АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Жіктелуі (Г.Н.Красовский бойынша) 44 страница

Жер учаскесін рационалды жоспарлау, ауруханаларды гигиеналық жағынан абаттандырудың көптеген жақтарын қамтамасыз етеді. Емдеу-алдын алу мекемесін өз жер учаскесінде орналастыру жоспары болып табылатын аурухананың бас жоспары (10.1- сурет), жобалау кезеңінде - ақ учаскені, бір-бірінен айырмашылығы бар, бірнеше функционалдық зоналарға бөлуді қарастырады:

1. емдеу корпустарының, жұқпалы емес және жұқпалы ауруларға арналған;

2. бау-саябақ;

3. әкімшілік-емхана;

4. патологиялық-анатомиялық корпустың;

5. шаруашылық-құрылыстар зонасына;

Аурухана учаскесін зоналарға бөлу қолайлы санитарлық және емдік-қорғаны ш тәртібін ұйымдастыру, науқастарға психологиялық комфорт туғызу, аурухана ішілік инфекцияның алдын алу, әр түрлі бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеуі үшін маңызды жағдай болып табылады. Аурухана кешенінің құрам бөліктерін зоналарға бөлу және рационалды орналастыру формасы дұрыс тікбұрышты, ені мен ұзындықтарының арақатынасы 1:2 немесе 2:3 болатын, ұзын осі шығыстан батысқа қарай бағытталған учаскелерде ең қолайлы жүзеге асырылады. Ауруханалар селитебтік зоналарда орналасқанда, емдеу және палаталық корпустарды құрылыстың қызыл сызығынан (көшелер мен аурухана аумағының шекарасы) 30 м және тұрғын үйлерден 50 м кем емес қашықтықта орналастыруы қажет. Жұқпалы аурулар бөлімшесі учаскенің түкпір жағында, жұқпалы аурулар емес бөлімшелерден 30 м кем емес қашықтықта орналасуы керек. Басқа корпустардан дуалдар арқылы және ағаштар мен бұталар арқылы бөлінуі, өзінің бөлек, көлік кіріп- шығатын жолы болуы тиіс.

 

 

10.1-сурет. Қалалық аурухананың бас жоспары (аралас құрылыс жүйесі). 1 — бас корпус; 2 — емхана; 3 — акушерлік-гинекологиялық корпус; 4 —жұқпалы аурулар корпусы; 5 —ас блогі; 6 —шаруашылық корпусы; 7 — патологиялық-анатомиялық корпус.

 

Патологиялық-анатомиялық бөлімшені учаскенің түкпірінде, емдеу корпустарының палаталық бөлімшелерінің терезелерінен көрінбейтін аймақта орналастырады. Салт жораларыаймағына көлік кіріп-шығатын оқшау жолы болуы тиіс. Емдеу корпустары патологиялық-анатомиялық корпустан 30 м қашықтықта орналасуы қажет.

Емдеу корпустары мен басқа ғимараттардың ара қашықтығы инсоляция, жарық түсуі, желдетілеу және шудан қорғау жағдайларын қамтамасыз етуі керек. Мысалы, корпустар мен палаталар терезелерінің арасындағы қашықтық, ең биік қарсы тұрған ғимараттың 2,5 биіктігіне тең, бірақ, 24 метрден кем болмауы тиіс.

Емхана ғимаратын, көбінесе емдеу корпустарынан оқшау 30-50 м қашықтықта, учаскенің шет жағына қарай орналастырады. Емханаға кіру жолдары бөлек болады. Емхана ғимаратын бас емдеу корпусымен топтастырып орналастыратын түрлерін де қолдануға болады. Мұндай жағдайда, егер арнайы қызмет көрсету кестесі орнатылған болса және амбулаториялық ауруларға арналған жеке кіретін есігі және күтетін орны ұйымдастырылса, осы корпуста орналасқан аурухананың зертхана және емдеу-диагностикалық бөлімшелерін стационарлық науқастар үшін де және емханаға келетін емделушілер үшін де, пайдалануға болады.

Шаруашылық ауласын аурухана ғимаратынан 30-40 м қашықтықта, ық жағында, жер бедері төмендеу жерде орналастырады. Шаруашылық ауласында сумен жылытатын орталық қазандықты, дезинфекциялық камерасы бар кір жуатын орынды, гаражды, қойма бөлмелері мен көкөніс сақтайтын қойманы орналастырады. Басқа аурухана зоналарынан шаруашылық ауласын, ені 8-10 м отырғызылған ағаштар мен бұталар жолағы арқылы оқшаулайды.

