АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тест тапсырмалы

№ 1 тест

Дәрілік заттардың биотрансформациясы әдетте метаболиттер мен конъюгаттардың түзілуіне алып келеді, олар:

1. Бүйрек каналшаларында нашар реабсорбцияланады.

2. Бүйрек каналшаларында жақсы реабсорбцияланады.

3. Ішектен нашар сіңіріледі.

4. Ішектен жақсы сіңіріледі.

5. ағзадан тез шығарылады.

 

№ 2 тест

Полярлы дәрілік заттар:

1. Энтералді негізгенде нашар сіңіріледі.

2. ГЭТ нашар өтеді.

3.негізінен метаболит пен конъюгат түрінде бөлінеді.

4. Бүйректе жеңіл реабсорбцияланады.

5. Бүйрек арқылы өзгермеген түрде жақсы шығарылады.

 

№ 3 тест

Ішке енгізілгенде дәрілік заттардың сіңірілу дәрежесі:

1. Клиренс.

2. Биожеткіліктілік.

3. Ионизация константасы.

4. «Жартылай өмір сүру уақыты» (жартылай элиминация).

5. Таралу көлемі.

 

№ 4 тест

Дәрілік заттың қан сарысуы белоктарымен байланысуы:

1. оның таралу көлемін төмендетеді.

2. оның таралу көлемін арттырады.

3. оның таралу көлеміне әсер етпейді.

 

№ 5 тест

Биотранс­формация жолымен дәрілік заттың элиминациясы көрсеткішпен анықталады:

1. Метаболикалық клиренс.

2. Ионизация константасы.

3. Экскре­торлы клиренс.

4. Жартылай элиминация уақыты.

 

№ 6 тест

Дәрілік затты қайталап енгізуге деген құштарлық тән:

1. Кумуляцияға.

2. Тахифилаксияға.

3. Дәрілік тәуелділікке.

4. Бейімделуге.

5. Идиосинкразияға.

 

№ 7 тест

Дәрілік заттарды жұптастырып енгізгенде туатын көріністер қандай?

1. Әсерінің жинақталуы.

2. Антагонизм.

3. Потенцирлену.

4. Сенсибилизация.

5. Бейімделу.

 

№ 8 тест

Туа біткен даму ақауларына алып келетін жүктілік кезіндегі дәрілік заттардың әсері қандай терминмен белгіленеді?

1. Мутагенді әсер.

2. Фетотоксикалық әсер.

3. Терато­генді әсер.

4. Эмбриотоксикалық әсер.

5. Канцерогенді әсер.

 

№ 9 тест

Дәрілік заттарды жұптастырғанда анықталады:

1. Дәрілік заттардың әсерінен микросомалды ферменттердің әсері өзгереді.

2. жұптастырып қолданғанда дәрілік заттың әсері әлсірейді.

3. Дәрілік заттар жанама әсерлер көрсетпеуі мүмкін.

4. Екі заттың салыстырмалы тиімділігі туралы олардың ӘТ50 бойынша анықтайды

5. толық агонисттер жартйлай агонисттерден ішкі белсенділігінің жоғарылығымен ерекшеленеді.

 

№ 10тест

Дәрілік заттардың фармакокинетикалық типті әсерлесуіне олардың келесі сатылардағы әсерлері жатады:

1. Енгізген жерде сіңірілуі.

2. Қан сарысуы белоктарымен байланысуы.

3. Биотрансформация.

4. Арнайы белоктармен байланысуы.

5. Ағзадан шығарылуы.

 

№ 11 тест

Дәрілік заттардың фармакодинамикалық өзара әсерлесуіне кіреді:

1. Рецептор деңгейінде әсер етуі.

2. Жасуша деңгейінде әсер етуі.

3. Ағза деңгейінде әсер етуі.

4. Физиологиялық жүйелер деңгейінде әсер етуі.

5. Бір шприцте араластыру кезінде өзара әсерлесуі.

