АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Когнитивті компетенция. 1. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары және фармакологиялық

Прочитайте:
  1. Когнитивті компетенция
  2. Когнитивті компетенция
  3. Когнитивті компетенция
  4. Когнитивті компетенция
  5. Компетенция органов местного самоуправления в сфере управления муниципальной собственностью
  6. Операционалды компетенция
  7. Операционалды компетенция

1. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары және фармакологиялық әсерлермен шақырылатын мүшелер мен жүйелердің өзгерістері туралы білімін қалыптастыру;

Коммуникативті компетенция:

1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 30 мин.

· Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

2. Фармакология анықтамасы, оның құрамдас бөліктері, мақсаттары мен міндеттері, басқа медициналық-биологиялық пәндер арасында алатын орны. Фармакологияның қысқаша тарихы.

3. Жалпы фармакологияның анықтамасы мен міндеттері.

4. Дәрілік заттар фармакокинетикасы, анықтамасы және мазмұны.

5. Ағзаға дәрілік заттарды енгізу жолдары.

6. Әртүрлі енгізу жолдары кезіндегі дәрілік заттардың сіңірілуі. Негізгі сіңірілу механизмдері және оларға әсер ететін факторлар.

7. Ағзада дәрілік заттардың таралуы және оған әсер ететін факторлар.

8. Биологиялық тосқауылдар. Дәрілік заттардың тасымалдануы. Қорға жиналу.

9. Ағзада дәрілік заттардың өзгеріске ұшырауы (биотрансформация және метаболизм).

10. Ағзадан дәрілік заттардың шығарылуы. Дәрілік заттардың жүйеге дейінгі және жүйелік элиминациясы..

 

5. Оқыту әдістері: ауызша сұрау, ситуациялық тапсырмаларды және нұсқау бойынша есептер шешу, тест тапсырмаларын шешу.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, толықтырылған, қайта өңделген Алматы, 2009 – 608 б.

2. Фармакология (Харкевич Д.А.) оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. – 607 б.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 752 б.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- Б. 26 -77

5. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – Б. 7 -31

6. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. /Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005. – Б. 20-40 (задачи 35 -38, задания II - 1 -5)

Қосымша:

1. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

2. Пичхадзе Г.М. Пичхадзе Л.Г. Энциклопедический словарь основных терминов, используемых в фармакологии –Алматы «Ғылым» 2000.

3. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.

4. Клиническая фармакология. /под ред. В.Г. Кукеса.-ГЭОТАР.: Медицина, 1999. – 517 б.

5. Кафедрада оқылатын дәрістер, фармакология кафедрасында басылымға шыққан әдістемелік көрсетулер.

7. Бақылау

Келесі компетенциялар бағаланады: білім

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау;

2. Тапсырмаларды тесттік қалыпта орындау.

Өзіндік бақылауға араналған тесттік тапсырмалар

Тест № 1

Дәрілік заттарды ішке енгізуге тән:

1.Әлсіз электрлиттердің сіңірілуінің орта рН-ына тәуелділігі.

2. Сіңірілудің АІЖ құрамдасының сипатына тәуелділігі.

3. Сіңірілудің АІЖ моторикасының қарқынына тәуелділігі.

4. Бауырдан өтпей бірден жалпы қанайналымға түсуі.

5. Әдетте, әсерді тез шақырады

Тест № 2

Энтералды енгізудің қай түрі дәрілік заттың бауырға түспей бірден қан айналымға түсуін қамтамасыз етеді?

1. Ішке.

2. Тері астына.

3. Трансбуккалды.

4. Он екі елі ішекке.

5. Ректалды.

Тест № 3

Липофилді және көптеген гидрофилді дәрілік заттардың аш ішекте сіңірілуі мына жолмен жүзеге асады:
1. Фильтрация.

2. Белсенді транспорт.

3. Пассивті диффузия.
4. Пиноцитоз.

5. Жеңілдетілген диффузия.

Тест № 4

Ішек эпителиалды жасушаларының мембраналары арқылы дәрілік заттардың белсенді тасымалдануы:

1. Энергия жұмсалуын қажет етеді.

2. Концентрация градиентіне қарсы жүзеге асырылуы мүмкін.

3. Нақты заттарға таңдамалылығының болмауымен сипатталады.

4. Кейбір гидрофилді полярлы молекулалардың сіңірілуін қамтамасыз етеді.

