АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тесттік тапсырмалар. Тек беткей анестезияда қолданылатын анестетиктер:

Прочитайте:
  1. Тест тапсырмалары
  2. Тест тапсырмалары
  3. Тест тапсырмалары
  4. Тест тапсырмалары
  5. Тест тапсырмалары
  6. Тест тапсырмалары
  7. Тест тапсырмалары
  8. Тест тапсырмалары
  9. Тест тапсырмалары
  10. Тест тапсырмалары

Тест № 1

Тек беткей анестезияда қолданылатын анестетиктер:

1. Анестезин, тримекаин

2. Лидокаин, новокаин

3. Тримекаин, кокаин

4. Дикаин, анестезин

5.Новокаин, анестезин

Тест № 2

Вегетативті ганглийлердің Н-холинорецепторларын талғамды тежейтін зат:

1. бензогексоний

2. ацеклидин

3. цититон

4. пилокарпин

5. лобелин

Тест № 3

Ганглиоблокаторлардың гипотензивті әсерінің механизмі байланысты:

1. симпатикалық ганглийлердің тежелуімен

2. парасимпатикалық ганглийлердің тежелуімен

3. қан тамырлардың адренорецепторларын тежеумен

4. тамыр қозғалтқыш орталықтың тежелуімен

5. М-холинорецецепторлардың қозуымен

 

Тест № 4

Сульфаниламидтік препараттармен бірге тағайындауға болатын жергілікті анестетиктер:

1. Новокаин, тримекаин

2. Лидокаин, тримекаин

3. Тримекаин, новокин

4. Дикаин, бупивакаин

5. Анестезин, новокаин

Тест № 5

Н-холинорецепторларды ынталандыратын заттар:

1. ацеклидин

2. цититон

3. атропин

4. гигроний

5. пирилен

Тест №6

Ганглиоблокаторлардың жанама әсерлері:

1. гипертензия

2. обстипация

3. миоз

4. гиперсаливация

5. диарея

Тест №7

Н-холиномиметиктердің әсер ету механизмі:

1. М және Н-холинорецепторлардың ынталануы

2. М-холинорецепторлардың тежелуі

3. Ацетилхолинэстеразаның тежелуі

4. Н-холинорецепторлардың ынталануы

5. М және Н-холинорецепторлардың тежелуі

 

Тест №8

Дикаинді инфильтрациялық және өткізгіштік анестезия үшін қолданылмайды, себебі:

1. Тітіркендіргіш әсері бар

2. Нашар ериді

3. Улылығы жоғары

4. Анестезиялаушы белсенділігі төмен

5. Тез бұзылады

 

Тест № 9

Қармаушы заттардың әсерлері:

1. Қабынуға қарсы

2. Түссіздендіретін

3. Қармаушы

4. Іш айдағыш

5. Алаңдатушы

 

Тест №10

Затты анықтау: Алколоид, үшіншілік аминдерге жатады. Каротидті шумақтардың, симпатикалық ганглийлердің, бүйрек үсті безінің милы қабатының Н-холинорецепторларын ынталандырады, тыныс алу орталығын рефлекторлы қоздырады.

1. цититон

2. гигроний

3. пентамин

4. лобелин

5. бензогексоний

 

Тест №11

Игіш заттары бар өсімдіктер көрсетеді:

1. Тітіркендіргіш әсер

2. Күйдіргіш әсер

3. Қармаушы әсер

4. Сорып алушы әсер

5. Қаптаушы әсер

 

Тест №12

Пропранололдың қарсы көрсеткіштері:

1. қан қысымының жоғарлауы

2. ОЖЖ қозуы

3. бронхоспастикалық жағдай

4. тахикардия

5. бүйректік гипертония

 

Тест№13

Артериалды гипертензия және жыпылықтаушы аритмиясы бар науқаста бронхоспазм ұстамалары байқалады. Гипертензия және жыпылықтаушы аритмияны емдеу үшін қандай препаратты тағайындау жөн?