 

№ 12тест

Құрамында темір, кальций, магнийі бар препараттар антибиотиктердің АІЖ сіңірілуіне қалай әсер етеді?
1. Арттырады.

2. Төмендетеді.

3. Әсер етпейді.

4. Бұрмалайды.

5. Адсорбциялайды.

 

№ 13 тест

АІЖ-нан дәрілік заттардың сіңірілуін қандай заттар ішек қуысындағы осмостық қысымды арттыра отырып төмендетеді?

1. Адсорбенттер.

2. Анионалмасулық шайыр.

3. Тұзды іш айдағыштар.

4. Комплексондар.

5. қармаушы заттар

 

№ 14 тест

Жергілікті анестезия кезінде жергілікті анестетиктердің ерітіндісіне қандай мақсатпен адреналин енгізіледі?

1. Енгізілген жерден препараттың сіңірілуін азайту үшін.

2. Жүрек қызметін ынталандыру үшін.

3. Бронхоспазмның алдын алу үшін.

4. АҚ жоғарылату үшін.

5. АҚ төмендету үшін.

 

№ 15тест

Деполяризациялық емес кураре тәрізді заттардың антагонисттері болып табылатын препараттар?

1. М-холиномиметиктер.

2. М-холиноблокаторлар.

3. Ганглиоблокаторлар.

4. Антихолинэстеразды заттар.

5. Адреномиметиктер

№ 4 Сабақ

1. Тақырыбы: «Фармакогенетика, хронофармакология, дәрілік заттарды зерттеудің негізгі сатылары»

2. Мақсаты: фармакогенетика, хронофармакология, жалпы фармакология және жалпы рецептура бойынша студенттердің білімін жинақтау.

 

3. Оқыту міндеттері: проверить уровень овладения студентами теоретических положении по темамфармакогенетика, хронофармакология, основные этапы исследования лекарственнызхь веществ.

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Дәрілік заттарды алу көздері.

2. Жаңа дәрілік заттарды алу сатылары.

3. Дәрілік заттарды химиялық жолмен синтездеу жолдары.

4. Дәрілік заттарды клиникаға дейінгі сынау.

5. Клиникалық сынау түрлері, кезеңдері.

6. Дәрілік заттардың биоэквиваленттілігін зерттеу.

7. Дәрілік препараттарды тіркеу.

8. Хронобиология, хрономедицина, биоритмология түсініктері.

9. Хронофармакология міндеттері.

10. Хрономедицина және оның бөлімдері.

11. Хронотерапия және оның принциптері.

12. Биологиялық ырғақ тербелістердің негізгі сипаттамалары (кезеңдері, амплитудасы, акрофаза, минифаза)

13. Дәрілік препараттарға сезімталдылықтағы генетикалық факторлардың рөлі.

14. Хармакогенетика мақсаты мен міндеттері.

15. Ағзаның генетикалық негізделген патологиялық жағдайларына дәрілік заттардың әсері.

16. Жаңа дәрілік заттарды іздестіру және ашу.

17. Дәрілік заттарды бағалау әдістемесінің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері. Жаңа препараттардың шығарылуын реттейтін мемлекеттік мекемелер.

18. Дәрілік заттарға рецепт жазу және оларды жіберу ережелері туралы норматив тік құжаттар.

19. Дәрілік заттарды алу әдістері.

20. Мемлекеттік және халықаралық фармакопея, және оның мазмұны мен тағайындалуы.

21. Дәрілік заттар әсерінің көрінуіне биоырғақтың әсері. Хронофармакология туралы түсінік.

22. Дәрілік заттардың жағымсыз (теріс) әсерлерінің түрлері: аллергиялық емес жанама әсерлері, препаратты үлкен дозада қолданумен байланысты уытты әсері.

23. Жағымсыз аллергиялық әсерлер (баяу және дереу типті аллергиялық реакциялар).

