АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Жіктелуі (Г.Н.Красовский бойынша) 12 страница

Коммуналдық-қойма аумағы сауда қоймаларын, көкөністер мен жемістерді сақтауға арналған қоймаларды, көліктерге қызмет көрсететін кәсіпорындарды (депо, автотұрақтар), тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерін (кір жуатын орындар, т.б.) орналастыруға арналған. Оны тұрғын ауданнан тысқары, көбінесе өндірістік мекемелердің санитарлық-қорғаныш аумағында орналастырады.

Сыртқы транспорт аумағында жолаушылар және жүк тасымалдайтын темір жол бекеттері, порттар, кемежайлар, т.б. орналастырады. Тұрғын ауданды теміржол желісінен 100 метрлік санитарлық қорғаныш аумағы арқылы бөлуді ұсынады. Жаңа теңіз және өзен порттары тұрғын аудандар аумағынан тыс, 100 м кем емес қашықтықта орналастырылады. Әуежайлар үшін санитарлық қорғаныш аумағы олардың кластарына байланысты 5-30 км дейін болуы керек.

3.2. Ауылдық елді мекендердің жоспарлануы және құрылыс салынуы ерекшеліктері. Ауылдың жоспарлануы, құрылысы мен абаттандырылуы, қала құрылысындағыдай гигиеналық қағидаларға негізделген, бірақ мұнда ауыл жағдайларының ерекшелігі ескеріледі (құрылыс тығыздығы 5-6 %, ал елдің тығыздығы 1 га жерге - 20-25 адамнан аспайды). Ауылды жоспарлау барысында екі негізгі аумаққа бөледі: қоғамдық орталығы бар, тұрғын аудан аумағына және өндірістік аумаққа.

Ертеректе тұрғын үй ғимараттарын көлік магистралінің бойымен орналастыру кең таралған болатын. Бұл ауыл ауданының ұзаққа созылуына себеп болып, оның екі шетінің бір-бірімен өзара байланысына, сонымен бірге мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуде және санитарлық-техникалық абаттандыруда қиындықтар туғызды. Қазіргі кезде, тұрғын үй ғимараттары мен оларға жанасатын үй жанындағы учаскелерден және көшелерден тұратын, тұрғын кварталдар түріндегі ықшамдалған құрылыс, өзінің тиімділігін дәлелдеді. Осы кварталдарда, сонымен бірге, мәдени-тұрмыстық және емдеу-алдын-алу мекемелері, барлық тұрғындардың пайдалануына арналған жасыл желектер (саябақтар, шағынбақтар, бақтар), көшелер орналасады. Ықшамдалу нәтижесінде су құбырын, канализацияны, орталық жылу, газдандыру жүйелерін орнату, тротуарлар мен көшелерді орналастыру жеңілдетіледі және арзанға түседі.

Ауылдың орталық бөлігінде, әкімшілік мекемелері, пошта байланысы, клуб, асхана, дүкендер, қонақ үйлер, т.б. орналасатын, қоғамдық орталық ұйымдастырылады. Мектептер, бала бақшалар мен бөбекханаларды, аурухана мекемелерін қоғамдық орталық пен автомагистральдардан шеткері орналастыру қажет. Су көздерінің ластануын болдырмау үшін, тұрғын үй ғимараттарын олардан 100 м қашықтықта орналастыру керек.

Өндірістік аумақта барлық шаруашылық нысандары мен өндірістік кешендер (жөндеу-механикалық шеберханалары, мал жемін дайындайтын цехтар, мал бордақылау фермалары, қосалқы өндіріс орындары) орналастырылады.

Өндірістік аумақ химиялық және биологиялық ластаушы заттардың, сол сияқты шу, шаң, түтін, жағымсыз иістер мен шыбындардың көзі болып табылатындықтан, оны тұрғын үй зонасына қатысты ық жағынан, жергілікті жердің бедері бойынша және өзен ағысының бойымен төменірек орналастыру керек. Тұрғын аумағы мен өндірістік аумақ арасында санитарлық-қорғаныш аумағы жасалады, оның ені зияндылық деңгейі мен қауіптілік көзіне байланысты анықталады. Тұрғын аумаққа ең жақын қоймалық орындарды, олардан соң жөндеу шеберханаларын, одан ары – мал және құс шаруашылық құрылыстырын, мал көңін сақтау және ауру малдарға арналған оқшаулау орындарын орналастырады. Тұрғын үйлер ғимараттары мен кішігірім мал шарауашылық фермалары (400-800 мал басына) арасындағы ара қашықтықтың ені 200-300 м болуы керек, ал мыңдаған мал басы бар, ірі фермаларға арналған санитарлық-қорғаныш аумағы 3-5 км дейін созылады.

