АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тесттік тапсырмалар. Тест 1. М-холинорецепторлар орналасқан:

Прочитайте:
  1. Тест тапсырмалары
  2. Тест тапсырмалары
  3. Тест тапсырмалары
  4. Тест тапсырмалары
  5. Тест тапсырмалары
  6. Тест тапсырмалары
  7. Тест тапсырмалары
  8. Тест тапсырмалары
  9. Тест тапсырмалары
  10. Тест тапсырмалары

Тест 1. М-холинорецепторлар орналасқан:

1. Холинэргиялық жүйке ұштарында эффекторлы мүшелердің клеткаларында

2. Симпатикалық ганглийлердің нейрондарында

3. Парасимпатикалық ганглийлердің нейрондарында

4. Қаңқалық бұлшықеттердің клеткаларында

5. Бүйрек үсті безінің милы қабатының хромафинді клеткаларында

Тест 2.Глаукомада қолданылады:

1. атропин

2. пилокарпин

3. скополамин

4. ипратропий бромиді

5. метацин

Тест 3М-холинорецепторларды ынтыландыратын препараттар:

1. платифиллин

2. ацеклидин

3. атропин

4. пилокарпин

5. галантамин

Тест 4. М-холиноблокаторлардың жанама әсерлері:

1. гиперсаливация

2. брадикардия

3. миоз

4. обстипация

5. диарея

Тест 5. Атриовентрикулярлы өткізгіштікті тежейтін препараттар:

1. платифилин

2. ацеклидин

3. атропин

4. метацин

5. ипротропий бромиді

Тест 6.

М-холиномиметиктерді қолдануға көрсеткіштер:

1. бүйректік шаншу

2. брадиаритмия

3. глаукома

4. бронх демікпесі

5. жүрек жетіспеушілігі

Тест №7.

Сәйкестендіріңіз

Тобы:

1. М-холиномиметиктер

2. М-холиноблокаторлар

Препараттар:

А) ацеклидин

Б) платифиллин

В) пилокарпин

Г) метацин

Д) атропин

Ответы: 1……., 2…….

Тест №8.

Атропин қарсы көрсетілген:

1. гиперсаливация

2. атриовентрикулярлы өткізгіштіктің бұзылысы

3. обстипация

4. брадикардия

5. бронхоспазм

Тест 9.Ішектің шаншуында қолданылады:

1. пилокарпин

2. ацетилхолин

3. платифиллин

4. ацеклидин

5. карбахолин

Тест 10.Сәйкестендіріңіз

Препараттар:

1. Прозерин

2. Платифиллин

3. “Аэрон” таблеткалары

4. Ипротропий бромиді

Көрсеткіштер:

А. Бүйректік және бауырлық шаншулар, гипертониялық ауруды емдеу үшін

Б. Вестибулярлы аппараттың бұзылысына байланысты дамыған құсу

В. Брохоспазм

 

Ескерту: Тесттік тапсырманың жауаптары оқытушыда.

Сабақ № 3

1. Тақырыбы: «Н-холинергиялық заттар»

2. Сабақтың мақсаты: Н-холинергиялық заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтар білімін қалыптастыру, олардың қолдануға көрсеткіштерін және жанама әсерлерін игеру, Н-холинергиялық заттарға және холинэстеразаға қарсы заттарға рецепт жазуды білу.

3. Оқыту міндеттері:

1. Н-холинергиялық заттар мен холинэстеразаға қарсы заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтарын оқып білу.

2. Дәрілік заттардың қасиеттерін біле отырып оларды қолдануға мүмкіншіліктерін оқып білу.

3. Н-холинергиялық заттар мен холинэстеразаға қарсы заттардың негізгі қолдануға көрсеткіштерін, қарсы көрсеткіштерін, жағымсыз жанама әсерлерін, оларды алдын алуды оқып білу.

4. Осы топтың негізгі препараттарының түрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазуды білу.

5. Рецепттерді сараптауды және коррекция жүргізуді, мөлшерлерді бағалауды, препараттарды алмастыруды үйрену.

6. Тиімді және қауіпсіз фармакотерапияны алу үшін Н-холинергиялық заттар мен холинэстеразаға қарсы заттарды басқа препараттармен өзара байланысуын бағалауды үйрену.

7. Топ препараттарының жаңа өкілдерімен, олардың кең қолданылатын синонимдерінен артықшылықтарымен таныс болу.

8. Медициналық және дәріханалық жұмыскерлердің және тұрғындардың арасында бағдарламалық жұмысты жүргізуді үйрену.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Н-холинергиялық заттардың жіктелуі.

2. Н-холиномиметикалық заттар. Синокаротидті аймақтың, бүйрекүсті безінің вегетативті ганглийлері мен милы қабаттың Н-холинорецепторларына әсері.

3. Н-холиномиметиктердің негізгі әсерлері. Қолдануға көрсеткіштер.

4. Никотиннің улы әсері.

5. Шылым шегу мен онымен күрес. Н-холиномиметиктерді шылым шегумен күресте қолданылуы.

6. Н-холиноблокаторлық заттар. Жіктелуі.

7. Ганглиоблокаторлар, орналасуы, әсер ету механизмі.

8. Ганглиоблокаторлардың химиялық құрылысы бойынша және әсер ету ұзақтығы бойынша жіктелуі.

9. Ганглиоблокаторлардың негізгі фармакологиялық әсерлері.

10. Ганглиоблокаторлардың салыстырмалы сипаттамасы.

11. Ганглиоблокаторлардың қолдануға көрсеткіштері мен жанама әсерлері.

 

5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды және жағдайлық есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс істеу, кестелерді, суреттерді және сызбаларды сараптау, қорытынды жасау, рецепттерді жазу және талдау, бір реттік мөлшерін есептеу.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

3. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2008. Б. 182-192

4. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2006. Б. 179-189

5. Фармакология / под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: Гэотар – Мед, 2004. Б. 167-178

6. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцева М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001. Б.127-132

7. Руководство к лабораторным занятиям Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.Б. 125-129

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Мед. 2007.– 1200 б.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

3. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ Кукес В.Г. и проф. Стародубцев А.К.- М.: Издательский дом ГЭОТАР – МЕД., 2004. – 631б.

4. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. б.

6. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000.

7. Бороян Р.Г Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. – М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422. б.

8. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. б.

9. Кафедрада оқылатын дәрістер

 

Бағдарламалық препараттар: бензогексоний, азаметоний бромиді (пентамин), гигроний, пирилен, цититон, лобелина гидрохлорид.

 

Рецепт жазуға арналған препараттар: бензогексоний, цититон

7.Бақылау:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

2. Негізгі Н-холинергиялық заттарға рецепт жазу және талдау жасау. Талдауда тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсеткіштерін, жанама әсерлерін жазу. Препаратты фармакотерапиялық аналогқа алмастыру.

3. Тесттік түрде тапсырмаларды орындау.

 

 


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 625 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.008 сек.)