Аурухана аумағына өз алдына бөлек, көлік кіретін 3 жолы болуы тиіс: жұқпалы емес ауруларды емдеу корпустарының зонасына, жұқпалы аурулар бөлімінің зонасына, шаруашылық зонасына. Әдетте, шаруашылық зонасына көлік кіретін жолмен патологиялық-анатомиялық корпусқа өтетін жол біріктіріледі.

Аурухана кешені ғимараттарының құрылысын салуға бөлінген жер учаскесінің үлесі 15%-дан, шаруашылық ауласына, адамдар жүретін жолға және көлік жолдарына - 25%-дан артық болмауы тиіс. Жер учаскесінің ең үлкен (60%-дан кем емес) бөлігін көгөрістер құрауы тиіс, олар қорғаныс зонасы ретінде, учаскенің периметрі бойынша, ені 15 м болатын отырғызылған ағаштар және аурухана мекенінің ішінде егілген саябақ, бау, гүлзарлар, көгалдар түріндегі көгөрістер. Қорғаныс зонасына бірнеше қатар биік өсетін ағаштар және арасына бұталар отырғызылады. Бау-саябақ зонасының ауданы, 1 адамға есептегенде, 25 м2 кем болмауы керек.

Ғимараттар палаталарының терезелері бағытталған жағындағы учаскенің шетіндегі қорғаныс зонасын 30 м дейін үлкейтеді.

Егілген жас ағаштар аурулардың жағдайына қолайлы әсер ететін фактор ретінде де және олардың ауруханада болу жағдайын жақсартатын фактор ретінде де маңызды роль атқарады. Көк желектер арқасында аурухана аумағында қолайлы микроклимат жағдайы жасалады: жазда салқын, қыста қолайлы температура болады, әсіресе оңтүстік аудандарда, күн көзінен қызған ғимараттардан, тротуарлардан, қоршаулардан шыққан радиация төмендейді. Көкжелектер ауаның оттегімен қанығуын жоғарылатады, аумағында шудың деңгейін азайтады, қатты жел соғудан қорғайды, шаң, газ, бу және бактерияларды өзіне тартады. Көптеген ағаштар және өсімдіктер бөлетін фитонцидтер і – табиғи антибиотиктер - патогенді микроағзаларды жойып, ауаның биологиялық ластануын төмендетеді. Бұл тұрғыдан айрықша көрнектісі, қылқан жапырақты ағаштардың, қайыңның, аршаның, теректің еменнің бактерицидтік қабілеті болып табылады. Ағзаға қолайлы жағдай жасайтын, гипоксия құбылысын азайтатын табиғат аясында, көкжелектердің арасында болу емдеу үрдісінің алмастырылмайтын құрам бөлігі болып табылады. Мысалы, таза ауада серуендеу, гипертония ауруы бар адамдардың қан қысымын төмендетіп, жалпы жағдайын жақсартады. Аурухана сая бағында науқастар серуендеуі, олардың қимыл-қозғалысын арттырады, ұзақ уақыт төсекте жатқан науқастарда пайда болатын гиподинамияның теріс көріністерін төмендетеді, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйелері, асқазан-ішек жолдарының жұмысын күшейтеді, ағзаның тонусын жоғарылатады.

2. Аурухана құрылысы жүйелерінің гигиеналық сипаттамасы.

Қазіргі кездегі ауруханалар көп төсекті, құрылымы мен қызметі күрделі, әр түрлі мамандандырылған медициналық көмек түрлерін көрсететін бөлімшелері болуымен, жаңа емдеу және диагностика әдістерін дамытумен және енгізумен, жоғары техникалық жабдықталуымен, қымбат тұратын жабдықтарды күтетін инженерлік-техникалық қызметті ұстау қажеттілігімен, аурухана базасында маман қызметкерлерді дайындаумен ерекшеленеді.