Ауылдар мен жеке үй-жайлардың сумен қамтамасыз етілуі су құбырларын салу немесе, қызмет көрсету радиусы 100 м аспайтын, қоғамдық құдықтар жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.

Жекелеген үйлерді жылы сумен жабдықталған, жуылатын әжетханаларымен салу керек. Ағызынды суларды жою және тазарту үшін, үйлердің үй маңындағы учаскелерінде жер астындағы сүзу алаңшалары немесе сүзгі құдықтарды жабдықтау тиімді.

4. Қалалық шу. Шудың тұрғындарға қолайсыз әсер етуінің алдын алу. Коммуналдық шу адамның денсаулығына қолайсыз әсер ететін кең таралған физикалық факторлардың бірі болып табылады. Шу, адамға жағымсыз, кедергі жасайтын, жиілігі мен қарқындылығы әр түрлі, дыбыстардың жиынтығы болып табылады. Шудың пайда болуы негізінде серпінді денелердің механикалық тербелістері жатады, нәтижесінде тербелістегі дененің бетімен тікелей жанасқан ауа қабатында, оның уақытпен кезектесіп жүретін және серпінді бойлай толқын түріндегі таралатын, қоюлануы (сығылуы) мен сиретілуі пайда болады. Шығу тегіне байланысты шу - табиғи, тұрмыстық, өндірістік, өнеркәсіптік, транспорттық, әуе және көше шуы, т.б. болып бөлінеді.

Табиғи шулардың деңгейі, әдетте, төмен болады және адамның көңіл-күйіне әсер етпейді (6.1- кесте). Мысалы, жапырақтардың сыбдыры, теңіз толқындары шуының деңгейі 20 дБ аспайды. Тұрмыстық шу тұрғын үй бөлмелерінде пайда болады, ол теле-, радиоқұралдардың, тұрмыстық жабдықтардың жұмыс істеуімен, адамдардың сөйлесуімен, аспаптарда ойнауымен, құрылыс жұмыстарын жүргізуімен т.б. байланысты. Тыныш пәтерлерде ол 40 дБ аспайды. Радио, теледидарларды қосқан кезде, шу деңгейі өте күшейіп, ауыру сезімінің табалдырығына (100-110 дБ) жақындайды.

Өндірістік шу, өндіріс орындарындағы машиналар мен механизмдердің жұмыс істеуі кезінде туындайды. Мекеме территориясынан тыс аумақтарға таралатын өнеркәсіптк шу компрессор бекеттерінен, құрылыс және металлургиялық мекемелерден туындайды.

Кесте

Әр түрлі көздерден туындайтын шудың деңгейлері, (дБА).

Шу көздері Шу деңгейі Шу көздері Шу деңгейі
Шусыз бөлме   Жеңіл автокөлік қозғалатын көше 70-80
Жапырақтардың сыбдыры   Жүк көлігі 70-90
1 м ара қашықтықтағы сыбырлап сөйлеу   Дөңгелекті трактор 96 дейін
1 м ара қашықтықтағы қалта сағатының соғуы   Шынжыр табанды трактор 106 дейін
Тыныш пәтер   Дауыс сөндіргіші жоқ мотоцикл  
Әдеттегі тұрғын үй шуы   Дауыс сөндіргіші бар мотоцикл 82-85
Ақырын сөйлеу   Трамвай 80-90
1 м қашықтықтағы әдеттегі сөйлеу 50-60 Троллейбус 70-76
1 м қашықтықтағы қатты сөйлеу (лектор) 70-80 Балалардың ойыны 90-95 дейін
Ән айту 67-92 Жедел жәрдемнің сиренасы  
Емшектегі баланың жылауы   Көшедегі дауыс зорайтқыш 90-96
Пианинода ойнау   Винтті ұшақ 120 дейін
Электракустикалық аппаратурадан шығатын музыка   Автомобильдің сигналы 80-100
Радиодан берілетін қатты музыка   100 м қашықтықтағы реактивті ұшақ  
Ең қатты дауысы қосылған радиоқабылдағыш немесе телевизор   Жолаушылар, жүк пойызы 90-92
Лифт есігінің тарсылдап жабылуы   Зымыран қозғалтқыштары, жарылыстар, қарудан ату 175-210 дейін

