АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Клофибрат, безафибрат, фенофибрат, гемфиброзил, ципрофибрат

3. Қанда негізінен холестериннің (ТТЛП) және триглицеридтнрдің (ТӨТЛП) - никотин қышқылы

II. Эндотелии тәрізді заттар (ангиопротекторлар) - пармидин

В Атеросклероздың және оның асқынуларының алдын алу үшін антиоксиданттар (токоферол ацетаты, аскорбин қышқылы және т.б.) қолданылады. Олар липидтердің бос радикальды тотығуын ингибирлейді.

Көп жағдайда айқын эффекті жұптастырылған терапия береді:

- статиндер + холестирамин

- гемфиброзил + холестирамин

- никотин қышқылы + колестипол

- никотин қышқылы + статиндер + өт қышқылдарының секвестранттары

- эзетимиб + статиндер

4. Көрнекі материалдар: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрада алады)

5.Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – б. 750

3. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – Б. 7-31.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- Б. 26 – 80.

 

Қосымша:

1. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648б.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006.

3. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ В.Г.Кукес и проф. А.К. Стародубцева.- М.: Издательский дом ГЭОТАР- МЕД., 2004. – 631 б.

4. Метелица В.И. Справочник по клинической фармакологии сердечно-сосудистых лекарственных средств.- 2-ое изд., перераб. и доп.-М.: Издательство БИНОМ – СПб.: Невский Диалект, 2002.- 926б., ил.

5. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.

6. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П., 2002. –Б.524-576

7. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – Пресс, 2002. т. 1-2.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Атеросклерозға қарсы заттардың негізгі топтары.

2. Атерогеннді липопротеиндер.

3. Холестерин синтезінің ингибиторлары.

4. "С еквестранттар " өт қышқылының.

5. Фибраттар.

6. Эндотелии тәрізді заттар

 

Кредит № 5

№ 1 Дәріс

1. Тақырыбы: «Антигипертензивті заттар»

2.Мақсаты: студенттерді антигипертензивті заттардың жіктелуімен, әсер механизмімен және препараттардың салыстырмалы сипаттамасымен таныстыру.

 

3.Дәрістің тезистері:

Антигипертензивті (гипотензивті) заттар – терапевтикалық мөлшерде жүйелі АҚ төмендететін заттар.

I. Жүрек қан тамыр жүесіне адренергиялық иннервацияның ынталандырушы әсерін төмендететін заттар (нейротропты заттар)

1.Ввазомоторлы орталықтардың тонусың төмендететін заттарх - клофелин, гуанфацин, метилдофа, моксонидин, кетансерин

2.Вегетативті ганглилерді тежейтін заттар (ганглиоблокаторлар) - пентамин, гигроний, бензогексоний және т.б.

3. Пресинаптикалық деңгеінде адренергиялық нейрондарды тежейтін заттар (симпатолитиктер) - резерпин

4. Адренорецепторларды тежейтін заттар (адреноблокаторлар)

а. αльфа-адреноблокаторлар:

а) пост- және пресинаптикалық альфа-адренорецепторларды тежейтін заттар - фентоламин, тропафен

б) постсинаптикалық

αльфа1-адренорецепторларды тежейтін заттар - празозин

б. бета-адреноблокаторлар

а бета -1 және -2 адренорецепторларды тежейтін заттар - пропранолол (анаприлин), окспренолол

б) негізінен бета-1 адренорецепторларды тежейтін заттар - атенолол, талинолол, метопролол, және т.б.

в. бета және αльфа-адреноблокаторлар - лабеталол

II. АҚ жүйелі гумморальды реттейтін заттарға

а. ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін заттар

1. ангиотензин II синтезінің ингибиторлары (ангиотензинайналдырушы ферменттің ингибиторы) - каптоприл, эналаприл, лизиноприл, периндоприл және т.б.

