АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тест тапсырмалары. М-холинорецепторлар орналасқан:

Прочитайте:
  1. Тест тапсырмалары
  2. Тест тапсырмалары
  3. Тест тапсырмалары
  4. Тест тапсырмалары
  5. Тест тапсырмалары
  6. Тест тапсырмалары
  7. Тест тапсырмалары
  8. Тест тапсырмалары
  9. Тест тапсырмалары
  10. Тест тапсырмалары

Тест 1.

М-холинорецепторлар орналасқан:

1. Холинэргиялық жүйке ұштарында эффекторлы мүшелердің клеткаларында

2. Симпатикалық ганглийлердің нейрондарында

3. Парасимпатикалық ганглийлердің нейрондарында

4. Қаңқалық бұлшықеттердің клеткаларында

5. Бүйрек үсті безінің милы қабатының хромафинді клеткаларында

 

Тест 2.

Глаукомада қолданылады:

1. атропин

2. пилокарпин

3. скополамин

4. ипратропий бромиді

5. метацин

Тест 3.

М-холинорецепторларды ынталандыратын препарат:

1. платифиллин

2. ацеклидин

3. атропин

4. пилокарпин

5. галантамин

Тест 4. М-холиноблокаторлардың жанама әсерлеріне жатады:

1. гиперсаливация

2. брадикардия

3. миоз

4. обстипация

5. диарея

Тест 5. Атриовентрикулярлы өткізгіштікті тежейтін препарат:

1. платифилин

2. ацеклидин

3. атропин

4. метацин

5. ипротропиум бромид

Тест 6. М-холиномиметиктерді қолдануға көрсеткіштер:

1. бүйректік шаншу

2. брадиаритмиялар

3. глаукома

4. бронх демікпесі

5. жүрек жетіспеушілігі

Тест №7. Сәйкестендіріңіз

Тобы:

1. М-холиномиметиктер

2. М-холиноблокаторлар

3. Препараттар:

4. А) ацеклидин

5. Б) платифиллин

6. В) пилокарпин

7. Г) метацин

8. Д) атропин

9. Жауаптар: 1……., 2…….

 

Тест №8. Атропин қарсы көрсетілген:

1. гиперсаливацияда

2. атриовентрикулярлы өткізгіштіктің бұзылысында

3. обстипацияда

4. брадикардияда

5. бронхоспазмда

Тест 9.Ішек шаншуында қолданылады:

1. пилокарпин

2. ацетилхолин

3. платифиллин

4. ацеклидин

5. карбахолин

Тест 10. Сәйкестендіріңіз

Препараттар:

1. Прозерин

2. Платифиллин

3. “Аэрон” таблеткалары

4. Ипротропий бромиді

Көрсеткіштер:

А. бүйректік және бауырлық шаншулар, гипертониялық ауруды емдеу үшін

Б. вестибулярлы аппараттың бұзылысына байланысты дамитын құсу

В. брохоспазм

Ескерту: жауаптар эталоны оқытушының қолында

№ 2 Сабақ

1. Тақырыбы: «М - холинергиялық заттар».

2. Сабақтың мақсаты: М-холинергиялық заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтар білімін қалыптастыру, олардың қолдануға көрсеткіштерін және жанама әсерлерін игеру, М-холинергиялық заттарға және холинэстеразаға қарсы заттарға рецепт жазуды білу.

3. Оқыту міндеттері:

1. М-холинергиялық заттар мен холинэстеразаға қарсы заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтарын оқып білу.

2. Дәрілік заттардың қасиеттерін біле отырып оларды қолдануға мүмкіншіліктерін оқып білу.

3. М-холинергиялық заттар мен холинэстеразаға қарсы заттардың негізгі қолдануға көрсеткіштерін, қарсы көрсеткіштерін, жағымсыз жанама әсерлерін, оларды алдын алуды оқып білу.

4. Осы топтың негізгі препараттарының түрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазуды білу.

5. Рецепттерді сараптауды және коррекция жүргізуді, мөлшерлерді бағалауды, препараттарды алмастыруды үйрену.

6. Тиімді және қауіпсіз фармакотерапияны алу үшін М-холинергиялық заттар мен холинэстеразаға қарсы заттарды басқа препараттармен өзара байланысуын бағалауды үйрену.

7. Топ препараттарының жаңа өкілдерімен, олардың кең қолданылатын синонимдерінен артықшылықтарымен таныс болу.

8. Медициналық және дәріханалық жұмыскерлердің және тұрғындардың арасында бағдарламалық жұмысты жүргізуді үйрену.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Холинергиялық синапсқа әсер ететін заттардың жіктелуі.

2. Мускаринге сезімтал холинорецепторларға әсер ететін заттар. Әсер ету механизмі.

3. М-холиномиметикалық заттардың фармакологиялық әсерлері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы.

4. Мускариннің улы әсері, улануды емдеу.

5. М-холиноблокаторлық заттар. Әсер ету механизмі.

6. Атропиннің көзге, жүрек-қан тамыр жүйесіне, ішкі мүшелердің, бездердің тегіс салалы бұлшықеттерге әсері. ОЖЖ-не әсер ету ерекшелігі. Қолданылуы.

7. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы (скополаминнің, метациннің, платифиллиннің, гоматропиннің әсер ету ерекшелігі).

8. Таңдамалы М-холиноблокаторлар (пирензепин, ипратропиум бромид).

9. М-холиноблокаторлардың қолданылуы. Жанама әсерлері.

10. Атропинмен жедел улану және фармакотерапияның негізгі принциптері.

5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды және жағдайлық есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс істеу, кестелерді, суреттерді және сызбаларды сараптау, қорытынды жасау, рецепттерді жазу және талдау, бір реттік мөлшерін есептеу.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2008. Б. 182-192

3. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2006. Б. 179-189

4. Фармакология / под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: Гэотар – Мед, 2004. Б. 167-178

5. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцева М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001. Б.127-132

6. Руководство к лабораторным занятиям Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.Б. 125-129

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 б.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

3. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ Кукес В.Г. и проф. Стародубцев А.К.- М.: Издательский дом ГЭОТАР – МЕД., 2004. – 631б.

4. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. б.

6. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000.

7. Бороян Р.Г Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. – М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422. б.

8. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. б.

9. Кафедрада оқылатын дәрістер

 

Бағдарламалық препараттар: пилокарпин хлориді, ацеклидин, атропин сульфаты, платифиллин гидротатраты, метацин, скополамин, ипратропиум бромид, тиотропий бромиді, пирензепин (гастрозепин), беродуал.

 

Рецепт жазуға арналған препараттар: пилокарпин хлориді, атропин сульфаты, платифиллин гидротатраты, метацин.

7.Бақылау:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

2. Негізгі М-холинергиялық заттарға рецепт жазу және талдау жасау. Талдауда тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсеткіштерін, жанама әсерлерін жазу. Препаратты фармакотерапиялық аналогқа алмастыру.

3. Тесттік түрде тапсырмаларды орындау.

 

 


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1565 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.007 сек.)