1. Альфа- адреноблокаторлар

2. Симпатолитиктер

3.Селективті бета-адреноблокаторлар

4.Селективті емес бета-адреноблокаторлар

5.Альфа және бета адреноблокаторлар

Тест№14

Пропранололдың жанама әсерлері:

1.Атриовентрикулярлы өткізгіштіктің бұзылуы, жүрек жетіспеушілігі

2. Тахикардия, мазасыздық, тремор

3. Депрессия, мұрынның шырышты қабатының ісінуі, асқазан бездерінің секрециясының жоғарлауы

4. Ортостатикалық коллапс, тахикардия

5. Енгізген жерде тіннің некрозы, бронхоспазм

 

Тест №15

Затты анықтау: тамырларды тарылтады, артериялық қысымды жоғарлатады. Бронх бұлшықеттерінің тонусына әсер етпейді. Прессорлық әсері альфа-адреноблокаторлардың әсерінен «бұрмаланбайды». Гипотензия, коллапс кезінде қолданылады:

1. Адреналин

2. Фенотерол

3. Галазолин

4. Мезатон

5. Нафтизин

Тест №16

Изадринді қолдануға көрсеткіштер:

1. Гипотония, коллапс

2. Жүректің ишемиялық ауруы, тахиаритмиялар

3. Бронхоспазм, атрио-вентрикулярлы бөгеме

4. Ринит

5. Артериалды гипертензия

 

Тест №17

Препаратты анықтау: альфа1- және альфа2-бета-1-адренорецепторларды ынталандырады. Артериялық қысымды қысқа уақытқа айқын жоғарлатады, венозды тамырларды тарылтады. Тері астына енгізген кезде инъекция орнында тамырлардың спазмын шақырып, тіннің некрозына алып келуі мүмкін. Жедел қан қысымының төмендеуімен жүретін жағдайларда қолданады (травмалар, хирургиялық араласулар):

1. Адреналин

2. Норадреналин

3. Изадрин

4. Эфедрин

5. Мезатон

 

Тест №18

Препаратты анықтау: тікелей емес адреномиметик. Жүрек жұмысын ынталандырады, артериялық қысымды жоғарлатады, бронхолитикалық әсер шақырады, ішек перистальтикасын тежейді, қарашықты кеңейтеді, гипергликемия шақырады. Бронх демікпесінде, гипотензияда қолданылады:

1. Адреналин

2. Резерпин

3. Прозерин

4. Эфедрин

5. Пропранолол

 

Тест№19

Әсері қысқа кураретәрізді заттар:

1. тубокурарин

2. пипекуроний

3. дитилин

4. бензогексоний

5. гигроний

 

Тест №20

Препаратты анықтау: көлденең-жолақты бұлшықеттерді босаңсыту үшін қолданылады. Жүйке-бұлшықеттік берілуді тежейді, апноэні тез шақырады, әсер ету ұзақтығы 20-40 минут. Жанама әсерлері: артериялық қысымның төмендеуі, бронхоспазм. Антагонисті холинэстеразаға қарсы заттар болып табылады.

1. мелликтин

2. тубокурарин

3. дитилин

4. диоксоний

5. бензогексоний

 

Тест №21

Миопаралитикалық әсердің кеңдігі:

1. орташа өлімге алып келетін мөлшер мен орташа эффективті мөлшер арасындағы қатынас

2. сезімтал бұлшықеттерді салдандыратын мөлшер мен тыныс бұлшықеттердің параличіне алып келетін мөлшер арасындағы қатынас

3. бұлшықеттердің босаңсуын шақыратын орташа емдік мөлшер мен тыныс тоқтауына алып келетін орташа эффективті мөлшер арасындағы диапозон

4. жоғары бір реттік мөлшер мен жоғары тәуліктік мөлшер арасындағы қатынас

5.диафрагма бұлшықеттерін салдандыратын мөлшер мен аяқ-қол бұлшықеттерін салдандыратын мөлшер арасындағы диапазон

 

Тест №22

Ішектік шаншуда қолданылады:

1. пилокарпин

2. ацетилхолин

3. ацеклидин

4. карбахолин

 

Тест № 23.