2. ангиотензин рецепторларының блокаторлары (АТ1) - лозартан

б. вазопептидаза ингибиторы - омапатрилат

III.Миотропты әсері бар препараттар

1. Ионнды каналдарға әсер ететін заттар

а) кальций каналдарының блокаторлары: фенигидин, дилтиазем, верапамил, исрадипин, никардипин, нимодипин, нитрендипин, амлодипин

б) калий каналдарының активаторлары: миноксидил, диазоксид

2. Азот тотығының донаторлары (NО) - натрия нитропруссиді

3. Әртүрлі препараттар - апрессин, дибазол, магний сульфаты

IV. Су – тұз алмасуына әсер ететін заттар (диуретитери) - дихлотиазид, фуросемид спиронолактон, индапамид и др.

Препараттардың негізгі топтары

• Тыныштандырғыш, транквилизаторлар, ұйықтатқыш заттар (аз дозалары) – негізінен алғашқы кезеңдерде

• Диуретиктер

• β-адреноблокаторлар

• Кальций каналдарының блокаторлары

• Ангиотензин айналдырушы ферменттін ингибиторлары (ИАПФ)

Гипертензивті криздерді басу үшін парентеральды қолданылатын антигипертензивті заттар: нитропруссид натрия, нитроглицерин, эналаприлат, гидралазин гидрохлориді, диазоксид, фентоламин, фуросемид, пентамин, клонидин; пероральды препараттар – клонидин, нифедипин, каптоприл

 

4. Көрнекі материалдар: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрада алады)

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – б. 750

3. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С. 7-31.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- Б. 26 – 80.

 

Қосымша:

1. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 б.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006.

3. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ В.Г.Кукес и проф. А.К. Стародубцева.- М.: Издательский дом ГЭОТАР- МЕД., 2004. – 631 б.

4. Метелица В.И. Справочник по клинической фармакологии сердечно-сосудистых лекарственных средств.- 2-ое изд., перераб. и доп.-М.: Издательство БИНОМ – СПб.: Невский Диалект, 2002.- 926б., ил.

5. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.

6. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П., 2002. –С.524-576

7. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – Пресс, 2002. т. 1-2.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Антигипертензивті заттардың негізгі топтары.

2. Орталықтан әсер ететін нейротропты заттар.

3. Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін затта.

4. Су- тұз алмасуына әсер ететін заттар.

5. Гипертониялық кризді басу үшін қолданылатын заттар.

 

 

№ 2 Дәріс

1. Тақырыбы: «Несеп шығару жүйесіне әсер ететін заттар. Зәр айдайтын заттар»

2. Мақсаты: студенттерді несеп шығару жүйесіне әсер ететін және зәр айдайтынзаттардың жіктелуімен, әсер механизмімен және препараттардың салыстырмалы сипаттамасымен таныстыру.

 

3.Дәрістің тезистері:

Зәр айдайтын заттар (диуретиктер) – ағза қуыстарынан және тіндерінен сұйықтықтын шығуын және су мен тұздың зәрмен шығуын күшейтетін дәрілік заттарды айтады

Практикалық медицинада зәр айдайтын заттарды кеңінен қолданылады. Көбінесі әртүрлі генезді ісіктерде сұйықтықты организмнен шығару үшін, артериальды қысымды төмендету үшін, жеке препараттары – химиялық заттармен уланғанда элименацияны жылдамдату мақсатында қолданылады.

ЖІКТЕЛУІ

- ӘСЕР механизмІ ЖӘНЕ химиЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША

I. Бүйрек шумақшаларының эпителиясына тікелей әсер көрсететін диуретиктер. Сульфаниламидті группировкасы бар заттар

а) Т и а з и д тер: Гидрохлотиазид Циклометиазид Бендрофлютиазид Гидрофлюметиазид Циклотиазид Метилхлотиазид Политиазид

б) Әртүрлі құрылымды заттар («тиазид емес»): Фуросемид Азасемид Торасемид Пиретанид Буметанид Клопамид Оксодолин Диакарб

1. Дихлорфеноксисірке қышқылының туындылары

Этакрин қышқылы Индакринон (жаңа препарат)

2. Ксантиндер: Эуфиллин

3. Птеридин туындылары: Триамтерен

4. Пиразиноилгуанидин туындылары: Амилорид

5. Квиназолондар – метолазон, квинетазон

6. Хлорбензамидтер – индапамид (арифон, арифон-ретард)

