АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тесттік тапсырмалар. Жүйке ұштарын қорғайтын заттар

Прочитайте:
  1. Тест тапсырмалары
  2. Тест тапсырмалары
  3. Тест тапсырмалары
  4. Тест тапсырмалары
  5. Тест тапсырмалары
  6. Тест тапсырмалары
  7. Тест тапсырмалары
  8. Тест тапсырмалары
  9. Тест тапсырмалары
  10. Тест тапсырмалары

Тест №1

Жүйке ұштарын қорғайтын заттар

1. жергілікті анестетиктер

2. сорып алушы заттар

3. қаптаушы заттар

4. қармаушы заттар

5. тітіркендіруші заттар

 

Тест №2

Жергілікті анестетиктердің әсерін күшейтетін және ұзартатын фактор:

1. Қышқыл орта

2. Бейтарап орта

3. Қан тамырларын тарылтатын заттар

4. Анестетикті енгізетін аймақта қабыну үрдісінің болуы

5. Парааминобензой қышқылы болуы

 

Тест №3

Қаптаушы заттардың әсер ету механизмi:

1. рецептордың тежелуi

2. шырышты қабықтарда қорғаныш қабаттардың түзiлуi

3. шырышты қабықтардың бетiнде белоктардың коагуляциясын туғызуы

4. натрий каналдарын тежеуi

5. тiтiркендiргiш заттарды сiңiруi

 

Тест №4

Қармаушы заттардың фармакологиялық әсерлері мен қолдануға көрсетілулерін сәйкестендіру

Фармакологиялық әсері:

1. қабынуға қарсы

2. түссіздендіретін

3. ауыруды басатын

4. иіс кетіретін

5. алаңдатушы

Қолдануға көрсетілуі

А) ауыздың шырышты қабатының қабынуларында

Б) ас қорыту жүйесінің қабынуларында

В) ауыр металл тұздарымен уланғанда

Г) терминалды анестезия үшін

 

Тест №5

Жергілікті анестетиктердің әсерін ұзарту және уыттығын төмендету үшін оларды үйлестіруге болады:

1. Норадреналинмен

2. Адреналинмен

3. Фенотеролмен

4. Мезатонмен

5. Добутаминмен

 

Тест №6

Анестезиологқа инфильтрациялық анестезия үшін новокаинді немен алмастыруға болатыны туралы кеңес беріңіз:

1. анестезин

2. танин

3. ментол

4. лидокаин

5. еменнің қайнатпасы

 

Тест №7

Сульфаниламидтiк препараттың бактерияға қарсы белсендiлiгiн төмендететiн анестетик:

1. новокаин

2. тримекаин

3. лидокаин

4. анестезин

5. маркаин

Тест №8

Дәрігердің жазған рецептіне түзету жасаңыз:

Rp: Lidocaini 0,5% - 2 ml

Da. Signa. Инфильтрациялық анестезия үшін.

 

Тест №9

Қаптаушы заттар қолданылады

1. АІЖ қабыну ауруларында

2. бас ауырғанда

3. қуыстарды жуу мақсатында

4. тітіркендіргіш әсері бар заттармен үйлестіріліп

5. улану кезінде токсиндердің антагонисті ретінде

Тест №10

Жүйке ұштарын қорғайтын заттар

1. жергілікті анестетиктер

2. сорып алушы заттар

3. қаптаушы заттар

4. қармаушы заттар

5. тітіркендіруші заттар

 

Тест №11

Анестезин қолдануға көрсетiлмейдi:

1. қышынумен жүретiн терi ауруларында

2. ауыратын жара және ойық жара беттерiнде

3. тiк iшек жарылуында

4. хирургиялық операцияларда

5. асқазанның ойық жарасында

 

Тест №12

Препаратты анықтау: ПАБҚ туындыларына жатады, суда нашар еруiне байланысты беткейлiк анестезияда жағылма, суппозиторий, паста түрiнде қолданылады, асқазан ауырғанда және құсу кезiнде ұнтақ, таблеткада тағайындалады:

1. танин

2. новокаин

3. анестезин

4. лидокаин

5. дикаин

 

Тест №13

Лидокаин

1. тамырды кеңейтеді

2. тамырды тарылтады

3. аритмияға қарсы әсер көрсетеді

4. жергілікті жансыздандырушы әсер көрсетеді

5. зәр айдаушы әсер көрсетеді

 

Тест №14

Қаптаушы заттардың негiзгi қолданылуы:

1. АIЖ-ның қабыну үрдiстерiнде

2. бас ауырғанда

3. қуыстарды жуу үшiн

4. тiтiркендiргiш заттармен қосып

5. уланғанда токсиндердiң антагонисi ретiнде

 

Тест №15

Сорып алушы заттар:

1. белсендiрiлген көмiр

2. танин

3. ментол

4. емен қабығы

5. тальк

 

Сабақ № 2

1. Тақырыбы: «М-,Н-холинергиялық заттар. Холинэстеразаға қарсы заттар»

2. Сабақтың мақсаты: М-холинергиялық заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтар білімін қалыптастыру, олардың қолдануға көрсеткіштерін және жанама әсерлерін игеру, М-,Н-холинергиялық заттарға және холинэстеразаға қарсы заттарға рецепт жазуды білу.