5. Липофильді молекулалардың сіңірілуін қаматамасыз етеді.

Тест № 5

Дәрілік заттардың жеңілдетілген диффузиясына тән :

1. Энергия жұмсалуын қажет етпейді.

2. Концентрация градиентіне қарсы жүзеге асырылуы мүмкін

3. Концентрация градиентімен жүзеге асырылуы мүмкін

4. Гидрофилді полярлы молекулалардың сіңірілуін қамтамасыз етеді

5. Липофильді молекулалардың сіңірілуін қаматамасыз етеді.

Тест № 6

Ағзадан бүйрек арқылы оңай шығатын заттар:

1. полярлы емес, липофильді

2. полярлы, гидрофильді

3. полярлық маңызды емес

4. ірі молекулалы заттар

5. кез-келген физико-химиялық қасиеттері бар заттар

Тест № 7

Энтеральді енгізу жолдарына жатады:

1. трансдермальды

2. тері астылық

3. сублингвальды

4. көк тамыр ішілік

5. ингаляциялық

Тест № 8

Дәрілік заттардың ГЭТ арқылы өтудің негізгі механизмі:

1. фильтрация

2. адсорбция

3. пиноцитоз

4. пассивті диффузия

5. жеңілдетілген диффузия

 

Тест № 9

Затты анықтау: ағзада түрлі тосқауылдардан: ішек, тамыр қабырғалары арқылы, клетка мембранасы, субклеткалық құрылымдардың мембраналары арқылы оңай өтеді. Сіңудің негізгі механизмі пассивті диффузия. Бүйрек өзекшелерінде қайта реабсорбцияланады. Ағзадан метаболит түрінде шығады.

1. иондалған

2. липофильді

3. гидрофильді

4. төртіншілік

5. майда ерімейтін

 

Тест № 10

Фармакокинетика түсініктеріне барлығы жатады, біреуінен басқасы:

1. препараттың рецепторға әсері

2. бауырда дәрінің өзгеруі

3. экскреция

4. препараттың сіңуі

5. элиминация

 

Өзіндік бақылауға арналған тесттердің жауаптары

 

№ 4 Сабақ

Тақырыбы: «Фармакокинетиканың негізгі көрсеткіштері»

 

1. Мақсаты: фармакокинетика жалпы заңдылықтары туралы білімін қалыптастыру.

2. Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1. Фармакокинетиканың негізгі көрсеткіштері туралы білім беру.

Коммуникативті компетенция:

1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

7. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

8. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 30 мин.

· Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Фармакокинетика, анықтамасы, мазмұны.

2. Биожеткіліктілік және биоэквиваленттілік туралы түсінік.

3. Дәрілік заттарды бөлу. Биологиялық барьерлерден өту сипатына әсері. Қорға жиналуы.

4. Биологиялық барьерлердің түрлері.

5. «Болуы мүмкін таралуы көлемі» көрсеткіші туралы түсінік.

6. Дәрілік заттардың өзгеріске ұшырау түрлері: метаболикалық трансформация және конъюгация.

7. Дәрілік заттардың шығарылу жолдары. Элиминация жылдамдығы константасы, жартылай өмір сүру кезеңі, клиренс (жалпы, бүйректік, бауырлық) туралы түсіннік.

5. Оқыту әдістері: ауызша сұрау, ситуациялық және нұсқау бойынша есептерді шешу, тесттік тапсырмаларды шешу

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, толықтырылған, қайта өңделген Алматы, 2009 – 608 б.

6. Фармакология (Харкевич Д.А.) оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. – 607 б.

7. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 752 б.

8. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- Б. 26 -77

9. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – Б. 7 -31

10. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. /Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005. – Б. 20-40 (задачи 35 -38, задания II - 1 -5)

Қосымша:

1. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

2. Пичхадзе Г.М. Пичхадзе Л.Г. Энциклопедический словарь основных терминов, используемых в фармакологии –Алматы «Ғылым» 2000.

3. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.

4. Клиническая фармакология. /под ред. В.Г. Кукеса.-ГЭОТАР.: Медицина, 1999. – 517 б.

5. Кафедрада оқылатын дәрістер, фармакология кафедрасында басылымға шыққан әдістемелік көрсетулер.

7. Бақылау

Келесі компетенциялар бағаланады: білім

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау;

2. Тапсырмаларды тесттік қалыпта орындау.