7. Феноксиацетил қышқылы – тиенило қышқыл, тикранафен

II. Альдостерон антагонистері: Спиронолактон

III. Осмотикалық белсенді диуретиктер: Маннит Мочевина

IY. Қышқыл түзушілер: Аммоний хлориді

- ӘСЕРІНІҢ ОРНАЛАСУЫ БОЙЫНША

1. Бүйректің шумақтық аппаратына әсер ететін затта: Ксантиндер (эуфиллин) Осмотикалық диуретиктер Фуросемид

Проксимальды бүйрек шумақшаларына әсер ететін заттар: Эуфиллин Диакарб

2. Генле ілмегінің өрлемелі бөлігіне әсер ететін заттар («ілмектік диуретиктер») (өңе бойына на): Фуросемид Азасемид Торасемид Буметанид

Этакрин қышқылы

3. Дистальды шумақтардың негізінен бастапқы бөлігіне әсер ететін заттар (Генле ілмегінің өрлемелі бөлігінің кортикальды аймағы): Гидрохлотиазид Циклометиазид Клопамид Оксодолин Метолазон Индапамид Тиенил қышқылы Тикранафен

3. Жинағыш түтүкшеге және дистальды шумақшалардың соңғы бөлігіне әсер ететін заттар («калиймагнийсақтаушы» диуретиктер): Триамтерен Амилорид Спиронолактон

4. Бүйрек шумақшаларының өңе бойына әсер ететңн заттар (проксим. шмақшалар): Маннит Мочевина

- К + шығарылуына байланысты

1. Калий шығарушы диуретиктер – тиазидтер, ілмектік диуретиктер, осмотикалық диуретиктер

2. Калийсақтаушы диуретиктер – спиронолактон, амилорид, триамтерен

- ӘСЕР ЕТУ КҮШІ БОЙЫНША

1. Күшті диуретиктер – ілмектік диуретиктер

2. Орташа күшті – гидрохлортиазид, циклометиазид, клопамид, оксодолин

3. Әлсіз – диакарб, калийсақтаушы диуретиктер, осмотикалық диуретиктер.

 

4. Көрнекі материалдар: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрада алады)

5. Әдебиет:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – б. 750

3. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – б. 7-31.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- б. 26 – 80.

 

Қосымша:

1. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 б.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006.

3. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ В.Г.Кукес и проф. А.К. Стародубцева.- М.: Издательский дом ГЭОТАР- МЕД., 2004. – 631 б.

4. Метелица В.И. Справочник по клинической фармакологии сердечно-сосудистых лекарственных средств.- 2-ое изд., перераб. и доп.-М.: Издательство БИНОМ – СПб.: Невский Диалект, 2002.- 926б., ил.

5. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.

6. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П., 2002. –б.524-576

7. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – Пресс, 2002. т. 1-2.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Бүйрек шумақшаларының эпителиясының қызметіне тікелей әсер ететін заттар.

2. Құрамында сульфаниламидті группировкасы бар заттар - Тиазидтер

3. Құрамында сульфаниламидті группировкасы бар заттар - Әртүрлі құрылымды заттар («тиазид емес»)

4. Альдостерон антагонистері.

5. Осмотикалық белсенді диуретиктер.

6. Калийсақтаушы диуретиктер.

 

 

№3 дәріс

1.Тақырыбы:«Микробқа қарсы заттар. Антисептикалық және дизенфекциялаушы заттар»

2.Мақсаты: Студенттерді антисептикалық және дизенфекциялаушы заттардың жіктелуімен, әсер механизмімен және препараттардың сипаттамаларымен таныстыру.

 

3.Дәріс тезисі:

Антисептикақ заттар - әдетте жабын тіндерге (теріге,шарышты қабаттарға) сыртқа жағуға пайдаланылады. Кейбір антисептиктерді асқазан-ішек жолында ж/е зәр шығару жолдарында орналасқан микроорганизмдерге әсер ету үшін қолданылады. Олар концентрациясына байланысты бактериостатикалық немесе бактерицидтік әсер етеді.

Дезинфекциялаушы заттар - медициналық құрал-жабдықтарды, аппараттарды, бөлмелерді, науқастың бөлінділерін ж/е пайдаланған ыдыстарын залалсыздандыруға қажет. Олар бактерицидтік концентрацияда инфекция таралуының алдын алуға қолданылады. Микробтарға қарсы белсенділігін анықтайтын жағдайлар.

