АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тесттік тапсырмалар

Прочитайте:
  1. Тест тапсырмалары
  2. Тест тапсырмалары
  3. Тест тапсырмалары
  4. Тест тапсырмалары
  5. Тест тапсырмалары
  6. Тест тапсырмалары
  7. Тест тапсырмалары
  8. Тест тапсырмалары
  9. Тест тапсырмалары
  10. Тест тапсырмалары

Тест №1

Дәрілік заттарды ішке енгізуге тән:

1.Әлсіз электрлиттердің сіңірілуінің орта рН-ына тәуелділігі.

2. Сіңірілудің АІЖ құрамдасының сипатыцна тәелділігі.

3. Сіңірілудің АІЖ моторикасының қарқынына тәуелділігі.

4. Бауырдан өтпей бірден жалпы қанайналымға түсуі

 

Тест №2

Заттар қоспасын енгізуге болмайды:

1. Көктамырға.

2. Тері астына.

3. Бұлшықетке.

4. Артерияішіне.

5. Ми қабатының астына.

 

Тест №3

Энтералды енгізудің қай түрі дәрілік заттың бауырға түспей бірден қанайналымға түсуін қамтамасыз етеді?

1. Ішке.

2. Сублингвалды.

3. Трансбуккалды.

4. Он екі елі ішекке.

5. Ректалды.

 

Тест №4

Дәрілік қалыптар енгізу кезінде стерилдді болуы керек:
1. Ішке.

2. Тері астына.

3. Бұлшықетке.

4. Көктамырға.

5. Артерияға.

 

Тест №5

Асқазан-ішек жолынан көптеген дәрілік заттардың негізгі сіңірілу механизмі:

1. Фильтрация.

2. Пиноцитоз.

3. Пассивті диффузия.

4. Белсенді транспорт.

5. Жеңілдетілген диффузия.

 

Тест №6

Липофилді және көптеген гидрофилді дәрілік заттардың аш ішекте сіңірілуі мына жолмен жүзеге асады:
1. Фильтрация.

2. Белсенді транспорт.

3. Пассивті диффузия.
4. Пиноцитоз.

5. Жеңілдетілген диффузия.

Тест №7

Фильтрация жолымен ішектен дәрілік заттардың сіңірілуі:

1. Дәрілік зат молекулаларының үлкендігіне тәуелді.

2. Осмостық қысымға тәуелді.

3. Дәрілік зат молекулаларының үлкендігіне тәуелді емес.

4. Липофилді дәрілік заттарға тән.

5. Майда гидрофилді молекулаларға тән

 

Тест №8

Ішек эпителиалды жасушаларының мембраналары арқылы дәрілік заттардың блсенді тасымалдануы:

1. Энергия жұмсалуын қажет етеді.

2. Концентрация градиентіне қарсы жүзеге асырылуы мүмкін.

3. Нақты заттарға таңдамалылығының болмауымен сипатталады.

4. Кейбір гидрофилді полярлы молекулалардың сіңірілуін қамтамасыз етеді.

5. Кез-келген гидрофилді молекулалардың сіңірілуін қаматамасыз етеді.

Тест №9

Дәрілік заттарды ингаляциялық жолмен енгізген кезде:

1. Жалпы қанайналымға бауырлық тосқауылдан өтіп, түседі.

 

2. Бауыр тосқауыылынан өтпей бірден жалпы қанайналымға түседі.

3. Белсенді тасымалдану жолымен сіңіріледі.

4. Пассивті диффузия жолымен сіңіріледі.

5. Ереже бойынша, тез әсер етеді.

6. Ереже бойынша, баяу әсер етеді.

Тест №10

Бауыр микросомалды ферменттерінің әсерінен дәрілік заттар өзгерісінің негізгі бағыттары:

1. Липофилдігінің артуы.

2.Гидрофилдігінің артуы.

3. Фармакологиялық белсенділігінің артуы.

4. Фар­макологиялық белсенділігінің төмендеуі.

5. Полярлылығының артуы.

