Сальмонеллез. Этиологиясы, эпидемиологиясы, профилактика принциптері.Сальмонеллез.Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы
Анықтамасы: Сальмонеллалардың көптеген серотоптарымен шақырылатын фекальді-оральды жолмен жұғатын, асқорыту жолында ферментативті бұзылыстар тудырып, клиникасында интоксикация синдромымен және гастроинтестинальды кейде генерализденген түрлерінде жедел өтетін зооантрапонозды инфекциялық ауру. Этиологиясы: Қоздырғышы –Salmonella-ның көптеген серотиптерімен шақырылады.Көбінесе:Salmonella typhimurium Salmonella enterica Қасиеті: спора, капсула түзбейтін грам теріс таяқша, сыртқы ортаға өте төзімді Токсин бөлу: эндотоксин, энтеротоксин, цитотоксин Антигендік құрамы: О,Н және К антигендері Эпидемиологиясы: Инфекция көзі болып:
- ауыл шаруашылық малдар
- үй және жабайы құстар
- адам (науқас, транзиторлы, жедел және созылмалы тактерия тасымалдаушы)
Тарау механизмі: фекальды-оральды
Тарау жолдары: - алиментарлы
- су арқылы
- тұрмыстық қарым-қатынас
Мерзімділігі: жаз
Жасына байланысты: жиі 2 жасқа днйінгі балалар
Патогенезі: аурудың дамуы қоздырғыштың мөлшеріне, организмнің резистенттілігіне байланысты.
- сальмонеллалардың ауыз арқылы организмге енуі
- ащы ішектің энтероциттерімен байланысқа түсіп экзотоксин бөледі
- гиалуринидаза өткізгештік ферменті арқылы қоздырғыш энтероцитке енеді
- фагоциттердің қарсылыс көрсетуінен ащы ішек қабырғасында қабыну үрдісі басталады
- қоздырғыштың бұзылуында ЛПС клмплекс (эндотоксин) бөлінеді
- су электролиттер көп мөлшерде бөлінеді
- ішек перистальтикасы жоғарлайды
- клеткалық гипергидратация – ісіну
- бүйрек өзекшелерінде дистрофия
- Қ.Ш.Ұ)ДВС), микроциркуляция бұзылысы
Патологиялық анатомиясы:
1.Гастроинтестинальді түрі:
- катаральды қабыну
- қан құйылу
- шырышты қабаттың ісінуі
- кейде беткей некроз, қабыршақты жабынды
2.Генералищденген түрі:
- бүйректе, бауырда және т.б. мүшелерде ошақты некроз және дистрофия болады.
Клиникалық жіктелуі:
І.Гастроинтестинальды формасы (99%)
1. гастрит түрі
2. гастроэнтериттік түрі
3.гастроэнтероколиттік түрі
ІІ.Генерализация формасы:
1.сүзек тәрізді түрі
2.септикопиемиялық түрі
ІІІ.Бактерия бөлетін:
1.жедел (3 айға дейін)
2.созылмалы (3 айдан көп)
3.транзиторлы
Субклиникалық түрі:
- гастроинтестинальды формасы. Инкубациялық кезең 2-6 күнге дейін
- бастапқы кезеңде: жедел басталуы, интоксикация симптомымен (әлсіздік, бас ауру, қалтырау, дене қызуының 38-39С дейін жоғарлауы)
- өршу кезеңде: 1-ші, 2-ші немесе 3-ші асқазан ішек жолдарының зақымдалу көріністері (жүрек айну, құсу, іш өту, ішінің ауырсынуы)
Құсығы: бірнеше рет
Нәжісі: 3 реттен жоғары, өте сұйық, жаман иісті, жасыл түсті, жалқақпен болады.
Қызбасы 3-4күнге дейін, диареясы 5-7 күнге дейін созылады.
Сүзек тәрізді формасы:
Бастапқы кезеңде: гастроинтестинальды түрде немесе интоксикация симптомдарымен (бас ауру, жоғарғы температура, әлсіздік, қалтырау)
Өршу кезеңде: толқын тәрізді немесе дұрыс емес типтегі қызба, 10-14 күн аралығында
- салыстырмалы брадикардия
- адинамия, бас ауру, ұйқысыздық
- тері қабаттарының бозаруы
- кеудесінде, ішінде разеолезді бөртпелер
- бауыр, көкбауыр ұлғаюы
- іштің кебуі
Септикопиемиялық формасы:
Бастапқы кезеңде: қысқа гастроэнтерит түрінде өтеді.
Өршу кезеңде:
- жоғарғы түрдегі қызба қалтыраумен
- бас ауру, есінен тану
- миалгия, тері түсі бозғылт
- геморрагиялық бөртпелер (петехия)
- бауыр, көкбауыр ұлғаюы
- ІІ-лік ошақтар (пневмония, плеврит, абсцестер, эндокардит, артрит, остеомиелит, пиелит)
Асқынулары: - инфекция-токсикалық шок
- гиповолемиялық шок
- аралас шок
Аурудың шешілуі: - жазылуы (негізгі)
- жедел (3 айға дейін) және созылмалы (3 айдан көп) бактерия тасымалдаушы
- өлім (сирек)
Транзиторлы бактерия тасымалдаушылық диагностикасы:
- нәжістің бактериологиялық зерттеуінде 1-2 рет сальмонеллалардың табылуы, ары қарай зерттеуде 3 рет теріс болуы
- зерттеу кезінде және 3 ай бойы белгілердің болмауы
- серологиялық зерттеудің нәтижелерінің теріс болуы
Диагностикасы: сальмонеллез диагнозы негізгі клиникалық белгілеріне, эпидемиологиялық мәліметтерге және лабораториялық нәтижелерге сүйеніп қойылады
Лабораториялық әдістер:
- бактериологиялық (нәжіс, құсық, асқазан шайындысы, зәр, қан өт және т.б.)
- серологиялық (ИФА, АР, ТГАР)
Дифференциальды диагнозы:
- ас токсикоинфекциялармен
- жедел дизентериямен
- холерамен
- иерсиниозбен
- вирусты гастроэнтериттермен
- басқада терапиялық және хирургиялық аурулармен (миокард инфарктымен, жедел аппендицит, холецистит т.б.) жүргізіледі
Емі: Сальмонеллездің емі үйде және ауруханада жүргізіледі. Емі сальмонеллездің түрі және ауырлық дәрежесіне қарай кешенді түрде жүргізіледі:
- асқазанды жуу
- режим
- диета
- негізгі синдромға байланысты патогенетикалық ем (интоксикацияда-дезинтоксикалық ем, сусыздану кезінде-регидратациялық ем)
- энтеросорбенттер (тагансорбент, энтеродез, смекта және т.б.)
- этиотропты ем (левомицетин, ампициллин)
- фторхинолондар (ципрофлоксацин 1,0 гр тәулігіне, норфлоксацин немесе офлоксацин 0,8 гр/тәулігіне 3-5 күнге)
Профилактикасы:
1.Тамақты дайындау кезеңдеріндегі жүргізілетін санитарлы гигиеналық шаралар
2.Емдеу мекемелерінде санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпті сақтау (ауруханаішілік сальмонеллездің профилактикасы)
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 627 | Нарушение авторских прав
|