 

Көше шуы, көлік және көшенің барлық басқа шуларының (адамдардың сөйлеуі, жаяу жүргіншілердің аяқтарының сыбдырлауы, жол реттегіштерінің ысқырығы, т.б.) жиынтығы болып табылады. Көше шуының негізгі көзі - көліктер болып табылады, олар қаланың жалпы шуының 80% құрайды. Автокөліктерден таралатын шудың деңгейі 70-90 дБ құрайды, темір жол транспорты шу деңгейін 90-100 дБ дейін жоғарылатуы мүмкін. Соңғы жылдары, көптеген көлік қозғалыстарының артуына (сағатына 6000 машина дейін), көліктің жүк көтергіштігі мен қуатының жоғарылауына, қозғалтқыштың жылдамдығының жоғарылауына байланысты, қалалардағы шу деңгейлері 10-15 дБ өсті.

Ең күшті шу - 100-105-тен 120 дБ дейін - ұшақтардың ауаға көтерілу кезінде және қонар алдында туындайды. Авиациялық шу түнгі уақытта адамдарды ұйқысынан оятып қана қоймай, сонымен бірге, қорқыныш, үрей сезімдерін де туғызуы мүмкін. Әуежай аумақтарында тұратын тұрғындарда нәрестелердің өлі туылуы және туа біткен аномалиялар жоғары болатындығы көрсетілген. Авиациялық шу, сонымен қатар психикалық аурулар санының жоғарылуына да әкеп соғады.

Әдетте, қалалық шу түнгі уақытта аз болып, күндіз күшейеді. Алайда, дискотекалар, мейрамханалар, қатты дыбысты шоу-бағдарламалар кейде түнгі де, кешкі уақытта да, күшті және тітіркендіретін шулардың көзі болып табылады.

Шудың адам ағзасына әсері, оның күші мен жиілігіне, дыбыстың қысымына, амплитудасына, уақыт бойынша таралуына, адамға әсер етуінің режиміне және шудың шығу тегіне қатысты сипатына байланысты (ХΙ-тарау).

Шудың психофизиологиялық қабылдануы маңызды, кейде тіпті шешуші роль атқарады. Ол, дыбыстың күшінен басқа, шудың сипатын анықтайтын көзіне және адамның шу әсер еткен кездегі жұмыс түріне байланысты болады. Мысалы, белгілі бір жағдайларда адамның сыбыры мен қорылдауы, қатты сөйлесу мен музыкаға қарағанда, көбірек мазасын алуы мүмкін. Көшеде жүргенде қолайсыз әсер етпейтін шу, демалу және ой еңбегімен айналысу кезінде кедергі келтіреді.

Шу тікелей немесе жанама түрде адамның тіршілік үшін маңызды барлық мүшелері мен жүйелеріне түгелдей әсер етеді. Шудың ағзаға өзіне тән - есту мүшесіне, сонымен бірге, өзіне тән емес те - орталық, шеткі жүйке жүйелеріне, жүрек қан-тамырлары, эндокриндік, асқорыту, т.б. жүйелеріне әсері байқалады. Шудың әсер ететін деңгейіне байланысты әр түрлі реакциялар байқалуы мүмкін. 30 дБ дейінгі шу қолайсыздық туғызбайды. 40-60 дБ шу деңгейінің өзі-ақ адамның ақпаратты синтездеуі мен талдауға байланысты жұмылдыруды талап ететін, ой еңбегіне зиянды әсер етеді.

