гемодинамикалық және нейрогуморалдық болып бөлінеді. “Көлемдік” - әр түрлі зәр айдағыш препараттарды қолдану және ас тұзын шектейтін емдәмді ұстау арқылы, организмнен су мен натрийдің артық мөлшерін шығару арқылы жүзеге асырылады. Күшті әсер ететін диуретиктердің негізгі тобына, диурезді 100-200 % және одан да көп жоғарылататын диуретиктер (фуросемид, лазикс және т.б.) және орташа диуретикалық әсері бар шумақтық диуретиктер (гипотиазид, буфенонс және т.б.) жатады. Клиникалық тәжірибеде бұрыннан белгілі альдостерон антогонистері қолданылуда – спиронолактон (верошпирон), триамтерен (птерофен, дайтек), амилорид (мидамор).

Гемодинамикалық әсері бар препараттар тобының созылмалы қан айналым жетіспеушілігі бар науқастрады емдеуде шеткі қан тамырлық тонусты төмендететін маңызы зор. Ол үшін қан тамыр арнасының әртүрлі бөлімдерінде әсер ететін вазодилятаторларды тағайындайды. Веналарға (кестеде ұзақ әсерлі мононитраттар), артерияларға (кестеде: апрессин) және аралас әсерлі (кестеде: празозин және ААФ-ингибиторлары) әсер ететін вазодилятаторларды ажыратады.

Нейрогуморалдық әсер гипотониялық реакциялар мүмкіндігін ескере отырып, АҚҚ бақылау қажет. Іркілмелі жүрек жетіспеушілігін емдеу соңғы жылдары аса зор өзгерістерге ұшырады. Клиникалық тәжірибеде ренин-ангиотензин және симпато-адренал жүйелерін тежеуге әсер ететін препараттар енгізілді.

Ангиотензинді айналдырушы фермент ингибиторлары өмір сапасын айқын жақсартады, физикалық күштемелерді көтеруді жоғарылатады. Науқас неғұрлым ауыр болған сайын ААФ-ингибиторларын тағайындау, соғұрлым нәтижелі болып табылады. ААФ-ингибиторларын тағайындаудың негізгі принциптері:

ААФ-ингибиторларының ұстамаушы дозалары:

Препарат Бастапқы доза Ұстамалы доза
Каптоприл (капотен) Эналаприл (энам) Лизиноприл Периндоприл Рамиприл Фозиноприл Трандолаприл 2,5 мг 2,5 мг 2,5 мг 2 мг 1,25-2,5 мг 10 мг 1 мг 5-10 мг 2 рет/тәул 10 мг 2 рет/тәул 5-20 мг 4 мг 2,5-5 мг 2 рет/тәул 20 мг 4 мг

СЖЖ емдеуде (қазіргі кездегі стандартқа сәйкес) β-блокаторларды қолданған жөн – карведилол, бисопролол (конкор) және метапролол (эгилок).

Кейбір β-блокаторлармен СЖЖ емдеу

Препарат Бастапқы доза мг/тәул Терапевтік дозаны таңдау уақыты - апталар Терапевтік доза мг/тәул
Карведилол Метапролол Бисопролол 3,125 1,25 12-15  

β-блокаторлар дозасын таңдау титрлеу әдісімен жүреді, яғни препараттың дозасын жоғарылату жүрек гемодинамикасын алдыңғы дозаға бейімділіктен кейін ғана, АҚҚ-н, ЖСЖ-н, науқастың жағдайын бақылай отырып жүргізіледі.

СЖЖ бар науқастағы метаболикалық синдромның фармакологиялық емі оның патогенезіне байланысты. Симпатикалық нерв жүйесі мен ренин-ангиотензин жүйесінің белсенділігі жоғарыланған кезде ß-блокаторлар, ААФ ингибиторлар және антигипоксанттар (гипоксен, предуктал, пентоксифиллин және т.б.) қолданылады.

 

 

 


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 705 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)