 

Тест №11

Әдетте дәрілік зттардың биотрансформациясы метаболиттер мен конъюгаттарының түзілуіне алып келеді, олар:

1. Бүйрек каналшаларынан нашар реабсорбцияланады.

2. Бүйрек каналшаларынан жақсы реабсорбцияланады.

3. Ішектен нашар сіңіріледі.

4. Ішектен жақсы сіңіріледі.

5. Ағзадан тез шығарылады.

 

Тест №12

Бүйректе фильтрациясы шектелген:

1. Липофилді заттардың.

2. Гидрофилді заттардың.

3. Әлсіз қышқылдардың.

4. Әлсіз сілтілердің.

5. Қан плазмасы белоктарымен байланысқан заттардың.

 

Тест №13

Полярлы дәрілік заттар:

1. Энтералды енгізгенде нашар сіңіріледі.

2. Гистогематикалық тосқауылдар арқылы нашар өтеді.

3. Негізінен метаболиттер мен конъюгаттар түрінде шығарылады.

4. Бүйректе жеңіл реабсорбцияланады.

5. Өзгермеген түрде бүйрекпен жақсы шығарылады.

Тест №14

Ішке енгізілген кезде дәрілік заттардың сіңірілу дәрежесін келесі көрсеткіштермен бағалауға болады:

1. Клиренс.

2. Биожеткіліктілік.

3. Ионизация тұрақтылығы.

4. «жартылай өмір сүру» кезеңі (жартылайэлиминациялану кезеңі).

5. Таралу көлемі.

Тест №15

Дәрілік затты ішке енгізген кезде оның биожеткіліктігі жалпы анықталады:

1. АІЖ-нан заттың сіңірілу дәрежесімен.

2. Қан плазмасы белоктарымен байланысуымен.

3. Бірінші рет бауыр тосқауылы арқылы өткен кездегі заттың метаболизмімен.

 

Тест №16

«Фармакодинамика» түсінігіне не кіреді?

1. Әсер ету механизмі.

2. Дәрілік заттардың ағзада өзгеріске ұшарауы.

3. Фармакологиялық әсерлер

4. Әсерінің орналасуы.

5. Әсерінің түрлері

Тест №17

Дәрілік заттардың әсері үшін қажет негізгі «нысаналар»:

1. Құрылымдық белоктар.

2. Иондық каналдар.

3. Арнайы ре­цепторлар.

4. Ферменттер.

5. Тасымалдаушы жүйелер.

 

Тест №18

Дәрілік зат белсенділігінің шегі болып табылады:
1. Жартылай максималды әсер ету деңгейі.

2. Максималды әсет ету деңгейі.

3. Зттың жартылай максималды (ТӘ50) әсер шақыратын мөлшері.

4. Заттың минималды тиімді мөлшері.

5. Заттың орташа емдік мөлшері.

 

Тест №19

ТӘ50:

1. Заттың миксималды әсеріне тең әсер шақыратын мөлшері.

2. Заттың жоғары емдік мөлшерінің жартысына тең мөлшері.

3. Зат белсенділігінің шегі болып табылады.

4. Зат тиімділігінің шегі болып табылады.

 

Тест №20

Дәрілік заттың тиімділігі туралы пайымдауға болады:

1. Минималды тиімді мөлшері бойынша.

2. Максималды тиімділік мөлшері бойынша.

3. Заттың максималды тиімділік шақыратын мөлшері бойынша.

4. ТӘ50 бойынша

 

Тест №21

Генетикалық негізделген энзимопатиямен байланысты және затты бірінші рет енгізген кезде дәрілік затқа туындайтын реакция, ереже бойынша, қандай терминмен белгіленеді?
1. Сенсибилизация.

2. Тахифилаксия.

3. Идиосинкразия.

4. Абсти­ненция.

5. Бейімделу.

 

Тест №22

 

Дәрілік затты қайталап енгізгенде қандай көріністер туындауы мүмкін?

1. Бейімдалу.

2. Тахифилаксия.

3. Потенцирлену.

4. Дәрілік тәуелділік.