Осы аспектілердің бәрінің де шешілуі, көбінесе, ауруханалардың құрылыс жүйесімен анықталады. Осыдан бірнеше жүз жылдар бұрын пайда болған бірінші ауруханалар казарма түрінде болды және бірқатар өтпелі залдардан тұрды, оған, ауру сипатын ескермей, 30-40 адамнан жатқызды. Санитарлық тұрғыдан аббатандырылмауы, шектеулі аумақта аурулардың жиналуы, аурулардың қоздырғыштары туралы ешқандай түсінік болмауы, жаппай аурухана ішілік инфекцияның дамуына әкеп соқты. 19 ғасырдың басында ауруханаларды салудың павильондық құрылыс жүйесі бірінші рет қолданыла бастады. Бұл жүйесінде қабаты аз, онша үлкен емес ғимараттарда, жарық екі жағынан да түсетін, жақсы желденетін және күн сәулесі түсетін кең зал-палаталар орналастырылды, сонымен қатар, санитарлық және шаруашылық бөлмелері де болды. Павильондық (орталықтандырылмаған) құрылыс жүйесі, аурухана ішілік инфекцияның дамуын төмендетіп, науқастарға гигиеналық жағынан қолайлы жағдайлар қамтамасыз етуге мүмкіншілік берді. Бұл жүйе, кейбір кемшіліктеріне (мамандандырылған медициналық көмек көрсету қиындығы, бір қызмет түрін атқаратын аспаптардың біреуінің орнына бірнешеуін қолдану, экономикалық шығыны үлкен және басқалар) қарамастан, осы күнге дейін қолданылуда. Бұл кемшіліктер ауруханалардың функционалдық жағынан жетілуін, емдеу-диагностикалық үрдістің іске асуын шектеді, осыған байланысты 20 ғасырдың бірінші жартысында аурухана құрылысын салудың келесі кезеңі - орталықтандырылған құрылыс жүйесі болды, бұл құрылыс жүйесінде барлық бөлімшелер бір ғимаратта орналасты. Бірақ, бұл жүйенің де кемшіліктері болды, бірінші кезекте, аурухана ішілік инфекция дамуының қаупі жоғары болды. А ралас құрылыс жүйесі ұсынылды, содан соң ірі көп салалы ауруханалардың көбеюіне байланысты, 20 ғасырдың 70-жылдарының басында олардың қазіргі талапқа сай жаңартылған түрі – орталықтандырылған-блоктық құрылыс жүйесі ұсынылды.

Қазіргі кезде аурухана құрылысының 4 жүйесі қолданылады: орталықтандырылмаған, орталықтандырылған, орталықтандырылған-блоктық және аралас.

Орталықтандырылмаған құрылыс жүйесінде, аурухана мекемесі әр түрлі саладағы емдеу бөлімдері орналасқан бірқатар жеке түрған аз қабатты ғимараттардан тұрады. Жеке ғимараттарда емхананы, әкімшілік және шаруашылық қызметтерін орналастырады. Орталықтандырылмаған құрылыс жүйесінің артықшылықтары:

· бөлімдерінің бір-бірінен жақсы оқшауланғандығы, бұл аурухана ішілік инфекцияның таралу мүмкіншілігін едәуір азайтады;

· емдік-қорғаныс тәртібін, қолайлы микроклимат жағдайларын, жарық пен ауа алмасуын қамтамасыз ету мүмкіншілігі жақсарады;

· науқастардың ашық ауада, көгөрістерді ң арасында болуын жеңілдетеді;

Сонымен қатар, орталықтандырылмаған құрылыс жүйесінің бірқатар кемшіліктері де бар, ол туралы жоғарыда айтылды. Мысалы, аурухананың орталықтандырылмаған құрылыс жүйесін салуға жер учаскесін ауданы үлкен болуы қажет. Бұл, әрине, қазіргі уақытта қиын шешілетін мәселе. Мұндай құрылыс жүйесі бойынша, бөлек ғимараттар салу, оларға коммуникациялар жүргізу, аумағын абаттандыру көп материалдық шығынды қажет етеді. Елеулі кемшілігі, маман дәрігердің кеңес беруі және жедел мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің қиындауы, әр түрлі корпустарда емдеу-диагностикалық бөлімшелердің қосарлануы, науқастар мен медицина қызметкерінің жүру жолдарының ұзаруы. Орталық ас блогынан корпустарға тамақ тасу қажеттілігі тағамның сапасын төмендетеді және суып кетуіне байланысты, оны қайта ысытуды қажет етеді.