Өзіндік бақылауға араналған тесттік тапсырмалар

Тест № 1

Ішке енгізгендегі дәрілік заттардың сіңірілу дәрежесікелесі көрсеткішпен бағалауға болады:

1. Клиренс.

2. Биожеткіліктілік.

3. Ионизация константасы.

4. «Жартылай өмір сүру» кезеңі (жартылай элиминация кезеңі).

5. Таралу көлемі

Тест № 2

Бауыр клиренсі қай процесстерге тәуелді:

1. Фильтрация

2. Өт жолдарына секрециясы

3. Зәр шығару жолдарына секрециясы

4. Биотрансформация

5. Реабсорбция

Тест № 3

Қан плазмасының дәрілік заттан тазару жылдамдығын көрсететін параметр

1. Жартылай өмір сүру периоды

2. Клиренс

3. Биожеткіліктік

4. Элиминация жылдамдығының константасы

5. Биоэквиваленттілік

Тест № 4

Жалпы клиренс:

1. Дәрілік заттың енгізген жерде сіңуі.

2. Дәрілік заттың таралуы.

3. Дәрілік заттың ағзадан элиминациялануы.

4. Дәрілік заттың қорға жиналуы.

5. Дәрілік заттың биотрансформациясы

Тест № 5

Биотрансформация жолымен дәрілік заттың элиминация жылдамдығы келесі көрсеткішпен анықталады:

1. Биоэквиваленттілікпен.

1. Элиминация жылдамдығының константасы

3. Жалпы клиренс.

4. Жартылай элиминация кезеңі.

5. Биожеткіліктік

Тест № 6

Дәрілік заттың жүйелік қан айналымға түспей ағзадан шығарылуы:

1. клиренс

2. жүйе алдылық элиминация

3. жүйелік элиминация

4. экскреция

5. биотрансформация

 

Тест № 7

Д.әрілік заттың жалпы клиренсіне әсер ететін факторлар:

1. енгізілген мөлшердің көлемі.

2. Биожеткілік.

3. биотрансформация жылдамдығы.

4. экскреция жылдамдығы.

5. фильтрация жылдамдығы

Тест № 8

«Таралу көлемі» көрсеткіші:

1. Дәрілік заттың енгізген жерден сіңу жылдамдығы

2. Дәрілік заттың таралу жылдамдығы.

3. Дәрілік заттың ағзадан шығарылған көлемі

4. Қорға жиналған дәрілік заттың көлемі

5. Дәрілік зат таралған сұйықтықтың көлемі

Тест № 9

Биожеткілік 100 %-ке тең болатын енгізу жолы:

2. Сублингвальді (тіл астына)

3. Көк тамырға

4. Тері астына

5. Бұлшық етке

6. Тері ішіне

Тест № 10

Қандағы препараттың концентрациясын екі есе төмендеуіне қажет уақыт:

1. жартылай шығарылу периоды

2. жартылай таралу периоды

3. әсер етудің ұзақтығы

4. латентті период

5. метаболизмнің ұзақтығы

№ 5 Сабақ

Тақырыбы: «Дәрілік заттар фармакодинамикасының негіздері. Фармакодинамиканың анықтамасы және мазмұны».

Мақсаты: Фармакодинамиканың жалпы заңдылықтары туралы білімін қалыптастыру

2. Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1. Дәрілік заттар фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары және фармакологиялық әсерлермен шақырылатын ағзалар мен жүйелер функциясының өзгерістері туралы білімді қалыптастыру.

Коммуникативті компетенция:

1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

7. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

8. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

9. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 30 мин.

· Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Дәрілік заттар фармакодинамикасы, анықтамасы және мазмұны.

2. Біріншілік фармакологиялық реакция (әсер), орналасуы және дәрілік заттардың әсер ету механизмі. Дәрілік заттар әсерінің негізгі принциптері. Арнайы рецепторлар, агонисттер, антагонисттер туралы түсінік.

3. Дәрілік заттар әсерінің түрлері: жергілікті және резорбтивті; тікелей (біріншілік) және жанама (айқас, екіншілік); жалпы жасушалық, таңдамалы және айқын; негізінен және жанама; қайтымды және қайтымсыз; емдік және токсикалық.

4. Фармакотерапия түрлері.

5. Дәрілік заттар фармакодинамикасына әсер ететін негізгі факторлар.