 

3. Оқыту міндеттері:

1. М-,Н-холинергиялық заттар мен холинэстеразаға қарсы заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтарын оқып білу.

2. Дәрілік заттардың қасиеттерін біле отырып оларды қолдануға мүмкіншіліктерін оқып білу.

3. М-,Н-холинергиялық заттар мен холинэстеразаға қарсы заттардың негізгі қолдануға көрсеткіштерін, қарсы көрсеткіштерін, жағымсыз жанама әсерлерін, оларды алдын алуды оқып білу.

4. Осы топтың негізгі препараттарының түрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазуды білу.

Рецепттерді сараптауды және коррекция жүргізуді, мөлшерлерді бағалауды, препараттарды алмастыруды үйрену.

5. Тиімді және қауіпсіз фармакотерапияны алу үшін М-,Н-холинергиялық заттар мен холинэстеразаға қарсы заттарды басқа препараттармен өзара байланысуын бағалауды үйрену.

6. Топ препараттарының жаңа өкілдерімен, олардың кең қолданылатын синонимдерінен артықшылықтарымен таныс болу.

7. Медициналық және дәріханалық жұмыскерлердің және тұрғындардың арасында бағдарламалық жұмысты жүргізуді үйрену.

 

4. Өткізу түрі: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша консультация жүргізу, тақырыпты өз бетінше меңгеру, тесттік тапсырмаларды және жағдайлық есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс істеу, кестелерді, суреттерді және сызбаларды сараптау, қорытынды жасау, рецепттерді жазу және талдау, бір реттік мөлшерін есептеу, электронды тасымалдаушылардағы материалмен жұмыс істеу.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтарымен танысу:

М,Н-холинергиялық заттар:

- жіктелуі, әсер ету механизмі;

- препараттардың салыстырмалы сипаттамасы

- қолдануға көрсеткіштер;

- жанама әсерлер;

Холинэстеразаға қарсы заттар:

- жіктелуі, әсер ету механизмі;

- препараттардың салыстырмалы сипаттамасы

- қолдануға көрсеткіштер;

- жанама әсерлер;

2.Жағдайлық есептерді шешу.

3. Кестелерді, сызбаларды, суреттерді сараптау.

2. Рецепттерді сараптау, бір реттік және тәуліктік мөлшерді санауды үйрену, алмастыру мүмкіншілігін анықтау.

 

6. Тарату материалы: кестелер, жағдайлық есептер, тесттік тапсырмалар, сызбалар, суреттер, рецепттер, коллекциялық препараттар, бағдарламалық препараттар.

 

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2008. Б. 182-192

3. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2006. Б. 179-189

4. Фармакология / под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: Гэотар – Мед, 2004. Б. 167-178

5. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцева М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001. Б.127-132

6. Руководство к лабораторным занятиям Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.Б. 125-129

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 б.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

3. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ Кукес В.Г. и проф. Стародубцев А.К.- М.: Издательский дом ГЭОТАР – МЕД., 2004. – 631б.

4. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. б.

6. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000.

7. Бороян Р.Г Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. – М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422. б.

8. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. б.

9. Кафедрада оқылатын дәрістер

 

Бағдарламалық препараттар: неостигмин метилсульфаты (прозерин), галантамин гидробромиді, физостигмин салицилаты, армин, дистигмин бромиді, такрин, ацетилхолин, карбахолин, холинэстераза реактиваторлары (дипироксим, изонитрозин).

 

Рецепт жазуға арналған препараттар: неостигмин метилсульфаты (прозерин).

 

8. Бақылау.

1. Тесттік тапсырмаларды шешу.

2. Рецепттерді талдаумен жазу, бір реттік мөлшерін есептеу.

3. Жағдайлық есептерді шешу.

4. Тақырыптың сұрақтарына жауап беру.

5. Бақылау сұрақтарына жауап беру:

- М-,Н-холиномиметиктердің қолдануға көрсеткіштері?

- Холинэстеразаға қарсы заттардың әсер ету механизмі?

- Арминнің әсер ету ерекшелігі?

- Холинэстеразаға қарсы заттардың қолдануға көрсеткіштері?

- Холинэстеразаға қарсы заттармен уланғанда көрсетілетін көмек шаралары?

- Холинэстеразаға қарсы заттардың жанама әсерлері.

 

 


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 812 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.013 сек.)