Сондықтан, қазіргі кезде орталықтандырылмаған құрылыс жүйесін, көбінесе қала шетінде орналасатын туберкулездік, психиатриялық ауруханалар, реабилитациялық орталықтар және т.б. емдеу-алдын алу мекемелерін салу ушін, сондай-ақ, сейсмикалық қауіпті аудандарда ауруханалдар салу үшін қолданады. Орталықтандырылған жүйеде, жұқпалы, патологиялық-анатомиялық бөлімдерден басқа, барлық соматикалық бөлімдерін бір, көп қабатты ғимаратта орналастырады. Бұл жүйенің де кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Артықшылықтары: құрылысы едәуір арзанға түседі, құрылыс ауданы азаяды, орталыктандырылған құрылымдық бөлімшелерде (рентген бөлімінде, функционалдық диагностика бөлімінде, зертханаларда және басқаларда) шоғырландырылған бір емдеу-диагностикалық жабдықты аурухананың барлық бөлімдері ұтымды пайдаланады. Сонымен бірге, жедел кеңес беру және басқа да тез емдік көмек көрсету мүмкіншілігі жақсарады, персоналдың жүру жолы және тамақ тасу жолы қысқарады, санитарлық-техникалық жабдықтарды және әр түрлі коммуникацияларды пайдалану жеңілдейді.

Орталықтандырылған қүрылыс жүйесінің негізгі кемшіліктеріне, аурахана ішілік инфекцияның пайда болуы мен таралуының жоғарылығы, емдік-қорғаңыш және санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптерді ұйымдастыру мен сақтаудың қиындауы, шу деңгейінің жоғарылауы, микроклимат жағдайының нашарлауы, аурулардың аурухана бауын пайдалануының қиындауы жатады.

Аралас құрылыс жүйесі, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған құрылыс жүйелерінің жеке қасиеттерін біріктіреді. Әдетте, 4 – 5 қабатты бас корпуста оқшаулауды қажет етпейтін соматикалық бөлімдер мен орталықтандырылған емдеу-диагностикалық бөлімшелерді орналастырады. Бөлек ғимараттарда аурухана ішілік инфекцияның алдын алу мақсатында, бір-бірінен оқшаулауды міндетті түрде қажет ететін перзентхананы, балалар бөлімін, жұқпалы аурулар бөлімін орналастырады. Сонымен қатар, бөлек тұрған ғимараттарда әкімшілік-шаруашылық бөлімін және емхананы орналастырады. Аралас құрылыс жүйесі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған құрылыс жүйелерінің кейбір кемшіліктерін өте төмен дәрежеге дейін азайтуға мүмкіншілік береді.

Гигиеналық талаптарға ең көп сәйкес келетіні - орталықтандырылған-блоктық құрылыс жүйесі (Е.И.Гончарук,2006). Бұл жүйеде бір немесе бірнеше көп қабатты (6-9 қабатты) палаталық корпустар және бір немесе бірнеше аз қабатты ғимараттар болады. Көп қабатты корпустарда, жұқпалы аурулар бөлімінен басқа, барлық бөлімдер орналасады. Аз қабатты ғимараттарда операциялық, емдеу-диагностикалық бөлімшелер, қосалқы қызметтер орналасады. Бұлардың бәрі бір-бірімен жабық жер бетіндегі немесе жер астындағы өтпелерімен қосылады. Патологиялық-анатомиялық және жұқпалы аурулар бөлімдері бөлек ғимараттарда орналасады.

3. Аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелері. Стационардың негізгі функционалдық элементі ретіндегі -палата бөлімі.

Аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелеріне жататындар:

· Қабылдау бөлімі;

· Стационардың мамандандырылған палаталық бөлімі;

· Емдеу-диагностикалық бөлімдері: функционалдық диагностика, рентген-диагностикалық, физиотерапевтік, емдік физкультура, анестезиология және реанимация, операциялық блок;

· Зертхана;

· Патологиялық-анатомиялық бөлім;

· Ас блогі;

· Дезкамерасы бар кір жуатын бөлім;

· Орталық стерильдеу бөлімі;

· Дәріхана;

· Әкімшілік-шаруашылық бөлімі және қосалқы бөлімшелер: медициналық техникаларды жөндейтін шеберханалар, гараж және көкөніс сақтайтын қойма және т.т.