Антисептиктер мен дезинфекциялаушы заттарға қойылатын талаптар, жіктелуі.

Антисептиктер мен дезинфекциялаушы заттардың сипаттамалары:

ЖІКТЕЛУІ (шығу тегі, химиялық құрылысы және әсер механизміне байланысты)

Галоген құрылысты қосылыстар: хлор препараттары (хлор әгі, хлорамин Б), йод препараттары (йодтың спиртті ерітіндісі,Люгол ерітіндісі, йодинол, йодоформ)

Тотықтырғыштар: сутегінің асқын тотығы, калий перманганаты

Қышқылдар ж/е сілтілер бор қышқылы, аммиак ерітіндісі

Металл қосылыстары: сынап препараттары - сынап дихлориді, сынап оксицианиді, сынаптың сары тотығы; мыс препараттары - мыс сульфаты; күміс препараттары - күміс нитраты, колларгол, протаргол; мырыш препараттары – мырыш тотығы, мырыш сульфаты; висмут препараттары- дерматол, ксероформ

Фенол ж/е оның туындылары: таза фенол, лизол, резорцин, қайың қарамайы.

Альдегидтер және спирттер: формальдегид ерітіндісі, этил спирті

Бояғыштар: бриллиант жасылы, этакридин лактаты

Нитрофуран туындылары: фурацилин

Детергенттер: церигель, роккал, этоний

Бигуанидтер: хлоргексидин

Әртүрлі антибактериальды заттар: лизоцим, календула тұнбасы, натрий уснинаты, новоиманин

 

4. Көрнекі материалдар: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрада алады)

5. Әдебиет:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 – Б.750

3. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. -Б.91-98

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004. -Б.192-203.

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – М., 2007. -1206 б.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – Б.208 – 239.

3. Базисная и клиническая фармакология /под ред. Бертрама Г. Катцунга. – С.-П., 1998,т.1.

4. Красильников А.П. Справочник по антисетике. Минск, 1995.

5. Гудькова Е.И., Красильников А.П. Контроль за микробной контаминацией антисептиков дезинфектантов. Лаб. дело, 1991, № 1.

6. Красильников А.П. и др. Современные проблемы антисептики. Здравоохр. Белоруссии, 1990, № 11.

7. Лужников Е.А., Костомарова Л.Г. Острые отравления: Руководство для врачей. 2-е изд., переработанное и дополненное. –М.: Медицина, 2000. – 434 б.

8. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002. -782 б.

 

6.Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттарға қойылатын талаптар.

2. Құрамы галогеннен тұратын антисептикалық және дезинфекциялаушы заттарды атау.

3. Тотықтырғыштар тобының антисептикалық және дезинфекциялаушы заттарының әсер ету механизмін атау.

 

№4- 5 Дәріс

1.Тақырыбы: «Химиотерапиялық заттар. Антибактериалды заттар. Антибиотиктер»

2.Мақсаты: студенттерді антибактериалды заттардың (антибиотиктердің) жіктелуімен, әсер ету механизмі және сипаттамасымен таныстыру.

 

3. Дәріс тезисі:

Антибиотиктер биологиялық және синтетикалық текті химиялық қосылыстар болып табылады, олардың бактериостатикалық және бактерицидтік әсер көрсететін қабілеті бар. Антибиотиктерді алыну көзі бойынша биосинтетикалық, жартылай синтетикалық және синтетикалық препараттарға бөледі. Антибиотиктер микробтарға қарсы әсер ету спектрі бойынша бөлінеді. Олардың кейбіреулері грамоң микроорганизмдерге айрықша әсер көрсетеді, екіншілері грамтеріс бактериялар жөнінде тиімді препараттар (азтреонам, полимиксиндер). Сонымен қатар, көптеген антибиотиктердің әсер ету спектрі кең (тетрациклиндер, левомицетин, цефалоспориндер, аминогликозидтер). Оларға грамоң, грамтеріс бактериялар, сонымен қатар басқа да жұқпалы аурулар қоздырғыштары жатады.

I.Құрылымы бета-лактамды сақинадан тұратын антибиотиктер


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 965 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.021 сек.)