Жайсыздықты сезінуге, мазасыздануға, жұмыстың, демалыстың, ұйқының бұзылуына шағым пайда болады. Көру- және есту сигналдарына қимылреакцияларының жылдамдығы төмендейді, рефлекстердің күші төмендейді. Шудың деңгейі 40 дБ жеткенде-ақ ұйқы бұзылады. Ұйқының бұзылуына себеп болатын шудың табалдырықтық деңгейі, әсіресе, қарт адамдарда төмен (30 дБ және одан да төмен) болады. Балаларда ол жоғарырақ болып, 50 дБ дейін жетеді. 50 дБ шу деңгейі кезінде ұйқтап кетуге дейінгі кезеңі 1 сағатқа дейін созылады, ал терең ұйқы уақыты 60% дейін қысқарады. Ұйқының бұзылуы демалудың тиімділігін төмендетеді және үнемі шаршағыштықтың дамуына, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне және түрлі ауруларға шалдығудың жоғарлауына әкеп соғады.

65-90 дБА деңгейіндегі шу шеткі жүйке жүйесінің қозғыштығын жоғарылатады, АКТГ (адренокортикотропты гормон ) қанға түсуінжоғарылатуымен, кортикостероидтардың деңгейінің көтерілуімен, қалқанша бездің қызметін ынталандыруымен сипатталатын, гипоталамо-гипофиздік-адреналинді жүйенің түрлі деңгейдегі айқын реакцияларын туғызады.

Бас ауыруы, ашушаңдық, көңіл күйдің тұрақсыздығы, тәбеттің жоғалуы, жүрек айну, ойлау қабілетінің төмендеуі байқалады. Бастапқыда, негізінен, функционалдық өзгерістермен сипатталатын, жүрек-қан тамырлар жүйесі жұмысының бұзылуы байқалады. Тамыр соғуы мен артериялық қан қысымының тұрақты болмауы тән, жүрек тұсында жағымсыз сезінуге, жүректің қатты соғуына шағым туады. Бұдан кейін гипертония, жүректің ишемия ауруы, миокард инфарктысының туындауына себеп болатын, вазоконстрикция құбылыстары тұрақтылау бола бастайды.

Асқазанның жиырылу қабілеті және ішектің перистальтикасы нашарлайды, ас қорыту бездерінің секреторлық қызметі бұзылады. Қаланың шулы аудандарында тұратын тұрғындар, басқа аудандарда тұратындарға қарағанда, жүрек-қан тамырлары жүйелерінің ауруларымен - орта есеппен 20%, ал жүйке жүйесінің ауруларымен - 18-23% жиі ауырады.

Шудың осы деңгейлерінде есту анализаторының тұрақты турде зорлануы байқалады, бұл дыбыстың есту табалдырығының 10-25 дБ жоғарылуына әкеледі және сөздерді түсінуде қиындықтар тудырады. Қажуды ұлғайтып, зейін қоюды нашарлатып, рефлекторлық реакциялардың жылдамдығын төмендетіп, дыбыс сигналдарын бүркеп, шу жарақаттануға жағдай жасауы мүмкін. Мысалы, автобус салонындағы шу (75-85 дБА дейін) немесе автокөлік кабинасындағы қарқынды шу (80-85 дБА) жүргізушінің жүйке жүйесіне әсер ете отырып, көшедегі жарақат алу қаупін жоғарылатады. Шусыз жерде демалу кезінде есту өткірлігі қайта қалпына келеді.

Шудың жоғары - 90-110 дБА дейінгі деңгейлері, әсер ететін шудың шамасына байланысты болады, есту қабілетінің уақытша бұзылуына немесе қайтымсыз кереңдікке әкеп соғады. 120-130 дБА шу құлақтың кіреберіс-ұлу мүшесіне әсер етіп, ауыру сезімін тудырады, ал 130 дБА жоғары болғанда, ганглийлердің жасушаларына оларды жоятын тікелей механикалық әсер етеді. 150 дБА деңгейдегі шу өлімге әкелетін барожарақатқа әкеп соғады, бұдан қорғану үшін шудан қорғайтын шлем мен костюм кию қажет. Ондай шу азғана биіктікте ұшып келе жатқан реактивті ұшақтың астында, зымыран ұшыратын орынға жақын жерде (175 дБ дейін және одан жоғары), жарылыстар кезінде пайда болады.