5. Кумуляция.

Тест №23

Кумуляция түрлері:

1. Материалдық.

2. Функционалдық.

3. Психикалық.

4. Физио­логиялық.

5. Физикалық.

 

Тест №24

Дәрілік затты қайталап енгізген кезде оның әсерінің әлсіреуі байқалады. Бұл тән:

1. Материалдық кумуляцияға.

2. Функционалдық кумуляцияға.

3. Бейімделуге.

4. Тахифилаксияға.

5. Идиосинкразияға.

 

Тест №25

Дәрілік затты қайталап енгізген кезде оған бейімделуге не тән?

1. Дәрілік затты қайталап енгізуге деген құлшыныс.

2. Дәрілік заттың әсерінің күшеюі.

3. Дәрілік заттың әсерінің әлсіреуі.

4. бұрынғы әсерін алу үшін дәрілік заттың мөлшерін көбейту қажеттілігі.

5. Дәріңлік затты тоқтатқаннан кейінгі абстиненция (психосоматикалық бұзылыстар)

 

Тест №26

Дәрілік затты қайталап енгізуге құлшыныс тән:

1. Кумуляцияға.

2. Тахифилаксияға.

3. Дәрілік тәуелділікке.

4. Бейімделуге.

5. Идиосинкразияға.

 

Тест №27

Дәрілік заттарды жұптастырып қолданған кезде қандай өзгерістер тууы мүмкін?

1. Әсерінің жинақталуы.

2. Антагонизм.

3. Потенцирленуі.

4. Сенсибилизация.

5. Бейімделу.

 

Тест №28

Жүктілік кезінде туа біткен даму ақауларына алып келетін дәрілік заттардың әсері қандай терминмен белгіленеді?

1. Мутагенді әсер.

2. Фетотоксикалық әсер.

3. Терато­генді әсер.

4. Эмбриотоксикалық әсер.

5. Канцерогенді әсер.

 

Тест №29

Дәрілік заттың мутагенді әсері - бұл:

1. Туа біткен даму ақауларына алып келетін ұрыққа жағымсыз әсері.

2. Ұрпақ генотипінің өзгерісіне алып келетін генетикалық аппараттың зақымдануы.

3. Туа біткен даму ақауларын шақырмайтын ұрыққа жағымсыз әсері.

4. Ұрықтың дамуын тежейтін оған жағымсыз әсері.

5. Ісіктердің дамуына алып келетін ұрыққа әсері.

 

Тест №30

Дәрілік заттардың өзара әсерлесуінің фармакологиялық типіне келесі сатыдағы өзара әсерлесуі жатады:

1. Енгізілген жерде сіңірілуі.

2. Қан белоктарымен байланысуы.

3. Биотрансформация.

4. Арнайы рецепторлармен байланысуы.

5. ағзадан шығарылуы.

 

Тест №31

Дәрілік заттардың фармакодинамикалық өзара әсерлесуіне кіреді:

1. Рецепторлар деңгейінде өзара әсерлесуі.

2. Жасушалар деңгейінде өзара әсерлесуі.

3. Ағзалар деңгейінде өзара әсерлесуі.

4. Физиологиялық жүйе деңгейінде өзара әсерлесуі.

5. Бір шприцте араластыру кезінде өзара әсерлесуі.

 

Тест №32

Құрамында темір, кальций, магний иондары бар препараттар тетрациклин тобы антибиотиктердің АІЖ-нан сіңірілуіне қалай әсер етеді?
1. Арттырады.

2. Төмендетеді.

3. Әсер етпейді.

4. Бұрмаланады.

5. Адсорбцияланады.

 

Тест №33

Қандай заттар ішек қуысында осмостық қысымды арттыру арқылы асқазан-ішек жолынан дәрілік заттардың сіңірілуін төмендетеді?

1. Адсорбциялаушы заттар.

2. Анионалмасулық шайыр.

3. Тұзды ішайдағыштар.

4. Комплексондар.

