АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Когнитивті компетенция

Прочитайте:
  1. Когнитивті компетенция
  2. Когнитивті компетенция
  3. Когнитивті компетенция
  4. Когнитивті компетенция
  5. Компетенция органов местного самоуправления в сфере управления муниципальной собственностью
  6. Операционалды компетенция
  7. Операционалды компетенция

1. Фармакология пәнінің міндеттерімен және пән туралы білімді қалыптастыру.

2. Фармакологияның даму тарихы мен жетістіктері туралы түсінікті қалыптастыру.

3. Рецепт рәсімдеу және рецептуралық жазбалар құрастырудың жалпы принциптерін, әртүрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазуды және дәрілік заттың концентрациясы мен мөлшерін есептей білуге үйрету;

4. Дәрілік қалыпты және дәрілік затты тағайындау әдістерін таңдауға үйрету;

Операционалды компетенция

1. Қатты және жұмсақ дәрілік қалыптарға рецепт жазу дағдыларын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін білуді қалыптастыру.

3. Рецептке талдау жасау және түзете білуді қалыптастыру

Коммуникативті компетенция:

1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Құқықытық компетенция:

1. Құқықтық білім мен дағдыларды қалыптастыру: рецепт жазуды реттейтін негізгі заңдар.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 30 мин.

· Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Фармакология пәні және оның міндеттері.

2. Фармакологияның даму тарихы. Фармакология дамуының жетістіктері мен болашағы.

3. Мемлекеттік фармакопея, оның мазмұны мен мәні.

4. Фармакологиялық комитет, оның мәні мен қызметі.

5. Дәріхана, оның құрылымы, мәні, дәрілік препараттарды сақтау.

6. Рецепт және оның құрылымы, белгілеулері, қысқартулар. Рецепт құрастырудың жалпы ережелері.

7. Рецептуралық бланк түрлері.

8. Улы, күшті әсер ететін наркотикалық заттар мен мастандыратын әсері бар препараттарға рецепт жазу ерекшеліктері.

9. Дәрілік қалыптар және олардың жіктелуі.

- Қатты дәрілік қалыптар:

А. Ұнтақтар, жалпы сипаттамасы, ұнтақтардың жіктелуі, қарапайым және күрделі, бөлінген және бөлінбеген ұнтақтарға рецепт жазу ережелері, балауыз қағаздағы өсімдік тектес ұнтақтар;

Б. Капсулалар, олардың қолданылуы, түрлері, рецепт жазу ережелері, микрокапсула, глютоидты капсула, спансула туралы түсінік;

В. Таблеткалар, жіктелуі, артықшылықтары, рецепт жазу ережелері.

Г. Драже, ерекшеліктері, артықшылықтары, рецепт жазу ерекшеліктері.

Д. Гранулалар, түсінігі, рецепт жазц ерекшеліктері.

Е. Карамелдер, пилюлалар, пастилкалар, көзге арналған жабындылар

10. Жұмсақ дәрілік қалыптар:

А. Жағылма, жалпы сипаттамасы, жағылма негіздері, жазба түрлері - толық және қысқартылған (%-бен), официналды жағылмалар.

Б. Пасталар, құрамы және қолданылуы, жағылмалардан айырмашылығы, толық және қысқартылған түрде жазба жазу ережелері.

В. Суппозиторийлер, жалпы сипаттамасы, олардың құрамы, жазба варианттарының қасиеттері.

Г. Таяқшалар, пластырлар, жалпы түсінік

5. Оқу және оқыту әдістері: ауызша сұрау, рецепт жазу және жазылған рецепттерді түзету.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, толықтырылған, қайта өңделген Алматы, 2009 – 608 б.

2. Фармакология (Харкевич Д.А.) оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. 607 б.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 752 б.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- Б. 26 -77

5. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – Б. 7 -31

6. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. /Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005. – Б. 20-40 (задачи 35 -38, задания II - 1 -5)

Қосымша:

1. ҚР ДСМ 2009 жылдың 16 қарашасындағы № 711 бұйрығы

2. ҚР ДСМ 2005 жылдың 07 сәуіріндегі № 173 бұйрығы

3. ҚР Фармакопеясы 2007 ж.

4. Кафедрада басылымға шыққан оқу құралдары

7. Бақылау: Бағаланатын компетенциялар: операционалды компетенция

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау;

2. Тест тапсырмалары

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар

Тест №1

«Nomen medici» термині нені білдіреді:

1. Дәрігердің дәрілік затты алу жөніндегі фармацевтке ұсынысы.

2. Дәрілік заттардың тізімі.

3. Дәрілік заттардың дозалары.

4. Қолдану әдістері туралы ұсыныс.

5. Дәрігердің қолы мен мөрі.

Тест № 2

Рецепттің қандай реттілікпен жазылатындығын көрсетіңіз

1. Signatura

2. Designstio materiarum

3. Inscriptio

4. Subscriptio

5. Praepositio

6. Nomen medici

 

Тест № 3

«Basis» термині нені білдіреді?

1. негізгі фармакологиялық әсер көрсететін зат

2. дәмін дұрыстайтын зат

3. қалып беретін зат

4. дәрілік заттың сіңуін жақсартатын зат

5. дәрілік заттың бұзылуын алдын алатын зат

Тест №4

Дәріханадан дәріні тез дайындау және шығару қажет болған жағдайда рецепте көрсетіледі:

1. cito

2. ana

3. misce

4. verte

5. repetatur

Тест №5

«Da in capsulis gelatinosis» термині нені білдіреді:

1. желатинді капсулада бер

2. қабылдау жолы

3. дәрілік заттың қалпы

4. балауызды қағазда бер

5. емдік әсер көрсететінін

Тест №6

Corrіgens-:

1. дәріге қалып беретін зат

2. иісі немесе дәмін дұрыстайтын зат

3. дәрілік заттың сіңуін жақсартатын зат

4. дәрілік заттың бұзылуын алдын алатын зат

5. емдік әсер көрсететін зат

Тест №7

Мөлшерленген дәрілік қалып:

1. таблетка

2. жағылма

3. паста

4. тұнба

5. тұндырма

Тест №8

Жұмсақ дәрілік қалып:

1. ұнтақ

2. таблетка

3. капсула

4. гранула

5. паста

 

Тест №9

Доза дегеніміз не:

1. салмақты көлемдік немесе биологиялық бірлікпен көрсетілген дәрілік заттың саны

2. препаратты қабылдау саны

3. қабылдау әдісі

4. тәулік ішінде шығарылатын дәрілік заттың мөлшері

5. рецепторлармен байланысқанда дамитын әсер

Тест №10

«Constituens» термині нені білдіреді?

1. негізгі заттың әсерін күшейтетін зат

2. жанама әсерлерді азайтатын зат

3. қалып беретін зат

4. дәмді дұрыстайтын зат

5. қабылдау түрі

 

 

2 Сабақ

1. Тақырыбы: «Сұйық дәрілік қалыптар (жалғасы)»

2. Мақсаты: сұйық дәрілік қалыптарға рецептуралы жазба құрастыру мен рәсімдеудің жалпы принциптерін үйрету, инъекцияға арналған дәрілік қалыптар, дозаларын есептеу, оларға түзету енгізу.

3. Оқыту міндеттері:


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 827 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.01 сек.)