Елді мекендерді қалалық шудың зиянды әсерлерінен қорғау үшін, шудың әсер ету ұзақтығы мен сипатын ескере отырып, әр түрлі бөлмелерге, аумақтарға және адамның түрлі тіршілік жағдайларына арналған шудың шекті дыбыс деңгейі (дБА мен есептелетін) мен октавалары бойынша дыбыс қысымының деңгейлерін (дБ мен есептелетін) нормалайды (6.2-кесте).

Қалалық тұрғын үй құрылысының техникалық және архитектуралық-жоспарлау шешімдерін, санитарлық нормаларға негіздей отырып, түрлі аумақтар мен бөлмелердегі шудың деңгейлерінің шектен аспауын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей етіп, дайындайды.

Қалалық коммуналдық шудың қолайсыз әсерлерінің алдын алу бойынша шаралар жаңа салынатын немесе реконструкцияланатын қала (ықшамауданның) құрылысының жобасын дайындау кезінен-ақ басталып жүргізілуі қажет.

Кесте

Әр түрлі аумақтар мен бөлмелердегі шудың рұқсат етілген деңгейлері

Аумақтардың аталуы Шудың эквивалентті деңгейі, дБА
Күндіз, 7-ден 23 сағатқа дейін Түнде, 23-тен 7 сағатқа дейін
Елді мекеннің селитебті аумағы    
Реконструкцияланатын тұрғын үй құрылысы    
Әуежайлар мен аэродромдар жанындағы тұрғын үйлер құрылысының аумағы    
Демалыс пен туризм аумақтары   30-35
Санаториялық-курорттық аумақ 40-45 30-35
Үйлер қабырғасының жанындағы көшедегі қозғалыс    
Тұрғын үйлердің аумағы    
Тұрғын үй бөлмелері    
Сыныптар мен аудиториялар    
Ауруханалар мен санаторийлердің палаталары    
Кафе, ресторандардың залдары    

 

«Шу картасы» деп аталатын, карта құрастырылады, онда қала аймағында келешекте болуы мүмкін шу көздері мен қаладағы шудың таралу жолдары және деңгейлері белгіленеді. Бұрыннан тұрған қалаларда осы сияқты шу карталарын елді мекеннің әр түрлі орындарында шуды жоспарлы түрде өлшеу арқылы жасайды. Шу картасының ШРЕД мөлшерімен сәйкестендірілуі қаладағы акустикалық қолайлы жағдайлар үшін күресу жолындағы міндеттерді нақтылауға көмектеседі.

Көше шуының алдын алу бойынша шаралар келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі: шудың пайда болу себептерін жою немесе шуды шығару көзінде әлсірету; шудың күшін оның таралу жолында әлсірету және шуды тікелей одан қорғау нысанында әлсірету. Бұл шаралардың ішіндегі ең тиімдісі, шудың пайда болу себептерін жоюға немесе шудың әсерін оның шығару көзінде әлсіретуге бағытталған шаралар болып табылады. Мысалы, шудың көп мөлшерде төмендеуіне шуды аз шығаратын көліктерді жасау және шығару нәтижесінде қол жеткізуге болады. Алайда, мұндай шешімдер барлық уақытта мүмкін болмайды

Сондықтан, шу деңгейлерін таралу жолдарында төмендетуге бағытталған шараларды жүзеге асыруы маңызды болып саналады, олар архитектуралық-жоспарлау және құрылыс-акустикалық - 2 топқа бөлінеді. Елді мекендерді міндетті түрде зоналарға бөледі, тұрғын үйлерді шу көздерінен алыстататын, тұрғын үй аумағына ықшамаудандар салады, магистральды және жоғары жылдамдықты жолдар қаланың шетіне, ал шу шығаратын өндірістік мекемелері - тұрғын аумақтан тысқары жерге шығарылады, темір жолдар, вокзалдар, әуежайлар санитарлық нормаларда бекітілген ара қашықтықта орналастырылады.

Сол сияқты құрылыс–акустикалық шараларды - экрандармен қорғануды қолданады. Экран ретінде, шудан қорғану үшін талаптары төмендетілген ғимараттар, шудан қорғалған тұрғын үй ғимараттары, жер бедерінің жасанды немесе табиғи элементтері (жыралар, ойпаттар, биік төбешіктер, жол жағасындағы тіреуіш, қоршайтын және шудан қорғайтын қабырғалар), көгалдандыру жолақтары қолданылады. Шудан қорғалған ғимараттардың құрылысын жоспарлағанда, ұйықтайтын бөлмелерді көшеге қарама-қарсы бетте орналастырылуын қарастырады.