5. Қармаушы заттар

 

Тест №34

Жергілікті анестезия жүргізу кезінде жергілікті анестетиктер ерітінділеріне қандай мақсатпен адреналин қосады?

1. Енгізген жерден препараттың сіңірілуін төмендету үшін.

2. Жүрек қызметін ынталандыру үшін.

3. Бронхоспазмды ескерту үшін.

4. Артериялық қысымды арттыру үшін.

5. Артериялық қысымды төмендету үшін.

 

Тест №35

Тетураммен біріктіргендегі этил спиртінің токсикалық әсерінің күшею механизмі қандай?

1.Тетурам этил спиртінің биожеткіліктілігін арттырады.

2. Тетурам қан белоктарымен байланысынан этил спиртін итеріп шағырады.

3. Тетурам этил спиртінің ацетилальдегид деңгейінде тотығуын тежейді.

4. Тетурам этил спиртіне тіндердің сезімталдылығын арттырады.

5. Тетурам этил спиртінің биожеткіліктілігін төмендетеді.

 

Тест №36

Аммоний хлоридімен жұптастырған кезде әлсіз органикалық негіз болып табылатын дәрілік заттардың бүйрек арқылы шығарылуы өзгере ме?

1. Күшейеді.

2. Әлсірейді.

3. Өзгермейді.

4. Бұрмаланады.

5. Жылдам жүреді.

 

Тест№ 37

Қандай дәрілік заттар деполяризацияға қарсы кураре тәрізді заттардың анагонистері болып табылады?

1. М-холиномиметиктер.

2. М-холиноблокаторлар.

3. Ганглиоблокаторлар.

4. Холинэстеразаға қарсы заттар.

5. Адреномиметиктер

 

Тест №38

Қандай препараттар холинэстеразаға қарсы заттардың тегіс салалы бұлшықеттерге күшейтуші әсерін әлсіретеді?

1. Ганглиоблокаторлар.

2. Кураре тәрізді заттар.

3. М-холино­блокаторлар.

4. Адреноблокаторлар.

5. Ф-биокатедтер

 

Тест №39

Наркозға арналған заттардың әсерін қандай заттар күшейтеді?

1. Психозға қарсы заттар.

2. Анксиолитиктер.

3. Наркотикалық типті ұйықтатқыш заттар.

4. Аналептиктер.

5. Психостимуляторлар

 

Тест №40

Ішкі белсенділігі төмен заттарға жатады:

1.Агонист-антагонисттер.

2. Жартылай агонисттер

3. Антагонисттер

4.Толық агонисттер

 

 

Кредит № 2

Сабақ № 1

1. Тақырыбы: «Афферентті иннервацияға әсер ететін заттар»

2. Сабақтың мақсаты: жергілікті жансыздандыратын, қармаушы, қаптаушы, сорып алушы және тітіркендіруші заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын оқыту.

3. Оқытудың міндеттері.

1. Жергілікті жансыздандыратын, қармаушы, қаптаушы, сорып алушы және тітіркендіруші заттардың жіктелуімен таныстыру.

2. Жергілікті жансыздандыратын, қармаушы, қаптаушы, сорып алушы және тітіркендіретін заттардың фармакокинетикасын және фармакодинамикасын зерделеу.

3. Жергілікті жансыздандыратын, қармаушы, қаптаушы, сорып алушы және тітіркендіруші заттардың салыстырмалы сипаттамасын оқыту.

4. Жергілікті жансыздандыратын заттардың резорбтивті әсері, биологиялық мембраналар арқылы өту қабілеті, қан тамырларға әсері.

5. Қолдануға негізгі көрсетулерін, қарсы көрсетулерін, жағымсыз әсерлерін зерделеу, олардың дамуын алдын алу.

6. Жергілікті жансыздандыратын, қармаушы, қаптаушы, сорып алушы және тітіркендіруші заттардың өзара әсерлесуін, негізгі препараттарға рецепт жазуды, оларды талдап, бір реттік мөлшерін есептеуді және олардың алмастырушыларын анықтай білуді үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Афферентті иннервацияға әсер ететін заттардың жіктелуін.