3.1.Қабылдау бөлімі. Бұл бөлім ауруларды қарауға, диагнозын дәлелдеуге және аурудың ем алатын бөлімін анықтауға арналған. Осы жерде ауруы жұқпалы емес науқастарды санитарлық өңдеуден өткізеді және біріншілік медициналық құжаттарды толтырады. Қажет болған жағдайда, қабылдау бөлімінде бірінші медициналық көмек көрсетіледі. Көп төсекті ауруханалардың қабылдау бөлімінің құрамында реанимациялық палата болады және кішігірім диагностикалық бөлім ұйымдастырылады.

Орталық қабылдау бөлімі, әдетте, ең үлкен емдеу корпустың ауруханың аумағына көлік кіретін және транспорттық лифтке жақын жағында орналасады. Реанимациялық, рентгенологиялық және хирургиялық бөлімдерімен қолайлы байланыс болуы керек. Аурухана ішілік инфекцияны болдырмау үшін балалар, акушерлік, туберкулездік, жұқпалы және тері-венерологиялық бөлімдердің қабылдау бөлімшелері, бөлімдердің өзінің ішінде орналастырылады.

Қабылдау бөлімінің құрамында күту, тіркеу және анықтама, кезекші дәрігердің кабинеті, қарау бөлмесі, рентген кабинеті, зертхана, қызметкерлер мен науқастарға арналған дәретханалар қарастырылады. Бөлімді жоспарлау, науқастардың инфекцияны бір-бірінен айқас жұқтыру қаупін максималды төмендететін болуы тиіс.

3.2. Ауруханалардың емдеу-диагностикалық бөлімдері.

Емдеу-диагностикалық бөлімдеріне функционалдық диагностика, операциялық блок, анестезиология және реанимация бөлімі, рентген-диагностикалық бөлімі, қалпына келтіріп емдеу немесе реабилитация (физиотерапевтік) бөлімі кіреді.

Ауруханада төсек саны аз болса (400 төсектен кем), функционалдық диагностика бөлімі, емхана мен стационар үшін біреу болуы мүмкін. Төсек саны көп болған жағдайда, жеке екі бөлім жасайды: емханаға келушілер үшін және стационардағы ауруларды қабылдау үшін. Функционалдық диагностика бөлімінің құрамына тек диагностикалық мақсатта ғана емес, сонымен қатар, жеке жағдайларда ем жүргізуге арналған әр түрлі мамандандырылған кабинеттер кіреді. Бөлімде электрокардиография, эхокардиография, допплерэхокардиография, әр түрлі жерлерде орналасқан қан тамырларын, ішкі мүшелер мен бас миын ультрадыбыстық зерттеу, электроэнцефалография, спирография, асқазанға, ішекке, кеңірдегіне эндоскопиялық зерттеулер және басқалар жүргізіледі. Функционалдық диагностика бөлімі, ғимараттың немесе аурухана қабатының бөлек шетінде орналасады. Жеке кабинеттерді жүргізілетін зерттеулерге байланысты және гигиеналық талаптарға сәйкес орналастырады, жоспарлайды және жабдықтайды.

Рентген-диагностикалық бөлімнің құрамына орталық бөлім және кейбір бөлімдердегі (қабылдау, жұқпалы аурулар, туберкулездік, тері-венерологиялық) өз алдына бөлек рентген кабинеттері кіреді. Орталық бөлімшені, барлық қорғаныс шараларын сақтай отырып, аурухана қабаттарының бірінде орналастырады (XII тарау ). Қызметкерлер мен науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі осындай шаралар, рентген кабинеті орналастырылған жоғарыда атап өткен кабинеттерде де жүргізіледі.

Ірі ауруханаларда анестезиология және реанимация бөлімі екі бөлімшеден тұрады. Біреуі қабылдау бөлімінде, екіншісі операциялық блок пен емдеу-диагностикалық бөлімдеріне жақын жерде. Бөлімде реанимация залы, реанимация залының алдындағы бөлме, қарқынды емдеу палаталары, жедел анализ жасау зертханасы, емдеу және диагностикалық аппараттарға арналған бөлме болады. Бөлімді жоспарлауда және керек-жарақпен жабдықтауда, науқастардың жағдайын үнемі қадағалап тұру мүмкіншілігі, әрбір төсекке оттегі берілуі, әр палатаға арналған медицина қызметкерінің посты, әр төсектің қасына емдеу үрдісіне және реанимациялық шараларға қажетті жабдықтарды орналастыру мүмкіншілігі қарастырылады.

