АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Когнитивті компетенция. 1. Гормондық препараттар мен олардың синтетикалық аналогтарының, антагонистерінің жалпы сипаттамасы

Прочитайте:
  1. Когнитивті компетенция
  2. Когнитивті компетенция
  3. Когнитивті компетенция
  4. Когнитивті компетенция
  5. Компетенция органов местного самоуправления в сфере управления муниципальной собственностью
  6. Операционалды компетенция
  7. Операционалды компетенция

1. Гормондық препараттар мен олардың синтетикалық аналогтарының, антагонистерінің жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білімін қалыптастыру.

2. Гормондық препараттар мен олардың синтетикалық аналогтарының, антагонистерін қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білімін қалыптастыру.

3. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

4. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

5. Гормондық препараттар мен олардың синтетикалық аналогтарының, антагонистерінің дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

Операционалды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу дағдысын қалыптастыру.

3. Рецепттерді сараптау және түзету, дозасын бағалау, препаратты алмастыра білу.

4. Фармакотерапияның тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін гормондық препараттар мен олардың синтетикалық аналогтарының, антагонистерінің басқа препараттармен өзара әсерлесуін бағалай білуге үйрену.

Коммуникативті компетенция:

1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы – 30 мин.

· Студенттің оқытушынмен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Гормондық препараттардың жіктелуі, алыну көздері, әсер ету механизмдері Гормондық терапияның принциптері.

2. Гипоталамус және гипофиз гормондарының препараттары. Гипофиздің алдыңғы бөлігі гормондарының ішкі секрецияның қызметтеріне әсері. Гонадотропты, лактогенді (лактин) гормондарының препараттары. Қолдануға көрсетулер.

3. Гипофиздің алдыңғы бөлігі гормондарының препараттары - антагонистері. Бромокриптин, оның соматотропин және пролактин өндірілуіне әсері. Қолдануға көрсетулер. Жанама әсерлері.

4. Гипофиздің артқы бөлігі гормондарының жатырдың тонусына әсері. Диурезге қарсы вазопрессин гормонының ішектің және тамырдың тонусына әсерлері. Питуитрин және адиурекриннің әсер ету ерекшеліктері. Қолдануға көрсетулер. Жанама әсерлері.

5. Эпифиз гормонының препараттары. Қолдануға көрсетулер. Жанама әсерлері.

6. Тироксин және трийодтирониннің зат алмасуына әсерлері. Қалқанша безі гормондарын қолдану, олардың салыстырмалы сипаттамалары. Тиреокомб. Жанама әсерлері.

7. Кальцитониннің физиологиялық маңызы. Қолдануға көрсетулер. Жанама әсерлері.

8. Паратиреоидин, фосфор және кальций алмасуына әсері. Қолдануға көрсетулер. Жанама әсерлері.

9. Инсулин және глюкагонның зат алмасуына әсері. Инсулинді алу көздері.

10. Инсулиннің тазартылған (монопиктік, монокомпонентік), қысқа және әсері ұзартылған (орташа және ұзақ әсер ететін) препараттары, әсерінің басталуы бойынша олардың салыстырмалы сипаттамалары. Қант диабетін емдеу үшін мөлшерлеу принциптері. Асқынулар, жедел көмек шаралары. Инсулиннің рекомбинанатты препараттары (хумулин-гегуляр, протафан, глимеперид).

11. Синтетикалық гипогликемиялық заттар – сульфонилмочевина және бигуанид туындылары, көмірсулардың аш ішектен сіңірілуін тежейтін - акарбоза, олардың әсер ету механиизмдері, салыстырмалы сипаттамалары, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

5. Оқыту және сабақ беру әдістері: талқыланып отырған тақырыптың көкейтесті мәселелерін ауызша сұрау, тесттік тапсырманы орындау, жағдайлық есептерді шешу, шағын топтармен жұмыс жүргізу, мультимедиалы электронды интерактивті бағдарламамен жұмыс істеу.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, толықтырылған, қайта өңделген Алматы, 2009 – 608 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, Алматы, 2004– 604 б.

3. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 с.

4. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - С 327-331, 418-435, 396-406.

5. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – С 320-327, 399-415, 377-387.

6. Руководство к лабораторным занятиям /Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.– 212-216, 276-287, 231-238 с.

7. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-206, 184-186.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 с.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

3. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 с.

4. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. с.

5. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000 – 740с.

6. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. с.