Сәйкестендіріңіз

Препараттар:

1.Прозерин

2.Платифиллин

3. “Аэрон” таблеткалары

4.Ипротропий бромиді

Көрсеткіштер:

А. Бүйректік және бауырлық шаншулар, гипертониялық ауруды емдеу үшін

Б. Вестибулярлы аппараттың бұзылысына байланысты дамыған құсу

В. Брохоспазм

 

Тест №22

Сорып алушы заттар:

1. Белсендірілген көмір, тальк

2. Висмуттың негізгі нитраты, магний трисиликаты

3. Ментол, қыша қағазы, аммиак ерітіндісі

4. Танин, емен қабығының қайнатпасы

5. Крахмал шырышы

 

Тест №23

Сорып алушы заттардың әсер ету механизмі:

1. Рецепторлық түзілістерді тежеу

2. Шырышты қабаттың беткей қабатының белоктарының коагуляциясы

3. Шырышты қабаттарда қорғаныс қабатының түзілуі

4. Жүйке ұштарының талғамды қозуы

5. Химиялық қосылыстарды сорып алу, ол сезімтел жүйке ұштарын қорғайды

 

Тест №24

Тітіркендіргіш заттардың әсер ету механизмі:

1. Шырышты қабаттың беткей қабатының белоктарының коагуляциясы

2. Шырышты қабаттарда қорғаныс қабатының түзілуі

3. Рецепторлық түзілістерді тежеу

4. Жүйке ұштарының талғамды қозуы

5. Жүйке талшықтарының мембрана өткізгіштілінің Naжәне K оиндары үшін төмендеуі

 

Тест №25

Ұзақ уақыт әсер ететін анестетик:

1. Лидокаин

2. Дикаин

3. Бупивакаин

4. Тримекаин

5. Новокаин

 

Тест №26

Атропинмен және құрамында атропині бар өсімдіктермен уланғандағы тән әсерлер:

1. Тахикардия, мидриаз, қимыл және сөйлеу қозғыштығы

2. Температураның төмендеуі, брадикардия, қан қысымының төмендеуі

3. Миоз, сілекей бездерінің секрециясының жоғарлауы

4. Тыныстың тежелуі, бронхоспазм

5. Қимыл белсенділігінің жоғарлауы, АІЖ тонусының жоғарлауы

 

Тест №27

Дитилиннің әсер ету механизмі:

1. қозғалтқыш жүйке ұштарында ацетилхолиннің синтезінің бұзылуы

2. Постсинапстық мембрананың гиперполяризациясы

3. Постсинапстық мембрананың тұрақты деполяризациясы

4. Постсинапстық мембрананың тұрақтануы

5. ацетилхолиннің гидролиз жылдамдығының жоғарлауы

 

Тест№28

Берілген сұрақтарға дұрыс жауап табыңыз:

А) аэрозоль түрінде қолданылатын, бронхтардың холинорецепторларын тежейтін М-холиноблокатор.

Б) Cелективті альфа-1-адреноблокатор

а) норадреналин

б) адреналин

в) прозерин

г) ипратропиум бромид

д) празозин

 

Тест №29

Берілген сұрақтарға дұрыс жауап табыңыз:

А) Ішек және қуық атониясында қолданылатын М-холиномиметик

Б) Қан қысымының жедел түсуінде қолданылады (коллапс)

а) фентоламин

б) норадреналин

в) лабетолол

г) атропин

д) ацеклидин

 

Тест № 30

Бета-2 –адреномиметиктерді қолдануға көрсеткіштер:

1. Артериалды гипотензия

2. Артериалды гипертензия

3. Жүректік тахиаритмиялар

4. Ашық бұрышты глаукома

5. Бронх демікпесі

 

Тест №31

Көз түбін зерттеу үшін, ішектік, бүйректік және бауырлық шаншулар, бронх демікпесінде, асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасында, гиперсаливация және премедикаиця үшін қолданылады:

1. Сальбутамол

2. Атропин

3. Ипратропиум бромиді

4. Пирензепин

5. Изадрин

 

Тест №32

Қармаушы заттардың әсер ету механизмі:

1. Рецепторлы түзілістердің тежелуі

2. Шырышты қабаттарда қорғаныш қабатының түзілуі

3. Химиялық қосылыстардың адсорбциясы, ол сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіргіштерден қорғайды

4. Шырышты қабат бетіндегі белоктар коагуляциясы

5. Импульстардың өтуінің бұзылыстары

 

Тест №33

Қаптаушы заттардың әсер ету механизмі:

1. Шырышты қабаттарда қорғаныш қабатының түзілуі

2. Шырышты қабат бетіндегі белоктар коагуляциясы

3. Рецепторлы түзілістердің тежелуі

4. Химиялық қосылыстардың адсорбциясы, ол сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіргіштерден қорғайды

5. Импульстардың өтуінің бұзылыстары

 

Тест №34

М- холиномиметиктерді қолдануға көрсеткіштер:

1. Миастения, бүйректік шаншу

2. Бүйректік шаншу, гиперацидты гастрит, пилороспазм

3. Глаукома, ішек парезі, қуықтың атониясы, гипосаливация

4. Жедел панкреатит, бауырлық шаншу, асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы

5. Бронх демікпесі, қаңқа бұлшықеттерінің парездері

 

Тест №35

Холинэстеразаға қарсы заттардың қолдануға көрсеткіштері:

1. Қарашықтың тарылуы, брадикардия

2. Бронх демікпесі, артериалды қысымның жоғарлауы

3. Ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшықеттерінің тонусының жоғарлауы, бауырлық және бүйректік шаншу, тырысулық синдром

Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы, гиперацидты гастрит, бронх бездерінің секрециясы жоғарлауы, гиперсаливация

Қаңқа бұлшықеттерінің тонусының төмендеуі, ішек пен қуықтың атониясы, параличтері, парездері, глаукома

Тест №36

Заттың тобын анықтау: глаукомада, полиомиелиттен кейінгі қалдық неврологиялық бұзылыстарда, миастенияда, ішектің және қуықтың атониясында және деполяризацияға қарсы миорелаксанттардың антагонисті ретінде қолданылады.

1. М-холиномиметиктер

2. Н-холиномиметиктер

3. М-холиноблокаторлар

4. Холинэстеразаға қарсы заттар

5. М, Н-холиномиметиктер

 

Тест №37

Барлық тұжырымдар дұрыс, біреуінен басқа:

1. Н-холиномиметиктер қан қысымын төмендету үшін қолданылады

2. Н- холиномиметиктер тынысты рефлекторлы ынталандыру үшін қолданылады

3. Цититон және лобелин шылым шегуді тастаған кезде қолданылады

4. Н-холиномиметиктер каротидті шумақтардың рецепторларын қоздырады

5. Цититон бронхоспазм кезінде қолданылады

 

Тест №38

М-холиномиметиктерді қолдануға қарсы көрсеткіштер:

1. Миастения

2. Глаукома

3. Бауырлық шаншу

4. Ішек және қуықтың атониясы

5. Артериалды гипертензия

 

Тест №39

Атропинді қолдануға қарсы көрсеткіштер:

1. Сілекей бездерінің гиперсекрециясы

2. Гиперацидты гастрит

3. Асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруы

4. Ішек атониясы

5. Бронхоспазм

 

Тест №40

Дипироксим улануда қолданылады:

1. Спирттермен

2. Ауыр металлдардың тұздарымен

3. Фосфорорганикалық холинэстеразаға қарсы қосылыстармен

4. Транквилизаторлармен - бензодиазепин туындыларымен

5. Нейролептиктермен - фенотиазин туындыларымен

 

Тест №41

Дұрыс тұжырым. Ацетилхолин клиникада қолданылмайды, себебі:

1. М- және Н-холинорецепторларды ынталандырады

2. Қысқа уақыт әсер етеді, МАО-мен тез ыдырайды

3. Қысқа уақыт әсер етеді, ацетилхолинэстеразамен тез ыдырайды

4. Ұзақ уақыт әсер етеді, холинэстеразамен баяу ыдырайды

5. Қысқа уақыт әсер етеді, КОМТ-пен тез ыдырайды

 

Тест №42

Басқармалы гипотензияда қолданылады:

1. Гигроний

2. Дитилин

3. Празозин

4. Тубокурарин

5. Атропин

 

 

Кредит № 3

Сабақ№ 1

1. Тақырып: «Наркозға арналған заттар»

2. Мақсаты: Наркозға арналған заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтарына сәйкес оқулықтағы тақырып бойынша білімдерін пысықтау, қолдануға арналған негізгі көрсеткіштерді және жанама әсерлерін меңгеру, рецепттегі жазуарды сараптау және реттеу.