2. Тежегіш әсері бар дәрілік заттар.

А) Сезімтал жүйке ұштарын тежейтін заттар:

- жергілікті жансыздандырғыш заттар, анықтамасы;

- жіктелуі (химиялық құрылысы, клиникалық қолданылуы, әсерлерінің ұзақтығы, уыттығы және белсенділігі бойынша);

- жергілікті анестетиктерге қойылатын талаптар;

- әсер механизмі мен шоғырлануы;

- анестетиктердің салыстырмалы бағасы, олардың резорбтивті әсерлері, биологиялық мембраналардан өту мүмкіншілігі, тамырларға әсері және тамырларды тарылтатын заттармен жұптастыру;

- анестезияның әр түрлерінде қолдану;

- әсері ұзақ препаратты қолдану ерекшелігі (бупивакаин);

- жергілікті жансыздандырғыш заттардың жанама және уытты әсерлері және оның алдын алу.

Б) Сезімтал жүйке ұштарын қорғайтын заттар:

- қармаушы заттар, жіктелуі, негізгі әсерлері және әсер механизмі;

- органикалық және бейорганикалық қармаушы заттардың салыстырмалы сипаттамасы;

- қолданылуы, жанама әсерлері;

- қаптаушы заттар: органикалық және бейорганикалық. Әсерлерінің ерекшелігі, негізгі әсерлері және қолданылуы;

- сорып алушы заттар, әсерлерінің ерекшелігі және қолданылуы.

5. Оқыту және сабақ беру әдістері: талқыланып отырған тақырыптың көкейтесті мәселелерін ауызша сұрау, тесттік тапсырманы орындау, жағдайлық есепті шешу, рецепттерді талдап жазу, шағын топтармен жұмыс жүргізу, кестелерді, суреттерді, сызбаларды сараптау, қортытындылау, рецепттерді талдап жазу, бір реттік дозасын есептеу.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Фармакология (Харкевич Д.А.) оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. – 607 б.

3. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2008. С. 435-463

4. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2006. С. 415-461

5. Фармакология / под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: Гэотар – Мед, 2004. С. 392-417

6. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцева М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001. С.127-132

7. Руководство к лабораторным занятиям Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.С. 287-310

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 с.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

8. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ Кукес В.Г. и проф. Стародубцев А.К.- М.: Издательский дом ГЭОТАР – МЕД., 2004. – 631с.

9. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 с.

10. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. с.

11. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000.

12. Бороян Р.Г Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. – М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422. с.

13. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669 с.

14. Кафедрада оқылатын дәрістер.

Бағдарламалық препараттар: тетракаин (дикаин), бензокаин (анестезин), пиромекаин, прокаин (новокаин), ксикаин (лидокаин), артикаин (ультракаин), тримекаин, бупивакаин, танин, еменнің қайнатпасы, висмуттың негізгі нитраты, крахмалдың қоймалжыңы, белсендірілген көмір, аммиак ерітіндісі, ментол, қыша қағаз.

Есте сақтауға арналған препараттар: Инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияға арналған новокаин ерітіндісі, танин (ауызды шаюға арналған), анестезин.

7. Бақылау

1. Тесттік тапсырманы орындау.

2. Негізгі препарттарға рецепт жау, талдау, бір ретттік дозасын есептеу. Талдауда тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсетулерін, жанама әсерлерін көрсету.

3. Жағдайлық есептер шығару.

4. Сабақтың негізгі сұрақтарын талдау.

5. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

- жергілікті анестезиялаушы заттардың әсер ету механизмі?

- бупивакаиннің әсер ету ерекшелігі неде?

- қармаушы заттар мен қаптаушы заттардың айырмашылығы қандай?

- қармаушы заттар мен қаптаушы заттардың қолдануға көрсетілуі?

- сорып алушы заттардың тітіркендіруші заттардан айырмашылығы қандай?

- сорып алушы және тітіркендіруші заттардың қолданылуға көрсетілуін атаңыз?

 

 


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1413 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.033 сек.)