 

Бағдарламалық препараттар: кортикотропин, генотропин, соматотропин (соматрем), бромокриптин, октреотид, окситоцин, питуитрин, вазопрессин, десмопрессин, мелатонин, трийодтиронин гидрохлориді, L-тироксин, тиреокомб, тиреотом, мерказолил, калий перхлораты, йод препараттары, кальцитрин, миокальцик, цибакальцик, паратиреоидин, актрапид (қысқа әсер ететін адам инсулині), инсулин-семиленте, инсулин-ультраленте, хумулин-регуляр, протафан, глибенкламид, гликлазид, глипизид, глимеперид метформин, акарбоза, натеглинид (старликс), розиглитазон, пиоглитазон, глибомет, глюкагон,

Есте сақтауға (рецепт жазуға) арналған препараттар: окситоцин, трийодтиронин гидрохлориді, L-тироксин, мерказолил, актрапид НМ, глибенкламид.

7. Бақылау

1. Сабақтың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау;

2. Негізгі гормондық препарттарға рецепт жазу, талдау, бірреттік дозасын есептеу. Талдауда тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсетулерін, жанама әсерлерін көрсету. Препаратты фармакотерапиялық аналогына алмастыру.

3. Тесттік тапсырманы орындау.

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар

Тест №1

Қантсыз диабетті емдеу үшін қолданылатын гормондық препарат (1):

1. кортикотропин 2.окситоцин 3. тиреокомб 4. десмопрессин 5. инсулин

Тест №2

Тиреоидты гормондар ағзаға келесі әсерлерді көрсетеді (4):

1. адреналиннің әсерін күшейтеді, тахикардия дамиды 2. негізгі алмасуды күшейтеді, тіндердің оттегін қолданылуын жоғарылатады, дене температурасын жоғарылатады

3. көмірсулардың жұмсалуын және липолизді күшейтеді 4. гипофункциясында базедов ауру дамиды 5. мидың және сүйек тіндерінің және басқа мүшелер мен тіндердің қалыптасуына әсер етеді

 

Тест №3

Кальцитонинге тән (4):

1. қалқанша маңы безінің жасушаларымен өндіріледі 2. сүйектің остеокластармен резорбциясын тежейді 3.бүйректе кальцийдің, фосфаттың, натрий, калий және магний иондарының реабсорбциясын тежейді 4. асқазанда гастриннің және хлорлысутек қышқылының секрециясын төмендетеді 5. остеопорозды, Педжет ауруын (деформациялаушы остеодистрофия) емдеу үшін және гиперкальциемияда тағайындалады

Тест №4

Гипогликемиялық комада қолданылады (1):

1. инсулин 2. акарбоза 3. адреналин 4. глибенкламид 5.глипизид

 

Тест №5

Амин қышқылдарының туындыларына жататын гормондар (2):

1. ұйқы безінің гормондары 2. гипоталамус және гипофиздің гормондары 3. қалқанша маңы безінің гормондары 4. эпифиз безінің гормондары 5. қалқанша безінің тиреоидты гормондары

Тест №6

Гипофиздің артқы бөлігінің гормондық препаратына жатады (2):

1. питуитрин 2. инсулин 3. хумулин-ретард 4. окситоцин 5.соматотропин

 

Тест №7

Бигуанидтердің негізгі гипогликемиялық әсер механизмдері (4):

1. ұйқы безінің b-жасушаларында эндогенді инсулиннің бөлінуін күшейтеді 2. бауырда глюконеогенезді тежейді 3. глюкозаның тіндермен сіңірілуіне ықпал жасайды 4. глюкозаның аш ішекте сіңірілуін біршама азайтады 5. бұлшық еттерде анаэробты гликолизді ынталандырады

Тест №8

Инсулин препараттары (3):

1. хумулин-регуляр 2. актрапид 3. глимеперид 4. инсулин-ультраленте 5.гликлазид

Тест №9

Белокты -пептидті құрылысты гормондық препараттарды белгілеу (2):

1. гипофиздің гормондық препараттары 2. бүйрек үсті безі гормондарының препараттары

3. эұйқы безініңң гормондық препараттары 4. қалқанша безі гормондарының препараттары 5. жыныс бездері гормондарының препараттары

Тест №10

Паратиреоидиннің негізгі әсері (4):

1. кальцийдің ішектен сіңірілуін азайтады 2. кальцийдің сүйектен мобилизациялануын қамтамасыз етеді 3. кальцийдің бүйрек өзекшелерінен реабсорбциясын жоғарылатады

4. кальцийдің қандағы мөлшерін арттырады 5. сүйек тінінде остеокласттардың белсендігі мен санын арттырады, аз дозада остеогенезді ынталандырады (остеобластарға әсер ету арқылы)

 

 

Ескерту: Тесттік тапсырманың жауаптары оқытушыда.

 

№ 3сабақ

1.Тақырыбы: «Қабынуға қарсы заттар»


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1066 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.01 сек.)