Шудан қорғану кезінде ғимараттарда дыбысты оқшаулау (дыбыс энергиясының қоршаудан өту үрдісі кезінде әлсіреуі) мен дыбысты сіңіру (дыбыстың сіңірілуі есебінен дыбыс энергиясының әлсіреуі) кеңінен қолданылады. Дыбыстық оқшаулау мақсатында бұрында кеңінен қолданылып жүрген бір қабатты пәтераралық қабырғалардың орнына, көп қабатты қабырғаларды қолданады, терезелерді екі қабат етіп жасайды және тамбуры бар есіктерді орнатады. Соңғы кездері дыбыс оқшаулайтын желдеткіш терезелер қолданылуда, бұлар дыбысты оқшаулап қана қоймай, бір мезгілде терезе астындағы қабырғадағы саңылауға орнатылған желдеткіштің көмегімен бөлмені желдетуге мүмкіндік береді. Минералды мақта, гипс, армирленген шыны-талшық, поропласт, ұяшықты бетоннан жасалған дыбыс сіңіретін қаптауыштарды қолданады.

Әкімшілік шаралардың маңызы үлкен болып табылады, ал кейде ол негізгі орын алады. Оларға көшеде жүретін көліктердің сигналдарын шектеу, жеңіл және жүк тасымалдайтын көліктердің белгілі бір көшелерде қозғалысын реттеу, пәтерлер мен көше шуларын 23 - 7 сағат аралығында және демалыс күндерінде де шектеу, сонымен бірге, бұл уақыт аралығында кейбір көшелерде автокөліктердің қозғалысына тыйым салу, көшелер, алаңдар мен шағын бақтардағы дауыс күшейткіш құралдардың дыбысын шектеу, т.б. сияқты шаралар жатады.

Тұрғындарға гигиеналық тәрбие бермей, шумен күресу мүмкін емес. Үлкендердің денсаулығы мен олардың еңбекке қабілеттілігінің жоғары болуына, балалардың сабақ үлгерімі, жақсы, сергітетін ұйқы, тиімді демалыс (әсіресе, өндірістік шудың әсерінен кейін), көтеріңкі көңіл-күй болуы үшін, акустикалық қолайлы жағдайдың маңызын әркім түсінуі керек және оларды қалыптастыруға өз күшін салуы тиіс.

VII- ТАРАУ. ТҰРҒЫН ҮЙ ГИГИЕНАСЫ

Адам өз өмірінің көп бөлігін үйде өткізеді, сондықтан адам үшін тұрғын үйдің атқаратын ролі ерекше. Үй адамды климаттық факторлардың (ыстықтан, желден, атмосфералық жауын-шашындардан) қолайсыз әсерлерінен қорғайды, оның ой еңбегімен айналысуына, бала тәрбиесі, демалуы үшін, еңбекке қабілеттілігін қайта қалпына келтіруіне және жеке басының гигиенасын сақтауға қолайлы жағдайлар туғызады. Жақсы тұрғын үй адамның денсаулығына, оның эмоционалдық жағдайына, жұмыс қабілетіне және барлық тұрмыс тіршілігіне қолайлы әсер етеді.

Тұрғын үй адамның қолымен жасалған жасанды, әлеуметтік орта болып табылады, оның әр түрлі – физикалық, химиялық, биологиялық факторлары адамның денсаулығына әркелкі әсер етеді. Мысалы, тұрғын үй ішінде әсер ететін физикалық факторларға микроклимат, бөлмелерге күн сәулесінің түсуі және жарықтанғандығы, техногенді электромагниттік сәулеленулер, шу, вибрация жатады. Химиялық факторларға сыртқы атмосфералық ауамен түсетін ластаушылар және үйдің ішіндегі әр түрлі көздерден бөлінген ластаушы заттар кіреді, ал биологиялық факторларға түрлі микроорганизмдер және олардың тіршілік үрдістерінің өнімдері жатады.


Дата добавления: 2016-03-26 | Просмотры: 557 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.007 сек.)