6. Фармакологиялық әсердің дәрілік заттардың қасиеттеріне тәуелділігі және оларды қолдану ерекшеліктері. Дәрілік заттардың химиялық құрылысына және физика-химиялық қасиеттеріне тәуелділігі.

7. Мөлшерлеу түрлері табалдырық (минималды), орташа және жоғары емдік, бір реттік, соққы, тәуліктік, курстық, токсикалық және өлім шақыратын. Емдік әсер кеңдігі туралы түсінік.

8. Дәрілік заттардың оларды қайталап енгізгендегі әсерінің өзгерісі: кумуляция (материалды және функционалды), сенсибилизация, бейімделу, дәрілік тәуелділік (психикалық және физикалық). Дәрілік тәуелділікпен күрестің медициналық және әлеуметтік аспектілері.

9. Аллергиялық табиғатты әсерлер (баяу және жылдам типті аллергиялық реакциялар).

10. Дәрілік заттар әсерінің ағза қасиетіне, жеке ерекшеліктеріне, физиологиялық және патологиялық жағдайына, генетикалық факторларға тәуелділігі.

11. Дәрілік заттар фармакологиялық әсерлерінің қоршаған орта факторларының әсеріне тәуелділігі.

12. Дәрілік заттар әсерінің көрінуіне биоырғақтың әсері. Хронофармакология туралы түсінік.

13. Ағза сезімталдылығының төмендеуімен байланысты әсерлер.

14. Арнайы токсикалық әсерлерінің (эмбриотоксикалық, фетотоксикалық, тератогенді, мутагенді және канцерогенді әсер) көрінісі, генетикалық негізделген әсерлер (идиосинкразия) және т.б.

15. Жасқа байланысты ерекшеліктері.

5. Оқыту әдістері: ауызша сұрау, ситуациялық және нұсқау бойынша тапсырмаларды шешу, тест тапсырмаларын шешу.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, толықтырылған, қайта өңделген Алматы, 2009 – 608 б.

2. Фармакология (Харкевич Д.А.) оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. – 607 б.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 752 б.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- Б. 26 -77

5. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – Б. 7 -31

10. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. /Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005. – Б. 20-40 (задачи 35 -38, задания II - 1 -5)

Қосымша:

1. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

2. Пичхадзе Г.М. Пичхадзе Л.Г. Энциклопедический словарь основных терминов, используемых в фармакологии –Алматы «Ғылым» 2000.

3. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.

4. Клиническая фармакология. /под ред. В.Г. Кукеса.-ГЭОТАР.: Медицина, 1999. – 517 б.

5.Кафедрада оқылатын дәрістер, фармакология кафедрасында басылымға шыққан әдістемелік көрсетулер.

7. Бақылау

Келесі компетенциялар бағаланады: білім

Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау;

Тапсырмаларды тесттік қалыпта орындау.

Өзіндік бақылауға араналған тесттік тапсырмалар

Тест № 1

«Фармакодинамика» түсінігіне не кіреді?

1. Әсер ету механизмі.

2. Ағзада дәрілік заттың өзгеріске ұшырауы.

3. Фармакологиялық әсерлері.

4. Әсерінің орналасуы.

5. Әсер түрлері

 

Тест № 2

Тағамның сапасы әсер етпейді:

1. дәрілік заттың сіңуіне

2. дәрілік заттың биотрансформациясына

3. дәрілік заттың экскреция жылдамдығына

4. жанама әсерлердің дамуына

5. дәрілік заттың әсер ету механизміне

Тест № 3

Барлық тұжырымдар дұрыс, біреуінен басқа:

1. антагонисттердің ішкі белсенділігі жоқ

2. материалдық кумуляция-ағзада дәрілік заттардың жинақталуы

3. абстиненция-дәрілік затқа сезімталдықтың төмендеуі

4. жанама әсерлер дәрілік заттарды емдік мөлшерде қабылдағанда байқалады

5. функционалдық кумуляция-ағзада дәрілік заттың әсерінің жинақталуы

Тест № 4

Дәрілік заттарды қайта енгізгенде қандай құбылыстар дамиды?

1. Бейімделу.

2. Тахифилаксия.

3. Потенцирлеу.

4. Дәрілік тәуелділік.

5. Кумуляция.

Тест № 5

Дәрілік заттарды қайта енгізгенде әсердің төмендуі тән:

1. Материальді кумуляция.

2. Функциональді кумуляция.

3. Бейімделу.

4. Сенсибилизация.

5. Идиосинкразии.