Емдеу-диагностикалық бөлімінің құрамына және операциялық блок кіреді. Операциялық блокты орналастыру, жоспарлау және жабдықтау, операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу және аурухана ішілік инфекцияны болдырмауға бағытталған асептика талаптарын максималды түрде сақтауды қамтамасыз етуі керек. («Хирургиялық бөлім» тарауы).

Қалпына келтіріп-емдеу (физиотерапевтік) бөлімі, физиотерапевтік процедуралар, емдік физкультура, массаж жасауға арналған. Бөлімнің құрамында электрмен, жарықпен, сумен, микротолқынды және ультражоғары жиілікті толқынмен емдеу кабинеттері, ингаляция жүргізетін кабинет, жылу процедураларына, балшықпен емдеуге арналған және басқа да кабинеттер болады.

Клиникалық-диагностикалық зертханалар, ауруханалардың ең маңызды бөлімшелері болып табылады, өйткені қазіргі кезде сырқаттардың диагнозын анықтау зертханалық зерттеулер нәтижесіне байланысты. Зертханаларда қарапайым да зерттеулер және күрделі техникалар мен жабдықтарды, дәрігер зертханашылардың жоғары мамандығын қажет ететін, күрделі де, сезімтал зерттеулер жүргізіледі. Әрбір клиникалық-диагностикалық зертханалардың құрамында мамандандырылған бөлімшелері болады: қанды, нәжісті, зәрді, қақырықты, асқазан сөлін зерттеуге арналған клиникалық бөлімше, биохимиялық, микробиологиялық, цитологиялық т.б. бөлімшелер. Зертханаларды аурухананың жоғарғы қабатында, жеке бөлігінде орналастырады. Онда стационардағы немесе емханадағы аурулардан алынған анализдерді қабылдауға және тіркеуге арналған бөлмелер, анализ жасауға, фотометрия, анализаторларда жұмыс жүргізуге, препараттарды бояуға арналған бөлмелер болады. Микробиологиялық бөлімшесін зертхананың басқа бөлмелерінен оқшау орналастырады. Бұл бөлімшеде, міндетті түрде бактериологиялық зерттеулер жүргізетін бокстар, микробтардың қоректік ортасын қайнататын, жуатын бөлмелер және қызметкерлерге арналған душ кабиналары болуы керек. Бұл бөлімшедегі желдету және санитарлық тәртіп, инфекцияның басқа бөлімшелерге таралуының алдын алуы тиіс.

3.3. Стационардың негізгі функционалдық элементі ретіндегі -палата бөлімі.

Палаталық бөлімінде науқастардың сырқатының түрін анықтау, емдеу және күтім жасау жүргізіледі. Санитарлық нормаларға сәйкес, палата бөлімдерін келесі түрлерге бөледі:

· Үлкен адамдарға арналған, жұқпалы емес аурулардың (оның ішінде психиатриялық та);

· Аурулары жұқпалы емес балаларға арналған;

· Жұқпалы ауруларға арналған;

· Радиологиялық;

Жұқпалы аурулар және радиологиялық бөлімдері аурухананың мамандандырылған бөлімдері, себебі, жұқпалы аурулар бөлімінде тек жұқпалы аурулары бар адамдар, ал, радиологиялық бөлімде – сырқаттарын емдеуде иондағыш сәулелер қолданылатын науқастар емделеді. Жұқпалы емес аурулар бөлімдері әр түрлі мамандандырылған бөлімдерге бөлінеді: терапевтік, хирургиялық, акушерлік, гинекологиялық, балалар бөлімдеріне. Мүңдай бөлімдердің әр біреуінің өзі жеке мамандық салаларына бөлінуі мүмкін. Мысалы, хирургиялық бөлімдердін ішінен нейрохирургия, кеуде және іш хирургиясы, травматология және басқада бөлімдерге бөлінуі мүмкін.

Стационардың негізгі функционалдық элементі болып табылатын палата бөлімі, әдетте, 60 төсекке есептелді және палата секцияларынан тұрады. Төсек саны аз (30) бөлімдер де, болуы мүмкін. Палаталық секция деп, сырқаттары бір түрдегі25-30науқасты емдеуге арналған палаталардың, емдеу- қосалқы және көмекші бөлмелердің кешенін айтады. Бұл, стационардың негізгі функционалдық элементі болып есептеледі.


Дата добавления: 2016-03-26 | Просмотры: 1338 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.01 сек.)