 

3. Оқыту міндеттері:

1. Орталық жүйке жүйесінің медиаторлары/модуляторлары туралы түсінік алу, ОЖЖ не әсер ететін заттардың жіктелуі.

2. Наркоз жағыдайының жалпы сипаттамасынан, түрлерінен және кезеңдерінен түсінік.

3. Наркозға арналған заттардың фармакокинетика және фармакодинамика жалпы заңдылықтарын оқу.

4. Наркозға арналған заттарды негізінде көрсетілген қасиеттеріне байланысты қолданудың мүмкіндіктерін оқу.

5. Наркозға арналған заттарды негізінен қолдануға көрсетулерді, қарсы көрсетулерді, жағымсыз жанама әсерлерін оқу, олардың пайда болу мүкіндіктерінің алдын алу.

6. Тиімді және қауіпсіз фармакотерапия үшін наркозға арналған заттардың басқа препараттармен өз ара әсерлесуін бағалауды үйрену.

7. Осы топқа жататын жаңа препараттардың арсеналымен, қолданыста жүрген препараттардан артықшылықтарымен және кеңінен қолданатын синонимдерімен танысу.

8. Медицина қызметкерлері арасында ақпараттық жұмыстарды жүргізуді үйрену.

 

4. Сабақты өткізу түрі: туындаған барлық сұрақтарғакеңес беру, тақырыпты өз бетінше меңгеру, жағыдайлық есептерді шешу, кестелермен, оқулықтармен жұмыс істеу, тесттік тапсырмаларды орындау, қорытынды жасау, рецепт жазып оны талдау, бір реттік мөлшерлерін есептеу, электронды тасымалдаушының материалдарымен, аз топтармен жұмыс істеу.

5.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Наркозға арналған заттарды ашу және қолдану тарихы.

2. Наркоз жағыдайының жалпы сипаттамасы.

3. Наркоздың түрлері және кезеңдері

4. Наркозға арналған заттардың физико-химиялық сипаттамасы. Мүмкін әсер ету механизмі.

5. Наркотикалық әсер кеңдігі туралы түсінік.

6. Наркозға арналған заттардың жіктелуі.

7. Ингаляциялық наркозға арналған заттардың салыстырмалы сипаттамасы

8. Ингаляциялық емес наркозға арналған заттардың әсер ету ерекшеліктері

9. Ингаляциялық емес наркозға арналған заттардың салыстырмалы сипаттамасы

10. Ингаляциялық және ингаляциялық емес наркозға арналған заттарды қолдану

 

6. Көрнек құралдар: кестелер, жағыдайлық есептер, тесттік тапсырмалар, сызбалар, суреттер, рецептуралық жазулар, коллекциялық препараттар, бағдарлама бойынша препараттар.

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – С. 166—179.

3. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2005. – С. 163-176.

4. Фармакология /под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: ГЭОТАР-Мед, С. 2004. 159-167.

5. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцев М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, С. 2001. 104-120.

6. Руководство к лабораторным занятиям / Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005. С. 121-125.

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 с.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

3. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 с.

4. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. с.

5. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000 – 740с.

6. Бороян Р.Г Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. – М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422. с.

7. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. с.

8. Руководство по анестезиологии // Под редакцией А.А. Бунатяна. – М.: Медицина, 1997.

Бағдарлама бйынша препараттар: галотан (фторотан), изофлуран, наркозға арналған эфир, азоттың шала тотығы, тиопентал-натрий, пропанидид, кетамин, натрий оксибутираты

8. Тексеру.

1. Тесттік тапсырмаларды шешу.

 


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1087 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.038 сек.)