 

5. Оқыту әдісі: ауызша сұрау, ситуациялық есептер және нұсқау бойынша тапсырмаларды шешу.

 

6. Көрнекі материалдары: кестелер, схемалар, суреттер.

 

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.-Б. 39 -81

2. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- Б.26 -77

3. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – Б. 7-31

4. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. /Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005. – Б.20-40

 

Қосымша:

1. Сычев Д.А., Раменская Г.В., Игнатьев И.В., Кукес В.Г. Клиническая фармакогенетика: Учебное пособие / Под ред. Академика РАМН В.Г. Кукеса и академика РАМН Н.П. Бочкова. –М.: ГЭОТАР-Медиа,2007.-248 б.: ил.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

3. Середин С.Б. лекции по Фармакогенетике., М.: МИА, 2004. – 303 б.

4. Пичхадзе Г.М., Пичхадзе Л.Г. Энциклопедический словарь основных терминов, используемых в фармакологии –Алматы, «Ғылым», Б- 2000

5. Лильин Е.Т. Введение в современную фармакогенетику. –М.: Мед. 1984. 160 б.

6. Скакун Н.П. Клиническая фармакогенетика. –Киев: Здоровье. -1981. – 200 б.

7. Кафедрада шығарылатын оқу құралдары..

7. Бақылау:

1. «Жалпы рецептура. Жалпы фармакология» бөлімі бойынша ауызша сұрау

2. Әртүрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазу

3. Тесттік тапсырмалар

 

 

№ 5 Сабақ

1. Тақырыбы: «Жалпы рецептура. Жалпы фармакология бөлімдері бойынша аралық бақылау»

2. Мақсаты: жалпы фармакология және жалпы рецептура бойынша студенттердің білімін қорыту.

 

3. Сабақтың мақсаты: студенттердің берілген бөлімдер бойынша теориялық және практикалық қалыптарды игеру деңгейін тексеру

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Фармакология анықтамасы, оның құрасмдас бөліктері, басқа медико-биологиялық пәндер арасында алатын орны. Фармакологияның қысқаша тарихы. Токсиколдогияның даму тарихы (эксперименталды токсикологияның тууы және дамуы).

2 Мемлекеттік және халықаралық фармакопея, оның мазмұны және мәні.

3. Түсініктері: дәрі, дәрілік зат, дәрілік қалыптар, дәрілік препарат, дәрілік шикізат.

4. Дәріхана, құрылымы, мәні, дәрілік препараттарды сақтау.

5. Рецепт және оның құрамы. Рецепт құрастырудың жалпы ережелері. Рецептуралық бланк түрлері.

6. Дәрілік қалыптар: қатты дәрілік қалыптар: ұнтақ, таблеткалар, гранулалар, карамелдер, пастилкалар. Олардың жіктелуі, рецепт жазу ережелері және оларды түзету.

7. Жұмсақ дәрілік қалыптар: жағылма, паста, суппозиторий, таяқшалар. Ерекшеліктерінің жалпы сипаттамасы және дайындау әдістері, рецептуралық жазбалар нұсқасы, оларды түзету.

8. Сұйық дәрілік қалыптар: ерітінділер, жалпы сипаттама, рецепт жазу ережелері.

9. Тұндырмалар мен қайнатпалар. Дайындау ерекшеліктері, жалпы сипаттама. Рецепте тұндырмалар мен қайнатпаларды жазу ережелері.

10. Тұрынды, сығынды. Жалпы сипаттама, дайындау ерекшеліктері, олардың тұндырмалардын айырмашылықтары. Жай және күрделі тұрындылар, оларды мөлшерлеу, рпецепте жазу ережелері.

11. Эмульсия, жалпы сипаттама, ішке қабылдауға арналған және ингредивті эмульсиялар, толық және қысқартылған жазба түрінде рецепт жазу, официналды эмульсиялар.

12. Жаңа галенді препараттары, олардың галенді препараттардан айырмашылығы, рецепт жазу ерекшеліктері.