Тест № 6

Дәрілік заттарды қайта енгізгенде әсердің жинақталуы:

1. сенсибилизация

2. функциональді кумуляция

3. бейімделу

4. тахифилаксия

5. материальді кумуляция

Тест № 7

Д.әрілік заттардың әсері тәуелді, барлығы дұрыс:

1. ағзаның жағдайы

2. тәуліктік ырғақтар

3. генетикалық факторлар

4. жынысы

5. әсер ету механизмі

Тест № 8

Екі дәрілік заттарды бірге енгізгендегі байқалатын әсер жеке қолданған дәрілік заттың әсерінен жоғары болса, онда бұл:

1. аддитивті синергизм

2. күшейтілген синергизм

3. синергоантагонизм

4. антидотизм

5. тахифилаксия

Тест № 9

Дәрілік заттарды бірге қолданғанда дамитын көріністер:

1. сенсибилизация

2. синергизм

3. кумуляция

4. бейімделу

5. тахифилаксия

Тест № 10

Бейімделуі механизмінің дамуы байланысты, барлығы дұрыс, біреуінен басқа:

1. метаболизмнің жылдамдауына және бауырдың микросомальдық ферменттерінің индукциялануына

2. нысана мүшелерде арнайы рецепторлар санының азаюы

3. сезімтал рецепторлардың азаюы

4. сіңірілудің жылдамдауы

5. сіңірілудің баяулауы

 

Кредит № 2

№ 1 Сабақ

1. Тақырыбы: «Эфферентті иннервацияға әсер ететін заттар. Холинергиялық заттар»

2.Мақсаты: эфферентті иннервацияға әсер ететін заттар, әсіресе холинергиялық синапсқа әсер ететін заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарының білімін қалыптастыру.

 

3.Оқыту міндеттері:

1. Ацетилхолинді және норадреналинді жүйке қозуының берілуі бар синапсқа әсер ету бағытын ескере отырып, эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілік заттардың жүйелілігін оқу.

2. Әртүрлі локализациясы бар холинорецепторлардың фармакологиялық заттарға сезімталдығын оқу.

3. Нейроэффекторлы синапста бөлінетін медиаторға байланысты вегетативті иннервацияның ерекшеліктерін оқу.

4. Эфферентті иннервацияға әсер ететін заттардың фармакокинетика мен фармакодинамиканың жалпы заңдылықтарымен танысу.

5. Медициналық және дәріханалық жұмыскерлердің және тұрғындардың арасында бағдарламалық жұмысты жүргізуді үйрену.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Эфферентті иннервацияның негізгі медиаторлары

2. Симпатикалық ганглийлердегі дофаминергиялық нейрондар.

3. Дофаминергиялық нейрондарды ынталандырғанда дамитын негізгі әсерлер

4. Перифериялық иннервацияда серотониннің ролі

5. Импульстің берілуі процессінде ацетилхолиннің ролі.

6. Холинорецепторлардың негізгі түрлері мен орналасуы

7. Холинергиялық нейрондардың ынталануы кезінде дамитын негізгі әсерлер

8. Холинергиялық синапсты ынталандыратын заттардың жіктелуі

9. Холинергиялық синапсты тежейтін заттардың жіктелуі

5. Өткізу түрі: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, тест тапсырмаларын орындау, жағдайлық есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс істеу, дискуссиялар, кестелерді, суреттерді сараптау, сызбалардың рольдік ойындары, қорытынды жасау.

 

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – Б. 78 - 81.

3. Фармакология / под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: Гэотар – Мед, 2004. Б. 63-75

4. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцева М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001. Б.31-99

5. Руководство к лабораторным занятиям Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.Б. 126-129

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. М.: Новая волна, 2008. Т.1. – Б. 27-34

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров. Венгеровский А.И. -3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.: Иф «физико-математическая литература», 2006.Б. 224-238

3. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.

4. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-б.782

5. Бороян Р.Г. Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. –М., Медицинское информационное агенство, 2000. –б.422.

6. Базисная и клиническая фармакология. Под ред. Бертрам Г. Катцунг.- М., С-П.: Невский диалект,1998.-т.1 –б. 411-430, т.2 –б. 669

 

7.Бақылау

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

2. Тапсырмаларды тест түрінде орындау.

3. Жағдайлық есептерді шешу.

4. Кестелер мен кроссвордтарды құрастыру.

 


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1890 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.052 сек.)