13. Суспензия, сипатамасы, қабылдау әдістері, рецептте жазу ережелері.

14. Микстуралар, жалпы сипаттама, жартылай қысқартылған және толық түрде рецепт жазу ережелері.

15. Линименттер, олардың жағылмалардан айырмашылығы, жазба түрлерін рецепте жазу ережелері.

16. Аэрозолдер, түсінігі, рецепте жазу ережелері.

17. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптарға қойылатын негізгі талаптар, шығарылу қалыптары, рецептте жазу ережелері.

18. Фармакология анықтамасы, мақсаты мен міндеттері.

19. Дәрілік заттар фармакокинетикасы, анықтамасы және мазмұны.

20. Ағзаға дәрілік заттарды енгізу жолдары.

21. Әртүрлі жолдармен енгізілген дәрілік заттардың сіңірілуі. Негізгі сіңірілу механизмдері, оларға әсер ететін факторлар.

22. Ағзада дәрілік заттың таралуы, оған әсер ететін факторлар.

23. Биологиялық барьерлер. Дәрілік заттардың тасымалдануы. Қорға жиналуы.

24. Ағзада дәрілік заттардың өзгеріске ұшырауы (биотрансформация және метаболизм). Ағзадан дәрілік заттардың шығу жолдары. Жүйеалды және жүйелік дәрілік заттардың элиминациясы.

25. Фармакокинетика негізгі көрсеткіштері (биожеткіліктілік, биоэквиваленттілік, жартылай шығарылу кезеңі, элиминация коэффициэнті, жалпы клиренс).

26. Дәрілік заттар фармакодинамикасы, анықтамасы және мазмұны.

27. Дәрілік заттардың әсер ету түрлері: жергілікті және жалпы (резорбтивті); тікелей (біріншілік) және жанама (қиғаш, екіншілік); жалпыжасушалық, таңдамалы және айрықша; негізгі және жанама; қайтымды және қайтымсыз; емдік және токсикалық.

28. Фармакотерапия түрлері.

29. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына әсер ететін негізгі факторлар.

30. Фармакологиялық тиімділігінің дәрілік зат қасиеттеріне және оларды қабылдау ерекшеліктеріне тәуелділігі. Дәрілік заттардың химиялық құрылысы мен физика-химиялық қасиеттерінің маңызы.

31. Дозалар түрлері.

32. Дәрілік заттарды жұптастырып қолдану. Дәрілік заттардың өзараәсерлесу принциптері (фармакокинетикалық және фармакодинамикалық).

33. Дәрілік зат әсерлерінің ағза қасиеттеріне, индивидуалды ерекшеліктеріне, физиологиялық және патологиялық жағдайларына, генетикалық факторларға, қоршаған орта факторларына тәуелділігі.

34. Жасқа байланысты ерекшеліктері.

 

5. Оқыту және сабақ беру әдістері: әртүрлі дәрілік қалыптарына рецепт жазу, тесттік тапсырмаларды шешу.

 

6. Көрнекі материалы: тест тапсырмалары, рецептуралық жазбалар.

 

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Москва. «ГЭОТАР-МЕД» баспа үйі. 2006.- 39 -81 бб.

3. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Оқулық. Москва. «ГЭОТАР-МЕД» баспа үйі. 2004.- 26 -77 бб.

4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. –7-31 бб.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. / Д.А.Харкевич редакциясы бойынша. Медицина, 2005. –20-40 бб.

 

Қосымша:

1. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-ші баспа, қайта өңделген және толықтырылған: оқу құралы – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

2. Пичхадзе Г.М., Пичхадзе Л.Г. Энциклопедический словарь основных терминов, используемых в фармакологии –Алматы, «Ғылым», С- 2000

3. Клиническая фармакология. / В.Г. Кукес редакциясы бойынша.-ГЭОТАР.: Медицина, 1999. – 517 б.

4. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (м.ғ.д., проф. Э.Э. Звартау аудармасы) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.

5. Кафедрада шығарылған оқулықтар.

6. Сычев Д.А., Раменская Г.В., Игнатьев И.В., Кукес В.Г. Клиническая фармакогенетика: Оқулық / РМҒА академигі Кукеса және Н.П. Бочков редакциясы бойынша. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007.-248 б.: ил.

7. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-ші баспа, қайта өңделген және толықтырылған: оқу құралы – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

8. Середин С.Б. лекции по Фармакогенетике., М.: МИА, 2004. – 303 б.

9. Пичхадзе Г.М., Пичхадзе Л.Г. Энциклопедический словарь основных терминов, используемых в фармакологии –Алматы, «Ғылым», С- 2000

10. Лильин Е.Т. Введение в современную фармакогенетику. –М.: Мед. 1984. 160 б.

11. Скакун Н.П. Клиническая фармакогенетика. –Киев: Здоровье. -1981. – 200 б.

8. Бақылау:

1. «Жалпы рецептура. Жалпы фармакология.» бөлімі бойынша ауызша сұрау.

2. Әртүрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазу.

3. Тест тапсырмалары.

 

I. Рецептте жазу:

1. 30,0 жағылма, құрамында 10% стрептоцид (Streptocidum) бар. Терінің зақымданған аймақтарына жағу үшін.

2. 10 ректалды суппозиторийлер, құрамында 0,015 красавка сығындысы бар (Belladonna). Бір суппозиторийден күніне 2 рет.

3. 0,2-ден левомицитиннің (Laevomycetinum) 10 ұнтағы. Бір ұнтақтан күніне 3 рет.

4. 0,3-тен 20 таблетка триоксазин (Trioxasinum). 1 таблеткадан күніне 2 рет.

5. 50 мл 10% камфораның майлы ерітіндісін жіберу. Зақымданағн буын аймағына жағу үшін.

Rp: Solutionis Cаmphorae 10%- 50ml

D. S. Зақымданған буын аймағына жағы үшін.

6. 5,0 натрий гидрокорбонаты (Natrii hydrocarbonas) ұнтағын молочница кезінде шпательмен тіл ұшына себу.

7. 40 драже “Ундевит” (Vndevitum). 1 дражеден күніне 3 рет тамақтан кейін.

8. 10,0 жағылма, құрамында 20% ерігіш сульфанил бар (Sulfacylum). Көзге арналған жағылма.

9. Паста, құрамында натрий гидрокарбонаты (Natrii hydrocarbonas) 2,0 және глицерин 5,0 және 5% стрептоцид (Streptocidum) бар. Пастаның жалпы мөлшері 50,0.

10. 500 мл 5% глюкоза ерітіндісі. Ішке қабылдау үшін. (Glucosu)

11. 10 ампула, құрамында 1 мл Цититон бар /Cytitonum/, официналды ерітінді. Көктамырға енгізуге арналған 1 мл-ден.

12. 10 флакон, 500 000 ЕД стрептомицин сульфаты бар /Streptomycin sulfas/. Флакон ішіндегісін 2 мл 0,5% новокаин ерітіндісінде еріту. Бұлшықетке күніне 2 рет енгізу.

13. 180 мл микстура, валериана түбірінің негізгі тамыр сабағынан тұратын /rhizoma cum radicibus Valeriana/ 1:30 құрамына 20мл пустырник тұрындысы /Leonuris/ және 2.0 барбитал-натрий /Barbitalum-natrim/ бар. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.

14. Линимент, құрамында 1,0 бор қышқылы /Acidum boricum/, 10,0 мырыш тотығы /Zinci oxydum/ және 40 мл шемішкі майы /Oleum Helianthum/ бар. Сыртқа.

15. 40 мл сұйық левзеи сығындысы /Leuzia/. Ішке 20 тамшыдан күніне 3 рет.

16. 10 ампула, құрамында 0,4 мл Карбокракмен /Carbocromenum/ бар. Ампула құрамындағыны 10 мл инъекцияға арналған суда етіріп, баяу енгізу.

17. 6 флакон, құрамында 10 мл-ден 2,5 % кортизон ацетатының суспензиясы /Cortisoni acetas/ бар. 1 мл-ден бұлшықетке күнңне 1 рет. Бір реттік мөлшерін есептеу.

18. 180 мл микстура, құрамында ипекакуан түбірінің тұндырмасы /Ipecacunha/ 1:400 бар және әр қабылдауға 0,3-тен аммоний хлориді /Ammonii chloridum/ мен 0,015-тен кодеин фосфаты /Codeini phosphas/ бар. 1 ас қасықтан күніне 4 рет. Түбірдің бір реттік мөлшерін есептеу.

19. Аюқұлақ жапырағының қайнатпасы /Uvae ursi/ 1:30 3 күнге. 1 ас қасықтан күніне 4 рет.

50 мл. сұйық родиола сығындысы (Rhodiola). 5 тамшыдан тамақтан 30 минут бұрын

 

II. Жоспар бойынша рецептті тексеру және түзету жүргізу:

Ұсынылған рецепттердегі анықталған қателерді белгілеу.

1. 10 флакон 0,15 морфоциклин. Алдын ала 5 мл дистилденген суда ерітіп, 1 мл-ден бұлшықетке тағайындау.

Rp Morphocyclini 0,2

Da Signa: 1 ұнтақтан түнге.

 

2. 20 таблетка 0,025 дихлотиазид. Тәулігіне 1 таблеткадан 2 рет тағайындау.

Rp Dichlothiazidi 0,025

Da. Signa: 1 таблеткадан 2 рет тәулігіне.

 

3. Ланолиндегі 100,0 паста құрамында 5% анестезин бар. Терінің зақымданған аймақтарына жағу үшін.

Rp: Pastal Anaesthesini 5% - 100,0

Da. Signa: Терінің зақымданған ошақтарына жағу үшін.

 

4. Науқас күніне 1,0 натрий салицилатын қабылдайтындай есеппен 4 күнге салицилат ерітіндісін жазу. 1 ас қасықтан тәулігіне 3 рет.

Rp Natrii salycylatis 12,0 – 180ml

D. S. Ас қасықтан тәулігіне 3 рет.

 

5. Құрамында 0,01 омнопон бар 10 суппозиторий жазу. Тәулігіне 1 суппозиторийден.

Rp: Suuppositorium Omnoponi 0,01

Da. Signa: 1 ұнтақтан түнге.

6. 0,2 барбитал-натрийден тұратын 10 ұнтақ. 1 ұнтақтан түнге қарай.

Rp: Pulvis Barbitalum-natrii

Da. Signa: 1 ұнтақтан түнге.

 

7. 10 таблетка 0,025 дихлотиазид жазу. Тәулігіне 1 таблеткадан.

Rp: Tabulettam Dichlothiazidi 0,025 10

Da. Signa: Тәулігіне бір таблеткадан.

 

8. 5 мл 1% атропин сульфатының ерітіндісі. Зақымданған көзіне 2 тамшыдан тағайындау.

Rp: Atropini sulfatis 1% –5ml

Sterilis!

Da. Signa.

9. Құрамында 0,00025 г дигоксині (Digoxinum) бар 12 таблетка. Бір таблеткадан тәулігіне 2 рет.

Rp: Digoxinum №12

Da. Signa.Бір таблеткадан тәулігіне екі рет

10. 6 флакон құрамында 5 мл (1 мл 40 ӘБ) инсулині Insulinum бар. \тері астына енгізу үшін 0,5 мл (20ӘБ) тәулігіне 2 рет.

Rp: Insulini 5 ml (40 ӘБ)

Dtd №6 in flaconis.

Signа.


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 2021 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.042 сек.)